Наталья Попова - Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап

Тут можно читать онлайн Наталья Попова - Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Детская образовательная литература. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Наталья Попова - Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап краткое содержание

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - описание и краткое содержание, автор Наталья Попова, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Ақша – бұл құрал. Жеткіліксіз оларда бар, олармен байланысу керек. Бұл кітап – бірінші қадам осы тапсырманы орындау. Оның беттерінде күрделі заттар туралы айту оңай: ақшаның нақты бағасы, макро- және микроэкономика, инфляция, кредиттер мен кірістер. Кітап жасөспірімдердің қаржылық білім беру қорында алғашқы кірпіш болады, іздеуге басқа да маңызды білімді құруға және болашақ молшылықта және сенімділік өзінің ертеңгі күні ұсыныс жасайды.

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Наталья Попова
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

3. Алғашқы ақша қайда және қашан пайда болды?

4. Ақшаны не алмастыру мүмкін?

Тарау 2. Ақша құнын не анықтайды? Валюта дегеніміз не?

Ақша – бұл айырбасқа арналған әмбебап тауар, және кез-келген тауар ретінде ақшаның өз құны бар.

Сенің есіңде болар, алғашқы таңба басылған кесек метал ақшалардың құнын сол металлдың өз құны анықтаған. Яғни, ақшаның бағасын оңай анықтауға болатын. Металлдың салмағы бойынша бағасы = тиынның құны.

Уақыт өте келе, ақшаны өндіру құны тиындарда белгіленген нақты өзіндік құнынан қымбатырақ бола бастады. Мысалы, алтын сом өніміне алтын және жұмысына бір жарым сом жұмсалған. Яғни, тиын өзінде белгіленген бағадан көбірек тұратын болды. Адамдар осындай айырмашылықты қолданып, ақшаны металлға қайта балқыта бастады. Ақшаны балқыту құнын тиындарға басқа металлдар косып азайтуға тырысты, бірақ сонда да өндіру құны қымбат болды.

Амал табылды, ол – қағаз ақша. Бірақ адамдар құны тек сурет болып салынған ақшалардың шынайы екеніне сену үшін не істеу керек? Мемлекет кез келген уақытта қағаз ақшаны алтын және күміс тиындарға ауыстырып алуға болатынына кепіл берді. Осы күнге дейін мемлекет шығаратын қағаз ақша сол мемлекттің алтын қорымен кепілденеді. Яғни мемлекет оның капиталымен кепілденетін ақша көлемін өндіреді және ол оның құнын анықтайды.

«Банкнота» сөзі ағылшынша «bank note» сөзінен «банктік жазба» деген мағына білдіреді. Банкнотаның мәні – бұл банкінің шынайы ақша беру міндеттемесі, яғни, іс жүзінде банкнотаның құны жоқ. Бірақ мемлекет белгілі бір аймақта барлық азаматтарға банкнотаны заңды төлем құралы ретінде қолдануға міндеттейді.

Неге ақша арзандайды не қымбаттайды?

Ақшаның құндылығына шығарылған ақша белгілері мөлшері, мемлекеттің экономикалық жағдайы, еңбек құны және басқа да факторлар әсер етеді.

Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады Әр мемлекет өзінің ақша - фото 3

Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады?

Әр мемлекет өзінің ақша белгілерін өзінің атымен шығарады. Ақша құнын түсінудің ең оңай жолы – бұл бір елдің ақша құнын басқа елдің ақша құны ара-қатынасын салыстыру. Бұл валюта бағамы деп аталады. Ақша – валюта. Құнындағы айырмашылық – бағам.

Мысалы, бүгінгі күнде 1 теңге = 0,0029 АҚШ доллары. Ал 5 жыл бұрын 1 теңге 0,0065 АҚШ доллар тұрды. Яғни, 1000 теңгеге 6 доллар сатып алуға болатын еді.Қалай ойлайсың не жағдай орын алды? Теңге құны азайып, ал доллар құны арта түсті.

Әдетте бағам салыстыру әлемдегі ең көп қолданылатын валюталармен жасалынады, олар:

Және де ақша құнын алмасу мүмкіндігіне немесе сатып алу мүмкіншілігіне қарай - фото 4

Және де ақша құнын алмасу мүмкіндігіне немесе сатып алу мүмкіншілігіне қарай анықтауға болады. Мысалы, 100 теңгеге 1 бөлке нан алуға болады. Немесе бір теңге бір сағыз тұрады.

Егер 2000 жылы 100 теңгеге 3 бөлке нан, ал 2010 жылы 100 теңгеге 1,3 бөлке нан алуға болатын болса, қалай ойлайсың не жағдай орын алды? Дұрыс, теңге арзандады, ал нан қымбаттады.

Сұрақтар

1. Ақшаның бағасы бар ма?

2. Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады?

3. Валюта бағамы дегеніміз не?

4. Қандай валюталарды білесің?

Тарау 3. Байлық дегеніміз не?

20 фунт жылдық табысыңда шығысың 19 фунтов 96 пенс болса – бұл бақыт. 20 фунт жылдық табысыңда шығысың 20 фунт 6 пенс болса – бұл кедейлік.

Чарльз Диккенс

Мүмкін сен бай болғың келетін шығар? Бірақ байлық не екенін сен түсінесің ба?

Мысалы, менің он екі жасар қызым бұл сұраққа бай адам ақшасы көп адам деп, ал қаншалықты көп деген сұраққа ойланып: миллион доллар деп жауап берді.

Бұл анықтама дұрыс емес. Мүлдем дұрыс емес деп айтуға болады.

Байлықты белгілі бір ақша көлемімен анықтау өте қиын. Біреу үшін байлық ол – 100 доллар. Мысалы, Африканың көптеген елдерінің тұрғындары күніне 1 доллармен күн көреді және де әрине оларға 100 доллар 100 күн көруге болатын үлкен капитал. Ал біреуге миллион доллар да мүлдем көп ақша емес.

Адамның байлығын, нақтырақ айтатын болсақ, ауқаттылығын анықтау оның табыс және шығыс көздерін ойға ала тұрып бағалаған дұрыс.

Мысалы, адам айына 50 000 ақша табады, бірақ 40 000 теңге жаратады, мұндай адамды толықтай бай адам деп атауға болады, өйткені оған керектінің бәріне оның қаржысы жетеді және тіптім кішкене қалады.

Егер адам миллион теңге ақша тауып, бірақ бір жарым миллион теңге ақша жаратса, қалай ойлайсың ол адамды бай адам деп атауға бола ма? Дұрыс, олай атауға болмайды.

Адамның табысы оның шығысынан көп болған жағдайда ғана оны бай не ауқатты деп есептеуге болады. Ал адамды кедей деп табысы шығысынан аз болғанда атауға болады.

Яғни адамды кедей не бай деп оның табысы мен шығысын толықтай талдап шыққаннан соң ғана айтуға болады.

Сонымен, бай адам бұл – өзіне ұнайтын өмірге лайық, жеткілікті табысы бар адам.

Қызықты деректер Егер сенің 4000 АҚШ доллар жинағын болса сен біздің елдің - фото 5

Қызықты деректер:

Егер сенің 4000 АҚШ доллар жинағын болса, сен біздің елдің 50% тұрғынынан байсың.

Егер сенде 75000 АҚШ доллар бар болса, сен әлемдегі ең бай адамдардың 10% кіресің.

Кез келген нәресте жер бетіндегі екі миллиардтан (барлығы шамамен 7 миллиард) астам адамға қарағанда бай, өйткені оның қарыздары жоқ.

Сұрақтар

1. Адамның қымбат және әдемі машинасы бар, алайда ол оны 10 миллион теңгеге кредитке алғанын және де кредитті 10 жыл бойы төлейтінін, ал жинаған жинағы 10000 теңге ғана екенін білдің. Қалай ойлайсың бұл адам бай ма? Қалай ойлайсың мұндай затты сатып алудың пайдасы бар ма?

2. Тау соқпағында лашықта тұратын дәруіш-гид тек көкөністермен тамақтанып, 10 жыл бұрын секонд-хэндта сатып алған киіммен жүреді. Ай сайынғы табысы 150 000 теңге. Ал өмір сүруіне ай сайын 50 000 теңге ғана жаратады. Жыл бойына жинағы 1 200 000 теңге болды. Қалай ойлайсың бұл адам кедей ма? Неге?

Тарау 4. Баға неге байланысты қойылады?

Баға – бұл барлық заттың өлшемі.

Константин Кушнер

Сен өміріңде неге бір зат екінші затқа қарағанда басқаша бағада тұратынын ойланып көрдің бе?

Кез келген заттың бағасы екі нәрсеге байланысты:

– Материал

– Еңбек

Материал – бұл біз ұстап, сипап, көріп және сезе алатын нәрсе.

Еңбек әр-түрлі бола алады, ол адам жасаған жұмыс және де машина жасаған жұмыс болу мүмкін.

Бірақ! Ешқандай да мінсіз машина адам бақылауынсыз жұмыс жасай алмайды, яғни, кез келген машина еңбегіне адам еңбегі қосылады.

Мысал

«Сникерс» шоколадты батончигін алайық.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Наталья Попова читать все книги автора по порядку

Наталья Попова - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап, автор: Наталья Попова. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x