Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ

Тут можно читать онлайн Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Биографии и Мемуары, год 2022. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ краткое содержание

Өмір – сынақ - описание и краткое содержание, автор Анар Мешимбаева, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Он жыл мемлекеттік қызмет атқару, қуғын көру, тұтқындалу, жасөспірім қызынан қол үзу, бюджеттік ақшаны жымқырды деген жалған айыппен айыпталу. Мұндай сценарий детективті фильмге тап- тырмас сюжет болар еді. Бірақ бұл кітап өмірде болған шынайы оқиға- лардан тұрады – мың күндік сенім, сүйіспеншілік, үміт пен сынақтан құралған тағдыр.
Авторы – Анар Мешімбаева – Қазақстан Республикасы Стати- стика агенттігінің 2007-2009 жылдардағы басшысы.

Өмір – сынақ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Өмір – сынақ - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Анар Мешимбаева
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Ешқашан оның ескерту жасағанын естімеппін. Бір күні қызыммен саябақта қыдырып жүрген едім. Қоңырау шалды. Дауысы қаттырақ шықты: «Анара, мұның не? Не жазғансың? Мынаны алып тастау керек», – деді. Президентке арнап өзімнің бастамаммен жазылған хат еді. Хатта Президент пен Премьер-министр аппараттарының қызметі қайталанатынын жазғанмын. Барлық тапсырма Үкіметке Президенттен баратынын, екі аппаратты біріктіріп, Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынғанмын. Мұндай хатты жазуға болмайтынын дүйсенбі күні айтса да болар еді. Жалпы хатты беру-бермеу өз қолындағы шаруа ғой. Бірақ, хаттың мазмұны тым қауіпті көрінген соң маған дереу хабарласқан сияқтанды.

2006-жылы оны Вице-премьер етіп тағайындады. Кешқұрым үйге қайтып бара жатқанмын. Ол қоңырау шалып, қайтып келуімді өтінді. Мен қайтып келдім. Кабинетіне кірдім. «Маған кеңесші болып кел», – деді ол мен табалдырықты аттай сала. Мен келістім. Президент әкімшілігінде жұмыс істей бергім келмеген еді. Келесі күні жұмыстарымды өткізіп кетуге әзірлендім. Түстен кейін ол қайтадан мені өзіне шақырды. «Президент жиналыс өткізді. Сені кеңесші етіп алайын деп сұрап едім, бірақ ол Әкімшілікте қаласың деп тұр», – деді.

2007-жылы ол Премьер-министр болды. Ақпанның соңғы күндері мені шақыртып алды да, жартылай салтанатты түрде: «Сені Статистика агенттігінің төрайымы етіп тағайындаймын. Қарсы емессің бе?» – деп дауысы жарқын шықты.

Кабинетіме оралдым. Телефон шырылдады. Президент:

– Анара, Статистика агенттігіне барғың келе ме?

– Премьер: «Бару керек», – деді.

– Премьер не дегенін өзім де білем. Статистикаға реформа жасау керек. Бірақ, барғың келмесе, Әкімшілікте қала бер.

Содан соң тура осы сұрақты қойып, өзіне Президент әкімшілігінің басшысы шақыртты. Оған Президент тапсырса керек. Себебі, Президент әкімшілігінің басшысы кеткеніме қуанбаса, ренжімейтінін өзім анық білетінмін. Алдыңғы Премьер кезінде қызметтік хаттарымның кесірінен Президент Үкіметті сілкіп алатын. Сондай сәттерде басшылық: «Кім кінәлі?» – деп мәселе көтермейтін.

Осылайша мен ең соңғы мемлекеттік қызметіме келген едім.

Мәскеуде оқып жүргенімде Ресей ғылым академиясына қарасты Экономика институтының Макроэкономикалық стратегиялар орталығында жұмыс істедім. Орталық басшысы еркін ойлауды қолдап отыратын. Егер жаңа идеясы туа қалса, ол дәлізде өтіп бара жатқан адамды тоқтатып алып, кабинетіне кіргізіп талқылайтын. Оның есігі әрдайым ашық тұратын. Ол кез келген қызықты тақырыпты талқылауға дайын болушы еді. Мен – студент, ол – ғылым докторы, артынша академик бола тұра талқылауға, пікір алмасуға да қарсы емес еді.

Шынымды айтсам, есігі ашық тұрған Владимир Иванович Маевскийдің кабинетіне бас сұқпай өтіп кеткенім, ал оның «Ресейді қалай дамытамыз?» деген классикалық тақырыптағы жаңа идеясының болмай қалған кезі жоқ. Тек 1990-жылдары бұл сұрақ: «Анара, инвестицияны қайтеміз? Түсіп барады. Инвестициялық банктерді дамыту керек», – деген сыңайда болатын. Келесі жолы: «Анара, отын-энергетикалық стратегияны жасайық. Газға көшеміз бе? Әлде бұл жай ғана газды үзіліс пе?» – дейтін. Осылай әркез Университет бітіріп, сосын аспирантураны тәмамдап, Астанаға кеткенше жалғасты. Ол сапалы, әрі креативті ойлай алатын. Бізге де соны үйретті.

Мәскеу мемлекеттік университетінің Экономика факультеті – еркін шығармашылық патшалығы еді. Екінші курс студенттеріне Ресейді дамытудың стратегиясын жасауды тапсырды – бұл тапсырма тек миды дамытып қоймай, ол сені өмір бойы еркін ойлы болуға бейімдейді.

Бірінші курста біз әлі СССР-да оқыдық. КПСС тарихын оқыдық. КПСС өзінің көшбасшылық қалыбынан ажырап, советтік құрылым құлап, артынша күллі СССР күйрегенде мен екінші курста оқып жатқанмын.

Экономика факультетінің кітапханасындағы Пол Самуэльсонның «Экономикс» кітабының жалғыз данасына ұзын-сонар кезек болатын. Өндірістің нарықтық экономикасын газеттерден оқыдық. Біздің факультетте оқыған, ыдыраған республикадан келген жігіттердің бәрі дерлік келешекте өз елінің Президенті болатындығына сенімді еді. Еркіндік пен үміттің туған сәті. Әзірге олар өз елінің Президенті болған жоқ. Бірақ, біразы компания президенті болыпты.

Мен мұны сол кезде анық түсінгенмін: ауқымды міндет қойып, қызметкер мен шәкірттерге сенім арту қажет. Сол кезде олар тау қопарып, мүмкін еместі мүмкін етеді.

Дәл осындай принциптермен жұмысымды үйлестіретінмін. Басшылыққа келгенде де – ауқымды, тиянақты міндеттер қойып, мүлтіксіз сенім білдіретінмін.

Екі жыл сайын мені жаңа жұмысқа ауыстырып отырды. Әркез бір саты жоғары, әрі неғұрлым жауапты жұмысқа ауыстыратын. Әркез жаңа басшылыққа тап болатынмын. Басшылардың бәрі мен туралы ойларын жұмысыма қарап түйіндейтін. Стратегиялық жоспарлау агенттігі, Экономика мен бюджеттік жоспарлау министрлігі, Экономикалық зерттеулер институты, Президент әкімшілігі, Статистика агенттігі. Әр тағайындау – «бару қажет» деген сөзден басталатын. Модернизация жасау қажет, реформа жасау қажет, жаңарту қажет…

Он жылым мемлекеттік қызметте өтті. Маған бәрі сенім артатын. Ел басшылары бәрін дұрыс істейтініме сенетін. Қиындықтың бәрін еңсеретініме сенімді еді. Он жыл ішінде Президент те, Премьер-министр де бірде бір рет маған дауыс көтеріп, жекіген жоқ, ескерту де айтқан емес. Он жылдан кейін Қаржы полициясы мен ҰҚК артыма түседі деп кім ойлаған? Мен қорған іздемедім. Уайымдамадым да. Бәрін дұрыс істегеніме сенімді едім. Бұл жай ғана жоспарлы тексеріс деп қабылдадым.

ҰҚК мен Қаржы полициясы

2009-жылдың сәуірінде шекарада тоқтатқаннан жарты жыл бұрын біздің мекемеге Қаржы полициясы келген. Маған Бюджет департаментінің директоры Бинұр кіріп, Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері келіп, Халық санағы бойынша құжаттарды көрсетуді талап етіп жатыр деді. Ойымда ештеңе жоқ, еш күдік тумады. «Сұрағанын көрсет. Бұл қалыпты жағдай. Үлкен іс-шара өтті. Тексергендері дұрыс», – дедім.

Тағы екі аптадан соң Бинұр кіріп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері келіп, сол құжаттарды сұрап жатыр деді. Ал, құжаттар жоқ. Бәрін Қаржы полициясы алып кеткен деді. Бұл жолы да көңіліме күдік ұяламады: «Қалған құжаттарды беріңдер. Іздегендерін Қаржы полициясынан алсын», – дедім.

Қаржы полициясы агенттігі елімізде 1994-жылдан бері бар. Бірақ, бұл органның белсенді түрде қызмет етуі 2005-жылдан басталды. Ал, 2009-жылдың көктемінде елде түрлі деңгейдегі органдар мен компаниялардың басшыларын ұстау белең алды.

Әрине, жемқорлық дүниежүзінің әр түкпірінде түрлі санатта көрініс береді. Бірақ, билік бұтақтары дұрыс бөлінбесе, шешім қабылдау құрылымы айқын болмаса, жемқорлық жүйелі проблемаға айналмақ. Бұл Қазақстан Республикасына да қатысты.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Анар Мешимбаева читать все книги автора по порядку

Анар Мешимбаева - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Өмір – сынақ отзывы


Отзывы читателей о книге Өмір – сынақ, автор: Анар Мешимбаева. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x