Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ

Тут можно читать онлайн Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Биографии и Мемуары, год 2022. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ краткое содержание

Өмір – сынақ - описание и краткое содержание, автор Анар Мешимбаева, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Он жыл мемлекеттік қызмет атқару, қуғын көру, тұтқындалу, жасөспірім қызынан қол үзу, бюджеттік ақшаны жымқырды деген жалған айыппен айыпталу. Мұндай сценарий детективті фильмге тап- тырмас сюжет болар еді. Бірақ бұл кітап өмірде болған шынайы оқиға- лардан тұрады – мың күндік сенім, сүйіспеншілік, үміт пен сынақтан құралған тағдыр.
Авторы – Анар Мешімбаева – Қазақстан Республикасы Стати- стика агенттігінің 2007-2009 жылдардағы басшысы.

Өмір – сынақ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Өмір – сынақ - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Анар Мешимбаева
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Екі статистика қосылмады. 2009-жылғы Статистика агенттігіне қатысты жағдайды бағалау да бірдей болмады, менің бағалауым бөлек, әркімді айыптау басты міндеті саналатын Қаржы полициясы агенттігі төрағасының ойы бөлек боп қалды.

Канада

Канадаға кетуім, әрі іссапар, әрі дамылдау болды. Статистиканы дамыту бойынша халықаралық конференцияны Канаданың Оттава қаласында орналасқан Статистикалық кеңсе ұйымдастырған еді. Агенттікте жасалған екі жарым жыл бойғы модернизациядан соң біздер сараптама жасау мен мәлімет тарату бойынша жаңа деңгейге шыққан едік. Сәуірде менің атыма Оттавадағы конференцияға шақырту келген еді. 2009-жылдың мамырының соңына таман арналған шақырту екен. Екі айдан бергі толассыз қысым мен тексерістен шаршап, ұшып кеттім. Тым құрығанда бір апта емін-еркін тыныстайын деген ой болды. Мені Канаданың Статистикалық ведомство басшылығы қуана қарсы алды. Құдды бір ескі таныстарын көргендей күй кешті. Статистикада жүрген екі жыл – шын мәнінде өте аз мерзім. Статистика – өте ұқыпты, ұзақмерзімді процесс. Бұл саладағы адамдар он жылдап, кейде өмірбақи жұмыс істеп жатады. Бірақ, мені елдің бәрі білетін. Мен халықаралық сессияларға жиі қатыстым, өзекті әрі даулы тақырыптарды талқылауға белсене атсалысатынмын, Агенттік қызметкерлерін оқытуға әртүрлі елден сарапшылар іздейтінмін.

Мені Канададағы Қазақстан елшісінің резиденциясын көруге шақырды. Кішігірім ағаш коттедж. Елші сабырлы, қарапайым кісі екен. «Қазақстаннан келген бірінші қонағымыз өзіңіз болдыңыз», – деп жымиды. Шығыстың тәттілерін ұсынып, шайға шақырды. Туған елдің жаңалықтарын сұрады. Бұл кісі жаңадан тағайындалған еді. Ол хаттама, дипломатиялық істермен шектелмей, Қазақстан-Канадаға қатысты ортақ жобаларды жасауға белсене кірісіп жатқаны байқалды. «Канаданың ірі компаниялары Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асыруға дайын», – деді. Аз-кем үзілістен кейін былай деп қосып қойды:

– Жәкішевті тұтқындаған соң олардың жобалары нендей күй кешпек? Канадалық компаниялар алаңдаулы. Мұны Үкіметке айта барарсыз.

Мұхтар Жәкішев ол кезде елдегі «Қазатомпром» атом компаниясының басшысы еді. Мен бір апта Канадада жүргенімде оны тұтқындапты. Бұл мен үшін тосын жаңалық болды. Өткен айда ғана өзі жас, өзі білімді аталмыш компания президенті Үкімет алдында есеп беріп, жоспарымен бөліскен еді. Оны бәрі қолдап, мақтап, осы компанияның әлемдік нарықта көтерілуіне мол үлес қосқанын атап айтып еді. Сөйтеді де, кенеттен тұтқындайды. Сол жағдайдың бел ортасында жүрмеген соң: «Бәлкім, шынымен әлдене дұрыс жасамаған шығар?» – деп күдіктенесің.

– Әрине, айта барамын, – деп елшімен қоштастым. Сол сәтте «бұндай жағдайдың бел ортасында» өзім де қалатынымды сезбеген едім.

Қолым бос күні Көркем сурет музейіне бардым. Ашық аспан, жарқын күн, тыныштық. Сонда да көңілім алаң. Астанадағы Агенттік не боп жатыр екен?

Түн ішінде бірінші орынбасарым Біржаннан смс келді. «Баятовты тұтқындады» (Санақ бойынша орынбасар).

– Не үшін?

– Анықтауға тырысып жатырмыз.

Ұйқы қашты. Алда әлі екі күндік конференция бағдарламасының жиыны бар. Бірақ, ойым мыңдаған шақырымдарға шапты.

Келесі күні жаңа смс. «Босатыпты». Арқамнан ауыр жүк түскендей.

Жарты күндік сессия өтті. Тағы смс: «Қайтадан тұтқындапты».

Не істеуім керек? Жұмыстағы шешімталдығыма қарамастан, көп адам елге тым сенгішсің деп сынайтын. Тым сенгіш деген қалай сонда? Шындық, бұл – шындық. Өтірік, бұл – өтірік. Ал, әр адамның бойында бар құнар – адамгершілік. Елге қайту керек. Ел басшысына бару керек. Олар тексеріп, бәрін анықтайды. Жібереді деп ойладым.

Сессия бітті. Елшілік қызметкері мені әуежайға шығарып салды. Тіркеуден өттім, паспорттық бақылаудан өттім, ұшаққа отырғызатын есіктің алдында отырмын. Рейс шегерілді. Сосын Германияда ауыстырып мінетін екінші ұшаққа кешіктім. Астанадағы полиция қызметкерлері қалай уайымдады десеңізші.

Қаржы полициясының қызметкері таңғы алтыда Астана әуежайында багаж алып жатқан жерде қасыма келді. Тергеуге шақырту алдым. Қол қойдым.

– Әуежайға не үшін келдіңіз? – дедім. – Қабылдау бөлмесіне қалдырып кетсеңіз де болар еді ғой.

– Сіз келмей қала ма деп қорықтық.

– Орынбасарым тұтқындалыпты. Қалай келмейін?

Төрт айдан кейін қайда ұшатынымды, елге оралма деген пәрмен алатынымды сол сәт біліппін бе?

Әуежайда мені қызметтік көлік күтіп алды. Жүргізушімнің көңіл күйі жоқ.

– Агенттік қалай? – деп сұрадым.

– Баятовты тұтқындады, – деді жүргізуші бәсең дауыспен.

Оның жауабына мен ләм-мим деп жауап қатпадым – бұл мен үшін жаңалық емес. Менің жүргізушім – жасы келген өте қарапайым кісі. Мені Агенттіктегі жұмысым тоқтағанша тасыды. Артық сөзі жоқ. Тек жаны ашып, күрсіне беретін.

Адвокат

Кеше маған телефон арқылы бір адвокатты кеңес етті. Қазір сол кісіге бара жатырмын. Адвокаттар мен клиенттер бір-біріне дөп қосылатыны таң қалдырады. Аты – Ботагөз. Орта жастағы, денесі шымыр келіншек. Маған бір көргеннен ұнады. Не нәрсені де сараптап отыратыны, тез ойланатын алғырлығы, адам баласына деген құрметі, әзіл-қалжыңы, тіпті спортты жақсы көретіндігі де жаныма жақты. Мен бірдеңе түсінбей, ол таң қалғанда: «Кешіріңіз, мен өмірімде бірінші рет адвокат көріп отырмын ғой», – дейтінмін.

Тек бір мәселеде пікіріміз түйіспеді. Санақ бланктерін басуға, типографияға қағаз іздеуге өзімнің де атсалысқаныма қатысты шындықты айту.

Біздің елде мемлекеттік органның басшысы тауар жеткізетін, қызмет көрсететін компаниялармен тікелей байланыста болмауы тиіс деген жазылмаған заң бар. Бірақ, біздің жағдайда алдан шыққан түйткілді өзім шешуге мәжбүр болдым. Бұл қылмыс боп саналатыны үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Түйткіл шыққанда – өзім шештім. Басқа не істеуім керек еді? Санақты болдырмай тастау? Бірақ, түйткілді шешуім – қылмыс болып саналады екен.

Қызмет көрсетушілер және басшы араласпауы тиіс деген ереже – жазылмаған заң. Мен бизнеспен араласпадым. Мен көрші ел басшыларының кеңесшілеріне қағаз бен типография сұрап, өтініш жасадым. Типографиялармен байланыста болмадым. Олардың кім екенін де білмеймін. Алдыма қойылған міндетті орындаймын деп заң бұзбадым. Телефонмен сөйлескенде жасырынбадым. Нөмір ауыстырмадым. Қылмыс болып саналмайтын дүниені жасырып қайтем? Алайда, тергеу мен сот тәжірибесіне қанық адвокат Агенттікті модернизациялау мотивтерім мен түйткілді шешуге атсалысуымды Қаржы полициясы және солардың тәжірибесі тұрғысынан – жеке басымды байыту үшін қолданған әрекет деп санайтынын түсіндірді.

Бұл адвокатты шынында да өмірімде бірінші рет көруім. Егер тағдыр тәлкегіне түспесем, білмей өтер ме едім? Әрине, адвокаттың бәрі өз ісіне берілген ұстанымы мықты болып кездесе бермейді. Ботагөз атқарған істің көптігіне қарасам, соның бәрі адвокатқа тиесілі ме екен деп ойланамын. Ол бүкіл құжаттарды мұқият оқыды. Жазғанымның бәрін көз майын тауысып зерттеді. Менің кінәсіздігіме дәлел іздеп, кездесші деген адамның бәрімен жолықты. Туыстарыма түрмеде қажет болар деген заттар тізімін жазсам, соны апарып беретін. Маған тамақ таситын. Керек болады деген тұрмыстық заттарды әкеп беретін. Толып жатқан істерге білек сыбана кірісетін.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Анар Мешимбаева читать все книги автора по порядку

Анар Мешимбаева - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Өмір – сынақ отзывы


Отзывы читателей о книге Өмір – сынақ, автор: Анар Мешимбаева. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x