Серік Асылбекұлы - Қазақша ашылып сайрау

Тут можно читать онлайн Серік Асылбекұлы - Қазақша ашылып сайрау - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Драматургия, год 2020. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Серік Асылбекұлы - Қазақша ашылып сайрау краткое содержание

Қазақша ашылып сайрау - описание и краткое содержание, автор Серік Асылбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Коммунистік режим құлағаннан кейін арада 30 жыл өткенде бұрынғы Совет Одағының алыстағы ауылдарындағы адамдардың өмірі қалай өзгерді? Қазақша ашылып сайрау пьесасында осындай ауылдардың біріндегі қарапайым фермердің жаңа экономикалық тәртіппен, жаңа биліктің номенклатура өкілдерімен жағыз өзінің бетпе-бет күресі суреттеледі. Бұдан не шыққанын біз аталған шығарманы оқып біткеннен соң білеміз. Бұл драма 2017 жылы Астанада өткен Рух халықаралық әдеби конкурсының Гран-приіне ие болған-ды. PDF-формат издания не отображает используемый в <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге </span>шрифт.

Қазақша ашылып сайрау - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Қазақша ашылып сайрау - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Серік Асылбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Рысты.Оны не қылмақшысың?

Көмекбай.Ішім алай-түлей болып барады бүгінгі мына Ниетәлі екеуіңнің маған жасаған қорлықтарыңнан кейін. Дүкенге барып, бір бөтелкі алып, шер тарқату керек. Біреумен.

Рысты.Көк тиын жоқ менде. Осы үйге сенің ақша әкелмегеніңе неше ай болды? Міне, бақандай үш ай балалардың жәрдемақысымен ілдәлап отырмыз. Шертарқату дейді ғой маған!.. Сенің-ақ шерің тарқап болмайды екен осы! Сылтаумен ана дүкенші қатын Зибашпен кездесуге асығып бара жатсың ғой өліп!.. Мен егер үстеріңнен түссем бар ғой бір күні, екеуіңнің де шаштарыңды жұлып қолдарыңа берем! Көр де тұр жұртты көзінше масқараларыңды шығарам! Сосын халықтың бетіне қалай ұялмай қарар екенсіңдер?! Тек қор болғанда үстеріңнен түсе алмай жүрмін ғой мысым құрып.

Көмекбай.Түһ, сен қайдағыны айтып кеттің өзі?! Жұрттың өсегіне еріп қарадай бүлініп. Өллә-біллә, Зибаш екеуміздің арамызда ондай ештеңе болып көрген емес сенсең.

Рысты.Сенбеймін мен саған. Сенсең дейді ғой маған ещё періште секілденіп. Әнеукүні мен «Қызылқайраттағы» Жарықбас қайнағаның құдалығына кеткенде үйге қонбапсың? Қайда жүрдің сонда? Өй, түрің құрсын сенің, түрің, жабайы мысыққа ұқсаған!.. Көздерін қараш жабайы мысықтың көзіндей ежірейіп кеткен.

Көмекбай.Оны саған кім айтты?

Рысты.Кім айтты дейді бұл ещё ұялмай, ә?! Кім болса, сол айтты! Сенен басқа жұрттың көзі жоқ дейсің бе? Бар, бар ғашығыңа, шеріңді тарқат. Ақ балтырына басыңды қойып, жыла көзіңнің сорасын ағызып. Бүлдіргі!..

Көмекбай.Әй, мен шерімді қатындарға ақтармаймын, білдің бе?!

Рысты.Бар, бар, кімге ақтарсаң да. Тек түн ішінде мас болып келіп, мазамды алма. Ана балаларыңның алды жігіт, қыз болып қалды. Тым болмаса енді солардан ұялсаңшы.

Көмекбай енді Құдай қосқан қосағының соңғы айтқан сөздеріне не уәж қайтарарын білмей орнына атып тұрып, төрдің алдында сәл-пәл состиып тұрып қалады да, сонан соң бәріне қолын бір сілтеп, киілгіштегі курткасын алып, есікті сыртынан тарс жауып, шоланда жатқан бәтеңкесін сірісінен баса-маса аяғына сұға салған күйі ауыл орталығындағы азық-түлік дүкеніне қарай бет алады.

№ 2 көрініс

Көмекбай азық-түлік дүкеніне келіп кіреді. Прилавканың ар жағындағы ақ борықтай әдемі келіншек Зибаш оны ескі танысындай жылы қарсы алады. Зибаштың үстіндегі шатырдай ақ халат пен басындағы аппақ қардай телпек оны одан сайын ажарландырып тұр.

Көмекбай.( Прилавкаға жақындай беріп, солғындау үнмен ). Сәлем…

Зибаш.( Көздері жылыұшырай күлімдеп ). Сәлем-сәлем!.. Немене, ауырып қалғаннан саумысың? «Настроениең» нәскиіңе түсіп кетіпті ғой.

Көмекбай.Жо-жоқ… Жай. Кішкене басым ауырыңқырап.

Зибаш.Әлде кеше біреулермен ішіп қойып па едің?

Көмекбай.Жоқ, қайдағы…

Зибаш. (Көмекбайға жақындай түсіп, сүйріктей аппақ саусақтарымен оның бетін аялай сипап). Сақалың да өсіп кетіпті. Тікенек-тікенек… Қырынып жүрсеңші! А то біртүрлі шал секілді болып барасың.

Көмекбай. (Ептеп көңілденіп, дүкен витринасының ар жағындағы қабырғада ілулі тұрған үлкен шарайнаға қарап). Қырынамыз ғой. Шынында да, шал секілді болып барам ба?

Зибаш.Ойнап айтам. Сен жігіттің сұлтанысың ғой, Элвис Преслиге ұқсайсың. Әйтпесе Зибаштың анау-мынау еркекке көз салмайтыны белгілі емес пе.

Көмекбай.Дегенмен мен енді он-он бес жылдан кейін шынымен шал болам ғой, со кезде қарамай қойып жүрмеймісің?

Зибаш.Мен сені сақалың қудай ақсақал болсаң да, жақсы көріп өтем өмір бойы. Өйткені сен жақсысың, сенің жаның жайсаң. Онда сенің Рыстыңның мұрнына иісі де бармайтын, тек мына мен ғана түсінетін талай кереметтер бар.

Көмекбай.Рахмет, жаным. Сенің осы өмірде бар болғаның қандай жақсы. Әйтпесе…

Зибаш.Әйтпесе не?..

Көмекбай.Әйтпесе мына тіршілікте еш мән қалмай барады емес пе. Кейде тіпті өзіңнің не үшін өмір сүріп жүргеніңді де білмейсің. Әйтеуір үнемі бітіп болмайтын бір сылп-сылп жүріс, таусылмайтын шаруа…

Зибаш.Қойш, олай демеші. Тым болмаса мен үшін өмір сүрсеңші. Айтпақшы, бүгін түнде әйеліңнен жасырынып, кіріп шыға аласың ба маған шамалы уақытқа? Жеңісжан қазір каникулда ғой, бір жетіге папамдардікіне кеткен.

Көмекбай.Қайдам, бүгін соның реті қалай болатынын. Егер баратын болсам, күні бұрын «соткамен» звондаймын ғой.

Зибаш.Жарайт. Ал бұйымтайыңды айт енді.

Көмекбай.( Қипақтап ). Қарызға бір бөтелкі ақ берші, сосын бір «пәшкі» сигарет.

Зибаш сөрелердің бәрінен бір шиша ақ арақ пен бір қорап темекі алып, оларды целлофан пакетке салады да, Көмекбайға ұсынады.

Зибаш.Тағы не керек? Ұялма, айта бер.

Көмекбай.Жоқ, осымен болды. Зибаш, рахмет саған. Жуырда кооперативтен ақшамды алам, сосын барлық қарыздарымда қайтарам ғой. Жарай ма?

Зибаш.Өй, қойш соны әңгіме қылмай. Жаным, менің бар тапқаным сенікі емес пе?

Көмекбай. (Зибаштың бетін аялай сүйіп). Рахмет.

Зибаш.Жақсы онда, көріскенше.

Көмекбай Зибашпен қоштасып, дүкеннің ауласына шығады. Дәл осы сәтте оның алдынан көршісі Ермек ұшырасады.

Көмекбай.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Серік Асылбекұлы читать все книги автора по порядку

Серік Асылбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Қазақша ашылып сайрау отзывы


Отзывы читателей о книге Қазақша ашылып сайрау, автор: Серік Асылбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x