Мұрат Әбдірахманов - СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР

Тут можно читать онлайн Мұрат Әбдірахманов - СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Поэзия. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785005162649
  • Рейтинг:
    3/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 60
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Мұрат Әбдірахманов - СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР краткое содержание

СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР - описание и краткое содержание, автор Мұрат Әбдірахманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітапта белгілі қоғам қайраткері, КСРО Журналистер одағының мүшесі, күрделі кезеңде Павлодар облыстық телевизиясын басқарған Мұрат Мұсайбекұлы Әбдірахмановтың (1938—2015 жж.) өлеңдері мен аудармалары жинақталған. Туған жер мен сол өлкенің танымал тұлғаларына арнаған өлеңдері мен атақты татар ақыны Мұса Жәлелдің «Моабит дәптері» туындысының аудармасынан Мұрат Әбдірахманов (әйгілі Үмбетей жыраудың тікелей ұрпағы) дарынының қарымын аңғаруға болады.

СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Мұрат Әбдірахманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Мәжіліске кім келді депутат боп,
Өндіріс пен шаруадан бір адам жоқ.
Жөн айтарлық ішінде жан шамалы —
Ел қадірін білмеген баяғы топ.

Түсінбедім, шынында бұл жеңіс пе?
Дұшпан кім, кімді жеңдік осы істе?
Не сұмдық – азаматты атып тастау,
Құқығы үшін күрескен өндірісте.

Асылдарға ізгі жан болар жолдас,
Ақтаған жазалыны пенде оңбас.
Еске түссе арыстар қыршын кеткен,
Қос жанардан еріксіз парлайды жас.

Елбасы, жіті қара, жан-жағыңа,
Жүгің ауыр, мөлшерле, салмағына.
Кешірер ме халықың, кек сақтамас,
Тындырсаң игілікті іс ел бағына.

Ауыздықта маңдағы жемқорларды,
Қайтарып бер халыққа жер-қорларды.
Байыса ел – болашақ жарқын болмақ,
Тентекті тый, аласта қорқауларды.

Ауыл отыр бүгінде тиын санап,
Дүние-мүлкін кезінде алған талап.
Болашақтан үмітін үзбе оның,
Жүргенде оң істерді Сізге балап.

Жастарға жаса түгел жақсылықты,
Жел өтінде әр кезде ол тұрыпты.
Жаңаөзеннің сауалын сұрайды ма?
Ереуілдеп алаңда сап құрыпты.

Банкті тый халықты тонап жатқан,
ЖОО-лар көп шәкіртке білім сатқан.
Қысқарт, азайт бәрін де тез арада,
Құтқар елді бәледен толып жатқан.

Орнына қой келімсек байсымақты,
Оларың бар қазынаны басып апты.
«Иесі жаман болса қонақ билер», —
деген сөзді бабалар несіне айтты.

Жұмыс көп қой ертеңгі атқаратын,
Елің аман алдыңда басқаратын.
Десек те, уақыт сынап, ғұмыр қысқа,
Мезгіл бар ма кейінде ойланатын.

Балта шап, түбіріне кландардың,
Санасын уландырған ұландардың.
Үш Жүздің басын қоссаң бір ұядай,
Есімің есте қалар ұрпақтардың.

Мұрат Үмбетейтегі. Астана қ. 2012 жыл САМҰРЫҚ ҚАНАТЫ ТАЛМАСЫН Былтырғы жылы шілде айының басында Көкшетаудағы Шучье - фото 7

САМҰРЫҚ ҚАНАТЫ ТАЛМАСЫН

Былтырғы жылы шілде айының басында Көкшетаудағы Шучье («Жерұйық») санаториында зайыбымызбен демалып, емделген едік. Жалпы жайлы демалыс орны бір-ер келеңсіз көріністерімен көңілге көлеңке түсіргендей болды. Бәрінен де ондағы Шортанды (Щучье) көлінің ластанып, демалып, суға шомылуға жарамсыз болып қалуы жанға батады. Көлдің де жағажайдың да иесіз, қараусыз күй кешіп, мүлде антисанитария жағдайында қалғаны көзге ұрып тұр. «Шіркін-ай, мынаны Үкімет дұрыстап қолға алып, шет елге бара алмайтын қолы қысқа бұқара халықтың демалып, сауығу орнына айналдырса ғой» деп, қиялдап, қынжылады барғандар. Әрине, өкінішті-ақ. Осы күні мемлекетте қаражат жеткілікті, байлар да көбейген шақ. Жаңағы жұмыстарға В. Храпунов тәрізді алпауыттың Швейцариядан сатып алған зәулім сарайының жарты құны да жетіп артылар ма еді деген ой келеді. Қазақ үшін Көкшенің одан несі кем? Ол да арман жердің бірі. Бірі ғана емес, бірегейі деуге тұрарлық.

Кезінде біреулер бұл маңайды игеріп, жаңарту жұмыстарын бастамай жатып, тастап кетсе керек. Содан бері де 10—15 жылдың жүзі болыпты. Көл, жағажай дұрыс пайдаланылмағандықтан, қаладан да күй кеткенге ұқсайды. Жергілікті халықтың наразылғы шексіз, бірақ өкпе-назын кімге айтады? Бәрі сатылып, жеке меншіктің иелігіне өткен. Алайда Мемлекет тарапынан бір ықпал етудің кезі келген сияқты. Екінші мәселе – санаторий аумағындағы қарағайлы орман іші де қоқысқа толы, көптен дұрыстап тазартылмағаны байқалады. Бәрінен де Шипажай төңірегіндегі ескерткіштердің келеңсіз кейіптерін, әсіресе, қазақтың «аққан жұлдызы» Шоқанның бейнесін көргенде еріксіз көңіл жүдеп, мына бір шумақтар ойға оралған еді. Соларды осы бір қысқа ой-түрткімізге қоса беріп отырмыз:

Ұрпағы хан Абылай ұлы Шоқан,
Елінің жұлдызы боп ерек туған.
«Жерұйықтың» қалыпты қоқысында,
Ешкім жоқ бұл жағдайға мойын бұрған.

Өн бойы жарық-сызық, қолы сынық,
Үсті – басын шаң басқан, маңы былық.
«Қалайша мені ұмыттың, азат елім?» —
Деген ой мазалай ма, жүзі суық.

Кезінде болған әсем бұл ескерткіш,
Байқалады бойынан бір тылсым күш.
Бүгінде сәні кетіп, тұр мұңайып,
Қияннан құлағандай Самұрық құс.

Омбыда кадетте оқып, ойы толған,
Әскери білім алып, сардар болған.
Намысы үшін елінің жас ғұмырын
Өткізді күреспенен таймай жолдан.

Ұл туар ма қазақта одан асқан,
Ерекше зерек болған бала жастан.
Зиялысын әлемнің селт еткізді,
Соны ілімі Шоқанның кезінде ашқан.

Еңбегі бостандыққа болған себеп,
Арылдық бодандықтан Тәңір жебеп.
Азаттыққа жол ашқан асыл ерге
Бас иелік, халайық, етіп медет.

Ағайын, уақыт бар ма ойланатын,
Алаң болып әрнеге толғанатын.
Игілікті істерді алда тұрған
Кез емес пе бүгінде қолға алатын.

Жаратқан жомарттықпен бере салған
Тазартып көлін, жерін сол аймақтың,
Щучьені Шоқанға ауыстырып,
Ескерткішін жаңартып әсемдесек.

Табиғаты сұлу боп жаратылған Шоқанның мекені бұл дара туған Шучье сөзін - фото 8

Табиғаты сұлу боп жаратылған
Шоқанның мекені бұл дара туған.
Шучье сөзін Шоқанға ауыстырсақ,
Бүгінгі жас ұрпақпен қауыштырсақ,
Баянды іс болмай ма, қуанарлық.

Ағайын, осыны біз ойланайық,
Жағажайды жөндеуді қолға алайық.
Шипажайдың күтімі, емі жақсы,
Атауы да өзіне болсын лайық!

Ұлы ғалым, «аққан жұлдыз» Шоқанның,
Есімі берілсе Щучьеге,
Қуанар еді оған бар халайық.

2011 ж.

ДАЛАНЫҢ ЕРКЕСІ – ЕЛІНІҢ СЕРКЕСІ

(Тоқмағанбет Домаұлы – Тоқан Хазірет (1851—1916г г) Ереймен өңірінде есімі аңызға айналған ерек тұлға. Өмірден өткеніне бір ғасыр толса да, есімі ел жадынан өшкен жоқ.

2015 жылы Тоқан Хазреттің шөбересі үйімізге келіп Мұратқа ұсыныс жасады: әуелі мақала, кейін кітап жазсаңыз деп. Соларды жазу үстінде Мұрат осы өлеңді шығарды)

Ерейментау сенде келген өмірге Бөкең Жантай қалды ұялап көңілде - фото 9

Ерейментау – сенде келген өмірге,
Бөкең, Жантай қалды ұялап көңілде.
Есіргеп-Нияз ізін басқан Тоқаңның
Бой көтерді мәрмәр «Үйі» өңірде.

Керегетас, Тұмсық дана мекені,
Күнгей тұсы Күншалғанға өтеді.
Оң қапталы – Баянауыл өлкесі,
Қарсы беті Кәрітауға жетеді.

Дана туған Тоқмағанбет анадан,
Тылсым дүние жұмбағына ой салған.
Ел жадында қалған мәңгі аңыз боп,
Ұлы тұлға Мәшһүрмен ол дос болған.

Білім алып Қызылжарда Хазіреттен,
Көзін ашып, пенделерге нұр шашқан.
Ел ішінде уағыз айтып, дау шешіп,
Қасиетін қару еткен о бастан.

Ғажайып сыр жатыр әрбір ісінде,
Ойлап көрсең зердеге сап ішіңде.
Өз-өзінен арбаға ерген асауды
Көріп пе едің өңіңде, әлде түсіңде?!

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Мұрат Әбдірахманов читать все книги автора по порядку

Мұрат Әбдірахманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР отзывы


Отзывы читателей о книге СОҒАДЫ ТУЛАП ЖҮРЕГІ. ӨЛЕҢДЕР, автор: Мұрат Әбдірахманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x