Назкен Келжанова - Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы
- Название:Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785449397157
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Назкен Келжанова - Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы краткое содержание
Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Төрт елдің төрт әні
Аударма жинағы
Назкен Камидоллаевна Келжанова
© Назкен Камидоллаевна Келжанова, 2018
ISBN 978-5-4493-9715-7
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Кіріспе
«Айтпасаң, сөздің атасы өледі» немесе «айтылмай қалған сөз жетім» демекші, «Абай атамыз сияқты «пайда ойламай, ар ойлап», Қадір Мырзалиев атамыз айтқан ана тіліміз арымыз болып, ұятымыз бетімізде тұрса, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеген парыз. Сонда басқа жұрт та тілің сондай күшті деп, сенің тіліңде сөйлеуге тырысады.
Тарихқа көз салсақ, кез келген дамыған ел даму сатысының шарықтау шегіне жеткенде, «дегенерацияға» ұшырап, қайтадан кері қарай құлдырай бастайды екен. Қазіргі қоғамның басынан өтіп жатқан «дегенерация» процесін «көрдемшенің қасіреті» деп бір ауыз сөзге сыйдырып айта алған, сөзі «мірдің оғындай», жаңа заман әдебиетінің айнасы, шетелге танымал белгілі жазушы Сауле Досжан шетелде болатын бір ауыз сөйлеммен жазылатын романның сайысына қатыса қалса бірінші орын емес, гран-при ұтып алатындай дәрежелі жазушы екенін айта кеткеніміз артық болмас.
«Дегенерация» процесі кезінде халықтың алдында екі жол ғана тұрады екен. Біреуі азып-тозып жойылу, екінші жол «Рухани жаңғыру». Екінші жолға түсу үшін халық қан тазалығын сақтау керек. Қазақтар қан тазалығын сақтап қана, текті ұрпақтың күшімен ешкімнен жеңілмей, осы уақытқа дейін кең байтақ жерін қорғап қала алды. Текті ұрпақтың белгісі – біреуіне мың адам қарсы келсе де жеңіп кететіндігінде екен. Қазақта «білімді-мыңды жығады» деп өнер-білімге аса мән бергенін, дамудың шарықтау шегіне 20-ғасырдың басында-ақ жетіп болғанын қазақ жазушыларының шығармаларынан көруге болады. Жеке алып қарасақ, Әлихан Бөкейханов жеті тілде таза сөйлесе, Мұстафа Шоқай Францияны қазақша сөйлеткен. Оның тілінің тәттілігіне тәнті болған француздар қазақша сөйлеші деп жалынып отырады екен. Сол кезде Мұстафа Шоқай сөз алып, ортаға шығып, өз сөзін бірінші қазақша айтып, сосын оның мағынасы қалай болатынын ашып айтып бергеннен кейін, жанында жүрген достары тез арада қазақша сайрап кетіпті. Ол атамыз да жеті тіл білген екен. Неге жеті тіл деген сұрақтың жауабын қазақтың «жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл», деген өсиет нақыл сөзінен көруге болады. Қазақтар бұрын балаларын жеті түрлі бағытта білім алуға тәрбиелегенін және олар өз ана тілінен басқа көршілес жеті елдің тілі: араб, парсы, қытай, үнді, орыс, француз, ағылшын тілдерін білгені белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» аясындағы ұстанған көреген бағыты қазақтарды шетелдің кездескен қиындықтарына ұшыратпай, тура жолмен қарыштап дамуға апаратыны осыдан-ақ көрінеді. Бұрыннан Президентіміз айтып келе жатқан үштілділік мәселесі де осы бағдарлама аясында жүзеге асуда.
2016 жылғы ақпан айынан бастап сенат депутаты Дариға Назарбаева ханым да төртінші тіл көршілес қытай тілін оқу керектігі туралы да баса айтып жүрген болатын. Содан бері қытай тілін өз бетінше үйреніп жүрген жастар көбейіп келеді.
Неге басты төрт тілді біліп алуымыз керек? деген сұрақ әркімнің көкейінде тұрған сұрақ.
Бірінші, қазақ тілін білсеңіз, сіз түркі тектес он шақты халықтың тілін түсіне аласыз, өйткені, қазақ тілі – түркі тілдерінің негізі.
Екінші, орыс тілін білсеңіз, он бес ұлтты біріктірген бұрынғы Кеңес одағының халықтарымен еркін сөйлесіп, алыс және жақын шетелде еркін жүре аласыз.
Үшінші, ағылшын тілін білсеңіз, ол халықаралық ғылым тілі. Оны білген халықтар дүниежүзілік ғылыми жаңалықтың бәрінен хабардар болып отырады.
Төртінші, қытай тілін білсеңіз, техникасы және технологиясы күн санап дамып бара жатқан алпауыт үш елдің (Қытай, Оңтүстік Корея, Жапон) технологияларын тезірек игеруімізге мүмкіндік туады, өйткені Қытай тілі – осы үш елдің тілдерінің негізі болып табылады.
Егер өскелең ұрпақ осы негізгі төрт тілді білсе, елу елдің тілін түсіне алатын жағдайда болады. Бұдан дамыған елу елдің басқы қатарына ілінуіміздің тілге де тікелей қатысты екені көрінеді.
«Махаббатым қайда екен?» әнінің шығу тарихы
Бұрын қазақтар қыз баланы «киелі» деп қадірлеп, «киесі ұрады» деп қорқатын болған. Қыз баланы сыйлап, оны қай жерде де төрге отырғызған. Әдемі гүл тәрізді күтіп, баптап, жан-жақты дамуына жағдай жасап, қабағына қарап, көңіліне қаяу түсірмеуге тырысқан. «Отырған қыз орнын табады» деп махаббатын әйтеуір бір кездестіретіне қыздарын сендіре білген. Ал Сәуле Досжанның ағылшын тілінде жазылған «көрдемшенің қасіреті» шығармасының өзегіндегі қазіргі қоғамның мәселесі қазақтың тәрбиелі мұғалім қызына «тыйым салатын қырық үйдің» ролін атқаратын қоғамның керісінше, «жасың болса келді, өзің үшін туып ал» деп теріс ақыл айтып, бейшара қызды қыспаққа алуы, бала туғаннан кейін, баласына «көрдемше» деп «күн бермеуі» қалыпты жағдайға айналып бара жатқаны өте өкінішті. Әрине, жас кезінде «қырық үйден тыю» көріп, «жіңішке жолмен жүрген» қазақ қызына бұл оңайға соқпайды. Бұл мәселе неден туындайды, қазақтың тәрбиесінің қандай кемшіліктері осыған алып келді деген сұрақ әркімді де мазалайтыны анық. Біріншіден, кішкентайынан «жіңішке жолмен тура жүрген» қыз мұғалім болу үшін жоғары оқу орнына түседі. Сол кезден бастап қыздар тобында бар уақытын оқуына арнайды. Ер адамдардың көбісі мұғалім болмайтындықтан, мектепте де әйел мұғалімдердің ортасында жұмыс істейді. Бірнеше жыл өткен соң жұмыстағылар да «кәрі қыз» деп атап, жеңгелері де мазасын ала бастайды. «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ» дегендей, жақында бір шетелдік мақалада «физиология және психология тұрғысынан ер баланың он бестегі жыныстық жетілу деңгейіне қыз бала 35—40 жаста жетеді» деп жазыпты. Олай болса, отыз бестен жаңа асқан қызға «кәрі қыз» деп айту асығыстау емес пе?
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
Интервал:
Закладка: