М. Адейхан - Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары
- Название:Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005396587
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
М. Адейхан - Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары краткое содержание
Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Алланың 99 көркем есімдері
Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары
М. Адейхан
© М. Адейхан, 2021
ISBN 978-5-0053-9658-7
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Кіріспе
Әлемдердің Раббысы барлық нәрсеге шексіз күш иесі болғандықтан, Аллах көптеген керемет қасиеттерге ие. Әлемдердің Раббысының кез-келген есімінің Оның жоғарғы қасиеттерді сипаттайтын өзіндік ерекше мәні бар.
Бұл мақтауға лайық есімдер оларды еске алушылар үшін көптеген артықшылықтар беретіні белгілі. Оларды жаттаудың үлкен артықшылығы – Алланың есімдерін білу Алланы тануға әкелетіні ғалымдардан да белгілі.
Хақ Тағаланың ризашылығын білім арқылы іздейтін адамдар үшін Жаратушының 99 есімінің тізімі дайындалды. Және әр есімнің мағынасы, сипаттамасы, күнделікті қайталану саны және дұғада еске түсірудің артықшылықтары туралы мәліметтер берілген.
Біз Жаратушымызға сенушілердің Өзіне жақындауы жолдарын жеңілдеткені үшін және Өзінің есімдері арқылы сұрауға, жалбарыныға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.
Алладан басқа ешкімде күш те қуат та жоқ.
Алланың көркем есімдерін қалай тез үйренуге болады
Барлығы Алланың 99 негізгі есімдері, сонымен қатар бірқатар қосымша есімдері бар. Бұл атаулардың барлығы Алла Тағалаға тиесілі және бір ғана Жаратушының бар екеніне куәлік етеді.
Күн сайын Алланың көркем есімдерінің мән мағынасына ой жүгіртіп, түсініп күнде қайталау, яғни зікір ету, есімдерді тез жаттауға көмектеседі. Сонымен қатар, дұғаларыңызда көркем есімдерді үнемі пайдалану есте сақтауға тағы жақсы ықпал етеді.
Мысалы, сіз кез келген есімінің мағынасын түсініп, оны күні бойы белгілі мөлшерде қайталау арқылы миыңызға қондыра алу әбден мүмкін. Ал, қайталағаннан кейін дереу осы көркем есімінің құрметіне дуа жасап тілек тілеу де өте сауапты істен болады.
Сонымен, біріншіден, сіз зікір арқылы Жаратушыны үнемі еске түсіріп отырасыз, екіншіден, назарыңызда үнемі алға қойған мақсат бен жоспарларды ұстап жүресіз. Өздеріңіз білетіндей, мақсат қою сүннет болып келеді.
Ең бастысы – жаттауға ниет етіп, Алладан көмек сұрап, әрекет ету – КҮНДЕЛІКТІ қайталау.
Күнделікті қайталаудың (дауыстап немесе іштей) келесі тәсілдері ұсынылады:
– Өзіңізге таңертең, түстен кейін және кешке немесе өзіңізге ыңғайлы уақытта ескерту қойып белгілі бір мөлшерде күні бойы қайталаңыз. Әрбір атаудың сипаттамасында қайталау саны көрсетілген. Бұған ең көп дегенде 15 минутты уақытыңызды жұмсайсыз. Және де сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша қайталау санын көбейте аласыз.
– жұмысқа немесе үйге бара жатқан жолда, бағдаршамда тұрған кезде.
– Көңілге, ойға жағымсыз теріс ойлар келгенде қайталаңыз.
– Қағазға жазу арқылы.
– Автоматты түрде әрекет жасаған кезде, мысалы, үй тазалағанда, тамақ пісіргенде, бір нәрсені жөндегенде кезде қайталаңыз.
– Кезекте тұрған кезде қайталаңыз.
– Табиғатқа тамсанып тұрып, күннің шығуы мен батуына, жаңбыр мен қардың жауғанына, даланың құлпырып гүлдегеніне, аспан мен ай жұлдыздардың әдемілігіне сүйсіне отырып көркем есімдерді қайталаңыз.
– Саябақта серуендеп жүру немесе жүгіру кезінде қайталаңыз.
– Кез-келген ыңғайлы уақытта, бос уақыт пайда болса, қайталаңыз, өйткені бұл әрекет толық дәрет, яғни ғұсылды қажет етпейді.
Егер сіз күн сайын бір есімді қайталап жаттап жүрсеңіз, үш ай және тоғыз күннің ішінде сіз барлық 99 көркем есімдерді жатқа жаттауға мүмкіндік бар.
Егер сіз одан да тез уақытта жаттағыңыз келсе, онда күніне үш есімнен жаттасаңыз не бар бір ай және үш күндебарлық 99 есімдерді жатқа білетін боласыз.
Тағы бір тамаша әдіс – бұл 99 көркем есімдерді жаттауды мақсат тұтып жүрген басқа адамдарға осы мақсатына жетуге қол ұшын беріп бар білімімен бөлісу арқылы өзіңізге де көмектесесіз.
Егер сіз тез үйренудің басқа тәсілдерін білсеңіз және өз жетістігіңізбен бөліскіңіз келсе molisprosi@mail.ruнемесе Инстаграмдағы @molisprosi парақшасына жазсаңыз болады.
Алланың көркем есімдерін қайталаудың тағы бір пайдасы – көркем есімдерді еске ала отырып дұға ету сіздің мақсатыңызға жетуге оң әсер етеді.
Дұға етудегі әрекеттер
Алла Тағала сенушілерге Оның көркем есімдерін дұғада қосу арқылы сұрауды, жалбарынуды бұйырды. Және бұл дұғаны қабылдаудың шарттарының бірі.
1. Ниетті – мақсатты анықтаңыз.
Алдымен нақты не сұрайтыныңызды анықтап алыңыз. Сіздің мақсатыңыз қандай? Қандай ниет бар?
2. Алланың көркем есімдерінен таңдап алу.
Алланың 99 көркем есімдерінің ішінен ниет мақсатқа жақын келетін есімді таңдап алыңыз.
«Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар.» (7 сүре «Әл-Араф», 180-аят).
3. Таңдаған көркем есімді КҮНДЕ ҚАЙТАЛАУ.
Келесі алгоритм бойынша көркем есімді күнделікті қайталаңыз.
а) алдымен өз ниетіңізді айтыңыз (іштей немесе дауыстап).
ә) Пайғамбарымызға с. а. у. салауат айтыңыз.
б) таңдаған есімді (бірнеше есімді де қатарынан алуға болады) қайталап шығыңыз. Қайталау саны әр есімінің сипаттамасында берілген.
в) қайталап болған соң дереу дұға етіп осы көркем есімінің құрметіне қабыл болынуын сұраңыз.
г) соңында Пайғамбарымызға с. а.у салауат айтыңыз.
Және мүмкіндік болса садақа беріңіз.
4. Әрекет ету.
Дұға және әрекет қайықтың екі ескегіне ұқсайды. Бір ескегімен алысқа кете алмайсыз. Сол сияқты жасалған дұға тілектің іс-әрекетсіз орындалуы екі талай. Сондықтан, аз болса да қолыңыздан келетіннің бәрін жасаңыз, кішкентай қадамдар жасаңыз.
5. Нәтиже тек Алладан.
Өздеріңіз білетіндей, тәуекелмен әрекет ету бізден, ал нәтиже Алладан. Себебі, бізге ненің хайыры, берекелі екенін тек Алла ғана біледі. Бұл дегеніміз, қандай нәтиже болса да, бұл сіз үшін ең жақсы нәтиже екенін ұмытпаңыз және оны ризашылықпен қабылдаңыз. Бәрі тек Алланың қалауымен болады.
Алланың 99 көркем есімдері
1. Алла – Әлемдердің Жаратушысы.
Алла Тағаланың бар екендігін және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім.
Зікір айту саны:
1000 – Құдайға деген иманы кәміл, сенімі берік бола түседі.
100 – Жұма намаздан бұрын қайталаса қалағаны орындалады.
66 – Түрлі тілек-дұғасы қабыл болады.
2. Әл – ъАлим – Бәрін Білуші, Терең білім Иесі.
Болған-болатын, үлкен-кіші, бәрін Білуші. Ол әр нәрсені толық біледі және де Ол білмейтін еш нәрсе жоқ. Алла Тағала білушілердің білушісі. Ол ғайыпты да, көмескіні де біледі.
Зікір айту саны:
150 – Ғылымды оңай меңгереді. Алла Тағала оған білім мен даналықтың есіктерін ашады.
100 – Кімде-кім намаздан кейін «Ия, Алләмәл-ғуйуб» деп шынайы қатты беріліп айтса, жан дүниесі рухани әлемге еніп, сыр пердесі ашылады және шыншыл, ізгі адамдармен тілдеседі.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: