Бакыт Мадимова - Сөнбес сезім

Тут можно читать онлайн Бакыт Мадимова - Сөнбес сезім - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Русское современное. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Бакыт Мадимова - Сөнбес сезім краткое содержание

Сөнбес сезім - описание и краткое содержание, автор Бакыт Мадимова, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Представленная автором история взята из жизни. Здесь описываются воспоминания пожилого человека: о несбывшихся мечтах, о безответной первой любви и о надежде, которая все же не покидает его. Имена героев изменены.

Сөнбес сезім - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сөнбес сезім - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Бакыт Мадимова
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Қазір әже, алма ағаштың көлеңкесіне барып отырамыз, – деп балалар шу ете қалды.

– Әй, алманы жұлушы болмаңдар, әлі піскен жоқ, – деп апай ескертті.

Сонымен, толықша келген денесін тік ұстап, аяқтарын жеңіл басып Нүрилә апай көршісінікіне кетті. Көршісінің үйі де үлкен. Бау-бақшасы жайнап тұр. Үйдің ауласында ешкім көрінбеді, сондықтан, Нүрилә апай ауыз үйдің есігің ашып:

– Жамал, үйдемісің!? – деп, дауысын көтере сөйледі.

– Ә, тәте, сізбісіз, келіңіз, жоғары шығыңыз, – деп Жамал апай да бәйек болып жатыр. Жамал Нүрилә апйдан екі-ақ жас кіші болса да, ол кісіні сыйлап, «сіз» деп сөйлейтін.

– Мына күн де ысып кетті жарықтық. Демалып жатыр ма едіңдер, кірмей-ақ қояйын. Көлеңкеде отырып біраз әңгімелесейік, – деп, көршісін далаға шығуын өтінді.

– Жарайды, қазір шығайын, кішкене немеремді ұйқтатып жатыр едім.

Бұл Медет деген кісінің үйі. Жасы алпыстың мол ішінде, төрт баласы бар. Бәрі ержетіп, өз алдына бір-бір үй болып отыр. Кемпір-шалдың қолында ең кенже ұлы тұрады. Ол да үйленіп, кішкентай нәрестелі болды. Ұл мен келін қызметтерінде, ал кішкентай Аяулымға атасы мен апасы қарайды. Міне сол немересін Жамал апай ұйқтатып далаға шықты.

– Xалдарыңыз қалай, жайша жүрсіз бе? – деп Жамал көршісіне қарады.

– Е, үйде отырған кісіде не жұмыс болушы еді? – деп Нүрилә апай күліп қойды – кел отыр, біраз әңгімелесейік. Отағасы қайда, үйде ме?

– Жоқ, бір шаруалары шығып көше жаққа кетіп еді. Ал бұйымтайыңызды айта отырыңыз. Әйтеуір, аманшылық па?

– Құдайға тәубе, аманшылық. Балаларым, «алпысқа толасыз, соны атап өтейік,» дейді. Жамал-ау, баяғыда әке-шешеміз туған күнді тойлатпаушы еді. Марқұмдарым, жатқан жерлері жайлы болсын, бұрын қазақтар «күнім өтіп бара жатыр деп, жылаушы еді. Қазіргі жастар күндері өткен сайын қуанады» деп айтушы еді жарықтықтарым. Енді ол заман басқа, бүгінгі заман басқа. Сонымен, ұзын сөздің қысқасы, балаларым мейрамханаға тапсырыс берейік дейді. Оған мен көнбей отырмын. Құдайға тәуба, үйіміз кең, ауламыз да кең. Шақыратын меймандарымыздың бәрі де сыйяды, емін-еркін отырамыз. Қалай деп ойлайсың, Жамал? Менен бір-екі-ақ жас кейін тусаң да, көпті көрдің ғой.

– Тәте, сіздің де айтқан ойыңыз дұрыс, балаларыңыздың да айтқандары дұрыс деп ойлаймын. Жастар жастарша ойлайды ғой. Ең алдымен шақыратын қонақтарыңыздың тізімін жазыңыз, соған қарай мәселені шешуге болады.

– Сенікі ақыл екен, үйге барып ойланып көрейін, – деп, Нүрилә апай орнынан тұрды – Кейінгі кезде тізем ауратынды шығарды, келінім тізеге жағатын жақпа май әкеліп беріп еді, соны жаға қояйын барып.

– Ондай жақпа майды ұйқтар алдында, төсекке жатарда жаққан дұрыс болады. Аяғыңызды қыздырып жақсы болып қаласыз. Мен де соның біреуін жағып жүрмін, тәте, – деп Жамал апай да өз білгенін айтып жатыр.

Сонымен, Нүрилә апай үйіне келіп, немересінің кітап сөресінен бір парақ қағаз бен қаламды қолына алды. Кезінде бұл кісі дүкенші болып қызмет істеген еді, сондықтан есеп-қисапқа жүйрік болатын. Үйдің жанындағы дүкенге не базарға барып оны-мұны алып сауда жасағанда да сатушыдан бұрын есептеп қоятын.

– Ей балам, мына алған заттарым 815 теңге тұрады. Міне саған 1000 теңге, осыдан алатыныңды алып маған 185 теңге қайырасың! – дегенде жас дүкеншілер ішек-сілелері қатқанша күлетін.

– Ой апа, бізден бұрын санап қойдыңыз ғой. Біз санау білмейміз. Мына калькуляторға үйреніп алған да жаман екен, – деп, аса сүйіспеншілікпен үлкен кісіге қарайтын.

Енді мінеки, сол апамыз шақыратын қонақтарының тізімін жаза бастады. Ең алдымен туған-туыстарын, содан кейін жолдас-жораларын және көрші-көлеңдерін тізіп жазып қойды. Бәрін санағанда алпысқа жуық адам болды. «Балаларыма көрсетейін, не дер екен. Үлкен мейрамхана не керек. Күн жаз, жер кең. Үйде ұзын, ұзын столдар, ұзын-ұзын орындықтар бар, жетпегенін көршілерден алармыз. Қазан-ошаққа көмектесетіндер жетіп артылады. Құдайға тәубе, қазір дүкенде бәрі бар, ақшаң болса болды.» – деп, апайымыз далаға шықты. Күн еңкейіп қалыпты.

– Талғат, қайдасың? Бақшаны суаруды ұмытпа!

– Ия, әже, ұмытқаным жоқ, қазір арықтағы суды біздің бақшаға қарай бұрамын – деп, немересі жүгіріп кетті.

– Кішкене ғана қарғам-ау, осы бала болмаса не істеймін мен. Ертең үлкен ұлдың да ұл-қызы келеді, олар да жазғы демалыстарына шықты. Біреуі колледжде екіншісі универститетте оқиды. Жандарым адам болсын, адал болсын, қайда жүрсе де аман болсын, – деп, апамыз күбір-күбір сөйлеп қояды.

Бір күн өтіп екінші күні таңғы астарын ішіп отырғанда Нүрилә апайдың үйіне Жамал апай мен Медет ақсақал кіріп келді.

– Ассалаумағалейкум! Астарыңыз дәмді болсын! Xалдарыңыз қалай? – деді, жайдары мінезді Медет замандасы.

– Амансыңдар ма, жақсы келдіңдер ғой?! Келіңдер, дастарханға жайғасыңдар. Талғатжан, ана жерден кесе, қасық әперіп жібер – деп, Нүрилә апайымыз да бәйек болып жатыр.

– Жоқ, әуре болмаңыз, дастарханнан жаңа тұрдық.

– О не дегендерің, таңғы асты тастауға болмайды деген сөз бар. Отырыңдар. Шай ала отырып әңгімелеріңді айта отырыңдар. Кішкене немереңе кім қарап қалды? – деп апай да қамқорлық танытып жатыр.

– Бүгін сенбі ғой, үйде келін бар. Ана жолы мерей тойыңыз туралы айтып едіңіз, не шештіңіз? – деп, Жамал көршісі сөз қозғады.

– Бүгін Алматыдағы ұл мен келін келеді бұйырса. Өзіме келетін болсақ үйде, осы аулада өткізгеніміз дұрыс болар деп ойлаймын, Медет, қалай ойлайсың? – деп апай көршісіне қарады. Өз басы осы көршісін аса сыйлайтын.

– Алдымен қанша кісі болады, соны айт, қырық-елу адам болса осы жердің өзі дұрыс шығар. Тізіміңді жазып қойдың ба? – деп, Медет көршісі мұртын сыйпады. Бұл кісі алпыстың алтауына келсе де әлі күш-қуаты бойында, аса жігерлі адам. Орта бойлы, денесі мығым, дембелше келген. Жүзі қара-торы, әдемі мұрт қойған. Көз қарасынан мейірімді, жұмсақ мінезді, салмақты адамды байқауға болады. Ол кісінің жұбайы Жамал бойын тік ұстайтын, жұқалаң, жүріс-тұрысы пысықтау келген әйел. Алпысқа таяп қалса да, «жасым да келіп қалыпты-ау» деген ойдан аулақ. Медет ақсақал біраз ойланып:

– Бізден қандай көмек керек, соны да қысылмай айта отыр, қолымыздан келгенін аянып қалмаспыз. Көрші парызы деген бар, замандас.

– Ия, көрші-көлең деген жақсы ғой, оны кейінірек айта жатармын, – деп, Нүрилә апай қолына тізім жазған қағазын алды да, – Туған-туыстарымды тізіп оқымай-ақ қояйын. Көрші-көлең, жолдас-жораларымның аты-жөндерін оқып шығайын. Көршілердің ешқайсысы тыс қалып қалмасын.

Сонымен, апайымыз шақырылған қонақтардың тізімін оқи бастады.

– Тәте, жоғарыда тұратын Күлән мен Ғазизды жазбапсыз ғой, – деді бір кезде мұқият тыңдап отырған Жамал апай.

– Айналайын, айтқаның жақсы болды, кейде ұмытып қалатыным бар менің, жазып қояйын. Ал енді жолдас-жораларымның тізімін оқиын. Сендер бәрін біле бермейсіңдер, баяғыда қызметтес болған жақсы жолдастарым бар, оларды міндетті түрде шақыруым керек. Мен де олардың талай тойларында болдым, – деп, апай қолындағы тізімді әрі қарай оқи бастады:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Бакыт Мадимова читать все книги автора по порядку

Бакыт Мадимова - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сөнбес сезім отзывы


Отзывы читателей о книге Сөнбес сезім, автор: Бакыт Мадимова. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x