Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші

Тут можно читать онлайн Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Драматургия, год 2020. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші краткое содержание

Империядағы туған күн кеші - описание и краткое содержание, автор Серік Асылбекұлы, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Аталған пьесада бұрынғы Совет Одағы деп аталатын алып империяның бір бөлшек сынығы болып табылатын Қазақстанда алғашқы кездері жабайы капитализм ретінде көрініс тапқан экономикалық, қоғамдық әлеуметтік трансформацияның бұрынғы совет адамдарының құндылықтар жүйесін астан-кестен еткен қым-қиғаш өзгерістері бейнеленеді. Бұрынғы мызғымастай көрінген социалистік моральді енді нарықтық экономиканың ақша мен капиталға табынған мінез-құлқы алмастырады. Сүйтіп қоғамда осы өзгерістерге тез бейімделгендер озып, ал бұрынғыша өздерінің тек адал еңбектері мен бұрынғы социалистік мәдениетке сүйенгендер жаңа социумның аутсайдерлеріне айналады. PDF-формат издания не отображает используемый <span style="color: rgb(0, 0, 0);">в книге </span>шрифт.

Империядағы туған күн кеші - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Империядағы туған күн кеші - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Серік Асылбекұлы
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Тойболды портфель мен қапты алып кетеді.

Айдар.Ал, Сұлтеке, енді былай… дастарханға қарай жақындайық.

Ұлжалғас.Иә-иә, дастарханға… Бәріміз…

Сұлтанбек.Жоқ, Айдаржан, егер рұхсат болса біз мына жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ресторандарыңның ішін көріп шықсақ…( Нұрсұлуға). Нұрсұлу, қалқам, сен бұл ұсынысқа қалай қарайсың?

Нұрсұлу.Дұрыс-дұрыс, Сұлтанбек Ертуғанович! Жақсыны көрмек үшін деген, көрейік. Ал ішіп-жеуге, Құдайға шүкір, әрқашан үлгереміз ғой.

Сұлтанбек (Айдарға). Ал рұхсат па, қожайын?

Айдар.Әрине, Сұлтеке!..

Нұрсұлу.Онда кеттік…

Бәрі ресторанның ішіне еніп кетеді. Сахнада тек Сәния мен Фараби қалады.

Сәния. ( Фарабиге) Бай болған қандай керемет,ә?!. Ішіп-жем – мол, астыңда – былқылдаған шетелдік қымбат авто, ( қолын екі жаққа құлаштай жайып) достарың – пішен!.. Жүресің дүниені шайқап. Қандай рахат, ә-ә?!

Фараби.Оның несін сұрайсың, белгілі жайт емес пе.

Сәния.Сонда да дегенім ғой. Мысалы, мына сенің бай болғың келе ме?

Фараб и. Әрине. Кімнің бай болғысы келмейт.

Сәния.Ол рас. Менің де бай болғым келет. Бай болғанда да анау-мынау емес, супер бай болғым келет!.. Өмірге бір-ақ рет келеді кенсің, ендеше мына дүниені олай да былай шайқап өту керек қой, ә-ә, Фараби?! Солай ма?..

Фараби.Солай шығар…

Сәния.Солай шығар емес, дәл солай! Бірдеңені айтқанда сен осы неге нақты, дәлме-дәл, қадап-қадап айтпайсың?! ( Фарабиды пародиялап). Сөл-ә-й шығар, сөл-ә-й шығар…

Пауза.

Фарап, осы қалай баюға болат, а-а? Айтып тұрмын ғой, ана Айдар Сейтқалиевич пен Ұлжалғас Көпбаевна секілді менің де шіріген бай болғым келет деп. Және кейін емес, тап осы қазір, дәл қазір байығым келет!.. Айтшы, а-а, қалай баюға болат?!

Фараби.Сен де қызықсың! Соны білсем, мен өсітіп даяшы болып жүрем бе?

Сәния.Ал мен білем!.. Аяқ астынан байып шыға келу үшін, мәселеңки, мына маған немедленно бір бай жігітке күйеуге шығып алу керек!

Фараби.Онда неге сүйтпейсің?

Сәния.Эх, Фарап-Фарап!.. Жасың бақандай он тоғызға келді, қалай түсінбейсің осындай қарапайым нәрселерді? Ондай супер күйеуді маған аяқ астынан кім тауып бере қояды, а-а, айтшы?! Ол үшін адамға бақ қону керек, бақ! Енді ұқтың ба?

Пауза.

Әне, қонақтар сыртқа шықты. ( Күрсініп). Ал енді іске кірісейік…

Ресторанның ішінде бес-алты минуттай аялдаған қонақтар мен үй иелері тізілісіп, қайтадан жазғы алаңдағы террассаға шығады.

Сұлтанбек.Жарайсың, Айдар мырза! Керемет!.. Интерьерді қатырыпсың! Ана қабырғадағы суреттер, фрескалар қазақ флоьклоры сюжеттерінің негізінде жасалған ғой дейім?

Ұлжалғас.Иә, «Алпамыс батыр» жырының сюжеті бойынша.

Нұрсұлу.Е-е, енді түсіндім. Әне бір есік жақтағы екі танауы шелектей, қожырайған дәу қара Ұлтан құл екен ғой. Тамаша-тамаша!

Тойболды. ( Сұлтанбекке, таңданысын жасыра алмай, басын шайқап). Сұлтеке, шамдарды… люстраларды көрдіңіз бе?! Қалай, ә?! Әшейін көздің жауын алып мөлт-мөлт етіп тұрғанын!.. ( Айдардың басынан сипап). Мына бас не көрмеген бас дейсіз – біледі ғой, білет! Солай емес пе, Сұлтанбек Ертуғанович?..

Сұлтанбек. (Тойболдының сауалына онша мән бермей, Айдарға). Люстраларды қайдан алдыңдар?

Айдар.Чехиядан… арнайы тапсырыспен.

Нұрсұлу.Айтатыны жоқ, ресторандарыңның атына дейін дәл тауып қойыпсыңдар. «Империя» десе, нағыз империя!..

Тойболды.Ханымдар мен мырзалар! Осы ең миы көп бас Тургеновтікі ме, әлде Лениндікі ме еді?

Гүлден.Тургеновтікі.

Тойболды.Ендеше, жолдастар… то есть ханымдар мен мырзалар! Ақ бас тарихтың осы бір қателігіне бүгінен бастап түзету енгізуге тура келіп тұр. Меніңше, ең милы бас – біздің Айдекеңдікі. Мына жердің астындағының да, үстіндегінің де бәрін білетін америкалықтар: «Егер сен ақылды болсаң, неге бай емессің?» дейді екен. Солар біліп айтқан. Ендеше егер Тургенов Айдардан да милы болса, оның неге мына «Империя» секілді екі қабатты ғажайып рестораны болмаған. Рас, ол кісі дворян ғой, сондықтан мына мен секілді ыңыршағы айналған кедей болмаған шығар. Ал бірақ тарихи фактілер ол кісінің сәні мен салтанаты келіскен мынадай ғажайып екі қабатты рестораны болғаны жөнінде жұмған ауыздарын ләм-мим деп ашпайды. Келісесіздер ме осыған?

Бәрі хормен «Келісеміз! Келісеміз!..» деп, жамырап қоя береді.

Ұлжалғас.Бірақ Тургенов артына тамаша-тамаша көп әдеби шығармалар мен кітаптар қалдырды ғой.

Тойболды ( қолын сілтеп). Әй, шырағым, қойш соларды! Бұл күнде со кітаптар мен шығармаларды оқитын адам қалды ма мына жер бетінде? Тап қазір бизнестің, кәсіпкерліктің заманы. Ендеше құрметті Тургенов мырзаның өзі баяғыдай өзінің шығармаларымен мақтана алмас еді тап осы қазір ғайыптан тайып болып біздің ортамызға тіріліп келсе.

Нұрсұлу ( көздері жайнап). Да-да, «Империя» – ресторан европейского класса! Ничего не скажешь – очень шикарная штучка!

Тойболды.Міне-міне айтқаным айдай келді. Өйткені мына бар ғой, менің зайыбым бірдеңеге қатты риза болса, немесе керісінше қатты қапаланса, осылайша орысша шүлдірлеп қоя береді. Ал дәл қазір ол кісі қатты риза болып тұр. Ендеше, бүгін сенің мақтануыңа әбден болады, Айдар Сейтқалиевич!

Гүлден( ерекше әсерленіп) Да, действительно, все классно! Супер!..

Айдар.Рахмет-рахмет.

Ұлжалғас.Ау, қадірлі меймандар! Енді отырайық. Мен білетін Айдекең болса, сіздер қанша мақтауын келістірсеңіздер де, ол жуық арада «қой» деп айта қоймайды. Сондықтан енді дастарханға жақындайық.

Айдар. ( басын шайқап) . Әркімнің бір жауы бар деген, а-а…

Бәрі қобырласып-жабырласып, орындықтардың аяқтарын дырылдатып, жұп-жұптарымен дастархан басына жайғасады. Болат келіп, шешесінің құлағына сыбырлайды.

Ұлжалғас ( Болатқа). Жарайт, бара ғой. Бірақ тым кешікпе.

Болат.Кешіксем, «звондаймын» ғой.

Болат сыртқа бет алады.

Айдар( Болатқа ). Әу, жігітім! Мына қонақтар сенің құрметіңе келіп отыр ғой.

Болат ( артына бұрылып). Пап, мен қазір келем.

Айдар.Сенің қазіріңді білеміз ғой. Тағы да сол Жалғасбаеваға «свиданиеге» кеттің бе?

Ұлжалғас,Ту-у, сен де бір… Баланы кісілердің көзінше ұялтпай, жайыңа қарап отырш!.. Қазір біраздан соң келет.

Айдар ( кекетіп). Иә, қазір жүгіріп келе қояр. Білеміз ғой о баланың жайын.

Болат кетеді.

Ұлжалғас.( Айдарға бұрылып, сұрақты жүзбен). Қартайғанда қандай шал болар екенсің?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Серік Асылбекұлы читать все книги автора по порядку

Серік Асылбекұлы - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Империядағы туған күн кеші отзывы


Отзывы читателей о книге Империядағы туған күн кеші, автор: Серік Асылбекұлы. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x