Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші
- Название:Империядағы туған күн кеші
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:2020
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Серік Асылбекұлы - Империядағы туған күн кеші краткое содержание
Империядағы туған күн кеші - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Айдар.Қандай шал болам… Кәдімгі нормальный шал болам да.
Ұлжалғас.Қайдам, Құдайдың құтты күні мазамызды май ішкендей қылып отырмасаң… Ал, жолдастар, енді тамадамызды сайлап алып, мына шағын тойымызды әрі қарай жалғастырсақ… Егер сіздер қарсы болмасаңыздар, менде мынадай ұсыныс бар – тамадамыз Тәкең, Тойболды болсын деген. Кәне, осы ұсынысты қолдайтындарыңыз қол көтеріңіздер.
Бәрі қолдарын көтереді.
Қарсы, қалыс – жоқ. Тәке, бірауыздан бастық боп сайлануыңызбен құттықтаймын! Ендігі сөз кезегі – өзіңізде.
Тойболды. ( тамағын қырнап). Мынау өзі аяқ астынан қызық болды ғой… Бірақ енді бір жағынан дұрыс та сияқты. «Сағынайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба» демекші, мен енді жан досым Айдекеңнің туған күнінде асаба болмағанда, қайда болам. Олай болса, не десем екен?..
Нұрсұлу.Бірдеңе дейсің де енді…
Тойболды.Олай болса, жолдастар…Ту-у, коммунистердің заманынан қалған осы бір сөз де қыстырылып бәле болды ғой. Ханымдар мен мырзалар деуім керек екен ғой. Ал қымбатты ханымдар мен мырзалар, біріншіден, алдарыңыздағы рюмкелеріңізге толтырып-толтырып құйып қойыңыздар!
Пауза.
Так, құйып болдыңыздар ма?.. Онда екіншіден… Иә-иә, екіншіден, сөз осы отырған бәріміздің асқар таудай ағамыз, Алматы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сұлтанбек Ертуғанұлына – қадірлі Сұлтекеңе беріледі.
Нұрсұлу.Ура!..
Ұлжалғас.Ура!.. Ал, аға, құлағымыз сізде!
Пауза.
Сұлтанбек ( орнынан тұрып). Ал, Айдаржан, келін! Ең алдымен сендерді мына Болаттарыңның ат жалын тартып мініп, азамат болғандығымен құттықтаймын! Ұзағынан сүйіндірсін. Екіншіден, Айдеке, туған күніңмен!.. Міне, біз сені мына Тойболды, Нұрсұлу үшеуміз білгелі он бес жылдың жүзі болыпты. Оның үстіне мен, сен, Тойболды үшеуміз бір кафедрада он шақты жыл қоян-қолтық қызмет еттік. Құдайға шүкір, бір-бірімізге «шәй» дескеніміз жоқ. Сонан сен тоқсаныншы жылдардың бас жағында ғылымды тастап, біржолата бизнеске кеттің. Сүйтіп кәсіпкерлік әлемінде шар болаттай шыңдалдың. Қазір, міне, сол әлемдегі төрт құбыласын түгендеген алпауыттардың біріне айналып отырсың. Есіңде болсын, біздің кафедра сол үшін өзіңді әрдайым мақтан тұтады. Басқа не дейім… Осылайша бақытың өрлей берсін! Біз, ежелгі достарың, саған соны ғана тілейміз. Арада жылдар өткен сайын сенің әулетіңнің мына «Империясы» үлкейіп, қыранша қанатын кеңге жая түссін!.. Сол үшін!..
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
Интервал:
Закладка: