Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Бесінді. III кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Олай жасасақ сіз де, мен де қателесеміз.

Карбышев көкейінде казактар сұрап отырған аттар тұр еді, содан кейін бұған қарсы сөз айтқан жоқ. Шоң болыстармен бірге кеткен. Қастарына орыс-казагы мен татар тілмаш бар, олар тауға қарай өрмелей жүріп кеткен. Әлгінде Шоңның орысша білетінін біліп алған казак-орыс Шоңға ғана назар аударып:

– Мына тау қойнауында бір бай киргиз тұрады. Соның үйіне алып барамыз. – Алдында генералға Шоңның біз қазақпыз деген сөзіне намыстанып, казак-орыс кеуделі сөйлеп кете жатты. Казак-орыстардың мінезін білетін Шоң оған онша мән бермеді.

Біраздан соң ағаш арасынан екі қазақ қарсы жолықты. Оларға ай-шай жоқ, татар тілмаш ұрса бастады:

– Сіздерге айтылды ғой, неге келіп мына туысқандарды қарсы алмайсыздар? – Оңың мына сөзіне әлгі екі қазақ сасып қалғандай.

– Сен кеше өзің жөндеп айтпадың ғой. Біз қонақтар қашан келетінін білгенде ертерек келетін едік. Және қазақтар деген жоқсың, киргиздар дедіңдер. Түсінбей қалдық.

– Сендер қашан казак болып едіңдер. Казак мынау. – Қасындағы казак-орысты көрсетті.

Шоң бұл жақтағы қазақтардың жағдайы өздерінен де жаман екенін білді. Сол арада әлгі татар Арқадағы орыстар тәрізді мыналарды да орысшалап боқтап жіберді. Шоң татарда мына қазақтарды бір басыну бар екенін сезе қалды. Шоң даусын көтере татарша сөйледі:

– Әй, татар, сен мына кісілерге не айтып тұрсың? Бұлардың жасы сенен үлкен. Сен өзің кімсің?

– Мен православпын.

– Жоқ, сенің арғы тегің мұсылман. Мұсылман үлкен адамдарды боқтай ма екен?

– Мен бала күнімнен православ болғамын.

– Сені зорлап кіргізді ме, әлде өзің кірдің бе?

– Мені ешкім зорлаған жоқ. Өзім кірдім. Өйткені, орыс дінінің мұсылман дінінен артықшылығы көп.

– Діннен діннің артықшылығы жоқ. Олай дейтінім, Құдай біреу. – Шоң оған сен дінді ғана емес, халқыңды да сатып отырсың деп айтпақшы болды да, бірақ айтпады. Оны айтса ол губернатор құлағына жеткізіп, оның арты үлкен әңгіме болатынын біліп келе жатыр еді. Татар Шоңның әлгі сөзін жақтырмай, дін туралы біраз әңгіме туындатқысы келіп еді, алайда Шоң оған басқаша сұрақ койды:

– Сен әке-шешеңді жақсы көресің бе?

– Неге жақсы көрмеймін? Олар мені осы дүниеге әкелді ғой.

– Олар православ па, әлде мұсылман ба?

– Мен орыстан әйел алдым да, солардың дініне кірдім.

– Ендеше ойлан, – деді. Бұл сөздің бәрін қасындағы казак-орыс білмесін деген оймен татарша айтып келе жатқан болатын.

Татар Шоңның бұл сөзіне жауап берген жоқ. Шоң оған айтқан, «Құдай біреу екенін айтып отырмын ғой, бір діннен екіншісіне ауысып кеткен адамды Құдай да жақтырмайды».

Татар ашуланып қалды да:

– Сен немене, Құдаймен сөйлесіп көрдің бе?

– Дін кітаптарында солай жазылған. Әрбір адам әке-шешесінің дініне берік болуы керек көрінеді.

– Білмейсің, міне, орыстар келіп жатыр, қай дінде болатыныңды көреміз әлі.

Шоңға мынаның сөзінде бір шындық жатқандай көрінді. Содан аузына сөз түспей қалған. Сәлден соң айтқан:

– Сен орыстар мен қазақтар арасына дәнекер болып жүрсің. Бірақ сенің әлгі мына адамдарға тіл тигізгенің маған ұнамайды.

– Бұлар казактар емес, киргиздар. Ешнәрсеге түсінбейді.

– Сенің бұл адамдардан бір-ақ артықшылығың бар, ол орыс тілін білетіндігің. Орыстар да сені соның үшін бағалайды. Киргиз бен татардың негізі бір, сондықтан сен жергілікті халықтардың салт-дәстүрін үйрене бер. Әлгіндей сөзді айтпа!

– Сен маған ақыл айтпа!

– Менің жасым сенен әлдеқайда үлкен. Сондықтан менімен сіз деп сөйлес. Бағанадан бері сен деп келесің!

– Жергілікті халықтармен ыңғай солай сөйлесіп, тілім осылай қалыптасып кетіпті. Онда тұрған ештеңе жоқ.

Мынау діннен ғана емес, жалпы, рухани жағынан азып кеткен адам екенін білді Шоң. Сонда да көңілінде тұрған сөзді айтқан:

– Сен келіп жатқан казак-орыстармен жергілікті халық арасындағы дәнекер екеніңді айтып отырмын ғой, олардың бір-біріне қатынасы дұрыс болуы үшін көмектесуің керек. Ал сен керісінше жасап, киргиздарды боқтап келесің. Заман бұл қалыпты тұрмайды. Қазақтар кейін орыс тілін үйреніп алған соң сенің әлгі сөзің үшін жақсылап ұрып алады. Қазақ әкесін боқтағанды ұнатпайды.

– Мен орыс халқына еңбек етіп жүрмін. Сондықтан ешқандай киргиз маған тиісе алмайды.

Мына татардың әбден күшейіп тұрғанын білді Шоң. Сөз түсінбейтін адам болған соң, сөзін қойған. Бұлар тау баурайында орналасқан киіз үйлердің қасына келіп тоқтады. Казак-орыс татар тілмаш арқылы қазақтарға айтқан:

– Ертеңге дейін қонақ етіңдер. Біз таңертең келіп алып кетеміз, – деді де әлгі татар мен орыс қайтып кетіп қалды.

Бұлар аттан түскен соң әлгі қасына еріп келген, алыстан қонақтар келе жатыр деген соң қарсы алуға барған жасы үлкен шал Шоңға назар аударып:

– Шырағым, сен татарсың ба?

– Мен немене, татарға ұқсаймын ба?

– Түрің нағыз қазақ. Осында орыстар келгелі орысша білетін бір қазақты көргеміз жоқ. Әлі татарға дұрыс айттың…

– Біздің Арқаға орыстар ертерек келіп, орысша үйрендім. Тіршіліктің өзі соны талап етіп отыр.

Шал ұялып қалды да:

– Бауырым, оның рас. Біз осы жақта орыс сөзін аударып жүрген бір қазақ тілмашын көргеміз жоқ. Содан кейін айтып қалдым.

Есік алдында тұрған қазақтар бұларға әлі жақындамай тұрған. Шоң олардың бұл қылығын жақтырмай, содан кейін әзіл араластырып сөз бастады:

– Біз сіздерді осы жақта туыстарымыз бар деп, сонау Арқадан әдейі іздеп келдік.

Әлі адамдардың біреуі алға шығып:

– Осында орыстар қырғыздар келеді деп айтқан соң, анау Алатаудың ар жағындағы қырғыздар ма екен деп қалдық. Арғынбыз деп айтпайсың ба?

– Мен сіздер қазақ деген сөзді білетін шығар деп айтып тұрмын. Сіздер қазақты ғана емес, Арғынды да біледі екенсіздер ғой. – Шоң бұл сөзді тағы да әзіл ретінде айтқан.

– Осында бізді қазақпыз десек, ана орыстар жақтырмайды. Содан қорқамыз. Бір адам алға шығып, қолын ұсынды.

– Іздеп келгендеріңізге ризамыз. Осы ауылдың иесі менмін, атым – Медеу, Жалайыр боламын. Мына кісілер Албан болады. Бізге ана татар алдыкүні келіп, бір топ киргиздар келеді деді. Біз Алатаудың ар жағындағы кырғыздар екен деп ойладық. Әйтпесе, бәріміз барып қарсы алатын едік. Сіздер Арқаның қай жерінен боласыздар?

– Арқада Нұра атты өзен бар. Соның маңында тұратын Арғын боламыз.

Енді Медеу құшақтап амандасты да:

– Бәрімізді шатастырып жүрген анау татар ғой, – деді.

– Ол шоқынған татар көрінеді. Нағыз татарлардан оның ауылы алыс жатыр. Бірақ кездескен сайын оларға біз қазақпыз деп құлақтарына құя беріңіздер. Өйтпесеңіздер, қырғыз атанып кетесіздер, – деді Шоң.

– Бауырым, сен солай дейсің. Осындағы орыстардың бәрі бізді киргиздар дейді. Соның өзіне ұяламыз. Қырғыздар Кенесарыны өлтірді ғой, сол үшін де оларды жек көреміз.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Бесінді. III кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Бесінді. III кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x