Олжас Сеитов - Бақыт жолы
- Название:Бақыт жолы
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005686718
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Олжас Сеитов - Бақыт жолы краткое содержание
Бақыт жолы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Аффирмация – нақты бір бағынышты қызметшінің емес, акционердің жеке өзінің сенімі болып табылады! Міне, бар айырмашылық осыда. Елестетіп көріңізші, компанияда бір қарапайым есепші үнемі қателеседі. Мысалы, ол сіздің бизнесіңіз үшін табыс салығын төлеуге 10% мөлшерлемені пайдаланудың мүмкіндігі бола тұра, 20% мөлшерлеме бойынша есептейді. Бұл жағдайда осыған жауапты нақты есепшіні тауып, оны үйретудің орнына, сіз күн сайын акционермен кездесу ұйымдастырасыз. Сөйтіп бұл кездесуде сіз оны стандартты мөлшерлеменің орнына, жеңілдік мөлшерлемесін қолдануға болатынын табандылықпен түсіндіріп сендіресіз. Акционер мұны жақсы түсініп тұр, бірақ қандай да бір себептермен оның компаниясында есеп ай сайын 20% мөлшерлемемен өткізіледі. Бұл нағыз ақымақтық, солай ғой? Аффирмация дәл осылай жұмыс істейді! Сіз жаңа позитивті ойды түпсанаңызды ескермей, тек санаңызға жеткізесіз! Сондықтан да сіз тоқылдақ сияқты «мен баймын, мен баймын» деп өз-өзіңізге шексіз қайталайсыз, ал сіздің түпсанаңыз бұған сенбейді, тіпті бұнымен келіскісі де келмейді. Әрине, бұл аффирмацияны іштей жүз, бес жүз не мың рет өз-өзіңізге айтсаңыз болады. Бұдан бір күні сіз аздап байып та кетерсіз, бірақ түпсана күшінің есебінен емес, сананың күшімен.
Ал ҚЖ әдісі және жалпы алғанда пейнхантинг әдістемесі, бұл жұмысты дұрыс және туралықпен орындайды. Демек біз онсыз да бәрін жақсы білетін әрі түсінетін санаңызға 100 рет қайталап тықпыштамаймыз, қайта түпсанаңыздағы теріс тұжырымға жауапты белгілі бір «қызметшіні» табамыз және дәл оның өзін жаңа позитивті ойды қабылдауға «көндіреміз»! Біз бұл «қызметшіні» екі секунд ішінде және мәнсіз қайталаулар арқылы емес, эмоциялар шкаласын және алда толығырақ қарастыратын басқа да әдістерді қолдана отырып, ақылға қонымды түрде сендіреміз.
Сегіз жасында әжесінен айырылып, кейін түпсанасында: «Жақын қарым-қатынас қауіпті» деген ұстанымы пайда болған адамды тағы да елестетейік. Қазір ол 30 жаста, әлі де жақын қарым-қатынастан қорқады. Барлық достары оған өзгемен араласу қауіпті емес екенін, қайта керісінше, қарым-қатынас жылы да жарқын сезімдер сыйлайтынын айтады. Бірақ ол бұны қабылдамайды. Сондықтан біз одан жақын адамынан қашан айырылғанын сұраймыз. Я болмаса, қашан біреуге қатты сенім артқанын сұрап білеміз. Немесе: «Жақын қарым-қатынасқа түссеңіз, қандай жамандық болуы мүмкін?» деп сұраймыз. Сонда түпсана өзінің ақымақ тұжырымдарын бірінен соң бірін шығара бастайды да, бір сәтте әжесімен болған оқиға пайда болады. Ол, немересінің бар қателігін, қылығын кешірген, қолдап көмектескен әрі еркелеткен әжесінен айырылудың қаншалықты ауыр тигенін айта бастайды. Байқадыңыз ба, түпсанадағы жақын қарым-қатынастан қорғауға жауапты белгілі бір «қызметші» байланысқа шықты. Ал енді біздің міндет – осы «қызметшіні» қайта сендіру! Бұл үшін не істеу керек?
Біз бұл қызметшіге әженің әлі де тірі екенін сезіндіруіміз керек! Бұл абсурд болып көрінуі мүмкін. Бірақ менің түсіндірмелеріме мұқият ден қойыңыз. Бұл «қызметкер» жәй ғана әжені тірі деп елестеткенде, барлық «қаруын» түсіреді! Ол қарым-қатынас қауіпті деп «ойлауды» доғарады. Тұйық болмай, босаңсып, зиян тигізуін тоқтатады. Яғни қарама-қарсы жынысты адаммен араласа бастайды, өзгенің жан дүниесіне қызығушылық танытады. Ол барлық қисынсыз нанымдарды, көзқарастарды, дене блоктарын, жағымсыз эмоцияларды тастайды, өйткені енді жан ауру жоқ!
Келесі бір нюансты көрейік. Сіздің қызметшіңіз қарсы оқиғаны бірден елестетіп кетпейді! Мұны бірнеше рет жасау керек. Неліктен? Өйткені әжесі қайтыс болғанда, сегіз жасар бала көптеген жағымсыз ұстанымдарды жасаған болатын. Алғашқы минутта ол, енді ойыншық ойнайтын ешкімім жоқ деп ойлаған болар. Келесі минутта біреу әжем сияқты ауырып қалса, оны да осылай жоғалтамын деген тұжырымға келген шығар. Ал кейін, әжеме көбірек көңіл бөлуім керек еді, оның мазасын алып абыржытпауым керек еді, сонда бұл оның ұзағырақ өмір сүруіне әсерін тигізер еді деп ойлаған шығар. Бірнеше күннен кейін, жағымсыз жағдайға тап болған ол, енді қиындықтарын айтып шағымданатын, проблемаларымен бөлісетін ешкімі жоқ екенін түсінеді. Осыдан түсіндіңіз бе, бір оқиғамен байланысы бар өте көп «бағынышты қызметшілер» болады! Сіз олардың әрқайсысымен жұмыс істеуіңіз керек! Сондықтан да түпсанаға жәй ғана «әже тірі деп елестет» деп айтсаңыз, ештеңеге қол жеткізе алмайсыз. Мұны бірнеше рет жасауға тура келеді.
Сонымен қатар, тек жағымсыз эмоцияларға жол беретін болсаңыз, айтарлықтай нәтиже болмайды. Теріс пікірдегі «қызметші» шексіз күңкілдей беретін әрі өзінің теріс ұстанымдарынан арылғысы келмейтін болады.
Сондықтан да ҚЖ әдісінің тағы бір артықшылығы – сіз қауіпсіздік және даму қызметтері арасында үлкен келіссөз ұйымдастырасыз.
Дамыту қызметі жарқын сезімдер туралы, ал қауіпсіздік қызметі жағымсыз сезімдер туралы «айта бастайды»! Сіз осы екі қызметтің арасында нағыз пікірталас ұйымдастырып, соңында «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАМАНДЫҚТЫ ЖЕҢЕДІ» деген ұлы шындыққа көз жеткізесіз.
Қауіпсіздік қызметі бірте-бірте өзінің қатал болғанын және теріс тұжырымдарын тым қыңырлықпен ұстанғанын түсіне бастайды. Ал дамыту қызметі өзінің оң көзқарастарына сенімдірек болады. Нәтижесінде сіз бір оқпен екі қоянды атасыз: жамандық өледі, ал жақсылық жарқырай түседі. Алдыңғы тарауларда айтқан теорияны еске түсіріңізші. Естілік жамандықты жақсы етеді, ал жақсылықты одан да жақсыға әкеледі.
Енді іске көшейік. Нақты не істеу керек екенін егжей-тегжейлі қарастырайық. Егер сол ер адамға әжесінің қайтыс болғанын елестетуді бірнеше рет айта берсек, ол әжесінің орны толмастай екенін, өмірдің мәні жоқ екенін айтып екі сағат бойы жылар еді. Сондықтан да біз дамыту қызметін параллельді қосамыз да, кезекпен екі сұрақ қоямыз:
1) Әжеңіз тірі деп елестетіңіз.
2) Әжеңіздің енді жоқ екенін елестетіңіз.
Бұл жарты сағатқа созылуы мүмкін. Не бір сағат болуы да мүмкін, бірақ орташа есеппен бір жарым сағат жұмсалады. Егер әжесі өте жарқын және орны ерекше адам болған болса, онда бұл жоғалтумен үш-төрт сағат бойы жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ, осы жаттығуды орындағаннан кейін, алдыңғы тарауларда сипаттаған бірнеше теорияларымның дұрыстығын бірден байқайсыз:
1) түпсана жан ауруынан арыла бастайды;
2) адам эмоциялар шкаласы бойынша қайғы мен апатия күйінен сүйіспеншілік, парасаттылық және тіпті жадырау күйіне көтеріле бастайды;
3) барлық жағымсыз және пессимистік ойлар біржола жойыла бастайды;
4) денесінде де өзгерістер болады: бет-жүзі бал-бұл жайнай бастайды, көзі ашылып, дене қалпы түзеледі.
Тағы бір маңызды мәселе. Адам сөйлеп жатқанда, сіз өте мұқият тыңдап, командаларды өте дұрыс беруіңіз керек. Бұл нені білдіреді? Бұл алдыңғы тарауда айтылған Кодекстің негізгі тармақтарын бұзбау керек дегенді білдіреді. Яғни, жанашырлық танытпауыңыз, өз пікіріңізді білдірмеуіңіз, жағдайға баға бермеуіңіз әрі кеңес берумеуіңіз керек. Сіз оны жәй ғана тыңдап, айтқанын растауыңыз керек! Мұнда растау деп мен нені айтып тұрмын?
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: