Олжас Сеитов - Бақыт жолы
- Название:Бақыт жолы
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005686718
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Олжас Сеитов - Бақыт жолы краткое содержание
Бақыт жолы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Бірақ, өкінішке орай, өмірде бәрі де оңайлықпен бола қоймайды. Өйткені біздің ақыл-санамыз осы шкала бойынша төмен түсіп кетуі оңай, ал көтерілуі қиын болатындай етіп қалыптасқан!
Мысалы, жақсы жаңалықтар әдетте бізді қысқа уақытқа ғана осы шкаламен көтереді, бірақ жаман жаңалықтар бізді «құлатып», ұзақ уақыт төменгі эмоцияда қалдыруы мүмкін. Осы себептен де дүниеде қайғы-қасірет пен ауру көп.
Қуанышымызға орай, мұның түсінікті себептері бар. Алда қалған векторлардың (ойлар, дене, есте сақтау) механизмдерін қарастыратын боламыз, сонда неліктен түпсанамыздың осындай тұзағында екенімізді және бұл тұзақтың табиғаты қандай екенін жақсырақ түсінесіз. Ең бастысы, өмірдегі жағдайлар сізге бірнеше ауыр соққы беріп, сізді эмоциялар шкаласының төмен деңгейіне дейін «шегелеп тастағанына» қарамастан, сіз осы заңның әділетсіздігімен күресуді және тез арада өз-өзіңізді қайта қалпына келтіруді үйренесіз.
Алдымен біз эмоциялармен байланысты бірнеше нюанстарды қарастыруымыз керек. Бұл эмоциялар шкаласында шатастыратын жайттар көп болғандықтан, оның мән-жайын анықтап алуымыз керек.
Сонымен бірінші нюанс – біз ӨМІРДІҢ ӘРТҮРЛІ САЛАСЫНДА әр түрлі эмоцияларды бастан кешеміз. Яғни, адам жұмысында өте байсалды болуы мүмкін, ал достарымен әңгімешіл болады, үйде болса, тіптен түсініксіз басқа күйде болуы мүмкін. Негізі бұл, солай болуы тиіс кәдімгі жайт. Барлығымызда да сәтсіздіктері мен қысымдары аз болатын өмірдің салалары бар, сондықтан бұл салаларда өзімізді мейлінше бақытты сезінеміз. Егер бір ер адам әрдайым футболдың үздік ойыншысы болған болса, ол 35 жасында, қызығы жоқ жұмысы мен отбасындағы ұрыс-керістерге қарамастан, достарымен футбол алаңында ойнауға шықса, кенеттен қуаныш пен энтузиазмға дейін көтерілуі мүмкін. Немесе егер тұрмыстағы жас қыз әжесінің ең сүйікті немересі болған болса, күйеуімен арасындағы проблемалар мен ауыр жұмыс аптасынан кейін, әжесіне барып уақыт өткізгені эмоциясын өте жоғары деңгейге көтеріуі мүмкін. Басқаша айтқанда, адам жұмысына бейтарап қарауы, достарына қастық, ақшаға немқұрайдылық, хоббиіне көтеріңкі көңіл және көлік жүргізуге қорқыныш сезінуі мүмкін. Сондықтан, сіз адаммен «алыстан» араласқанда, жалпы алғанда, оны орташа деңгейдегі эмоцияда көре аласыз, ал онымен жақынырақ араласқанда, оның осы орташа эмоциядан жоғары да, төмен де күйін көресіз. Бұл кәдімгі жайт.
Екінші нюанс – күні бойы біз ТҮРЛІ ОҚИҒАЛАРҒА байланысты бір эмоциядан екіншісіне АУЫСА АЛАМЫЗ. Әрбір кішігірім жағдай да бізді шкала бойынша төмендетеді не көтереді. Мысалы, таңертең сіз бейтарап күйде оянуыңыз мүмкін. Кофе ішкен соң ақыл деңгейіне көтерілесіз. Ұйықтап жатқан балаларды көріп, сіз махаббат деңгейіне көтірілдіңіз. Ал кейінірек валютаның девальвациясы туралы жаңалықты оқығанда, қорқыныш деңгейіне құладыңыз. Содан соң кептелісте апатияға түстіңіз. Ал жұмыста жалақы алғаннан кейін бейтараптыққа көтерілдіңіз. Бұлар да кәдімгі жағдайлар. Біз үнемі ағартушылық күйінде болуды мақсат етпеуіміз керек. Осындай мақсат қойған адамдардың түсінігі қате деп айтуға болады. Егер үнемі эйфория, ағарту мен махаббат күйінде болатын болсаңыз, міне осыны қалыпты жағдай, кәдімгі жайт деп айта алмаймыз. Бұл ессіздіктің белгісі болар еді. Досыңыз сізге анасының қайтыс болғанын айтты делік. Осыдан кейін ағартушылық күйінде қалу есінен адасқандықты білдіреді ғой. Сондықтан түсінуіңіз керек басты нәрсе – сізде жан дүниеңіздің күйін тез қайта қалпына келтіре алатын қабілет бар әрі шкала бойынша жылдам көтеріле аласыз. Бар болғаны осы. Бұл пейнхантингтің түпкі мақсаттарының бірі.
Үшінші нюансқа көшейік. Біз БІР МЕЗГІЛДЕ БІРНЕШЕ ЭМОЦИЯНЫ сезінуіміз мүмкін. Егер сіз сезімтал адам болсаңыз, кейде адам бір мезгілде аралас эмоцияларды бастан кешіретінін байқаған шығарсыз. Мысалы, біреу балаға ұрысып айғайлап тұрып, сол сәтте айғайлағаны үшін өзін кінәлі сезініп тұруы да мүмкін. Нәтижесінде ол абдырап қалады, бақытсыз болады, оның көңіл-күйі де «шайқалады». Немесе, мысалы, университет бітірген жас түлек бір жұмысқа қабылданғаны туралы жаңалықты естиді, осы сәтте ол көптеген эмоцияларды бастан кешіреді: шаттық, қорқыныш, қуаныш және тіпті ұятты сезінеді. Нақтырақ айтсақ, жақсы жаңалыққа шаттық, жұмыстағы жауапкершіліктен қорқыныш, ата-анасының мақтан тұтатынына қуаныш сезінеді және жеткілікті жақсы оқымағанына әрі өз мамандығын жетік білмегеніне ұялады. Түсіндіңіз бе? Ал дәл осы сәтте сіз оның жүзінен таңдануды және эмоциялардың әр түрлі көрінісін байқай аласыз. Шындығында, өмірде біз жиі осындай жағдайларға тап болып жатамыз. Осы жағдайлардың барлығында көптеген ойлар мен эмоциялар, бәрі қатарынан бірер секундта пайда болады. Кейінірек ол бірнеше секундта орын алған осы оқиғаны достарына бір сағат бойы айтып беруі мүмкін! Сонда ол сонша мәліметті қайдан алады? Иә, ол өз санасындағы кинотаспадағы кадрларды жай ғана «баяулатып», бір сәтте пайда болған жүздеген ойлар мен эмоцияларды егжей-тегжейлі баяндайды.
Енді төртінші ерекшелік туралы айтайық. ЖАЛҒАН және ШЫНАЙЫ ЭМОЦИЯ деген ұғымдар бар. Оларды анықтау және олардың арасындағы айырмашылықты түсіну соншалықты қиын емес. Бірақ егер қабырғасы қайысып тұрса да, адам үнемі күлімсіреп жүруі тиіс деп қабылданған Батыс әлемінде өмір сүрсеңіз, онда бұл жағдайда жаңылысып қалуыңыз мүмкін. Мұны әдетте ер адамдар онша байқай бермейді және шынайы емес эмоцияларға оңай сенеді, ал дәл сол сәтте олардың сезімтал әйелдері сол адамдардың шынайы бет-бейнесінің қандай екенін алғашқы секундтан-ақ түсіне алады. Демек, жалған эмоция – бұл өзгеге әсер қалдыру үшін, былайша айтқанда бетперде киіп ел алдында көрсетілетін эмоция. Ал шынайы эмоция – көңіл түбінде, жан дүниесінде сезініп жатқандары. Мысалы, сіз қонақтарды қарсы алып жатқанда іштей енеңізге ашулануыңыз мүмкін, бірақ бет-жүзіңізге қуаныш маскасын «киіп» аласыз. Егер сіздің енеңіз өте сезімтал болса, ол сіздің жалғандығыңызды түсіне қояды, ал егер олай болмаса, ол сіздің жалған эмоцияларыңызға сенеді.
Сонда бізге бұл нюанстар не үшін қажет? Ортақ мақсатымызды жақсы түсіне алуымыз үшін қажет. Ал біздің ортақ мақсатымыз – сізді бақытты ету!
Дәл осы кезде сіз, біріншіден, бізде пейнхантингте бақытты болғансып көріну деген мақсат жоқ екенін нақты түсінуіңіз керек! Біз сіздің жасанды, жалған эмоцияларыңызбен жұмыс жасауды мақсат етпейміз. Өкінішке орай, қазіргі заманғы көптеген коучтар, әсіресе Батыстағы, бізді позитивті эмоцияларды жасанды түрде жасауға талпындырады. Олар біздің жанымыз бұған бейімделеді, сондықтан сәлден кейін өзімізді шынымен бақытты сезіне бастаймыз дегенді айтады. Бұл қандай да бір шамада дұрыс-ақ, бірақ бұны кофе ішумен салыстыруға болады. Егер сіз сәл ұйқыңыз қанбай тұрсаңыз, қою кофе ішіп ояна аласыз, бірақ егер тек екі сағат қана ұйықтаған болсаңыз, онда ешқандай кофе көмектеспейді. Бұл жағдайда сізге өзіңізді азаптамай, жәй ғана ұйықтап алу керек. Яғни, егер қатты күйзеліске түссеңіз, ешқандайда жасандылық сізді бақытты етпейді. Пейнхантингте біз жан дүниеңізде сезініп тұрған шынайы эмоцияларыңызбен жұмыс жасаймыз. Жүздеген пайдасыз аффирмациялар, визуализациялар және медитация бізді жасанды эйфорияға итермелейді, бұның салдарынан жан дүниемізде тереңде жатқан жаралар мен жан азабы емделмей сол күйі қалады. Ал пейнхантинг көзбояушылық жасап, бақытқа жеткізгендей етпейді, ол азапты жан жараларыңыздан арылта отырып, жан дүниеңізге шынымен бақыт сыйлайды.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: