Нарша Булгакбаев - Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Тут можно читать онлайн Нарша Булгакбаев - Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: psy-generic, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    2021
  • ISBN:
    978-5-532-93728-4
  • Рейтинг:
    3/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 60
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Нарша Булгакбаев - Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім краткое содержание

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - описание и краткое содержание, автор Нарша Булгакбаев, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Қазіргі қоғам әрекетсіз әрекет жасауды жақсы көреді, бұндай амалдың жаулары да бар. Ал негізінен сіз әрекетсіз де әрекет жасауға болатыны белесіз бе? Сіз бірінші қалаған өміріңізді миыңызда қалыптастырасыз, сосын ол өмір шындығына айналады. Ал көптеген адамдар керісінше жасайды, олар бірінші әрекет етеді немесе қалағанына қол жеткізеді бірақ артынан қателіктерге, қиындықтарға ұрынып, өкініп жатады. Неге? Себебі о баста олардың миы дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдаған жоқ, ал оған кінәлі адамның қате, бұрыс, жалған сенімі мен түсінігі, өмірлік ұстанымы. Бұл кітаптың мақсаты Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасау және өз тағдырымызды өзіміз жазуға байқап көру.
Арман, мақсат , жоспар әрекет етпей жүзеге аспайды. Сондықтан тек Аффирмация мен Визуализацияға, тек Эмоция мен Медитацияға ғана сенетін болсаңыз, арман арман болып қала береді, мақсат орындалмайды, құрған жоспарыңыз жүзеге аспайды. Өмірдің екі негізгі қағидасы бар: уақыт жеткізу мен қажырлы еңбек.

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Нарша Булгакбаев
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Көлікті іске қосу үшін не істеу керек? Электр стартерін қосатын кілтті бұрау керек, ол өз кезегінде қозғалтқышты іске қосады. Стартер электр қуатымен қоректенеді. Оның тікелей энергия көзі ретінде не қызмет етеді? Батарея? Жоқ. Батарея тəуелсіз энергия көзі емес. Оны зарядтау керек, қуат алатын қайнар көзі болуы керек. Ол əрине «Шексіз Күш-Қуат» (Жаратушы).

Жоғары «Мен» – бұл, шын мəнінде, біздің ішкі аккумуляторымыз, ғаламнан келетін энергия, ол шексіз күшті жинақтайды, сондықтан біз оны шығармашылық қызметімізде қолдана аламыз, əр салада, əр мамандықта. Физика курсынан, бізге формула арқылы көрсетілген Ом заңын білеміз: I = U/R. Тоқ күші (I), яғни электр тізбегінің учаскесіндегі энергия мөлшері (мысалы, біз тұрмыстық электр құрылғыларын қосатын розеткада) тізбектің учаскесіндегі кернеу (U) мен электр кедергісінің (R) қатынасына тең. Енді сіздің үйіңізге кернеуі 750 киловольт электр жеткізу желісі тартылды делік, бірақ сіздің пəтеріңіздің розеткаларында кернеу 220 вольттан аспайды. Кернеуді осы деңгейге дейін азайту үшін электр желісінде трансформаторлар қолданылады. Дəл солай ғаламның жоғары күшімен де солай болады. Құдайды сезіну үшін біз оған ең «Жоғары Мен» арқылы қосыламыз, бірақ шексіз əмбебап даналық, трансформатор сияқты əрекет етеді, бізді «күйіп кетуден» қорғайды, яғни біз оларды қабылдауға дайын болмай тұрып тым көп мүмкіндіктерге жол бермейді. Бұдан шығатын қорытынды: сіз көп нәрсені бұл өмірде қалай аласыз, бірақ сіз барлық сәттілік, бақыт пен қызықтарды қабылдай алмайсыз, көтере алмайсыз, күйіп кетесіз. Бір нәрсені қаламас бұрын, оны қабылдауға дайын болу керек. Егер сіз өзіңізді бақытсызбын деп санасаңыз, көп мүмкіндіктерге жол бермегеннің салдарынан.

Егер біз розеткадағы тоқ күшін арттырғымыз келсе ше? Ендеше, біз қарсылықты азайтып (шындық пен ақиқатқа деген, өмір заңдылықтарына деген), қосымша кернеуге төтеп беретін жаңа сымдарды орнатуымыз керек.

КҮШІҢІЗДІ ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ

Біздің алдыңғы мысалдағы өзеннің суы сияқты «Шексіз Күш-Қуат» – бұл үлкен көнуді қажет ететін терең мағыналы сөз. Сіздің Жоғары «Мен», ғаламның жоғарғы күшіне «қосылғаны» коммутаторды (электр тоғын жіберіп, тоқтатып тұратын құрылғы) бұрап, оны пайдалануға болатындығын білдірмейді. Сіз мұндай энергия ағынын жеңе алмайсыз. Сіз Құдайдан артық құдіретті емессіз. Бірақ Күш пен Мүмкіндіктерді біртіндеп арттыру үшін алдымен жасампаз əмбебап ақылмен (Құдаймен) кездесуге дайындалу керек. Бұл үшін қажетті жоғары деңгейді сезіну, сосын қалыптастыру, одан кейін осы күшпен байланыстыру керек. Бұның нақты әрекеті алдағы тарауларда айтылатын болады.

Əр қадаммен сіз ғаламның жоғары күшін көбірек сезінесіз жəне шығармашылық қабілеттеріңізді кеңейтесіз. Біз сіздермен жасампаз жаратылыстармыз жəне біздің əлеуетіміз шексіз. Шектеулерді шешу үшін біз бейсанадағы жазылған ақпараттарды, қалыптасқан сенім мен түсінікті ақылмен сұрыптау, іріктеу яғни сортировка жасауымыз керек.

Біз үнемі бір нəрсе жасаймыз, бірақ оны не үшін жасап жатқанымызды көбінесе түсінбейміз. Өзіңіздің шынайы «Мен» -ді жəне ішкі күшті дамыту жолын білу, бізге біртіндеп ойлану процесін бейсанадан ақылға айналдыруға көмектеседі. Бұл біздің жаратылыс деңгейімізге (болмысқа) оралуға себеп болады. Себебі біз дүниеге ең бірінші болу үшін келдік.

Ерікті жасампаздықтың бейсанадан (еріксіз) айырмашылығы, бізге таңдау жасауға мүмкіндік береді. Бейсананың көбінесе таңдауы жоқ, қалай қалыптасты, солай кетті. Еліктеушілік, Тəуелділік пен Құлдық сана арқылы қалыптасса, ол солай қалыптасып кетті деген сөз. Бірақ өзгертуге болады. Біз адамның өз тағдырын таңдайтыны туралы жиі айтамыз жəне естиміз, бірақ іс жүзінде бұл дұрыс емес. Тағдыр Құдайдан емес, өзінен емес, ортадан пайда болады, себебі ол бейсаналы түрде еріксіз қалыптасқан.

Кез-келген адам саналы түрде үйлесімсіз қатынастарды, қаржылық проблемаларды немесе өмірдің басқа да қолайсыз жағдайларын таңдауы екіталай. Көп жағдайда біз қалыптасқан режимде əрекет етеміз, өткен тəжірибеге сүйене отырып, түсінік мен сенім жүйесі арқылы бейсанаға (ішкі дауысқа) сенеміз. Бейсана бәрін жасай алады, бірақ ол сонымен қатар сізге зияндық тигізе де алады. Ол адамды зомби (гипноздалған), эгоист (өзін ғана ойлайтын), хайуаннан еш айырмашылығы жоқ, жаман әдеттің құрбаны қыла алады. Сізді күйзеліс пен неврозға шалдықтыра алады. Теріс, жағымсыз, негативті реакция мен рефлекс қалыптастыра ала алады. Бұған анти әрекет жасауға сіз міндеттісіз.

Ол үшін ақылды іске қосу, ойлану, таңдау жағдайына жету, саналы көзқарасты білдіреді. Егер адам бейсанасына сеніп, еріксіз түрде өмір сүрсе, ол саналы, ерікті шешім қабылдай алмайды, ол автопилотта əрекет етеді. Сіз осылай өсіп, дамып келдіңіз! Автопилотта əрекет ету тек өзін-өзі сақтау инстинктін басшылыққа алуды білдіреді. Бұл сананың «Эгоизм» яғни хайуани бөлігі.

Бейсана біздің əрекеттерімізді басқарады. Сіз өзіңіздің əрекеттеріңізді əдеттегі мінез-құлық үлгілерімен анықтаудан бас тартқан кезде жəне сіз өзіңіздің бейсаналық реакцияларыңыздың құрбаны болуды тоқтатқан кезде ғана саналы, ақылға салынған таңдау жасай аласыз. Осы уақытқа дейін сіз бейсаналық өмірді сүріп келдіңіз, яғни сіз ойладыңыз, сезіндіңіз жəне дұрыс деп санаған жолмен əрекет еттеңіз.

Егер Бейсана деңгейі бізге қалаған нəрсені алуға мүмкіндік бермесе, оны жоюдың орнына, біз тек дұрыс ойлауға назар аударуымыз керек. Дұрыс ойлау – бұл шындық пен ақиқатқа негізделген ойлау. Ақиқат, анықтама бойынша, əрқашан «дұрыс».

Бұрыс қалыптасқан, тура жолдан адастырған қате сенім мен түсінікті жинап терген Ақыл оны Бейсанаға бекітіп, күнə-қателік, бақытсыздықтың себебі болып табылады.

ҚАНАҒАТТАНБАСТАН ӨСУ МҮМКІН ЕМЕС

Сіздің жоғары «Мен» (Құдай ақылы) əрқашан сізге не қажет екенін біледі. Сізге жақсы өмір сүргіңіз келетіні туралы іштей айту, шешім қабылдау ғана қалады. Қазіргі жағдайға (ішкі/сыртқы) қанағаттанбастан, өсу мен жақсы жаққа өзгеру мүмкін емес екенін қабылдаңыз. Əрине, қазіргі уақытта болу жəне өмірді сол қалпында қабылдау өте маңызды, бірақ даму үшін, осы бастапқы нүктеден қалай да алға жылжу маңыздырақ. Қанағаттанбау сезімін мұқият талдап, өзіңіз туралы көп нəрсе білесіз. Өмір – бұл үнемі өзгеріп тұратын тұрақсыздық. Миыңыздың ішіне қандай ақпарат саласыз? Пайдалы ма? Пайдасыз ба? Есіңізде болсын: миға тықанның бəрі (мейлі көзбен, мейлі құлақпен) ақыры сіздің шындығыңызға айналады. Сіз неге қанағаттанбайсыз, неге көңіліңіз толмайды? Өсу мен даму негізінен адамның жаралғанына, осы өмірде болу бақытына ие болғанына қуанудан басталады.

СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ШЕКТЕЙСІЗ?

Тек тəуелді адамдар ғана ақыл шектеуінде. Сіз циркте ересек пілдерді ағаш тіректерге тек жұқа арқанмен байлап, кішкентай пілдерді жерге терең көмілген сенімді металл тіректерге байлап қоятынына назар аудардыңыз ба? Бұл олардың қашып кетпеуі үшін. Егер металл тірек жерге жеткілікті түрде мықтап орнықса жəне қалың арқан күшті болса, нəресте піл одан қашып кете алмайды. Ерте ме, кеш пе, ол арқанды тартып, қашып кетуге тырысады, бірақ ол бұл әрекетін тоқтатады. Металл тірек ағашпен ауыстырылады, өйткені олар жануардың қашып кету мүмкін еместігі туралы ойға үйренгенін біледі, цирктегілер енді піл қашып кетеді деп алаңдамайды.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Нарша Булгакбаев читать все книги автора по порядку

Нарша Булгакбаев - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім отзывы


Отзывы читателей о книге Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім, автор: Нарша Булгакбаев. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x