Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Русское современное. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Қазір дастархан басында отырып сұлтан Телқозының көңілін көтеру үшін айтқаны:

– Балаң зерек, амандық болса өзім үйлендіріп, тәрбиелеймін деген сөзін әңгіме арасында бір айтып қойды.

Сұлтан шындап қолға алса айтқанын жасайтынын Телқозы біліп отыр. Шоң да сұлтан қызын көргеннен кейін әлгі сөзден соң көңіліңе бір арман орнап қалғандай. Ұрлана қызжаққа көзсалып қояды. Әкесінің мына сөзі қызға қалай әсер еттті дегендей ойда отыр еді. Бірақоған түк әсер етпегендей тамағын ішіп жаймыен отыр. Алайда, сұлтан қызы өзінің қолы жетпес биікте тұрғанын Шоң да сезген. Дегенмен, әлгі сұлтанның сөзі көңілінде түсініксіз бір үміт ұялатқандай болды. Сұлтанның үйінде олар біраз отырып түннің біраз уақытында әкесімен екеуі Табрис үйіне қайтқан. Келе жатқанда Телқозы былай деді:

Әлгінде қыз әкесінің сөзін естідің ғой. Егер көңіліңнен шықса қызын саған беруі мүмкін, – деді Телқозы

Тіпті, төре деемес, хан тұқымынан туған қызды маған бере ме? Сіздің үмітіңіз зор екен…

– Ол сенің оның көңілін табуыңа, іскерлігіңе байланысты… Қыз да сонда саған кет әрі болмайды. Сені әкесі мақтап отырған соң саған байланып қалуы мүмкін.

Шоң әкесінің мына сөзінде бір шындық жатқанын білді. Жас Шоңның көңілі бір көтеріліп қалды. Әкесінің мына айтқаны мен сұлтан сөзі Шоң көңіліне бір әдемі сезім ұялатқандай еді, сонымен қатар онда күдік те бар. Қазір соны айтты әкесіне:

– Сіз тым артық ойлайсыз. Қай төренің қызы он бес жасқа келгенше басы бос болып еді. Сұлтан Баяғыда бере жерін белгілеп қойған шығар.

Телқозыда баласының мына сөзінде шындық жатқанын аңғарды. Сонда да баласын жігерлендіру үшін:

– Қыз көңілін жаулап алсаң, сұлтан ешқайда кетпейді…

Ертеңіне әкесі қайтып кетті. Шоң Қоңырқұлжа кеңсесінде жұмыс істеп жатты. Арада үш-төрт күн өткен соң Шоң Қоңырқұлжаның шақыруымен оның үйіне барды. Түннің біразуақытына дейін отырғызып Қоңырқұлжа хат жаздырды. Бұл Тобылдағы Бас губернатор атына, Омбыда тұратын көңілі жақын мықты орыстардың атына жазылған хаттар еді. Әуелі сұлтан айтатынын айтып шықты, осыны Шоң ретке келтіріп айтқанын орысшалап жазды. Жазып болғаннан кейін Шоң сұлтанның өзіне орысшасын оқып берді. Жоғарыда айтқандай, Қоңырқұлжа ошна орысша білмегенімен, хаттың қалай жазылғанын мән-мағынасын түсінетін. Ол Шоңның мына жазғанынан риза болып:

Мен саған енді жоғары жаққа жазатын хаттардыжаздырып отырамын. Бұл сөзі шындық болды. Жоғары жаққа жазатын жазатын хаттарды Шоңға жаздыру әдетіне айналды. Жұмыстан кейін үйіне ертіп келіп, түннің біразына дейін жаздырадыжоғары жаққа. Бұл кезде көп жерлерде дуанды уезге айналдыру басталған. Оған тек орыстарды бастық етіп қойып жатқан. Шоң енді Санкт-Петербургтегі патша маңайындаотырған мықтылар жазған хаттарынан осындай қауіп Ақмола дуанынан төніп келе жатқанын сезген. Шоң Қоңырқұлжаның мұнысын кеңседегі отырған адамдарға жаздырмай өзіне жаздыру елге сездірмеудің амалы екенін түсінентін.

Бүгін түннің біраз ауқытына дейін отырып жазған еді. Сонда Қоңырқұлжа:

– Бұл жазғандарың туралы тірі жанға айтпа, аузыңнан шығарма, – деді.

Шоң сұлтанның қорқып отырғанын түсіне қалды да:

– Аға, ол жағына өзіңізге сенгендей сеніңіз, – деді.

Қоңырқұлжа Шоңның мына сөзіне риза болып болған тәрізді. Сол күні үйіне жібер мей өз үйіне қондырды. Таңертең Шоңды қыз көріп сұраған болатын:

– Сіз қашан келіп қалдыңыз

– Мен осында қонғанмын. Сұлтан қызы әкесінің мына қара қазақты үйде жатқызғанынан таң қалды. Осы жасқа келгенде төрелердің мықтылары болмаса қара қазақтың өз үйлеріне қондырғанын көрген жоқ еді. Бірінші рет көріп отыр.

Әкесінің мына қылығы қызға ой салғандай еді. Ләм демей басқа бөлмеге шығып кетті.

Қоңырқұлжаның Шоңды үйге алып келіп басқа жақтан келген хаттарды оқытып, үйде оған жауап жазғызу әдетіне айналды. Шоң осы үйдің бір адамындай болып кеткен еді. Бір күні Қоңырқұлжа отырып Қанисаға:

Осы жігітті ерсілі-қарсылы жүргізе бермей, біздің үйге жатқызайықшы.

Бәйбішесі мына жігіттің күйеуіне өте қажет болып отырғанын сезді де бұған қарсы еместей ниет етті. Содан Шоң ойламаған жерден осы үйдің бір адамындай болып шыға келді. Енді өзін еркіндеу сезебастады. Бұл да енді қызбен жолығып жиі сөйлесіп жүрді. Ол да әкесі мына жігітті үйіне жатқызғаннан кейін іш тарта бастаған. Сұлтан қызын арнайы татардан мұғалым жалдап орыс тілін үйретіп жүр еді. Енді мұғалімді сирек шақыртатын болған. Шоңның орыс тілін жақсы білетінінбайқаған қыз бұл жатқан бөлмеге де келіп жүрді. Шоң да қыздың мұнысынан бір сыр ұққандай еді. Әзірге ашық ешқандай әңгіме жоқ. Шоңдатек көңіл бар. Оны қалай сыртқа шығарарын білмей жүрген еді. Бр күні сұлтанның бәйбішесі айтты:

Таяуда, Сақыжан ұзатылады, -деді. Ашық айтпаса да бұл сұлтан әйелінің Шоңға ескертуі болатын. Бұдан кейін Шоң одан қашып жүретін болды. Қызболмай орысша сөйлескісі келіп жақындаса береді. Бұның ақыры не болатынын Шоңның өзі де білмейтін. Сөйтіп жүргенде құдалар келді.

Бұл төре Көкшетауда тұратын, Шыңғысқа жақын дама еді. Шыңғысқа жақын болуымен қатар, қалың малды тым көп беріп, сұлтанды өзіне құлатын алған. Қызды соның баласына беретін боп отырған. Бұл қазақша айтқанда қарсы құда түсу болатын.

Сұлтан үйіндеқонақтар көп болып Шоң қайыра Табристің үйіне бара жатқан.

Ақыры сұлтанның қызы ұзатылды. Ол Шоңға бір мұң тастап кеткендей болды. Көп уақытқа дейін Шоң содан арыла алмай жүрді.

Шоң осы үйдің баласындай болып кеткен еді. Қоңырқұлжа әр жерге барып жүргенде оны ертіп алатын. Бір рет Омбы жаққа, екі-үш рет Көкшетауда демалып жатқан орыстардың мықтыларына барғанда ертіп барды.

Соңғы жолы Бурабайға барғанда орыстың бір генералы Қоңырқұлжадан сұраған:

– Бұл бала кім?

Бұл менің балам, -Бұл сұлтанның өзін жақсы көргенінің белгісі еді.

– Орысшаны жақсы біледі екен.

– Сіздер жақсы біледі дейсіздер. Ал біздің балаларға дұрыс қызмет бермейсіздер! – Бұл орыстарға шын өкпесі еді. Баласы қанғып сонау Санкт-Петербургте жүр. Ал мұнда жаңа құрылып жатқан уездердің басшылығына орыстарды әкеп жатыр. Сөздің реті келді ме, Қоңырқұлжа ашық айтып салған.

– Міне, дуандар тарқап, уездер құрылып жатыр, менің анау Петербургте жүрген баламды уездің бастығы етіп қоймайсыздар ма?

– Қонырқұлжа Құдаймендинович ол менің қолымдағы шаруа емес. Оны шешетін басқа адамдар. Егер менің қолымда билік болатын болса мынадай жігіттерді өсірер едім.

Генералдың мына сөзі себеп болды ма, Қоңырқұлжаның Шоңға қамқорлығы бұрынғысынан да арта түсті. Солай күндер өте берді. Шоң дуан кеңсесінде жұмыс істеп жатты. Көбіне Қоңырқұлжа Тобыл, Омбы жаққа жіберетін хаттарын жаздырады. Шоң жас болса да сұлтанның көңілінен шыққандай етіп келістіріп жазады. Мына жігіттің тапқырлығына, білгірлігіне риза еді ол.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x