Нариман Абылайулы - Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)
- Название:Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785449831774
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Нариман Абылайулы - Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный) краткое содержание
Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный) - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Әркімнің және әр нарсенің өз философиясы бар
Мектепте жасаған қателіктер үшін төмен баға қою арқылы жазалайтын еді мұғалімдер. Ол үшпен оқитын адам сол үшін 3 жетеді, университетке түсе алмайды, колледжге түсіп оқитын бала деп төмен түсіретін. Бұл дұрыс емес, өзім мұғалім болып колледжде істегенде осындай сөзді естіген соң, бес алып жүрген білім алушылар беске де білмейді. Үшке оқитын оқушы деп үш қоя беруге болмайды. Содан кейін үшпен оқитын адамға шабыт беріп, оқи қалса, басқалар «Қашаннан бері оқып қалыпсың?» деп оның оқуға ынтасын түсіреді. Алайда жетістікке жеткен бизнесмендердің көбісі бұл қасиеттер бар, олар қателік жасағаны үшін айыппұл салады. Негізінен шынайы басшы айыппұл арқылы емес өзінің сөзімен, ісімен шабыттандырып түсіндіре алады. Бірақ өз басым айыппұл салған кезім болды, себебі бірнеше рет түсінідірп айтсам да, ол қызметкер менің ешкімге 1 жыл бойы менің ешкімге айыппұл салмай, ақкөңіл екенімді білетін, сонда мың тенге айыппұл салған соң, жұмысына тиянақтылау болды. Бірақ одан кейін айыппұл салмауға тырыстым, себебі бұның дұрыс емес екенін ұқтым. Айыппұл салған күні өзімді бір түрлі сезінген едім. Кітапты аяғына дейін ерінбей оқыңыздар, пайдалы кеңестер әлі алда.
Жалпы адамға беймәлім нәрселер, сұрақтар көп. Сол сұрақтардың немесе мәселенің бірі дүние қалай пайда болды және адам қалай дүниеге келді? Қысқаша, жалпы сұрақты қайыратын болсам, дүниеге деген көзқарас? Дүниеге деген көзқарастың 3 түрі бар:1) Аңыз (миф) 2) Дін 3) Философия. Аңызға, дінге тоқталмай-ақ қояын. Одан да мен философия деген не және бүгінгі философия деген не деген сұрақтарға өз ойымды айтсам деймін. Философия деген даналыққа құштарлық, яғни кемеңгер болу десем қателеспеймін. философия бұл -даналыққа махаббат, яғни қазақша оның мән-мағыналық формасын келтіріп, нақты айтсақ, даналыққа деген махаббат немесе даналыққа құштарлық, және бұл риторика мен логикаға негізделуі тиіс. Әйгілі Стив Джобс, Уоррен Баффет, Билл Гейтс, Жан-Клод Ван Дамм сынды тұлғалар оқуларын тастап, жетістікке жетті, оның себебі бі іске деген құштарлығынан. Бүгінгі философия барлығын да тәжірибеге бағындырады, ақыннан бастап, математик, физик, метафизиктерді қамтиды. Яғни Ф. Ницще айтқандай, «философия -бұл ғылымдардың атасы». Шыны керек, солай -ак, бірақ әр ғылым өзін жоғары бағалайды, мысалы: «математика- нақты ғылым, ғылымдардың патшасы», – дейді, ал Мұхамеджан Тазабековтың сөзіне сүйенсем, «Дін- ғылымның атасы деп жырлаған, Мұқағали ақылсыз емес еді», сонда ғылымдардың патшасы кім?!Бірақ бұл басқа әңгіме, басқа мәселе. Менің ойымша, философ деген ақын ғой, онымен қоса әдебиетке жақын ғой, оған мысал ретінде, қазақтың ұлы ақыны Абай, Шәкірім сияқты ақын, дана, жазушыларымыз философияны зерттеп, оған жаңалық енгізбесе де, олар философиялық тұрғыдан, ойлардан алыс болған жоқ. Мысалы Абай атамыздың қара сөзіне жазылған адамның біреуі білсем десе, екіншісі ішсем жесем дейді, осындай қылықтар адамның болашағын көрсетеді. Яғни бай мен кедейдің болатыны осыдан. Оның үстіне Абай атамыз айтқан қазақты өзгерту үшін билік және көп қаржы керек. Әр адам өзін өзгерту ұшін өз-өзін басқара алатын билігі болуы шарт. Тағы да айтып кететін жайт, бұл кез келген еңбекті жазу оңай емес, яғни оған филологиялық білім керек, мысалы бір философия еңбегін жазсам, мен әдебиеттің заңдарын білу арқылы, философиялық еңбегімді көркем қылып, әрі оны қызықтырып жазар едім. Әркімнің қолынан келе бермейди кітап жазу, өйткені әр тақырыпты, және ондағы ақпаратты белгілі бір ретпен жазылуы тиіс, жоғарыдай айтып кеткендей «философ деген ақын». Мәдениеттану, әлеуметтану тағы да басқа сол сияқты ғылыми пәндерде жазылатын кітаптар, зерттеп, оған жаңадан белгілі бір жаңалық енгізгеннің өзінде философияға келіп негізделеді. Көптеген жоғарғы оқу орындарда философия кафедралары бар, солардан дипломы бар философтар шығады, алайда практикасының мәні, шығуы неде? Философия мамандығының қандай пайдасы бар? Тек көпіріп сөлей беру ме? Бұдан қорытынды, Ньютонның ойы, оның жұмысы-нақтылы, яғни натурафилософиялық, субъективті жалған емес екенін, физикадағы алғашқы, бастапқы объект – табиғат, тек бұның бәрін математикалық тілімен жазған болатын. Солай жүріп ол, практикадан теорияға, бірақ керісінше пайымдаған емес, теориядан практикаға деп. Бірақ қазіргі ғылымда, қай кез болмасын фундаментті, яғни енді-енді дамып келе жатқан секілді, және бәрі аяғынан басына қойған. Мысалы, біз программисті алсақ, олар бірінші теориямен танысып, содан соң практикада компьютерлік құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамамен (программное обеспечение) танысып, үйренеді. Осыған орай бір мысал, өзімді алсам, мен компьютерді программисттің деңгейінде білемін (90 пайыз),оны мен практика жүзінде біліп таныстым, яғни компьтердің болттарын алып, ішін ашып, оны қарап, бөлшектерімен таныстым. Ал екінші менің мысалым сендерге қалай болар екен, ойыңызды өзгертер ме екен? Кезінде Ньютон ағаштың түбінде отырғанда, басына алма түсіп тигені бізге мәлім. Ал оның әлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған алма, яғни ол дененің белгілі бір биіктіктен құлаған сайын, оның құлау массасы өте күшті болатынын практика жүзінде көрді, енді бұны ғылыми тілде айтсам, потенциалдық энергиямен кинетикалық энергияның алмасуы, әлемдік тартылыс заңынын бір бөлшегі. Айта берсек мысал көп, Архимедтің суға түскендегі жағдайына байланысты, оның бізгі қалдырып кеткен еңбегіндегі заңы «Архивмед заңы», тағы да мысал ретінде оның кезіндегі патшасы оған тапсырма бергендегі алтын мен қорғасынның белгілі бір мерзімдегі біріне-бірі айырылмастай жұп секілді жабысып қалуы… Тобықтай сөздің түйіні, мен Исаак Ньютонның тұжырымдамасымен толықтай келісемін, бірінші практикалық жүйемен танысып, одан кейін оны ғылымға не еңгізіп, я болмаса басқа таныстарыңа ойыңмен бөлісу арқылы үйрету, таныстыру дегендей т. б. Мәселен көптеген бизнес бастаушылардың сұрайтыны қалай қателік жасамау, табысты болудың құпиясы неде деп сұрайды. Алайда адам тәжірибе жүзінде көбірек білім алатыны белгілі, әрине басқалардың жасаған қателіктерін ескере отырып бизнесті ұйымдастырған жөн. Алайда сіз бәрібір қателік жасайсыз. Мінсіздік Аллаға тән, тек Алла қателеспейді.
Жалпы мен ойымды қорытындылайтын болсам, «философияның рөлі, маңыздылығы»деген сұраққа қысқаша жауап қайтарайын. Негізгі айтпақ ойым, былай болмақ, философия бұл даналыққа құштарлық қана емес, бұл өмірге деген жалпы құштарлық. Мысал келтірсем, біздің елімізде және басқа елдерде өте ауыр, жаман жағдай – демографиялық апат десем қателеспеймін деп толық айта аламын, қылмыстар көбейіп, өзін-өзіне қол жұмсау дегендей, бұл масқара?!! Ал философияда экзестенциализм деген ұғым бар, яғни өмір сүру немесе өмір сүру философиясы десек, онда бұл жалпы философия пәнін мектепте, колледж, жоғарғы оқу орындарында пән ретінде оқыту керек. Мысалы 10 мен 11 сыныптағы оқытылатын пәндердің оқулықтары жіп-жіңішке, яғни ақпарат аз, себебі ол ақпараттар 5—9 сыныпта аралығында айтылып, қайталанылып болды. Бір нәрсені, бір ақпаратты көпірте бергенше, осын пәнді оқытса деп ойлаймын, онымен қоса мәдениеттану, социология (қоғамтану), тіпті дінтану болса тіпті керемет болар еді. Жаңа ғана мен айтқанымдай өмір сүру философиясы, дәлірек әрі жалпылама айтқанда «философия адамды адам қылып қалыптастырады және өмірді қалай қадірлеуін түсінуге көмектеседі» деп ойлап мен тұжырымға келемін. Кім біледі мүмкін мен қателесіп жатқаным да шығар, бірақ бұл менің ойым, сондықтан менің бұл тұжырымдамама дұрыс көзқараспен қарайтын шығарсыз деп үміттенемін. Өзімді айтатын болсам, бұрын «Гарри Поттер және философиялық тас» киноны көргенде, философияның не екенін түсінбей жүретінмін, сол кинода оның қандай рөлі бар деп? Ал бала кезімдегі ойыммен сендермен бөлісейін, философиялық тас қайда, неге киноның соңында оны тауып, көрсетпеді. Яғни мен философиялық тасты көз алдыма елестеткенде, мен оны алмаз секілді тас шығар деп ойлайтынмын.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: