Нариман Абылайулы - Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)
- Название:Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785449831774
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Нариман Абылайулы - Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный) краткое содержание
Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный) - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Ал енді сендерге философия пәнімен танысқаннан кейінгі ойыма келген ойымды ортаға салайын. Кинода Гарри Поттердің және басқа оқушылардың даналыққа, білімге деген құштарлығын көруге болатынын енді түсіндім. Ал бала философияны оқып, философиялық ойларды миына тоқыса, онда ол өмірдегі қиыншылықтардан қашатын бір -ақ жол, ол «өлім» деген ойдан арылады деп ойлаймын. Ал енді менің соңғы сөзім, қазақ халқымыз текке айтпайды ғой, «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», немесе орыс халқы оны былай пайымдайды «думай, прежде чем говорить» дегендей, философияның және басқа да ғылымның салаларына деген көзқарасыңызды білдіріп айтар кезде ойланыңыз, және олардың біз үшін өмірде маңызы бар ма жоқ па?!
Философия -бұл дүниенің пайда болуын үш негізде түсіндіреді, яғни пайда болу себептері ретінде аңыз, философия және дінді негізге ала отырады. Философия дегеніміз бұл білімге құштарлық, махаббат, яғни бірнәрсені жаттап айтып беру емес, түсіне білу, дұрыс қабылдау болып табылады. Мысалы ретінде Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушыларды алсақ, олардың тестілеу алдында дайындалып жинаған 125 ұпай болса немесе төмен болса да, бұл оқушылардың білімінің деңгейін анықтап көрсете алмайды, себебі жаттап дайындалғанында. Тек оқушылар ғана емес, студенттердің жинаған жалпы ұпайлары олардың білімін көрсетпейді. Нағыз білім деп адамның кез – келген уақытта сол сұраққа жауап бере алу қабілеті. Ал бірнәрсені білу, я болмаса бір жұмбақтың сырын ашу, іздену бұл білімге деген құштарлық, яғни философия. Ал философия кәсіпорын немесе жалпы атау ретінде ұйым секілді алдына мақсат қойып, соған жетуге тырысады, және ол кез-келген ұйым сияқты ішкі және сыртқы факторларды қарастырып, ескереді. Сіз де өмірде де, бизнес те де, дін мәселесінде ақпаратты алған кезде, оны қорыта біліп басқа да факторларды ескере отырып қабылдап, керек кезінде оны дұрыс пайдалана білу. Себебі көп білімнен не пайда, пайдасыз іске немесе мүлдем қолданбаса? Бизнесті қалай істеу керектігін үйрететіндер көп, алайда шынымен тәжірибе жүзінде алған білі бар бизнесмендер аз.
Осы философиядағы гуманизм бағыты өз алдына екі ғылымның ажырамас бөліктеріне айналған, яғни әдебиет те, мәдениет те қарастырылады. Әлде мен қателесіп тұрмын ба?!Осы гуманиз, яғни адамның қасиеттеріне тоқталсам деймін. Адам дүниеге келгеннен кейін осы өмірде өз орнын тапқысы келеді, алайда адамзат баласы қанағат сөзін өмірі естімегендей, естісе де түп мағынасын білмейтіндей болады. Осы дүниенің немесе тіршіліктің иесі деп санайды, ал осы дүниеде тіршілік етіп жатқан тірі ағзаларды ығыстырады. Сонда біздің философиямыз қандай, мәдениетіміз, ал экология мен биологияны неге оқып оны зерттеп жатырмыз?!Мысалы құрбақаны алсақ, ол жануардан қандай пайда?!Пайдасы жоқ бір жануар дейміз, алайда оның терісі медицина ғылымында вич ауруынан алдын алу мақсатында профилактика ретінде қолданады, енді осыны дамытып, яғни зерттесек, түрлі-түрлі аурулардың емін табуға болады. Осы жерде еске түсірелік бір нәрсе, философия да дінді және діни факторларды ескере отырып, теориясын құрайды. Естеріңізде болса мақаламның басында айтқам болатынмын. Енді осы дінді ғылым ретінде қарастырсақ, ол ғылымда Алла Тағалла жайлы айтылған. Осы әлемді жаратқан жаратушы бір Алла, ал бұл әлемді жаратқаннан кейін түрлі-түрлі жануарларды жаратты. Сонда тектен текке жаратты ма, әлде адамға бәсеке болсын деп жаратты ма?!Мысалы тіпті жыланның уынан пайда бар. Бірақ Алла Тағалла дүниедегі бар жан-жануарларды бізге қызмет етсін деп жаратқан жоқ.
Осы орайда ескеретін нәрсе сіздің алдыңызда бірде-бір адам міндетті емес, сіз өз болашағыңызды өзіңіздің іс-әрекетімізбен бір Алла деп тіршілік етуіңіз шарт. Қоғамдағы байлар мен мемлекет сіздің алдыңызда қарыздар емес. Эндрю Карнеги айтқандай «Негізгі мақсатың өзіңе көмектесу болуы шарт. Жеке тұлғалар да, халықта зекеттен жақсармайды».
Ғылым дамыған сайын, әсіресе физикамен байланысты біз Алла Тағаланы жоққа шығара бастаймыз, алайда осы өмірдегі құбылыстар мен тіпті адамдардың тіршілігі мен олардың қасиеттерін Алланың өзі ұйымдастырған шығар?! Сол жағын ойлаңыз.
Бізді сынаққа салған шығар, егерде адамға жақсылық пен жамандық қасиеттерін бойларына беріп, олардың қай қасиетін таңдар екен?!Періштені таңдай ма, әлде шайтан жолын ба? Бірақ біз білмейміз шын мәнісінде шайтан менен періште бар ма, мүмкін Алла Тағалланың өзі шығар бізді сынаққа салған?!Бұның бәрі жұмбақ, алайда бір тылсым күштің бар екені анық.
Адамның қай қасиетіне тоқталсаң да, ең басты жағымсыз қасиет бұл- өз басын ойлаушылық, орысша айтқанда эгоизм болып табылады. Жалпы адам баласы өзін —өзі тани алмайды, оны сырттан ғана танып, білуге болады. Өйткені адамның өзіне өзінің кемшіліктері байқалмайды. Сондықтан естеріңізге Абай атамыздың сөзін қайталап, естерінізге салсам: «Оқып, үйрен ғалым бол, ең керегі адам бол». Ал өзімнің мынадай бір сөзімді, ойымды айтсам: «Бай болудың жолын іздегенше, адам болудың жолын ізде». Бай болу үшін әуелі адам бола білу керек. Ал осы гуманизмге байланысты мына бір өлеңімді оқысам деймін.
Біржолата- мәдениетті ұмыттық
Адам емес – ит болдық
Байыса да, аз болар
Адамның неге іші тар?
Аллаға жалбарынып, сиынып
Мойнына тақса, ол тұмар
Ақша деген бәлекет
Жасатады түрлі әрекет
Біресе біреуге жалынып
Өтірікке жүреді малынып
Алланы кетті ұмытып
Жолынан жүр ол тайынып
Уақыт келіп-кетіп, жетеді
Солай жүріп, өмірі де өтеді
Болар іс болды, не істейсің
Амал жоқ, күнәң көп
Енді неге терлейсің?
Жаныңа батты ма, мына сөздер
Кім біліпті, мүмкін, басқа біреу?!
Осыны ұғып, тереңірек түсінер… 31 наурыз 2011 жыл
Ал енді дінге көңіл бөлу арқылы адамның гуманистік қасиеттерінің өзгергенін анықтауға болатынын айта кетейін. Адам өзінің істеген қылықтарына, сөздеріне және сөздерінің мағынасына қарай пайдалана алмайтын секілді. Мысалы «Ежелгі Қазақстан тарихы» кітабында Мұхаммед пайғамбарымыздың жасаған жорықтары деп картада көрсетіп белгіленген болатын. Сонда Құранда немесе ислам дінінде не басқа діндерде адам Алла Тағалаға сенбесе, оны жоққа шығарса, оны қару- жарақпен қорқытып үркітіп сендіру керек пе?!Жорық – деген бұл соғыс, шабуыл сөздерімен синонимдес сөздер. Ал енді біздің пайғамбарымыз сонда соғыс ашқан ба?!Біздің пайғамбарымыздың адамгершілік қасиетінің жоғарлығы соншалық, ол намазға жығылған кезде, етегіне жатып, ұйықтап қалған мысықты оятпай, етегін кесіп, жүріп отырған. Ал біздің адамгершілік қасиеттеріміз қандай, мысықты біресе жұлқылап, тепкілеп жатамыз.
Біздің ата-бабаларымыздың адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы соншалық, олардың ұлы адамдар екеніне күмән келтіре алмаймыз. Мысалы, біздің ата-бабаларымыз кезінде айтқан: «Малды теппе, ақты төкпе». Және біздің ата-бабаларымыз ежелден бері ауыздарынан «Құдай» деген сөзді тастамайтын. Ал бүгінгі таңдағы әдебиеттердегі «Құдай» сөзін кіші әріппен жазады, бұл дұрыс емес. Ал біз болсақ оның үстіне мақтанып жатамыз: «Адамдардың жетістіктері мақтануға тұрарлықтай, ғылым деген дамып жатыр, ал адамдар білімді, сауатты деп», қайдағы білім, қайдағы сауаттылық?!
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: