Нариман Абылайулы - Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)
- Название:Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785449831774
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Нариман Абылайулы - Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный) краткое содержание
Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный) - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Қалайша біздің Жаратқан
Көзін жұмып, қарайды
Иә, болмас менің таласым
О дүниеде Жаратқан
Әр адамның ісіне
Берер сәйкес жазасын
Алдап-сулап бір-бірін
Иттей болды адамдар
Адамнан болар мейірімді
Дала кезген жануарлар
24/02/2013
Адамның қоғам өміріндегі ойнап жатқан рөлін аздап суреттеп берген болатынмын, яғни олардың жасап жатқан қылықтарына қарай. Ал енді жеке адамның психологиясы мен оның мінезіне тоқталсам деп едім. Жалпы адамзат баласы өмірге келгеннен кейін өзіндің мағдайына жазылған тағдыры бар, атап айтқанда Алла Тағаланың сол адамның бұл өмірдегі уақытын қалай өткізетінін сызбасын сызады. Биологиялық тұрығдан алсақ, көбіне гендерге байланысты адамның мінез-құлқы мен өмірінде тағдырдың көріністері қайталанғандай болып, ұқсап келеді немесе керісінше болады. Мысалы әкесі елге өнегелі азамат болып, оны үлгі тұтып, жақсы сыйластыққа бөленіп жатса, ал баласы керісінше болар. Өзінің шежіресіндегі аталардың не әжелерінің біріне ұқсас тағдыр кешуі мүмкін. Сәйкесінше мінезі де, қабылдау психологиясы ұқсас болады. Тереңірек тоқталайын десем, философиядан толықтай биологияға өтіп кетемін деген ой келеді, алайда философия деген білім, ал білім деген барлық ғылымды қамту керек. Махаббат та да, өмірде де адамдар бір-бірін қабылдауы әр түрлі. Бір адамның екінші адамның психологиясын немесе бойында, ы қасиетін қабылдағысы келе бермейді, өзіңдей болғанын қалап, өзгертуге тырысады. Толерант деген сөзді терминология ретінде қарастырып, оған анықтама беріп өтейін: «Толеранттылық» ( лат. tolerantia – төзімділік, көнбістік) – басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық – адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық – қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші». Сондықтан әрбір адам басқа адамның көзқарасы мен оның сезіміне, іс-әрекетіне көне білу керек, яғни қабылдай алу керек. Алайда өмірде ұрыс —керістердің көбісі осы қасиеттің болмауынан туындайды. Мысалыға махаббатта, жұмыста, үйде және тағы басқа адамдық қарым-қатынастар туындайтын кездерде байқалады. Қай жерде болмасын бір адам, екінші бір адамның психологиясына әсер ете алады және әсер етіп билік еткісі келеді. Көбіне экстрасенстер, тәуіптер, гипнозитер шарлотандар мен емшілерді мысалыға алсақ, олардың бір мықтылығы адамдардың психологиясына әсер ете алады, олар адамдардың сеніміне кіра алатындығы соншалық, олар өздерінің құлдарына айналдырып, қалағанын істете алады десем қателеспеймін. Олардың адамның психолиясныа әсер ете алу себебі, адамның мәселелеріне тоқтайды, аолар сол жайлы әңгімені құра отырып, оны тыңдай біледі, сол уақытта адам өзінің тығдарманын, әрі жан дүниесін түсінетін адам табылды деп ішіндегі бар мұңын шағып, ішіндегі дертін сыртқа шығарады. Осындай адамдар адамның мінез-құлқын өзгерте алады, ал өз басым адамдарды көндіре алғанымен, оның психологиясын және жалпы адамды өзгерту қиын. Сондықтан қандай болса, сондай қып қабылдаймын. Қорытындылай келсем адамды өзгерту елуде елу десе болады, ал дәлірек айтқанда адамның өзіне байланысты. Себебі жанағы экстрасенстер, тәуіптер, психотерапевтер адамдарды өздеріне қарата алады, олардың көзқарастары өзгеріп, солардың айтқанымен жүріп, көнеді. Мысалы кашпировскийді көргенімде, байқағаным адамға ол философия мен психологиядан алған білімі арқылы адамға әсер етеді екен. Ең басты кілт бқл адамның мәселесін шеше алатынына көз жеткізіп, оны түсініп және оны қолдап отырғаныңды көрсете білсең болғаны, себебі ондай адамдар үшін бұндай іс-әрекеттер маңызды. Тыңдалмаған сөз жетім деп қазақ халқы бекер айтпаған, сол адамдардың ішкі жан дүниесіндегі айтылмаған, ашылмаған сыр болады. Ал сендерге айтарым өзге адамдарды өзгертуге тырыспандар, қандай болса, соалй қабылдай біліңдер, оны жақсы жолға саламын деп ойлап, оған жол сілтесең, өзіңді кінәліп шығар. Қадыр Мырза Алиев атамыз «Арыңды күзет, барыңды күзет, өзгені сынағанша, өзіңді түзет» дегендей өздеріңнің жолдарыңмен жүріңдер, алайда өзге адамдарға жақсылық жасауды, яғни ол үшін созуды ұмытпаған жөн.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
Интервал:
Закладка: