Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Досым… Сен жауабы бар сұраққа, жауап іздеп отырсың, неліктен олардың ұзақ өмір сүретініне, сен соншалықты килігіп қалдың? – деді Батыра қолындағы кітапты қайта орнына қоя.

«Бәрі белгілі» деп ойлайсың, алайда менің білетінім – біз ештеңені білмейміз. Сонда саған қызық емес пе? Хан мен оның әулетінің және олардың айналасындағы билеушілердің ұзақ өмірінің құпиясы неде екені? Олар да біз сияқты қарапайым адамдар, бірақ олардың ұзақ өмірі қарапайым адамға тән қасиет емес, мен осы уақытқа дейін көптеген қолжазбалар мен кітаптарды қарап шықтым, ең ежелгі дегендерін де көрдім, бірақ, бір қызығы, Тарын ханға дейін ешкім олай ұзақ өмір сүрмеген, олар бір құпияны жасырып отырғандай… – деп ол ойлана Батыраға қарады, – ешқандай жазба жоқ… – деп тағы бірдеңе айтпақ болды да, кішкене кідіріп, – Оның үстіне мына аяқасты пайда болған сәбилердің ауруы күдікті, жаңа туылған балалар дұрыс тыныс ала алмайды, ал ең қызығы хан артынша аурудың алдын алу үшін дәрігерлер мен сарбаздарды жіберді, құдды аурудың пайда болатынын білгендей, бірақ бұл ауру бұрын-соңды біздің хандықта болмаған, ол қайдан пайда болды және неге тек жаңадан туылған сәбилер ауырады? – деді Ерұлан. – Мұнда бір шикіліктің бары анық, – деді ол бір нүктеден көз алмай.

Ерұлан, олар – Үстемділер, олар – ұзақ өмір сүрушілер, олардың қаны бөлек; шыққан тектері бөлек, сондықтан олар ұзақ өмір сүреді, ал біз… ал біз ондай емеспіз, оның үстіне таққа Тарын келісімен адамдардың өмірі түбегейлі өзгерді және жақсы жағына қарай, Тұран хандығы бұрын-соңды болмаған гүлдену шағында; ешқандай соғыс жоқ, қылмыс аз, олар әділ және дана, сондықтан олардың ұзақ ғұмырын қазбалаудың да керегі жоқ, өзің де білесің бұл әрекетің өлімге тең екенін.

Ал ауруға келер болсақ, қазір одан қандай да бір қауіп төніп тұрғаны шамалы. Тарын хан оның да алдын алуда, ол дер кезінде дәрігерлер мен сарбаздарды жіберіп, барлық сәбилерді аман алып қалып жатыр, барлығы қалыпты өтуде… – деп Батыра Ерұланға көңілі толмаған адам сияқты сөйлеп отыр еді, аяқасты оны Ерұлан бөліп жіберді:

Барлығы қалыпты өтуде дейсің бе? Жоқ барлығы қалыпты емес, сен тек көз алдыңда болып жатқан дүниелерді көріп тұрсың, менің ойымша ханның адамдардың арасына дәрігерлерді жіберіп, елде туылып жатқан балаларды бақылауда ұстап отыр және мұның себебі ол ерекше бір сәбиді іздеп отырғандай көрінеді.

Не… Не сандырақтап кеттің? Сенің ойыңша ол ауруды өзі таратты деп ойласың ба?

Иә!

Мұның енді шектен шығушылық! – деп ол үрейлене сөйледі. – Бұл сөзіңді менен басқа ешкім естімей-ақ қойсын, сен жақында әке атанасың одан да уақытыңды Сұлуға арна… – деп ол тоқтап қалды да, Ерұланға мұқият көз тастады. – Досым, сен осы ойыңды тастасаң қайтеді, ә? Бұл қауіпті, қазбалап қайтесің, мен саған қаншама уақыттан бері айтып келе жатырмын, бізге мұны білуге тиым салынған, – деп Батыра орнынан тұрды.

Неліктен мені тоқтатқың келеді? Мен жай ғана олардың ұзақ өмірінің сырын білгім келеді, – деді оған Ерұлан.

Батыра ақырын жүріп, ашық тұрған терезелердің біріне барды, ол сыртқа көз тастап, таза ауамен терең тыныс алды. Аспан ашық, жұлдыздар аспанға шашылған алмастай жарық. Сарайдың жанында өскен алып теректер ақырын соққан желден жайқалып, баяу ғана ары-бері теңселіп тұр.

…Жаңа ғана айтқанымдай, бұл өліммен тең қылмыс, сен менің бауырымдай болып кеткенсің, сондықтан сені барынша ақымақтықтан сақтағым келеді, қала Сұлтаны сен жайлы оң көзқараста, ал оның бірінші қолбасшысы Дат… – деп ол кішкене кідірді, – өзің де білесің, Дат саған тісін қайрап жүр, қит етсе болды, ол саған қолындағы бар билігін салып, заң рұқсат еткен ең қатаң жазаны қолдануға дайын. Сенің билеушілер туралы теріс ойда екеніңді білсе, ол мұны барынша пайдаланады, тіпті мен сені оның қолынан аман алып қала алмаймын, оның үстіне сарбаздардың жартысынан көбі оған бағынады, – деді ол.

Бірақ сен одан кейінгі әскербасысың, сондықтан мен еш қорықпаймын, – деп ол күлімсіреді. – Білесің бе, досым? Біз бір үлкен әлемде өмір сүреміз, онда зерттелмеген көптеген дүниелер бар, сол әлемнің бір кішкентай түкпірінде тығылып, өмірімді той-думанмен; көңіл көтерумен өткізу мен үшін ақымақтық, маған нағыз ләззат сыйлайтын – ол осы әлемнің құпияларын ашу және менің айналамда болып жатқан дүниелер мені бейжай қалдырмайды, оның үстіне олардың ұзақ ғұмыры маған өте қызық, олардың не жасырып жүргендерін білгім келеді, – деді Ерұлан Батыраға қарап.

Осы әлемнің құпиялары! Сен өзі не ойлайсың, таңым бар. – Иә, білемін саған зерттеген ұнайды, бірақ өтінемін, басқа дүниені зерттеші, оларды жайына қой! Ақыры жаман аяқталуы мүмкін.

Жарайды оны қоя берші, мені бәрібір ешкім тыңдамайды, – деді де Ерұлан орындығына ыңғайлана отырып, – саған бір өтінішім болып тұр, – деді ол.

Қандай өтініш? Егер ол Батыс орманға қатысты болса, онда маған ешқандай өтініш жасамай-ақ қой.

Иә… Батыс орманға байланысты, бірақ… сен мені тыңдау керексің, – деді Ерұлан оған ақырын дауыспен.

Тыңдауым керек пе? Сен мені тыңдау керексің, Ерұлан, – деп ол дауысын көтере сөйледі. – Екі ай бұрын онда не болғаны есіңнен шығып кетті ме? Әлгі жабайы аңның сені ажал құштыра жаздағаны, мен сені әрең аман алып қалдым, ондай жағдай тағы да қайталанғанын қаламаймын, өзің де білесің, Батыс орман қауіпті жануарларға толы, – деп ол Ерұланға бұрылды. – Ерұлан, жақында сен әке атанасың, сенің қауіпті дүниелермен айналысып, балаңның әкесіз өскенін қаламаймын.

Бірақ менің онда не көргенімді білмейсің ғой.

Сен онда бардым деп маған айтпа, мен сенен өтініп едім ғой онда бармауды, сен кішкентай бала сияқтысың, егер бұл әдетіңді қоймасаң, бір күні орманның ішіндегі жабайы жануар түбіңе жетеді, егер сонда мерт болсаң, есіңде сақта – мен ол үшін өкінбеймін… Неге сені қауіпті дүниелерге тарта береді?!

Тыңдашы, мен онда барған кезде адам көрдім және ол орманның ішіне қашып кетті.

Адам! Батыс орманда ма? Тұран хандығындағы ең қауіпті орманға бас сұғатын адам табыла қоймас, әрине сені есепке алмағанда!

Мені тыңдашы бөле бермей.

Жарайды.

Мен онда адам көрдім, бірақ ол адам емес.

Қалайша? – деді ол маңдайын тыржита.

Иә, біртүрлі естіледі, бірақ ол адамға қарағанда екі есе үлкен болды, оны аңдаусызда байқап қалдым, бірақ толық қарап үлгерген жоқпын, мені көрісімен ағаштардың арасына жасырынып қашып кетті.

Мүмкін ол жануар шығар, – деді Батыра.

Жоқ, мен оның денесін анық көрдім – адам сияқты тік тұрды, бірақ өте үлкен.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x