Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жерде тіршілік пайда болғаннан кейін, ұзақ уақыт өте жер бетінде адамдар, мардалар және табураттар пайда болды.

Мардалар… – деп Батыра Құланды бөліп жіберді, «онда бұл Бабадүрдің кітабында жазылған дүниенің бәрі рас деген сөз» деп ол іштей ойлады.

Иә, мардалар, егер сұрағың болса соңынан қоясың, қазір маған кедергі жасама, – деп екеуі ағаштардың арасымен кете берді. Батыра қоржынындағы мардалықтың бас сүйегін оған көрсеткісі келді, бірақ Құланның айтқан сөзінен кейін күте тұруды шешті. Кішкене кідіргеннен кейін, Құлан ары қарай өзінің әңгімесін жалғастырды:

Мыңдаған жылдар бойы олардың ешқайсысы өмір бұлағы жайлы білген емес, білмей-ақ қойса да дұрыс болушы еді. Бірақ ешқандай құпия мәңгі жасырылмайды.

Бір күні аспаннан жерге белгісіз тіршілік иесі құлаған. Әлгі адамға ұқсас белгісіз тіршілік иесі, ғарыштан жаралы күйде жерге келген, оны алғаш адамдар тауып алады, оның жарақаты ауыр болғандықтан, адамдар оны емдей алмайды, сосын өзгеғаламшарлық адамардан оны бір жерге алып баруын сұрайды, ал адамдар оның айтқанын істейді. Сөйтіп адамдар әлгі тіршілік иесін, оның айтуы бойынша, Батыс орман сияқты орманға алып барады, сол жерде адамдар алғаш өмір бұлағын көрді, өзгеғаламшарлық бұлақтың суын іше, сап-сау күйіне қайта келген, мұны адамдар көріп, олар да ішкісі келеді, бірақ өзгеғаламшарлық адамдарға бұлақ суын ішуге болмайтынын айтады, егер ішетін болса, онда бұл әлемнің өлуіне әкеліп соқтырады деген. Ал адамдар одан бұлақтан не үшін су ішкенін сұраған кезде, ол: «Бұл ғаламда сендерден басқа да мыңдаған әлем бар, мен соларды зұлымдықтан қорғауға тиістімін, мен қазір не болмасын өлмеуім керек», – деп жауап қайтарған.

Өзгеғаламшарлық адамдардың сөзсіз бұлақ суын пайдаланатынын түсініп, оларды өлтірмекке оқталады, алайда ол адамдардың жақсылығына жамандықпен жауап қайтарғысы келмейді. Әлі зұлымдықтың не екенін білмеген жандарға оны көрсеткісі келмегендіктен, адамдардың арасынан алты сәбиді таңдап, оларға ерекше күш сыйлап, бұлақтың сақшысы етеді, осылайша алғашқы Сармандар өмірге келеді. Мына сәби – Сарман, – деп Құлан баланы нұсқады.

Өзге ғаламшарлық жерден кетердің алдында адамдар мен мардалардың және табураттардың басшыларының басын қосып, олардың күш біріктіруі керек екендігін айтқан, себебі біздің әлемді құртатын қара күш біздің әлемде жасырынғанын айтады және ешқашан, қандай жағдай болмасын бұлақты өз мақсаттарына пайдаланбауды тапсырған.

Сармандар бұлақты мыңдаған жылдар бойы қорғап келді және олар әрбір үш жүз жыл сайын қайта туылып отырады, олар осы әлемдегі ең күшті жауынгерлер тобы болған, ғасырлар бойы өздеріне артылған тапсырманы бұлжытпай орындаған, тек сендердің хандарың – Тарын билікке келмейінше… Тарын билікке келгеннен кейін барлығы өзгерді, ол өмір бұлағы мен оның қасиеті жайлы естігеннен кейін, оған қол жеткізгісі келеді, ол өлімнен қорыққандығы соншалықты, өлмес үшін қолынан келген барлық іс-әрекетті жасады. Алайда онысыннан түк шықпаған соң, ол өмір бұлағына көз тікті, бірақ оның жолында Сармандар тұрды, ол Сармандарға бірнеше рет қарсы шығып, олардан бұлақты тартып алмақ болады, дегенмен оның бұл іс-әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. Сармандар оған өмір бар жерде – өлім бар, сондықтан осы шындықты қабылдау керектігін айтып, оны босатады.

Бірақ олардың бұл айтқаны оның санасына жетпеген сияқты, ол ұзақ уақыт ізденіп, ақыр соңында Сармандарды – әлемдегі ең күшті жауынгерлердің қалай көзін құрту керектігін түсінеді және ол өз дегеніне жетіп, олардың бәрін қырып салады, алайда ешкім Тарынның Сармандарды қалай және қайтіп көзін құртқандығын білмейді, ешкімнің хабары жоқ. Осылайша ол өмір бұлағын басып алады…

Артынша табураттар мен мардалар және де басқа да нәсілдер біргіп өмір бұлағын азат ету үшін Тарын ханға қарсы шыққан кезде, тым кеш болады, себебі оның сиқыршылары қара сиқырды пайдаланып, өмір бұлағының суынан ажалсыз сарбаздарды жасап шығарады.

Неге ажалсыз?

Себебі оларды өлтіру мүмкін емес, олар жарақаттанса жарақаттары әп-сәтте жазылады, тіпті басын шапсаң да оларды тоқтата алмайсың. Осы жайт бүкіл әлемді біріктірді, дегенмен бүкіл әлемнің біріккен әскері ажалсыздардың алдында дәрменсіз күйге түсті. Олардың шамасы Тарынды тоқтатуға жетпеді, Ұлы ұрыста біз жеңіліс таптық.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x