Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы
- Название:Сарман алты таңба кітабы
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:2021
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание
Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Олар біздің соңымыздан еріп, орманға кіреді деп ойлайсың ба? А, қалай ойласың? – деп ол балаға сөйледі, сосын оған үнсіз қарап отырып, көзінің ілініп, ұйқыға кеткенін байқамады.
Бір сағат өте орман ішінде шауып жүрген жануарлардың дыбысы естілді, Батыра көзін бір ашып, қайта жұмды, сосын селк етіп дыбыстан шошып оянды, қылышына жармасып атып тұра, ол айналасына көз тастады.
– Олар орманға кірген бе? – деп дауыстап сөйледі. Батыра орнынан тапжылмай, дыбысқа асқан мұқияттықпен қарады, сол сәтте тобырымен шапқан жануарлардың бірі оған бет бұрды, кішкенеден кейін бұқаның өкіргеніндей қатты дауыс орманда жаңғырды, құдды біреу оның жанына бататын бірдеңе істегендей.
Батыра артқа қарай бірнеше қадам шегініп, дыбыс шыққан жерге көз қақпастан қарады, ал енді әлгі жануар Батыраға қарай беттеді, шабысы мен жердің дірілі, бұтақтардың сақырлап сынғанынан оның алып жануар екенін аңғару қиынға соққан жоқ, тіпті Батыраға жануардың қалай жақындап келе жақаны сезілді.
Ол не істерін білмей, жан-жағына алақтай, ағаш үстіне өрмелейін десе, баламен бірге оған ыңғайсыз болды, сосын баланы жанындағы ағаштың түбіне жатқызғаны сол, оның алдынан үлкен қара жануар атып шықты, баланы жатқыза салып, қылышын екі қолдай ұстап әлгі жануарға бағыттады, алайда аң Батыраның алдына келіп жерге сұлайып түсті.
Әлгі жануар мүйізі бұғының мүйізіне ұқсас алып бұқа еді, бір көргеннен оны бұқа деп айту қиын, себебі оның жүндері бұқанікіне қарағанда әлдеқайда ұзын. Оның үлкендігі сонша, егер қарапайым бұқа әлгінің жанында тұратын болса, онда ол бұзау сияқты көрінер еді. Батыра не болғанын түсінбей орнында қатты. Ақырын бұқаға қарай жақындап, оны айнала қарап шықты. Батыра жануардың қатты жарақат алғанын байқады, алып бұқаның желке тұсынан жауырынына дейін созылған жарақаты болды, алайда бұқа әлі тірі еді, оның ырсылдап тыныс алғаны Батыраға естілді, айнала оның қанымен былғана бастады. Оның жарақатын көре:
– Мынау, қарумен жасалғанына менің күмәнім жоқ… – деп әлгіні сипады, – бірақ біздің қаруымыз сендерді бұлай жарақаттауы екіталай, мұндайды жасаған кім? – дегені сол еді, әлгі бұқа шыққан жерден адам бойынан екі есе үлкен, үстін өте жұқа сарғылт түсті түк басқан, жағының астын қалың домалақ сүйек бойлаған, ал иегінде кішкентай екі мүйізі бар, адамға ұқсас тіршілік иесі атып шықты, ол тура Ерұлан айтқандай – адамға ұқсас, бірақ өте үлкен. Оның етті әрі шымыр денесінде ешқандай киім болған жоқ, ал бұтына, қоңыр түсті матадан тігілген шалбар, аяғындағы аяқ киімі теріден жасалған, қолында үлкен жүзі кедір-бұдыр қылышынан қан төмен тамшылай ақты. Дәу мен Батыра бір сәт бір-біріне қарады. Дәл осы сәт Батыраның өміріндегі ең ұзақ сәттей көрінді. Өне бойынан тарақан жүріп өткендей: «Біткен жерім осы шығар» деп жұтынып, іштей сөйледі. Әлгі дәу бірден семсерін көтеріп Батыраға атыла жөнелді. Батыра бір шетке өзін лақтырды, дәу Батыраның жанынан семсерін сермей өтті. Батыра жылдам қылышын екі қолдай қысып дәуге бет бұрды, сол сәтте дәу оның оң жақ тұсынан соққы жасады, Батыра еңкейе қылышты өткізді де, дәудің сол аяғын тіліп өтті. Оның бұл іс-әрекеті пайдаға асқан жоқ, керісінше әлгі дәу қатты ызалана семсерімен Батыраны қуалай түсті.
Батыра ары-бері қашқаннан басқа ештеңеге шамасы келмеді, бірнеше рет дәудің аяғын көздеп соққы жасады, бірақ онысынан түк шыққан жоқ. Батыра оның қимылының бәсеңдегенін пайдаланып, оның оң жақ сан тұсына семсерін жартысына дейін сұғып алды. Алған жарақатынан дәу жанұшыра айқайлады, оның дауысы адамдікіне ұқсас, бірақ әлдеқайда қатты. Айқайдың қатты болғандығы соншалықты, оның дауысы орман ішіне кірген Дат пен оның сарбаздарының құлағынан мүлт кеткен жоқ. Дауысты ести сала олар сап тоқтады, барлығы назарын дауыс шыққан бағытқа аударды.
– Біздің қашқын бір қиындыққа тап болған сияқты, – деді Дат, – кәне жігіттер, мына дауысқа қарай барайық, – деп ат басын сонда бұрды.
Дәудің аяғына қылышын сұққан соң, Батыра семсерін ұстаған күйі дәуге көз алмай қарап, ары қарай не істерін білмей тұрып қалды. Оның сасқалақтағанын пайдаланған дәу семсерінің бір серпімімен Батыраның оң қолын білегінен шауып түсірді. Батыра айқайлай, қолын ұстап, жерге отырды. Дәу аяғындағы семсерді суырмай, бірден Батыраға атылды, алып қылышын аспанға көтере, соққы жасамақ болғаны сол, олардың айқайлаған дауыстарынан бала оянып, шырылдап жылады. Дәу баланың дауысын ести сала орнында тоқтап, иығының төбесінен ағаш түбінде жылаған балаға қарады, сосын қылышын ақырын түсіріп, ол бұрыла кішкене кірдіріп, сәбидің жылағанына құлақ түре оған беттеді. Бала жыбырлап, ораулы тұрған матасын шешіп, шөп арасында жатты, оның арқасындағы таңбасы дәуге анық көрінді. «Ыңғайлы сәт осы шығар» деп Батыра Ерұланның пышағын қолына алып дәуге атылды…
– Мына баланы қайдан алдың? – деген дәудің сұрағын ести, ол тоқтап, пышақты жерге тастады да, шабылған қолын ұстай жерге отырды. Дәу Батыраға бұрылып, өзінің сұрағын қайта қойды. – Баланы қайдан алдың деймін? – деп дауысын көтере сөйледі. Батыра не дерін білмей, отырған орнынан еш қозғалған жоқ, тіпті ауырсынған қолын да ұмытып кетті, құдды аузына құм құйып алғандай. – Ей, сен саңыраусың ба? – деді дәу.
– Се… сен кімсің? – деп дәудің сұрағына Батыра сұрақпен жауап қатты.
– Менің есімім Құлан, не болды табуратты бірінші рет көріп тұрсың ба? – деп жымия сөйледі. – Мұнда сен неліктен адасып жүрсің? – деді ол. Батыра әлі есін дұрыс жиған жоқ, ол Құланның сұрағына жауап қайтармады, тек оған тесіле қарады. – Тіліңді жұтып қойдың ба? – деді де, – мұнда не үшін жүрсің? – деп қайта сұрады сары қастарын тыржита.
– Баланы алып қашып барамын, – деді ол, оның дауысы дірілдей шықты.
– Қайда? – деп кішкене кідіріп, – ал сен өзі баланың кім екенін білесің бе?
– Жоқ, ал сен білесің бе?
– Жүсінікті, яғни сен олардың бірі емессің, мен сені олардың бірі ме деп ойласам, – деп оның жарақатына қарады, – бірінші рұқсат етсең жарақатыңа көмектесейін, сосын мен саған барлығын айтып беремін, – деп аяғындағы қылышты, бір қолымен суырып, оны Батыраның жанына лақтырды.
Құлан белбауында ілінген бірнеше торсықтардың бірін алып, оны Батыраға лақтырды.
– Міне мынаны ал да, жарақатыңа жақ, қолыңды кесіп тастағаным үшін кешірім сұраймын, бірақ мен сені ханның адамы ма деп ойладым, – деді ол баланы әлдейлей.
Батыраның көңілі орнына түскендей, бірақ ол дәуден көзін бір сәтке де алған жоқ, оның лақтырған, торсығын ала:
– Бұл не? – деп сұрады.
– Оның не екенін қайтесің, ал да, жарақатыңа жақ!
– Мүмкін бұл у шығар.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: