Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Құдайым-ай, – деп орнынан қайта тұрып, баланың бетін көйлек жеңімен сүрте, оны әлдейлей жұбатып, өзен жағасынан алыстау жерге жатқызды.

Батыра жақсылап су ішіп, беті-қолын жуғаннан кейін, суық сумен мойнын ысқылып байлаулы тұрған атына қарады, әлгі жылқы аққан суға қарап, еріндерін жыбырлатумен болды.

Саған әлі ішуге болмайды, досым, ауырып қаласың, кішкене күт, – деп жылқысына сөйледі. – «Бүгін түнде осында қонатын сияқтымыз, түнде жүру қауіпті, бірақ артымнан да қауіп келе жатқаны сөзсіз, дегенмен оларға да тынығу керек», – деп ол өзіне сөйлей, жан-жағына қарады. Айнала тыныш, ешқандай жануар немесе басқа да тіршілік иелері байқалған жоқ, ол от жағуға болмайды деп шешіп, қылышын қынабынан суырып, жанына қойды да, баланы қасына алып, шөп үстіне жатты, ал жылқысы жақын жерде жайылды.

Батыра шаршағанына қарамастан біраз уақытқа дейін көз іле алған жоқ, оның санасын жайлаған уайым, оған ұйықтауға мұрсат бермеді, «Енді не істеймін? Қайда барамын, бізбен не болмақ? Қарғыс атқыр!» деп іштей ойлады, бұл оқиғаның бәрі оған бір қорқынышты түстей болып көрінді, тіпті ол оянуға да тырысып көрді, бірақ ештеңе шыққан жоқ…

Ол Ерұлан мен Сұлудың және басқа да жүздеген сарбаздың мерт болғанына сене алмай отыр, бұл шындықты қабылдау оған тым ауыр соқты. Өзі сеніп, әділ деп жүрген билеушілер нағыз жауыз болып шыққанына сене алар емес. Осы уақытқа дейін ол өзінің жалған әлемде өмір сүргенін, ұйқыдан жаңа ғана оянғанын, бұл әлем ол ойлағандай керемет әрі қауіпсіз емес екенін түсінгендей. Батыра бұрын-соңды өзін бұлай қауқарсыз сезінген емес. Ол өзінің осыған дейінгі іс-әрекеті болмашы дүние екенін аңғарды, осыған дейін ол тек жоғарыдан берілген бұйрықтарды орындап қана жүргенін түсінді, енді нағыз шешімді қазір өзі қабылдап, ары қарай не істеу керектігін өзі шешетін сәт туғанын түсінді. Батыра орнынан ұшып тұрды да, жанында жатқан сәбиге көз тастады.

Енді менің ғана емес, сенің де тағдырың менің қолымда сияқты, балақай, – деді ол сыбырлай. – Мен мұны жай бұлай қалдырмаймын, мен мұның артында не жатқанын қалайда болмасын табамын, – деп ол өз алдына сөйледі және әрбір сөзді айтқан сайын оның даусы күшейе түсті, олардың өмірі бекер кеткен жоқ, олар өмірін бекерге құрбан еткен жоқ, мен берілуден бас тартамын… Осы сөздерді айта оның бойын ерекше сезім – үміт кернегендей.

***

Бұл уақытта оларға қарай мыңдаған сарбаз бен Дат беттеді. Ол Батырадан бірнеше сағаттық жерде еді, олардың да мінген жылқылары шаршап, жауынгерлерін де шаршау шалғандай. Дат тоқтады да:

Оларды түн ортасында іздеп таба алмаймыз, байқамай өткізіп алуымыз мүмкін, оның үстіне түнде жүру қауіпті, Құдай біледі жолда не кезіктіруіміз мүмкін, сондықан түнгі кезекшілікке тұрыңдар, әрбір екі сағат сайын ауысасыңдар, егер бірнәрсе дұрыс болмаса, сендер не істеу керектігін білесіңдер, ал қалғандарың тынығып алыңдар, төрт сағаттан кейін қайта жолға шығамыз. Оның осы маңайда екенін мен сезіп тұрмын, – деп айналаға көзін сығырайта қарады, ай толық болмағандықтан, оның сәулесі даланы толық айқын еткен жоқ, тек бұлыңғыр етіп көрсетті.

Датқа осы уақытқа дейін ат үстінде жүру үлкен қиындық туғызды, жылқысы селкілдеп шапқан сайын, оның жарақаттанған иығы ауырып, маза бермеді, оның үстіне өзін ол жайсыз сезінді. Ал Даттың сарбаздары: бірі дөңде, екіншісі сайға жайғасып, жылқыларын байлауға ыңғайлы, кішгірім далада өскен ағаштар мен шөптерге бекемдеді. Барлығын аштық қысты, кейбіреулері ашқарынға ұйықтай алмай, ары-бері аунап, біраз жатты, ал кейбіреулері көздерінің қалай жұмылғанын байқамады.

Елуге жуық сарбаз кезекшілікте болды, олар уақытша қонысты қоршауға алып, екі-екіден бірігіп оны қарауылдады. Дат сарбаздарынан алшақтау жерге кішігірім қырдың төбесіне жайғасты, оны ешқандай аштық мазалаған жоқ, оның санасында тек баланы қолға түсірсем деген ой болды. Сауытын шешіп, жарақатына қарады, жарақаты басбармақтың көлеміндей, бірақ терең емес сияқты, ол белбауындағы кішкентай ыдысқа салынған жақпамайды, жарақатына жаға, оны кішігірім матамен таңды. Сауыты мен қылышын жанына тастап, атын сарбаздар сияқты байлап әуреленген жоқ, жай ғана жүгеннің бауын егарға ілді де, жібере салды. Арқасына шалқая жатып, аспанға қарай ақырын ұйқыға кетті.

Дат пен оның сарбаздары үшін түн ешқандай келеңсіздіктерімен мазалаған жоқ, ал Батыраға келер болсақ, сәби оны көп жылап мазаламады, тек бірнеше рет түнде жылап оны оятты, әрбір оянған сайын, ол бірден қолын қылышына созды, тұрып баланы әлдейлей қайта ұйықтата, айналаға бір көз жүгірте қайта жатты, бірақ таң ата кішкене суытып, оның бойы тоңды, өзі тоңса да, үстіндегі киімін шешіп, баланы орады.

***

Сарбаздар күннің алғаш сәулесі түсе, аттарына қонды, бірақ жауынгерлер Датты таппады, себебі олардан алшақтау ұйықтағанның кесірінен оны ешкім байқаған жоқ, тек арадан кішкене уақыт өткеннен кейін ғана Дат сарбаздарының айқайынан оянды. Ол қарапайым адам болғандықтан, қара сиқырмен жасалған сарбаздарына қарағанда көбірек ұйқы қажет етті.

Ояна салысымен сауытын киіп, өзінен бірнеше қадам жерде жайылған жылқысына мінді де, сарбаздарына қарай шапты. Оларға жақындап:

Қашқынның ешқандай ізі байқалмай ма? – деп сұрады сауытын ыңғайлай.

Иә, оның қалың шөпте, Батыс орманға қарай кеткені көрініп тұр, алайда оның қарасы көрінбейді, – деп жауап қатты сарбаздардың бірі.

Мейлі, бәрібір біз оны қолға түсіреміз, жазық далада ол тордағы тышқан сияқты, менің ойымша біз әлі оны көретіндей оған жақындаған жоқпыз, соңымнан еріңдер, кешегідей жан-жаққа жайыла жүреміз, солай оны табу оңайға соғады, – деп барлығы бірнеше шақырымға жайыла, Батыс орманға бағыт ұстады.

Олардың түнімен жайылып, тыныққан жылқылары алдыға қарай атыла шапты, бірақ су ішпегеніне бір күндей болғандықтан, жануарлар барынша жылдам шабуға шамалары келмеді.

Күн толықтай көкжиектен көтерілген жоқ, алайда арадан аз уақыт өтіп, сарбаздар Батыраның жатқан орнына жақындады. Олар дөңді-сайлы аймақтың шетіне жетті, осы аймақта өзеннің жанында Батыра түнеді, Дат созылып аққан өзенге қарап:

Оны біз осы аймақта табатын сияқтымыз, анау өзенді көрдіңдер ме? Соның маңайында түнеуі мүмкін, сондықтан бойын жақсылап қараңдар! Ештеңені көзден таса қылмаңдар! Түнде от жағуы да ғажап емес, соған орай кез келген із тапсаңдар маған хабар беріңдер, – деп бұйрық берді.

Баланы құшағына алып, Батыра тыныш ұйқыда жатқан кезде, қарсыластары оны іздеп, алқапта торуылдады, оның шаршағандығы соншалықты, ояну керектігін түсінсе де, оянуға асыққан жоқ.

Осы сәтте Дат пен оның сарбаздары оған жақындағаны соншалықты, егер ол сайда жатпағанда, әлдеқашан оны тауып алар еді. Батыраны осынау тәтті ұйқысынан жер дірілдете шапқан жылқылардың дыбысы оятты.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x