Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жарты сағаттай жаяу жүре Батыра үлкен дөңге кезікті, ал оның бергі жағында сылдырлап кішігірім өзен ақты, ол өзенді көре сала, оған жүгіріп, баланы шетке жатқыза, таза әрі салқын суға беті-қолын жуды, сосын екі алақанын суға толтыра ішті, Батыра өзін бір жеңілдеп қалғандай сезінгенімен, бойындағы әлсіздігі кеткен жоқ.

Дөңнің бетін толықтай жасыл шөп басты, шамасы қалмаған Батыра шөптен тартып, дөңнің төбесіне қарай көтерілді; оның төбесіне жету Батыраға өте қиынға соқты – тыпырши ентіге, жүрегі кеудесінен сыртқа шығып кететіндей соғып, ол жағары өрмеледі. Оның бойын әлсіздік қаулап, басы айналып, тіпті көзі қарауытты, ал үстіндегі қоржындар оған өрмелеуге қиындық туғызды.

Ол орасан күш сала, ырсылдай дөңнің төбесіне де жетті. Оның арғы жағында қалың ну орманға керемет көрініс ашылғандай, алайда бұл көкжиекке қарай созылған орман Батыра үшін үлкен қауіпті жасырып тұрғандай болып көрінді. Орманның бірнеше жерінен алып ағаштар өсіп, олардың қалың бұтақтары жан-жаққа – бірнеше шақырымға созылды, олардың биіктігі соншалықты аспанда бұлттармен таласты, ағаштардың алып бұтақтарынан төмен қарай ұзын шырмауықтар салбырады. Алыстан қарасаң, осы орасан үлкен ағаштар құдды аспанда қалқыған ормандарға ұқсады.

Батыра соңынан келе жатқан қуғыншылардың жоқ екеніне көз жеткізу үшін бұрылып артына қарады. Басында оның жанары алысты бұлыңғыр етіп көрді, сосын кішкене мұқияттық тантықаннан кейін, бірнеше шақырым ғана жерде оған көптеген қара нүктелер байқалды: олар сөзсіз Датпен оның сарбаздары.

Батыра Батыс орманға қайта бұрылды да, орманға көз тастады, жүздеген, тіпті мыңдаған шақырымға созылған ағаштар, басқа ештеңе жоқ, бұл ағаштардың арасында не жатқанын және не жасырынғанын Құдай білсін, осы сәтте оған Ерұланның айтқан алып адамы есіне түсті, осы сәтте ол Ерұланның сандырағы деп есептеген тіршілік иесі – енді оған шынайы болып көрінді, денесі түршіге, өз қалауынан тыс, ол жылдам дөңнен төмен қарай атыла, көк шөптің үстімен сырғанай түсті, ал Дат алыстан оның бұл әрекетін байқай:

Жылдамдатыңдар! – деп айқай сала шапты.

Батыра орманға қарай жанұшыра жүгірді, бірақ қанша жылдам жүгіруге тырысқанымен, аяқтары оған бағынар емес, кеудесі арқасына жабысып, тыныс алудың өзі өте ауыр болды. Кішкене жүгіргеннен кейін ол тоқтады, оның көздері қарауытып, есінен танып қалатындай болып көрінді. Алайда бойындағы үрей оны бір орында ұзақ қалдырған жоқ, ол барынша жылдам орманға беттеді. Кезінде Батыра қауіпті деген жер, енді оның қауіпсіздігіне кепілдік бергендей. Ырсылдай жүгіріп, ол көп ұзамай орманға да жетті. Күн көкжиектен асып кеткен сәт. Бір-бірінен алшақтау орналасқан алып ағаштардың көлеңкесі батысқа созылды, орман іші көлеңкелі, оның басқа ормандардан еш айырмашылығы жоқ, тек ондағы ағаштар әлдеқайда үлкен. Ал ішін қалың шөп басқан.

Ораман ішінен әртүрлі құстардың үні мен жапырақтардың сықыры ғана естілді. Батыра баланы жақсылып асынып, қылышын қынабынан суыра, екі қолдап қысып ұстады. Орманға жақыннан қараған кезде, ағаштар өзінде бір зұлымдықты жасырғандай болып көрінді.

Балақай, бізге тағдыр басқа таңдау қалдырмаған сияқты, – деп, – ух, – деді де, алдыға ақырын жүре бастады, аяқтарының астындағы шөп орманға кірген сайын қалыңдай түсті, – енді біз солтүстік-батысқа жүруіміз қажет, – деп мұрнының астынан сөйлеп, басын бұра иығының үстінен артына қарады, артында ешкім көрінер емес, Дат пен сарбаздары байқалған жоқ. Батыра айналасында естілген әрбір дыбысқа жалт қарап, сол жерден оған жабайы жануар атып шығатындай күйде болды.

Бұл уақытта Дат пен сарбаздары да дөңге жетті, бірақ шамасы қалмаған жылқылар, оның төбесіне дейін жете алмады. Атын тастай сала Дат дөң төбесіне тырмыса атылды. Ол Батыраның шөптерді жұла өрмелеген іздерін кезіктірді. Ақыры төбеге шыға, Батыраның қалай төмен сырғанай түскен ізі айқын көрінді. Ол Батыраның орманға кіргенін түсінген соң, өзін жеңілгендей сезінді, бірақ Дат оңайлықпен берілгісі жоқ.

Оның орманға кіруі екі талай, ол орманға кірген жоқ! Осы маңайда жасырынып отыр, – деп дөң маңайына көз тастады, – айналаны жақсылап қарап шығыңдар, ол осында, ол тышқан сияқты бір жерде тығылып отыр… – деп кішкене кідіріп, – кім болсаң да шық, мен бәрібір сені тауып аламын, саған тірі қалуға мүмкіндік беремін, ал егер мен сені өзім тапсам, сені ең азапты өлім күтіп тұр! – деді ол айқайлай, алайда оның бұл айқайынан ештеңе шыққан жоқ, ол құдды есінен ауысқан адам сияқты орманға тесіле қарай, күтті.

Сарбаздар жарты сағат ішінде орманға дейінгі аймақты толықтай аралып, Батыраның ізін бағып, оның нақты орманға кіргеніне көздері жетіп, бұл жайлы Датқа хабарлады. Оның бұл жаңалықтан ашуланғаны сонша, беті мұрнының ұшына дейін қызарды.

Қарғыс атқыр! – деп қолындағы шөпті жерге лақтыра айқайлады. Ол ары қарай не істерін білмеді, ары-бері дөң үстінде жүріп ойланды.

Қолбасшы бұйрығыңыз не болмақ? – деді сарбаз.

Жылқылардың барлығын суардыңдар ма? – деді ол.

Иә.

Онда қазір жолға шығамыз, біз орманға кіреміз, артқа қарай жол жоқ, баланы жіберіп алсақ, аяушылық күтудің қажеті жоқ, – деді ол орманға бұрыла, – қарғыс атқыр, бұл бала үшін онсыз да қанша сарбазымнан айырылдым, енді мына орманда бізді не күтіп тұрғанын ешкім білмейді, – деп ол атына жайғасып, сарбаздарын ертті де, дөңнен түсіп, орманға бет алды.

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. ТАБУРАТ

Батыра орман ішіне тереңдей кіре берді, айналасында тек құстардың үнінен басқа ештеңе естілген жоқ, ешқандай жабайы жануар көрінер емес, енді орман оған қауіпсіз әрі тыныш орын болып көрінді, қылышын бір қолдап ұстап, бұрынғыдай әрбір шыққан дыбысқа жалт қарап, мән де берген жоқ, тек жылдам алдыға қарай жүре берді. Орман іші көлеңкелі болды, бірақ толықтай қараңғы емес, ағаштар бір-бірінен алшақтау орналасқандықтан, күн сәулесі бұтақ арасынан оңай өтті.

Мұнда мен аулай алатын жануар бар ма екен? – деп мұрнының астынан сөйледі, – ең болмағанда жейтін жеміс тапсақ игі болар еді, бірақ саған қайдан сүт тапсам болады, балақай? – деді ол балаға қарап, сәби тыныш ұйқыда жатты, құдды оны жаңа ғана емізгендей – ол қарны аш балаға ұқсамайды, ал керісінше Батыраның асқазаны әртүрлі дыбыстарды шығарды.

Ол жан-жағына қарап, кішігірім жануар немесе жидек іздеді, ақыры ол үлкен ағаштың жанында өскен бүлдіргенді тапты, ол жылдам оған жақындап, бала мен заттарды бір шетке қоя, бүлдіргендерді бірінен кейін бірін үзіп қомағайлана аузына тықты. Батыраның қарны тоймаса да, әлсірегені басылған соң, баланы қолына алды да, тынығу үшін ағаштың түбіне жайғасты.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x