Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы

Тут можно читать онлайн Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Крутой детектив, год 2021. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание

Сарман алты таңба кітабы - описание и краткое содержание, автор Алпамыс Сырманов, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Адамдар Тұран атты хандықта өмір сүреді, елде билік жүргізетін Хан мен оның айналасындағы билеушілер қарапайым халыққа қарағанда өте ұзақ өмір сүреді. Басты кейіпкердің әкесі Ерұлан, олардың ұзақ ғұмырының сырын ашуға тырысып, нәтижесінде ол Ханның, адамдар арасында астыртын түрде, ерекше балаларды іздеп, ал адамдарға кіруге тиым салынған, тіршілігі жоқ өлі алқаптан, ерекше құнды затты іздеп жатқандығы жөнінде біледі, сонымен қатар ол Ханның сырын білуге тырысқан ғалымдардың, із-түссіз жоғалғанын анықтайды. Ол жақын досы Батырамен бірге, Хан мен билеушілердің құпиясын ашуға бір-ақ қадам қалғанда, оның жаңа туылған баласы, Хан іздеп жүрген сәби болып шығып, Батыра сәбиді Ханнан құтқару үшін, әлемдегі ең қауіпті орманға алып қашады. Орманда ол алты таңба кітабының сырын ашып, Хан мен оның айналасындағы билеушілердің жасыруға тырысқан, үлкен әрі қорқынышты құпиясы туралы біледі, Хан балаға қол жеткізу үшін, қашқынның соңынан он мыңдаған ажалсыз сарбаздарын жібереді. Оларды не күтіп тұр…

Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Сарман алты таңба кітабы - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Алпамыс Сырманов
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жо-жоқ, жо-жо-жоқ, ақымақ, неге сонша ұйықтап қалғансың! – деп өзін ұрса, ақырын сайдан дөңге қарай ешкім көрмес үшін жорғалап шықты, сол сәтте оған жүздеген сарбаз көрінді, оның зәре құты қалмай, – жетпегені осы еді, жарайсың Батыра, тағы да ұйықтауың керек еді! – деп ол өзін жазғырды.

Орнынан атып тұра, шатқалақтай атына жүгірді, қопалдығының кесірінен ол баланы басып кетуге шақ қалды. Баланы жылдам асынып, өзеннен бос торсығына су толтырды. Жылқысын асыға ерттеп, оған жайғасып, жан-жағына көз жүгірте, қарсыластарына көрінбейтіндей; сытылып кете алатын ыңғайлы бағытты іздеді. Алдында созыла жатқан сай соңына қарай екіге бөлінді, атын қамшылап барынша қатты шауып сайдың екіге бөлінген жеріне келді, оң жақтағысы бірден жазық далаға апарды, сол жақтағысын таңдап барынша сайда жүруге тырысқанымен, кішкене шапқаннан кейін Батыра дөңге шықты. Енді ол қарсыластарына айқын көрінді, бірақ оны шыға салысымен ешкім байқамаған сияқты, әлі ешкім оның артынан қуған жоқ, алайда бұл ұзаққа созылмады: бірер сәттен кейін, оны Даттың сарбаздары байқады да:

Мынау сол, кәне дабыл бер! Жылдам! – деп олардың бірі жолдасына айқайлады, сарбаз мүйізді үрледі, мүйізден шыққан дыбыс жазық даладағы барлығына естіліп, назарлары сонда ауды.

Дат пен барлық сарбаздар жер дірілдетті, мүйіздің дыбысы шыққан жаққа қарай ұйытқи жөнелді, құдды аламан бәйгеде жарысқандай. Батыра әлгіні ести сала басын бұрып иығының үстінен артына қарап, орманға шаба жөнелді, тынығып, су ішіп алған жылқысы ширақ әрі жылдам шапты, қарсыластарына қарағанда әлдеқайда жылдам. Батыра жылқысын қамшылап алдыға ұмтыла салысымен, кеудесіндегі сәби шырылдап жылады.

Саған тыныштық бермедім-ау, оның үстіне қарның әбден ашқан болар, тек су не болар дейсің, шыдай тұр, балақай, мен саған мыналардан қашып құтылғаннан кейін, бірдеңе тауып берермін, – деді. Оның соңынан мыңдаған тұяқ қуды, Дат сарбаздарына:

Барлығың бірден қумаңдар, екіге бөлініп, жартың осында қалып жылқыларыңды суарыңдар! Әйтпесе біз ұзаққа бармаймыз… – деп ол бұйрық берді, оның сарбаздарының жартысы қалып, қалған бөлігі Батыраның ізіне түсті.

Олар Батырадан қалып бара жатқандарын түсінгенімен, тоқтап шөл қысқан жылқыларын суаруға асыққан жоқ, керісінше оларды қамшылай түсті, сайға түсіп өзен суын кешіп өте, дөңге көтеріліп, жазық далаға шықты. Жылқылар су ішпегендіктен, олар баяу қозғалды – құдды әлдері құрығандай.

Арадана аз уақыт өтіп, Батыра олардан біраз алыстап кетті, оның алдында тек жазық дала, ал даланың соңында үлкен ағаштың діңі көрінді.

Қарғыс атқыр! Оны тағыда көзден таса қылып алдық, мыналар әбден шөлдеген, бәрібір біз оған мына жылқылармен жетуіміз екі талай, – деп Дат шабысын бәсеңдетті.

Сарбаздар тоқтап, артқа бұрылды, бірер сәттен кейін жылқыларды суарып келген сарбаздардың тобымен кезігіп, Дат бір сарбаздың жылқысын алды.

***

Батыра алты сағат бойы тоқтаусыз жорғақтады, осы уақыт бойы ол артына жалтақтай қайта-қайта қарап, қуғыншылардың жоқтығына көз жеткізіп отырды, олардың қалып кеткенін түсініп, оның көңілі орнына түсті, алайда Батыра олардың оңайлыққа қалмайтынын түсінді. Оның үрейі басылып, сабасына түскенімен, ол өзін мазасыз сезінді. Батыра Батыс орманға жақындай түсті, жылқыны ұзақ әрі тоқтаусыз қозғалыстан кейін демалысқа зәру болды. Ол тоқтап, оны тынықтырды, осы сәтті пайдалана өзі де демалды. Оны енді орманнан тек бір күндік жол бөлді деуге болады.

Күн тас төбеден ауып, сағат түскі екілер шамасы еді, айналада еш өзгеріс жоқ – жазық дала және алып орманның жақындағаны болмаса. Аспан ашық, бірде-бір бұлт жоқ, бір сағат созылған демалыстан кейін ол қайта жолды жалғастырды.

Аз қалды, тұлпарым, аз қалды, шыда, досым! – деп Батыра жылқының мойнынан сипап, барынша жылдамдықты бірқалыпты ұстауға тырысты.

Осылай ол тағы бес сағат тоқтаусыз жол жүрді. Күн ұясына беттей, айнала қараңғылата бастады. Батыра ұзақ жолдан шаршап, денесінің ауырсынғаны сонша, ол өзін құдды он шақты адамның тепкісінде қалғандай сезінді, қарны ашып, ойланудың өзі оны шаршатты.

Күн бата айнала салқындап, шегірткелердің шырылы естілді. Жылқы қатты шаршағаннан жатып қалды. Батыра артынан ілескен қауіпті ойлап, қанша шаршаса да ұйықтай алған жоқ.

Олардың келе жатқаны анық, мені қолға түсірмей, олар тынышталмас, мені мұнда отырған әр сәтім олар үшін үлкен мүмкіндік, сондықтан жолды жалғастыруым керек, не болса да берілмеу керек, – деп мұрнының астынан сөйлей, орнынан қинала тұра, қайта жолды жалғастыруға жиналды, сәбиді оятып алмас үшін ол барынша абайлап кеудесіне байлады, сәби бірнеше рет селк етіп, көзін жартылай ашты да, қайта жұмды. Ол заттарын алып, жылқының жанына барды: – Шө-шө, жануар, кәне орныңнан тұр, – деп оны ноқтасынан тартты, алайда шаршаған жануардың орнынан тұрғысы жоқ, әрең денесін көтеріп, аяқтарына тұрды.

Батыра заттарын қайта оның үстіне жайғарып, түнделетіп орманға жол тартты.

Дат Батыраның түнделетіп болсын жолды жалғастыратынын сезгендей, жылқыларын суарып кішкене тынықтырып алған соң, жолды жалғастырды, жолда тек бірнеше қысқа аялдамалар жасады. Олар оның ізінен тоқтаусыз ілесіп, енді міне, Дат пен сарбаздарын Батырадан небәрі жеті шақырым ғана бөлді.

Батыра орманға таяу қалды, енді алып ағаш пен оның айналасындағы орман да көзге көріне бастады. Алайда барған сайын мінген жылқысының басы салбырып, шатқалақтай бастады, сосын кішкене жүргеннен кейін ол мүлде тоқтады, Батыра оның құлайтынын түсінді ме, бірден үстінен секіріп түсті, осы сәтте ол аңдаусызда суға толы торсығын түсіріп алды.

Батыра жылқыдан түсе, шаршаған жануар артынша жерге сұлаип құлады, баланы одан ары қойып, жылқының ноқтасынан ұстап ары-бері жұлқып, оны тұрғызбаққа тырысты. Батыра оның тұрмайтынын білді, бірақ не үшін тырысып жатқанын өзі де түсінген жоқ, ол екі күн аштықтан ойын жинақтап, дұрыс ойлана да алмады.

Пайдасыз іс екенін түсінгеннен кейін, атты тастай, үстіндегі қапшықтарды алып иығына асына, баланы қайта кеудесіне байлап, орманға қарай асықты. Артына қайта-қайта қарады – ешкім байқалған жоқ. Бірақ көп ұзамай, оның тастап кеткен – әлі құрыған жылқысымен қоса аңдаусызда түсіріп алған торсығын Дат тауып алды.

Біз оған жетіп қалдық. Тым аз қалды! Сақ болыңдар! Ештеңені көзден жіберуші болмаңдар, тіпті оның бір тал шашы түсіп қалса да көзден таса етуші болмаңдар, – деді ол.

***

Олардан біраз алыстап кеткен сияқтымыз, – деп Батыра сәбиге сөйледі, – енді орманға жетсек болғаны – аз қалды, тағы бірер сағатта жетіп қаламыз. Бірақ ол қателесті – қуғыншылар бірнеше шақырым жерде келе жатқан еді. Алайда олардың да жылқылары шаршаған соң, жүрістері бәсеңдей түсті. Күн көкжиектен асып, жоғары қарай беттей, айнала жарыққа бөленді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Алпамыс Сырманов читать все книги автора по порядку

Алпамыс Сырманов - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Сарман алты таңба кітабы отзывы


Отзывы читателей о книге Сарман алты таңба кітабы, автор: Алпамыс Сырманов. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x