Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы
- Название:Сарман алты таңба кітабы
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:2021
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Алпамыс Сырманов - Сарман алты таңба кітабы краткое содержание
Сарман алты таңба кітабы - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Сенімдісің бе?
– Иә.
– Сонымен маған не демексің? – деді Батыра.
– Біз сонда барып, сен маған оның не екенін анықтауға көмектесесің, – деді Ерұлан. Батыра терең дем алып, күрсіне қайта шығарды:
– Сен ештеңеден сабақ алмайды екенсің, – деп оған қарады, – Ерұлан білесіңғой ондағы жануарлардың басым көпшілігіне біздің қару әсер етпейді – олардың қалың терісінен тіпті ең өткір деген қылыштарда пайдасыз, неге сені сонда тарта береді?
– Сол үшін мен қару жасадым, онымен бірге бізге ешқандай қауіп төнебейді.
– Қару?
– Соңымнан ер, саған көрсеткенім абзал болар, – деп Ерұлан орнынан тұрып, үстелдегі шамды алды да, Батыра мен бірге кітапханадан шықты.
– Сенің ойлап таппайтының жоқ, жарайды көрейік не екенін, – деп Батыра Ерұланның соңынан ерді.
Екеуі кітапханадан шықты да, ұзын дәлізбен жүре, оңға бұрылып, сарайдан шықты, алып қабырғамен қоршалған сарайды айнала, оның артына барды. Арт жағында қабырғалардың бұрышында орналасқан кішігірім ғимаратқа келді. Кірпіштермен өрілген, үлкен есік-терезесі бар, бірақ жақсылап жабылған ғимараттың есігін Ерұлан қалтасынан кілтін алып ашып, ішке кірді де, құрал-саймандары шашылған үстелге шамды қойып, қабырғада ілулі тұрған үлкен шамшырақты жақты, оның сәулесі бүкіл бөлмені өзінің жарығымен айқын етті.
Батыра айналасына көз жүгірте:
– Мына орынды ретке келтіру керек деп ойламайсың ба? – деді ол Ерұланға көз қырын тастай.
Онда әртүрлі темір құралдар шашылып жатты, тіпті Батыра байқаусызда ауыр темір заттардың біріне аяғын соғып алды.
– Жоқ, барылығы рет-ретімен тұр емес пе? – деді Ерұлан жымия. – Ал міне, біздің сұлуымыз, – деп бөлменің ортасында қара матамен жабылған үлкен заттың жанына келіп, оның бетінен матаны жұлып алды.
– Бұл не? – деді Батыра әлгі затқа жақындай.
– Бұл – Тазарлық зеңбірек.
– Тазарлық зеңбірек? Онымен не істемексің және неге Тазарлық зеңбірек?
– Себебі мен оны Тазар қаласынан әкелінген темірден жасадым, өзің де білесің, онда ең керемет темірлерді өндіреді.
– Сен мынаны толықтай өзің жасадың ба? – деді Батыра зеңбіректі айнала жүріп. – Оны қалай пайдаланасың, ол үлкен, өткір, бұрыштары да жоқ, өзі домалақ екен, мына үлкен тесік не үшін?
– Оны мен саған орманға барған кезде көрсетемін және оны пайдалану үшін ешқандай өткір бұрышты қажет етпейді, сендердің қылыштарың сияқты оны ары-бері сермеп те әуре болмайсың, ал енді саған өтінішім, осыны қаладан алып шығуға көмектес, сен қаладағы Даттан кейінгі әскербасысың, сені қаладан шығарда ешкім тексермес, – деді Ерұлан иегін сипай.
– Жетпегені осы еді, – деп Батыра басын шайқады, – сені тоқтату менің қолымнан келмейтін сияқты, өзіңнің қарғыс атқыр сұрақтарыңа жауап таппай, сен тынышталмайсың; мен саған тек бір келеңсіздікке ұрынып қалмас үшін көмектесемін, бірақ тек мен айтқан күні барамыз, сенің мына қаруыңның қалай жұмыс істейтіні маған қызық болып тұр.
– Жарайды, оған дейін мынаның бітпеген бір-екі жерін жасауым қажет, бірақ тым ұзақ күттірме, білесің ғой менің күткенді ұнатпайтынымды.
– Жарайды, жарайды, қолым босай салысымен саған келемін, ал енді ғафу етсең, мен қайтайын, – деп ол шеберханадан шықты да, тоқтап: – А, айтамын деп ұмытып кетіппін, бұл жолы өзіңмен бірге өз сарбаздарыңды алып жүр, мен саған өзімдікін бермеймін – онсыз да өткен жолы екеуі сенің артыңды жабамыз деп жарақат алды, сосын Датқа басқа сылтау айтуға тура келді, – деді ол.
– Иә, иә, – деді Ерұлан зеңбіректің бетін қайта жауып жатып, оның көз алдына көрген түсі елестеді: сарбаздардың бір-біріне жүгіріп, бірін-бірі аяусыз өлтіргені, тіпті олардың айқайлаған дауыстары, жарылыстың үні оның басында жаңғыра естілгендей, зеңбірекке қарап: «Түсімдегі осының дыбысы емес пе?» деп өзінен сұрады, «бірақ біздің хандықта мың жылдан аса уақыт соғыс болған жоқ, жай ғана кездейсоқтық шығар, мен мұны адамдарға қарсы пайдаланбаймын деп ойлаймын, мүмкін бұл жайлы басқа біреулер біліп, оны ұрлап кетсе, алайда хандықта ондай іс-әрекетке баратын адам табылмас» деп ол өзін жұбатты, бірақ ол өзін не күтіп тұрғанын білген жоқ және барлығы аяқ асты өзгереді деп күмәнданған емес.
Сарайды айнала қоршаған қорғанның жабық тұрған қақпаларының алдына келген Батыраны қарауылда еңселері түсіп, салпайып тұрған сарбаздар, оны көре салып, тік тұрып, қолдарындағы найзаларын берік ұстады. Олардың іс-әрекетін байқаған Батыра:
– Еркін тұра беріңдер, жігіттер, – деп оларға күлімсіреді. Батыра мінезі жағынан өте керемет жан, тек керек кезінде өзінің қаталдығы мен қайсарлығын көрсеткенді жөн санайды. Оның артынан Ерұлан да шеберханасының есігін кілттеп келді. Қара аспанда сан мыңдаған жұлдыздарға қарап, кештің салқын ауасымен тыныстап тұрған Батыраға:
– Мен сені жұлдыздарға қарап тамсанады деп ойламаппын, – деді Ерұлан оның арқасынан қаға.
– Мұндай кереметті көріп, тек ақымақ қана тамсанбас, – деді ол аспаннан көз алмай. – Сен неге күзет қойып қойғансың? Сенің сарайыңа біреу бас сұғады деп ойлайсың ба? – деді Батыра.
– Білесің ғой менің ханға сенбейтінімді, – деп ол досына қарады. Батыра оған кішкене үнсіз көз тастап:
– Жарайды, Сұлу қалай? Денсаулығы жақсы ма? – деді ол.
– Иә, барлығы дұрыс, денсаулығы да жақсы, тек… – деп Ерұлан кішкене кідірді де, – тек оған қарап жүрген дәрігерлер маған ұнамайды.
– Дәрігерлерге не болыпты? Не үшін олар саған ұнамайды?
– Қалай түсіндірсем болады: олар адам болғанымен, сөйлескен кезде құдды қуыршақпен сөйлескендей боламын, оның үстіне олардың бірнеше рет мүлде басқа тілде сөйлегендерін көрдім, – деді Ерұлан.
– Саған солай көрінген шығар, – деп ол Ерұланның иығынан қақты, ал Ерұлан бірдеңе айтпақ болып еді: – Сонымен, Сұлудың босануына қанша уақыт қалды? – деп Батыра Ерұланның әнгімесін бұрып жіберді.
– Нақты білмеймін, бірақ бір айға жетпейді.
– Сонымен, менің данышпан досым, әке атануыңа аз қалды де, – деді Батыра оған жымия.
– Иә, – деп Ерұлан аспанға қарап терең дем алды да, тынысын кішкене ұстап, қайта шығарды, осы сәтте аспандағы жұлдыздар жылт етіп жоғалды да, қайта пайда болды. Оның төбесінен алып бірдеңе ұшып өткендей көрінді, Ерұлан селт етіп:
– Мынау не тағы? – деді ол аспандағы қап-қара көлеңкеге саусағын соза. Батыра кішкене кідіріп.
– Аа, сен әлгіні айтасың ба? Ол жай ғана алып бүркіт қой, сен оны бұрын-соңды көрмегенсің бе? – деді Батыра.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: