Коллектив авторов - Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22
- Название:Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Казахский национальный университет имени аль-Фараби Литагент
- Год:неизвестен
- ISBN:978-601-247-858-7
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Коллектив авторов - Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 краткое содержание
Книга предназначена для широкого круга читателей, преподавателей, студентов и магистрантов.
Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Мен үшін бұл бір үлкен пәле болды. Себебі, мен оқу озаты болсам да, менің ең жек көретін қорқақтау соғатын сабақтарым осы физика мен математика болатын да, ал жақсы көретін сабақтарым әдебиет, тарих және география болатын. Амал не, ағамыздың жасаған зорлығына көнуге тура келді. Үйде Жабайханның беделі өте жоғары болатын. Бұған кейбір негіздер болушы еді: Бірінші – бұл жігіт, мен ес білгелі бастық болып жүретін: оқу комитетінің бастығы және т.б., ал мен жазғанды класс бастығы етіп те сайламайтын. Екінші – менің ағам асықты жақсы ойнайтын мерген еді. Ауыл балалары өте сыйлайтын. Үшінші – бұл жігіт біздің колхоздағы, аудандағы, тіпті облыстағы ең жүйрік деген аттарға мініп, бәйгелерге шауып еді. Осы жағдайларға ауылдағы балалар қызығатын. Не керек, осының бәрі менің ағамды ерекше қылып көрсететін. Керісінше, мен болсам балық аулағанды, ит асырағанды, карта ойнағанды, тіпті ауыл балаларының арасындағы көпшілік шатақтарға араласатын жан едім. Сөйтіп мен 1952 жылдың күзінде Павлодар облысының Лебяжі ауданындағы Қызыл әскер онжылдық мектебінің 9 класс оқушысы болып шыға келдім. Әкемнің қарындасы апам Балшекердің қолында тұрдым. Бұл үйде жиырма шақты жан тұратын. Оқу оқуға мүмкіншілік аз болатын еді. Сондықтан мен ауызша сабақтарды дайындау үшін кітаптарымды алып мал қораға баратынмын. Барлық сабақтарымды оқып, оны шөп жеп тұрған сиырларға дауыстап айтып беретінмін. Менің бұл әдісімнің баяғы кезде, көне ғасырларда Демосфеннің ашқанын мен ол кезде білмеуші едім. Физика мен математиканың есептерін түнде дайындайтынмын және шығармасам ұйықтамаймын деп, өзімді-өзім жігерлендіретінмін. Осының арқасында мен бірте-бірте класстың ең үздік оқушыларының бірі болдым. Шынымды толық айтсам, физика мен математикадағы жетістіктерімнің тағы да бір себепшісі бар еді: ол менің физика мен математика сабақтарының мұғалімі Нұрмағамбетов Зүпар. Бұл кісі өте дарынды, жаңалықшыл және өте қатты талап ететін мұғалім еді. Ағайдың басшылығымен «Евклидті емес геометрия» деген қабырға газетін шығаратынбыз. Қазір қарасам оқушылар да, мұғалімнің өзі де ол кезде евклидті емес геометрияны қайдан білсін, бірақ та балалар- ды осындай жоғары ұғымға итермелеу дұрыс та екен. Бір қызығы – менің бүкіл болашақ өмірім осы евклидтік емес геометрияның бір түрі – риман геометриясымен байланысты болды. Қазір менің осы оқытушым Көкшетауда тұрады.
Оныншы класта балалардың алды болып, ең қызығы әлгі физика мен математика ұнайтын болды, тіпті ММУ не ҚазМУ-дың физика не математика факультетіне түссем деген ой да келетін болды.
Арада уақыт өтіп 1954 жылдың 1 қыркүйегінде ҚазМУ-дың физика-математика факультетінің физика бөліміне түстім. Мен 16 жаста болатынмын. Мектептің физикасы мен математикасын толық білгендіктен бірден курстастарымның алды болып кеттім.
Өзімнің алғашқы курстық жұмысымды 3 курста өз тақырыбыма жазған едім. Жұмыстың аты «Дербес туындылы дифференциалдық теңдеуді канондық түрге келтіру». Бұл жұмысты оқытушыларым ҚазКСР ҒА академигі К.П. Персидскийге көрсету керек деп ұйғарды. Менің жұмысымды көріп шыққан академиктің маған айтқаны: «Бала жақсы есептейді екенсің, бірақ сенің жұмысың, есебің тіпті сонау 30 жылдардың басында, сен тумай тұрып КСРО ҒА академигі Г.И. Петровскиймен жасалған, шешілген. Ол кісі ММУ-дың ректоры. Ренжіме, мұндай жағдайлар болып тұрады. Сен физика бөлімін тастап математика бөліміне ауыс. Н.Н. Лобочевскийден қалған бірнеше интеграл бар, соның бірімен шұғылдан». Теориялық физика кафедрасының меңгерушісі доцент Н.М. Петрова керісінше кеңес берді. «Ешқайда ауыспа, болашақ теориялық физика маманына математика өте қажет» дегені. Сонымен, осы теориялық физика кафедрасында қала бердім.
5 курстағы дипломдық жұмыстың тақырыбын осы Н.М. Петровадан алдым. Бұл кісі КСРО ҒА академигі В.А. Фоктың оқушысы болатын. Тақырыптың аты: «Орталық симметриялы өз өсінен айналып тұрған дененің гравитациялық өрісіндегі қозғалыс». Бұл тақырыптың шығуының өзінше бір тарихы бар. 1954 жылы «Доклады АН СССР» деген орталық журналда Г.В. Скроцкийдің «Өз өсінен айналып тұрған дененің ауырлық күші өрісінің жарықтың таралуына әсері» деген мақаласы шықты. Бұл мақаланы шығару үшін редакцияға жолдама берген академик В.А. Фок. Н.М. Петрова маған ең әуелі, осы жұмыспен танысыңыз деді. Кейін осы таныстықтан жоғарыда айтылған дипломдық жұмыстың тақырыбы шықты. Біздің есебімізде жарықтың орнына массасы бар материалдық нүктенің қозғалысын зерттеу керек болды. Мен бұл есепті төтенше, өте қысқа жолмен – Гамельтон-Якоби теңдеуін пайдаланып шешпек болдым. Бізден бұрын осы теңдеу Шварцшильдің «Материялық нүктенің орталық дененің гравитациялық өрісіндегі қозғалысы» деген есебінде пайдаланылған. Біздің есебімізде осы орталық дене өз өсімен айналады. Бұндай есеп жаңа және қызық та еді. Жолымыз болып осы есепті шештік. Гамильтон-Якоби теңдеуіне айнымалыларды ажырату әдісін пайдаландық. Осы кезде қуанғаным-ай! Менің қуанышымды ғылыми жетекшім Н.М. Петрова және дипломдық жұмсымның рецензенті ҚазКСР ҒА астрофизикалық институт директорының орынбасары профессор Г.М. Идлис те бөлісті. Не керек, дипломдық жұмысты беске қорғадым. Оның үстіне ҚазКСР ҒА астрофизикалық институт директоры, КСРО ҒА академигі В.Г. Фесенковқа аспирантураға түсуге жолдама алдым. Алда физикадан мемлекеттік емтихан қалған. Бұл 1959 жылдың мамыр айы еді. Осы кезде кенеттен бір пәлеге ұшырадым. Мені ұлтшыл деп айыпқа тартты. Істің мән жайы былай. 1958 жылы күзде менімен жатақханада бірге жатқан қазақ баласы жасы үлкен, бірақ менімен бірге оқитын орыс баласымен айтысып қалады. Айтыстың басы орыс баласының: «Қазақтардың физикаға таланты жоқ» деген сөзінен шығады. Айтыс қызады, басқа студентер де жиналады. «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, орыс баласының солай айтып отырғаны, бізде, физика бөлімінде, жоғарғы курстарда қазақ балаларының саны өте аз болатын. Бірінші курсқа қабылдайтын барлық баланың саны 75 болса, оның ішінде тек оны ғана қазақ еді.
Меніңше, бұның себебі мынада болуы керек. Ол кезде физика-математика факультетінің физика бөлімі тек орысша болатын, қазақ бөлімі болмайтын. Оқуға түсерде біз сегіз емтихан тапсыратынбыз. Оның үшеуі орыс тілі – әдебиет, тіл, шығарма. Орыс, қазақ деп бөлінбейтін. Сондықтан, қазақ ауылдарынан, қазақша мектеп бітіріп келген біз сияқты балаларға орыс тілінен үш емтихан тапсырып, орыс балаларымен конкурсқа түсу өте ауыр да, әділетсіз де жағдай болатын. Оны ойламайтын орыс баласы жазған қазақтарды физикаға таланттары жоқ деп айыптайды. Айтыс қызады. Бір мезгілде қазақ баласы өз бөлмемде тып-тыныш ұйықтап жатқан мені оятып, қоярдан қоймай, дедектетіп айтыс болып жатқан жерге алып келсін. Мен де бұл айтысқа белсене кірістім, бір мезгілде, қызып алғаным ғой, біздегі оқуға түсер алдындағы алатын емтихандар тәртібі дұрыс емес, әділ емес, бұндай бостандық – буржуазиялы бостандық деппін. Тағы да біраз нәрселер айтқаным болуы керек, әйтеуір осы әңгімені мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жеткізеді. Бұлар менің сыртымнан тоғыз айдай бақылау жасаған көрінеді. Әйтеуір, құдай сақтап, басқа мұндай әңгіме болмағанға ұқсайды. Екінші бір жақсы болғаны, бұдан біраз жылдар бұрын КОКП-ның 20-шы съезінен кейін, 19-ға дейінгі жастарды саяси мәселелерге байланысты түрмеге жабуға болмайды деген өкіметтің қаулысы бар екен. Сөйтіп, не керек, менің жеке мәселем курстың кеңейтілген комсомол жиналысында қаралатын болды. Бұл жиналысқа қауіпсіздік комитетінің адамдары да қатынасты. Үлкен жиналыс болды, студенттер қыза-қыза сөйледі, соңында не керек, тамаша орыс достарым – С.П. Пивоваровтың, Э.Я. Вильковискийдің, Е.М. Якушевтің, т.б. студенттердің арқасында бұл жиналыс мен үшін дұрыс бітті.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: