Шерхан Жамбеков - Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары

Тут можно читать онлайн Шерхан Жамбеков - Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Спорт. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    неизвестно
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785005571885
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Шерхан Жамбеков - Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары краткое содержание

Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары - описание и краткое содержание, автор Шерхан Жамбеков, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Салауатты өмір салтын ұстану елдің болашағын асқақтатпақ. Ол үшін салауатты өмір салтын дұрыс ұстануды білуіміз қажет.Қолыңызда ұстап тұрған кітап салауатты өмір салты ұғымынашып, сұлу дене қалыптастырудың жолдарын көрсетеді. Бұлшық ет құрылымын түсіндіріп, оны дамыту жайында практикалық түрде дәлелденген әдістермен таныстырады. Дұрыс тамақтану, ұйқы және де ең бастысы жастарды дене тәрбиесіне баулудың жолдарын көрсетіп, елімізде спорт мәдениет қалыптастыруға қадам жасайды.

Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Шерхан Жамбеков
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары

Шерхан Жамбеков

© Шерхан Жамбеков, 2021

ISBN 978-5-0055-7188-5

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Мазмұны

Кіріспе… 3

I бөлім. Бұлшық ет өсірудегі жаттығудың рөлі… 5

1.1. Бұлшық ет құрылымы жайлы жалпы мәлімет… 5

1.2. Сұлу дене қалыптастырудағы жаттығу түрлері… 7

II бөлім. Дұрыс тамақтану мен ұйқының бұлшық ет өсуіне әсері.. 22

2.1. Дұрыс тамақтану – ағзамыздың талабы… 22

2.2. Ұйқы – бұлшық ет өсірудегі өте маңызды фактор… 26

2.3. Жас ұрпақты дене тәрбиесіне баулу… 28

Қорытынды… 33

Кіріспе

Өскелең ұрпақтың инновациялық түрде жетілуі әлемнің прогрессивті дамуымен қатар көптеген проблемалардың туындауына себеп болуда. Солардың ішіндегі ең өзектісі – жастардың дене тәрбиесіне мүлдем көңіл бөлмеуі.

Бүгінгі таңда кең көлемде таралып отырған артық салмақ мәселесі мен жүрек-қан тамырлары ауруы гиподинамияның салдары. Жастардың гаджеттерді шектен тыс қолдануы физикалық белсенділіктің төмендеуіне алып келуде. «British Journal of Sports Medicine» зерттеулері бойынша әлемдегі жалпы жұқпалы емес аурулардың 8%-ы физикалық белсенділіктің төмендігінен.

Қыркүйек айының жетісі мен он бесі аралығында өткізілген мектепішілік кішігірім зерттеу жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының физикалық белсенділігін анықтап, 1 аптада оны жаңа деңгейге шығардым. Зерттеуге физикалық қабілеттері мен белсенділіктері әртүрлі 6 қатысушы алынды. Зерттеудің алғашқы күні барлығының аптасына неше уақыт жаттығу жасайтындығын анықтап алдым. Орталама көрсеткіш 90 минутты құрады. Келесі күннен бастап, 1 апта бойы жоғары интенсивті жаттығулар жасалынды. Әр қатысушының деңгейі әртүрлі болғандықтан жаттығуларда сәйкесінше берілді. Апта бойы күніге 60 минуттан жаттығу, сонымен қатар, күрделі көмірсулар мен ақуыздарға бай тағамдар берілді. Зерттеу нәтижесінде алғашқы кезекте қатысушылардың сабақтағы белсенділігі 40%-ға артты, көңіл-күйлері 2 есе жақсарды, ұйқы балансқа келді. 6 қатысушының барлығында салауатты өмір салтын ұстануға деген құштарлықтың оянып, мақсаттарына жетуге жоспар құруды үйренгендігі байқалды. Бұл кішігірім зерттеу жұмысы, салауатты өмір салтын ұстану – адам өмірін аз ғана уақыт ішінде таңғаларлық дәрежеге жеткізуге болатындығын дәлеледеді.

Қазақ тағамтану академиясы, Ұлттық дұрыс тамақтану орталығы мен Профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шармановтың айтуынша Қазақстан халқының тең жартысынан астамы артық салмақ пен семіздіктің зардабын шегіп отыр. 2008 жылғы деректер бойынша 25—29 жас аралығындағы әрбір екінші әйел 50,6%, ер-азаматтар 45,4% артық салмаққа бой алдырған. Бүгінде бұл көрсеткіш одан сайын артып отыр. Жалпы әлемге келер болсақ, дүниежүзіндегі әлем халқының 1/5-і артық салмағы барлар қатарына кіреді. Артық салмақ мәселесі әлемдік ақуалға айналып отыр. Артық салмақ жәй ғана артық пайдасыз майлар емес, ол өз кезегінде көптеген өлімге итермелейтін аурулардың бастамасы. Жоғарыда айтылып өткен проблемалардың барлығы халықтың дене тәрбиесі бойынша сауаттылығының төмендігінен туындап отыр.

Бұлшық ет өсіру мен дене тәрбиесі адам өмірінің ең маңызды бөлшегі. Халықтың салауатты өмір салтын ұстануы, дене сұлулығына көңіл бөлуі – мемлекетті, қоғамды даму шыңына жеткізеді. Қарапайым салауатты өмір салтын ұстану қоғамда адам сенгісіз өзгерістер туындатқанда, дене тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлмеу күллі адамзатты деградацияға ұшыратады. Қазіргі таңда белең алып отырған дене тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлмеу, жастардың салауатты өмір салтын ұстанбауы сынды проблемалардың туындауына себеп пен оның алдын алуға байланысты әрекеттер осы кітапта қарастырылатын болады.

I-бөлім. Бұлшық ет өсірудегі жаттығудың рөлі

1.1. Бұлшық ет құрылымы жайлы жалпы мәлімет

Бұлшық ет – адам денесін қозғалысқа келтіретін мүше. Ол бұлшық ет талшықтарынан құралады. Бұлшық еттің негізгі міндеті денені қозғалту. Бұлшық ет қаншалықты шынығып, дамыған сайын, соншалықты қимыл еркіндігі де жақсы болады. Ал қимыл еркіндігі – ағзаның қалыпты жұмыс жасауын көрсетеді. Бұлшық ет 75% судан, 25% ақуыз, көмірсу мен түрлі минералдардан тұрады. Адам ағзасында 400-ден астам бұлшық ет бар. Организмдегі бұлшық еттерді негізінен үшке бөліп қарастырамыз:

1) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әртүрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады;

2) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады;

3) жиырылу процессін іске асыратын, жүрек бұлшық еттері.

Бұл кітапта алғашқы топ жайлы көбірек айтылатын болады Өйткені біз - фото 1

Бұл кітапта алғашқы топ жайлы көбірек айтылатын болады. Өйткені біз қарастырғалы жатқан бұлшық еттер осы топқа жатады.

Қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер жиырылады және қайта босайды. Бұл біршама күрделі процесс. Бұлшық ет – бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Талшықтар қан тамырларының қосылуымен құрылған. Қан тамырларының өзі саркомерлерден құралады, оның ішінде миофиюрилла. Саркомер екі жақтан Z дисктері арқылы шектеледі. Ол актин мен миозиннен тұрады. Актин бұлшық еттердің жиырылуына қатысатын регуляторлық ақуыздардан тұрады. Олар тропонин жәнетропомиозин. Қозғалтқыш нейрон қозуды миофибриллаға береді. Қозу әсер еткен кезде саркоплазмаға босап шығады. Кейіннен кальций иондары тропонинмен байланысып, тропонин тропомиозинді ығыстырады. Миозин мен Актин байланысады. Миозин Тропонинді артқа қарай итереді, соның нәтижесінде АТФ бөлінеді. Осылайша бұлшық еттер жиырылады.

Ұзақ жылдар бойы ғалымдар бұлшық ет талшықтарының зақымданып, қайта қалпына келуінен олар өсіп, нәтижесінде өскен талшықтар бұлшық еттің көлемін өсіреді деп тұжырымдаған болатын. Алайда соңғы зерттеу нәтижелері бұл тұжырымдаманы жоққа шығаруда. Бұлшық ет – кішігірім миофибриллалардан тұрады. Миофибрилла қозғалыс болған сәтте іске қосылады. Кішігірім, үйреншікті жаттығулар барысында миофибрилла зақымданбайды. Жаттығу үйреншікті деңгейден асқанда, яғни денеге ауыр жүк түскенде миофибриллалар зақымданады. Бұлшық ет талшықтары емес! Миофибриллдер жарылып, сұйықтық бөлінеді. Сұйықтықтың мембрананы итеруінен бұлшық еттің ауырғанын сезінеміз. Сүт қышқылының ешқандай да қатысы жоқ. Жаттығу ұзақ уақыт жасалына берсе, шашыраңқы тұрған миофибриллалар жиырылып, қатаяды. Нәтижесінде бұлшық ет өседі. Ал егерде 49 күн бойы мүлдем жаттығу жасамасақ, барлық бұлшық ет талшықтары, миофибриллалар қайта бұрынғы шашыраңқы қалпына келеді. 49 күннен кейін жасалған жаттығу дәл алғашқы кезде бастағандай әсер қалдырады. Денені шынықтырмау бұлшық еттің өсуін тоқтатпайды. Бұлшық еттің өсуі анаболикалық процесс, ол өздігінен де өсе береді. Қосымша, денеге ауыртпалық түсірер болсақ, бұлшық ет өсуін жылдамдатамыз.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Шерхан Жамбеков читать все книги автора по порядку

Шерхан Жамбеков - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары отзывы


Отзывы читателей о книге Салауатты өмір салтын дұрыс сақтау жолдары, автор: Шерхан Жамбеков. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x