Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ

Тут можно читать онлайн Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Биографии и Мемуары, год 2022. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ краткое содержание

Өмір – сынақ - описание и краткое содержание, автор Анар Мешимбаева, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Он жыл мемлекеттік қызмет атқару, қуғын көру, тұтқындалу, жасөспірім қызынан қол үзу, бюджеттік ақшаны жымқырды деген жалған айыппен айыпталу. Мұндай сценарий детективті фильмге тап- тырмас сюжет болар еді. Бірақ бұл кітап өмірде болған шынайы оқиға- лардан тұрады – мың күндік сенім, сүйіспеншілік, үміт пен сынақтан құралған тағдыр.
Авторы – Анар Мешімбаева – Қазақстан Республикасы Стати- стика агенттігінің 2007-2009 жылдардағы басшысы.

Өмір – сынақ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Өмір – сынақ - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Анар Мешимбаева
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Кешке таман сол жігіт туралы сіңліме айттым: «Ойында дым жоқ, бақытты боп отыр еді…». 2009-жылдың жазында сәт сайынғы мемлекеттік-құқық қорғаушылар қысымынан кейін мұндай алаңсыздықты көру ғажайып болып еді.

– Әркімнің өз өмірі бар, көңіл күйі жақсы болған шығар, – деді менің кішкентай ақылды сіңілім.

Тұтқындау, тергеу, тың тыңдаулардан кейін сондай бақытты адамды көру жарық күнді көргенмен тең еді. Алғаш Астанаға келгенде жасыл жапырақты жаздың ортасында бір-ақ байқағам. Сол секілді. Ол кезде күні-түні жұмыс істей беретінбіз. Көктем қалай өтіп кеткенін байқамай қалыппын. Негізі алты ай қыстан соң табиғаттың дүр сілкініп, оянатын кезін тамашалауды жақсы көремін…

Уақыт қызық өтеді. Өмірдің әр кезеңінде әртүрлі құбылыстарды байқаймыз. Оларды әртүрлі бағалаймыз. Адам жаны бір құбылысты әр кезеңде әртүрлі қабылдайды…

Қыркүйек

.

2009

–жыл

Санақ бланктерін өңдеу өңірлерде үлкен өндірістік сканерлерде жүргізілді. Мен өңірлерді асықтырдым. Егер санақтың қорытындысын тезірек берсек, бұл орынбасарларымды босатуды жылдамдатады деп ойладым.

2009-жылы бірінші қыркүйекте Президент Парламент сессиясының ашылуында санақтың қорытындысын жариялады.

Бір аптадан соң мені Премьер-министр шақыртты.

– Президент айтты – саған уақытша елден кету керек.

– Мен кете алмаймын. Егер мен кетсем, бәрі мені кінәлі деп ойлап қалады. Мұны Президентке айта барыңызшы.

Ол айтып барамын деп уәде берді. Екі аптадан соң нығырлап қайталады: бір-бір жарым жылға кете тұруың керек, бәрі реттелген соң қайтып келесің.

– Кетпеймін десемші?

– Сені тұтқындауы мүмкін. Сонда мен сенің көзіңе қалай қараймын?

– Ал, сіз менің көзіме қарамаңыз.

Адам ойланбай сөйлегенде шындықты айтады. Ол зілсіз қалжыңға мұңая күлді. Не істерімді білмедім. Егер мен кетіп қалсам, кінәлі деп айтары сөзсіз. Адвокатқа келдім. Мен де сыбырлап сөйледім:

– Маған кетіп қал деп жатыр.

Адвокат менің кетуіме үзілді-кесілді қарсы болды. Маған преюдицияны түсіндіріп әлек – істі қарайтын барлық соттың міндеті бір, басқа іс бойынша сот үкімі күшіне енсе, фактілерді дәлелін тексермей қабылдайды, тіпті сол адамдар қатысып жатса да.

– Егер сіз кетіп қалсаңыз, орынбасарларыңызды соттайды, қылмыс жасалмады дегенді дәлелдей алмай қаламыз.

– Маған орынбасарларым сотталмайды деп уәде берді.

Қолын көкке көтеріп:

– Біз не істей аламыз? Егер бұл бірінші адамның пәрмені болса.

Кімге сенерімді білмеймін. Сондықтан Түркияға барып оншақты күндей күткім келді. Бәлкім, басшылық менің кетісім туралы шешімін өзгертер деген аңғал ойға бекідім.

Ең ірі деген туристік агенттіктерді араладым. Түркияға турлар ең арзаны. Бірақ, бәрі жабылып қапты. Ақырында сол жаққа ғана баратын чартер рейс табылды. Қайтатын рейс – тұрақты түрде. Екі жаққа да билет алдым. Басшылық мені қайтарып алар деген дәмем бар.

Кешке таман қызым екеуміз заттарымызды жинадық. Екеуміздің де орташа шабаданымыз бар. Ешбір күдік тудырмауымыз керек. Ішімде әлдене азынап тұрғандай. Ел басшыларының айтуымен кетіп бара жатырмын, бірақ тек ауызша пәрмен. Алайда, бәрібір жасырынып кетіп барам.

Сол пәрменді сол күйі түсінбедім. Мені елден қуып шығып, бар кінәні маған жаппақшы ма? Әлде мені қуып шығып, бәрін ұмыта сала ма? Басшылық шын мәнінде құқық қорғау органдары тексеріп, анығына көз жеткізеді дегенге сенгім келеді. Сосын мен елге тып-тыныш оралармын.

Қалсам ба? Кетсем бе? 2009-жылдың күзінде бұл сұрақтарға басымды көп қатырмадым. Мен Президентке қатты сендім. Егер ол пәрмен берсе, ендеше тексеріп, анықтайды.

Есесіне кейін көп ойландым. Тексерудің орнына бәрін соттай салды.

Егер мен кетпесем, істің насырға шабуына кедергі бола алар ма едім? Бірақ, қалсам, мені де соттап, бәрімізді лагерьлерге тоғытар еді. Бір ғана айырмашалық болды. Орынбасарларымның балалары аналарымен, олардың әйелдерімен қалды. Менің күйеуім жоқ, қызымның қасында қалатын әкесі болмады. Біз екеуміз ғана болдық. Отбасымыз кішкентай болғанмен, өте тату едік. Қызымның жасы ол кезде небәрі 14-те еді. Жасөспірім кезі.

Менің ата-анам Өскеменде тұрады.

Ала жаздай әкеме Астанаға келуге рұқсат етпедім. Оның да соңына тыңшыларды қояды деп қорықтым. Тура біз ұшып кететін түні әке-шешем туыстардың тойына келіпті. Аз уақытқа болса да кездестік. Бірақ, оларға ұзақ мерзімге кетіп барамыз деп айтпадым. Қоштастық. Демалып келуге рұқсат берді дедім. Екі аптадан соң ораламыз дедім.

Бұл сынақ бүкіл отбасыма ауыр тиді. Әселдің күйі қандай болғанын ол өзі айтып берсін.

Әсел: Өзгеріс

Жаңа оқу жылы басталып жатқан. Сегізінші сынып еді. Көңіл күйім күрт өзгере салатын боп кетті. Бұл жасөспірімдерге тән құбылыс шығар. Мектепке мүлде барғым келмейтін. Осы тілек дүниежүзі бойынша қаншама көп баланы біріктіретінін білсеңіз, таң қаласыз. Қоғамдағы механизм оқу құрылымын қызықты әрі жақсы жағына өзгертуге келгенде сондай жайбасар, сондай күрделі болатыны несі екен? Сабақты ойласам, фәни дүниенің күллі қайғысы мен мұңын арқалап жүргендей сезімде бола берем. Мектеп бағдарламасы маған түк қызық емес еді. Бұл жылы өтетін сабақтарды ойлағанда, уайым кешіп кететінмін. Маған ұнайтын бір ғана дүние – жаздық демалыста үйден оқыңдар деген әдеби кітаптар еді. Кітапты мектептегі оқусыз-ақ оқи алатынымды түсінетінмін. Сонда мектеп маған не үшін керек деп бас қатыра м . Ала жаздай атам мен апамның үйіндегі демалыстан оралған соң күндіз-түні мектепке бармай қалсам екен деп тілек тілеп, дұға жасадым.

Қыркүйектің бас жағында бір күні анам жұмыстан оралды да, Түркияға демалуға кетеміз дегенде таң қалдым! Қуанышымда шек болмады! Сол сәт те өзімді ғаламды уысында ұстайтын әміршідей сезіндім. Оқу жылының басында кетіп қалу – тосын жайт. Әсіресе, оқу өте маңызды деп, себепсіз мектептен қалуға рұқсат бермейтін анам айтып тұрса, мұнда бір гәп бар. Анамның көңіл күйі де бір түрлі еді. Ол өте байсалды болды. Екі апта бұрын ең қажетті заттарды жинап, шабаданды қамдау бұйырылды. Ешкімге ештеңе айтпа деді. Мен айналама не болып жатқанын айтып үйреніп қалғанмын. Сондықтан үндемей кетіп қалу мен үшін ауыр сынақ болды. Бірақ , бұл құпия басқанікі ғой, айтпаймын деп уәде бергендіктен – оны орындау оңай. Енді өзгенің алдындағы парыз деген дүние оянды. Екі апта үнсіз жүрдім. Ешкімге қуанышымды да, алаңымды да айтпадым.

Біз түн ішінде жолға шықтық. Бұл маған ұнады. Аспан да қаптаған жұлдыз, әдемі. Бізді апарып салған достар көлігінің соңынан басқа көлік ерді. Ересектер мұны бірден байқады. Ауада беймазалық сезілді. Мен тек өзіме қатысты дүниелерге мән беріп, айналама мүлде бейжай болғаныма таң қаламын. Менің жаңалық оқымайтын әдетім бар. Соның да кесірі тиген болу керек. Анамның ісі туралы түк білмедім. Анам менен ештеңе жасырмауға тырысатын. Бірақ , істің барысын да айтып тәптіштемейтін. Мені мазасызданбасын деп, оның үстіне достарыма айтып, бөліспесін деп ештеңе айтпаған-ау. Анам сырт әлемнің жағымсыз жақтарынан мені барынша сақтауға тырысатын. Содан да болар ғарыштан түскен аңғал қыз болып қалғаным.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Анар Мешимбаева читать все книги автора по порядку

Анар Мешимбаева - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Өмір – сынақ отзывы


Отзывы читателей о книге Өмір – сынақ, автор: Анар Мешимбаева. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x