Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ
- Название:Өмір – сынақ
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:2022
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ краткое содержание
Авторы – Анар Мешімбаева – Қазақстан Республикасы Стати- стика агенттігінің 2007-2009 жылдардағы басшысы.
Өмір – сынақ - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Әсел: Бірінші сұмдық
Менің аз өмірімде өлгім келген екі жағдай болды. Мәскеудегі алғашқы екі ай – сондай ауыр кезең болды. Мектепке барғым келмейді деген жетінші сыныптан басталған қиғылығым сол күзде әншейін ойыншық боп қалды.
Қорқынышты түс көргенде денеңді зіл-батпан басып, бастырылып қала беретін, тұйық кеңістікте қап кететін сәттер болады ғой . Мәскеудегі алғашқы екі ай сондай ауыр болып өтті. Сол қорқынышты түстерді еске алатын адам түсінер. Әрине, көп адам бұдан да ауыр қиындықты бастан кешеді. Бірақ , менің өмірлік тәжірибемде сол күндер – ең ауыр күндер болған екен. Әзірге, мен көрген ең ауыр қиындық тек сол күндер болғанына шүкір.
Біз аядай пәтерге қоныстандық. Хрущевка болғандықтан асүйі тіпті тар . Екі адам зорға с и яды. Залда созылатын диван. Диванды жазғанда төрде тұрған жазу үстеліне бір адам әрең өтетін. Себебі, қарсы қабарғада шифоньер тұратын.
Көшеге көп шығуға рұқсат жоқ еді. Анама іздеу салған. Орталыққа бармайтынбыз. Мен үшін ең күшті демалыс іргелес жатқан Макдональдсқа бару еді. Бағыма қарай, өзімнің үлкен Asus ноутбугымды ала шыққанмын. Интернетке шыға алатынбыз. Анам жаңалық аңдитын. Мен әлеуметтік желіде отыратынмын. Шын мәнінде анам онда отыруға тыйым салатын. Неге тыйым салатыны түсінікті. Менің ВК-дағы парақшам арқылы, сонда хат жазысқан достарым арқылы бізді тауып алуы мүмкін еді. Бірақ , мен ол кезде шын қауіпті түсінбеппін. Анам асүйде, не ұйықтап жатқанда ВК-ға кіріп тұратынмын.
Көп уақытым сабаққа кететін. Қазақша оқулықтарды өртеп тастағым кел ді . Анам бір тараудан соң екіншісін оқуға көмектесетін. Тар пәтердің тымырсық ауасында миым бұрынғыдан да нашар істейтін. Оқудың еш пайдасын көрмедім. Оқуға деген ниеттің болмауы, мені тоқырата берді. Терезенің сыртында сұп-сұр әлем. Түк білмеген кездерімде анам ашуланатын. Анамның ашуынан қатты қорқатынмын. Әдетте мейірімді болатын анаңның ашуынан жаман ештеңе жоқ. Мен өксіп-өксіп жылайтынмын.
Оқулықтарды үнемі жауын жауып тұратын аулаға терезеден лақтырып жібермегеніме таң қалам. Анамнан қатт ы қорыққанмын ғой. Бір айдан кейін көзімнің жасын бұлап, анама мені мектепке беруін өтіндім. Сынақ деген осы екен. Өз еркіммен сұрандым! Мені мектепке берші дедім! Ха! Нағыз тағдыр тәлкегі. Біздің достарымыз мені мектепке орналастырып берді. Біраз уақыттан соң мектептің жанында екі бөлмелі, терезесі үлкен пәтерге көштік. Мектептен үйге дейін бес минуттық жер. Таза ауа жұтқандай болдық. Әрине, жаңа пәтер Астанамыздағы өзіміздің пәтерімізбен салыстыруға еш келмейтін. Біздің үйді анам өз қолымен үйлестіріп толтырған. Әр елден әкелген әдемі кәдесыйлар ы мызбен безендіретінбіз. Біздің бүкіл дүниеміз, менің ойыншық пен компакт-дискілерім толып тұратын жарқын бөлмем. Соның бәрі жоққа тән. Екі ай тозақтан соң жаңа өмір сонша қорқынышты еместей көрінді.
Таяу және қиыр шетелдегі достар
Мәсеуге келген алғашқы аптада ата-анаммен сөйлеспедік. Бірақ, олар бізді уайымдап отыр деген ой маза бермеді. Олар күн сайын қоңырау шалатынын білдім. Бәрі жақсы болады деп шамам жеткенше түсіндіруге тырысып, жуырда Қазақстанға ораламыз деп сендіріп, телефон ауыстыруыма тура келді. Төрт жыл бойы қызының қайда жүргенінен бейхабар болу, қызы мен жиенінің қуғын көруінің азабын тек бастан кешкен адам ғана түсінеді деп ойлаймын.
Кейін Алматы маңындағы лагерьге түскенімде, ата-анам келіп кетіп жүргенде, қаншалықты қиналғандарын айтып берді. Өскемендегі үйлеріне тергеушілер келіп, менің қайда жүргенімді сұраған. Менің қайсар анам олардың өзіне тарпа бас салып, қызы мен жиенін тауып беріңдер деген. Барша туыстары, достары, әріптестері ата-анама қолдау білдірген. Бейтаныс жандар әртүрлі мінез көрсеткен – біреу аяушылық білдіреді, біреу білдірмейді дегендей… Таң қалған, аяушылық білдірген, қорыққан, сұғанақ көзқарастарды екі орынбасарымды отырғызған кезде төрт ай бойы сезінгенмін. Ал, ата-анам біздің қуғында жүрген төрт жылда соған төзген.
Маған іздеу салған алғашқы ай мен күндерде сыртқа шығуға қорқатынмын. Астанадағы төрт ай бойы тыңшылар мен бақылаудан кейін айналамның бәрі мені аңдып жүргендей көрінетін. Мені қаншалықты індетіп іздеп жатқанын білмедім. Жағдайдың түсініксіздігі үрейді үдете береді екен.
2010-жылы бізді еуропалық достарым іздеп келді. Театрға бардық. Ұзақ уақыттан бері ел алдына шығуым сол болды. Бәрі жақсы өтті. Қызым бірінші рет опера көрді. Мен үшін бірнеше сағат еркіндік болды. Екінші күні тарихи орындарды араладық. Үшінші күні костелға (поляктың католик храмы) барып, классикалық музыка тыңдап қайттық. Жаңа жыл қарсаңы еді. Рождество. Дінімізге қарамастан бізге де сыйлық бұйырды.
Менің телефонымды Қазақстанда бір ғана жақын досым білді. Оған нөмірді бір ғана мақсатпен бердім – мені естеріне түсіріп, іздесе, қандай да бір шара қолдануым керек боп жатса, хабарлас деп. Біздің көшіп келгенімізден соң екі жылдан кейін, 2011-жылы ол маған қонақүйдің телефонынан хабарласты. Мен барлаушы сияқты бірден: «Қандай телефоннан хабарласып тұрсың?» – дедім.
– Қонақүйден.
– Қандай қонақүйден?
– Елшіліктегі…
Мен бірден тұтқаны қоя салдым. Қазақстанның Мәскеудегі елшілігіндегі қонақүйден хабарласу – Астанадағы Үкімет үйінен хабарласқанмен пара пар.
Ол сырттан қайта хабарласты. Жаңалық жоқ. Кездескім келмеді. Оның ізін аңдыған тыңшылар бар болар деп қорықтым.
2012-жылдың жазында ол тағы да Мәскеуден өтіп бара жатып хабарласты. Кездесейік деп қоймады. Кездесуіміз детективке айналды. Кешкі 20.30-да саябақтардың біріндегі үлкен монумент жанында жолықпақ болдық. Монумент барлық жағынан бірдей көрінгенмен, шын мәнінде әртүрлі боп шықты. Бір-бірімізді іздеп жарты сағаттай жүрдік… Бір-бірімізді тапқанда, күн батып бара жатты… Оның жарты сағаты ғана қалды. Отыз минутта не сөйлесуге болады? Ол біздің қалай өмір сүріп жатқанымызды сұрады. Елде не жаңалық, не өзгеріс деп мен сұрадым.
Қазақстаннан тағы бірнеше достарым хабарласуға тырысты. Бірақ, мен өзімді де, оларды да орға итермелегім келмеді.
2010-жылдың маусымы. Интернетті аштым. Соттың үкімі – Біржанға бес жыл. Санақ бойынша орынбасарым – Нұрланға алты жыл кесіпті. Алғашқы ойым – дереу Астанаға ұшу. Бәрін реттейміз, анықтаймыз деп еді ғой…
Достарым: «Сен барғанмен түк шешілмейді», – деді. Барсам, солармен бірге бірден отырғызады. Қал деп көндірді.
Тағы да күту. Орынбасарларымды кінәсіз отырғызғандар – менің кінәсіз екеніме сенетіндей аңғалдық.
«Әмірлік»
2012-жылдың сәуірі. Интернетте мен туралы жаңалық. Не деген бассыздық – мені Араб Әмірліктерінен тауыпты!
Араб Әмірліктерінде өмірімде бір рет қана болдым, онда да транзитпен өтіп бара жатып. 2005-жылы.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: