Айнур Аймурзина - Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер

Тут можно читать онлайн Айнур Аймурзина - Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Прочая документальная литература, год 2022. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Айнур Аймурзина - Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер краткое содержание

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - описание и краткое содержание, автор Айнур Аймурзина, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Әр адам бала кезінен оны сүйетін әрі болашағына үлес қосатын ересектердің ортасында болады. Олар – ата-анасы, ағалары, тәтелері, ата-әжелері. Сол жандардың сүйіспеншілігі, кеңестері мен қолдауының арқасында бала сүйеу мен өзіне деген сенімділікті сезініп өседі. Алайда жанында мұндай ересектері жоқ жетімдер де бар ғой. Достықтың өлшемі бар ма? Құрылған жұптағы ересектің де, баланың да қол жеткізген нәтижелерін қалай анықтауға болады? Кітапта тәлімгерлер мен қамқорлықтағы балалардың жеке оқиғалары және жоба үйлестірушілерінің түсініктемелері топтастырылған. Жинақтан өзіңіз үшін маңызды жауаптар табарсыз деген үміттеміз. Егер «Тәлімгерлер» жобасына қатысу жайлы ойланған болсаңыз, бәлкім, шешімге келуіңізге кітаптың септігі тиер.

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Айнур Аймурзина
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Естен кетпес сәттермен бөліссең?

– Біздің балалар үйінен сырт жерге алғаш шығуымыз есімде қалды. Сол кезде мен досымды ертіп алдым да, бәріміз Көктөбеге барғанбыз. Ол жерде алғаш рет болуым еді. Біз серуендедік, төбешіктен сырғанадық, сосын horror квестке бардық. Өте көңілді болды.

– Тәлімгерге айтар тілегің қандай?

– Мен үшін Александра – әрі досым, әрі тәтем. Мен одан әрқашан көмек сұрай аламын. Ол – жақын адамым. Сондықтан ауырмасын, әрдайым дені сау және бақытты болсын деп тілеймін!

Жоба үйлестірушісінің пікірі

Александра Нұрзатқа аса зор мән береді, сол себепті ол үшін ең қатты уайым – қамқоршылықтың рәсімделуі болды.

Тәлімгер жаңа отбасында бәрі жақсы болатынына, бұл жайттың олардың қарым-қатынасына кедергі келтірмейтініне көзін жеткізгісі келді. Қамқоршының өзімен танысқан соң ғана Александраның көңілі жайланып, олардың кездесулері бұрынғы қалпынша жалғасты. Қамқоршы олардың қарым-қатынасына кедергі келтірмейді, тіпті жағдай жасайды.

Ерлер жайлы

«Басқа адаммен дос болу, қолдау және қамқорлық жасау».

Тәлімгер – Берік, 38 жаста

Қамқорлықтағы балаЖеня, 16 жаста

5 жылдан бері жобада

Берік Осы жобаға енген кезімде әрине қанша мәселені шешуім тиіс болатынын - фото 4

Берік

Осы жобаға енген кезімде, әрине, қанша мәселені шешуім тиіс болатынын білмедім. Қиындықтар болды және де олар көп еді. Барлығын бірдей емес, тек бір оқиғаны ғана айтып өтейін. Женя балалар үйіне түскенде, бір айдан соң туған анасы келіп, оны алып кетуге уәде береді.

Бірақ келесі жолы ол бір жылдан соң ғана келді. Бір жылды бала анасы алып кетеді деп күтумен өткізді. Бұл оған өте ауыр болған еді. Терең мұңға оранып, өзін тастанды көру, сенбеу және тұйықталу сияқты сезімдерге бой алдырды. Біз де Женямен осындай сәтінде таныстық.

Біздің қарым-қатынасымыз үшін маңызды ең бірінші нәрсе – баланың сезімі мен мұқтажын ұғынуға тиіс болдым. Сонымен бір мезгілде қатар мен өз эмоцияларым мен қажеттіліктерімді білдім. Сондай-ақ мен жобада зейін қойып тыңдауды, өзімде және Женяның бойында өзін көрсету дағдысын дамыттым. Дос болуды, қолдау көрсетуді және өзге адамға қамқорлық жасауды үйрендім.

Екеуіміз бірден ағылшынша сөйлеуді үйрену керек деген мақсат қойдық. Өкінішке қарай, біз оған әлі жете қойған жоқпыз. Жұмыс жасаудамыз.

Маған Женяның бойындағы көп нәрсе ұнайды, мысалы, тамаша әзілқойлығы, ерекше ойлауы, жігіттік жігері, жеңілуді ұнатпайтындығы, қайырымдылығы. Осы жылдарда ол шат көңілді, жігерлі, тапқыр жанға айналды және қазір шешімді де нық қабылдайды. Мен үшін Женя – тамаша дос.

Оның әрдайым іс пен уәдеге берік жан, от жүректі, батыл жанды жігіт, сенімді дос, табысты қайраткер және жарқын тұлға болуын тілеймін! Осы өмірдің дәмін татып, одан мол күш-жігер алуын, зор сабақ тоқуын қалаймын!

Женя

Берік – маған аға әрі досым. Ол өте мейірімді, адал, әділ. Әрқашан шындықты айтады, сөзім тәтті болсын деп бұрмаламайды. Мұнысын дұрыс санаймын. Оның тіке айтар турашылдығын бойыма сіңіргім келеді. Ол мені дұрыс ойлауға, талдау жасауға, адамдар жөнінде ойлануға, дұрыс қадам жасауға және тығырықтан шығар жол табуға баулыды. Тағы ас әзірлеуді де үйретті. Маған оның үйіндегі кездесуіміз, әсіресе, тамақ әзірлеген кезіміз ұнайды. Біз түрлі тағам әзірлеуді жиі байқап көреміз. Бірде тұмшапеште үйрек дайындадық. Өте дәмді болып шықты. Ас әзірлеу зор танымдық дүние екен және даярлау барысында маңызды тақырыптарда сөйлесеміз. Тағы компьютерлік ойындарды бірге ойнағанымыз да есімде қалыпты. Бұл – көңілді. Мінсіз жан Мінсіз адам қалпын сақтау өте қиын Тәлімгер Гүлайша 34 - фото 5

Мінсіз жан

«Мінсіз адам қалпын сақтау өте қиын».

Тәлімгер – Гүлайша, 34 жаста

Қамқорлықтағы балаАнна, 17 жаста

6 жылдан бері жобада

Гүлайша Айша апай мен бұрын бай адамға тұрмысқа шықсам жақсы пәтерде - фото 6

Гүлайша

«Айша апай, мен бұрын бай адамға тұрмысқа шықсам, жақсы пәтерде тұрсам, ештеңе жасамасам дейтінмін. Бірақ қазір ол ойымнан айныдым. Сіз сияқты жұмыс істеп, ақша тауып, пәтерді өзімнің адал еңбегіммен сатып алуды қалаймын». Дәл осы сәтте мен оған қатты ықпал ететінімді ұқтым.

Жалпы, балалар үйінің балалары – өзгелерден еш өзгешелігі жоқ, сол кәдімгі балалар. Бірақ сіздікінен тамаша қоғамда тәрбиеленген ересек адамды кездестірсеңіз, онда қарым-қатынасты нөлден орнату қажет. Бізге қиын тиді, алайда бұл ортақ тіл табыса алмағандықтан емес, менің жеке өмірім мен жұмысымдағы қатар жүріп жатқан қиындықтардың әсерінен еді. Тепе-теңдікті сақтау және Анямен ресурстағы қарым-қатынасты ұстау өте қиын болды. Менің оған шамам да қалмаған еді. Сондықтан өзімді Аняға тек жақсы қырымнан ғана көрсетуге тырыстым.

Уақыт өте келе кемшіліктен ада мінсіз адам болып қалу қиынға соқты. Кейін мен мұның бәрі жасанды екенін, жақын жандарымыздың жанында біз өзімізді бұлай ұстамайтынымызды ұқтым. Жақындарымыз бізді бар артық-кемімізбен қабылдайды емес пе, мен де бұл кедергіні жеңе алып, Аняға шынайы ашыла бастадым. Бүгінде Аня менің жақын әрі туыс адамыма айналды, біздің байланысымыз өмір бойы жалғасады деген үміттемін.

Маған Аняның ішкі қуаты мен мықтылығы ұнайды. Қиын сәтте өзінің сол мінезіне сүйенеді де, дұрыс ой түйеді. Сондай-ақ оның ашық-жарқындығы мен көпшілдігі ұнайды. Маған тіпті мұндай қасиетке ие балаға менің ешқандай ықпалым болмайтын сияқты да көріне бастады. Тек бірде өзі менің оған үлгі екенімді айтқанға дейін солай болған еді.

Аня балалары көп әрі тату отбасы жайлы армандайды. Мен оның барлық арманының орындалуын, қасында тек мейірімді, оны жақсы көретін жандардың болуын, бойындағы оптимизмін, оң көзқарасын жоғалтпауын тілеймін.

Анна

Бұрын мен өте ұялшақ едім, анам мен әпкемді өзіме жуытпайтынмын. Айша апаймен танысқан соң ұялшақтығымды жеңіп, әпкем екеуіміздің қарым-қатынасымыз реттелді. Оның да сіңлілері бар, олардың қарым-қатынасын көріп, менің де сол сияқты болғым келді. Әрі оқуға деген құлшынысым оянды.

Бізді тәлімгерлермен алғаш таныстырғандағы кездесуіміз есімде қалды. Маған ол сол кезде қатты ұнаған. Тағы да біз оған куртканы қалай таңдағанымыз да әлі есімде, себебі, жарасатын-жараспайтынына, қандай материалды таңдаған дұрыстығына қатысты үнемі менің пікірімді сұрай берді. Мен үшін бұл таңданарлық жайт еді, өйткені маған ересектер бәрін өздері шешетіндей көрінетін. Ал соңғы кездегіден есімде қалғаны карантин кезінде оның күтпеген жерден келуі еді. Сол сәтте мен көшеде серуендеп жүрдім, ол келеді деп ойламаған едім.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Айнур Аймурзина читать все книги автора по порядку

Айнур Аймурзина - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер отзывы


Отзывы читателей о книге Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер, автор: Айнур Аймурзина. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x