Серік Асылбекұлы - Күзгі романс
- Название:Күзгі романс
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:2020
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Серік Асылбекұлы - Күзгі романс краткое содержание
Күзгі романс - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Назым. Шашылып қалған заттарына дейін жинастырып жүремін де. Менің заттарым шашылып қалса ғой, еңкеюге де ерінер едің. Ал қайдағы бір албастының заттары шашылса…
Сайлау. Сен біреудің арына тимей сөйлей алмайсың ба осы?!
Назым.Кімнің-кімнің?!
Сайлау.(Даусын көтеріп, орнынан ұшып түрегелді). Албастың не енді?! Ол да кәдімгі … Сен секілді… нормальный әйел…
Назым.Ойбай, мынау қайтеді-әй! Әй, сенің не қимаң қышып бара жатыр, а? Айтсам, мен сені емес оны айтып тұрмын ғой. Айтпақшы, осы жаңа сен не дедің?
Сайлау.Ол да сен секілді нормальный әйел дедім. Тіпті…
Назым. Тіпті?!. Ал сонан соң… Тіпті менен де артық демексің ғой. Кәне, жоғал, қараңды батыр бұл үйден! Қазірден бастап табаныңды жалтырат!.. Ойбай-ау, бұл бүгіннен бергісі аздай, тіпті дейді ғой маған!..
Сайлау.Сен шын айтып тұрсың ба?
Назым.Болды, сөйлеме! Қазір ана киім-кешектеріңді ал да, қайқай!..
Сайлау.Енді айтып болайын да аяғына дейін…
Назым.Өшір үніңді!.. Керек еді маған сендердің любовный историяларың. Мүмкін сенің маған онымен бірге қалай жатып шыққаныңды да айтып бергің келіп тұрған шығар?!
Сайлау.Түһ, сен де бір!.. Егер сенсең, екеуміздің арамызда дәл сен ойлағандай ештеңе болған жоқ! Қандай мнительный адамсың…
Назым.Немене-немене?..
Сайлау.Мнительный, күдікшіл деймін…
Назым . Ал сенің өзің ше? Сен сондай идеальныйсың, ә!?. Кереметсің, ә?! Сендей еркек дүние жүзінде жоқ, ә?! Ой, қандай противныйсың!.. Мен саған шық дедім ғой бұл үйден!
Сайлау.( Кенет батылданып ). Қазір-қазір… Өзімнің де осы үйден қарамды батырғым келіп жүр еді…
Сайлау стенканың есігін ашып, біртіндеп киім-кешектерін, өзіне тиесілі басқа да заттарын жинастыра бастады. (Назымға бұрылып). Менің ана командировкаға шыққанда ұстайтын польский қара чемоданым қайда?
Назым.Мен сенің чемоданыңның күзетшісі ме едім? Тап өзің керек болса! Вообще, енді сен менен бірдеңе сұрағаныңды қой, біз екеуміз бүгіннен бастап айырылысқан адамдармыз!..
Сайлау. (Костюм-шалбарын, көйлек-көншектерін, іш киімдерін, шұлықтарын диванның үстіне пәттелеп қойып жатып). Жарайды, жарайды!.. Так… Заттар түгенделген сияқты. ( Үстіндегі костюмінің қалтасын қарманып ). Паспорт – қалтада. Енді чемоданды табу керек.
Жан-жағына алақтап сәл тұрды да, жалма-жан астына орындық қойып, антресольдің ішін ақтара бастайды.
Назым. Ақтарма оның ішін, әдемі жинаулы тұрған заттарды бүлдіресің, бүлдіргі!..
Сайлау. Мен чемоданды іздеп жатырмын.
Назым.О жерде жоқ чемодан!…
Сайлау.Айтсаңшы енді, қайда?
Назым.Бүгіннен бастап біздер айырылысқан адамдармыз, менен енді ештеңе сұрама дегенім қайда жаңа ғана!? Не қылған кещесің!
Сайлау.( Басын шайқап, орындықтан түсіп жатып ). Не деген мәдениеттілік!..
Назым. Мәдениетің өзіңе, білдің бе! Еще бұған мәдениеттілік керек!
Сайлау басын шайқаған күйі келесі бөлмеге қарай бет алды. Чемоданды іздеуге. Арғы бөлмеден чемодан іздеп жүрген Сайлаудың тасыр-тұсыры естіліп жатады. Арада 2-3 минут өткенде қолына спорттық сумка ұстап, залға қайта оралады да, сумкаға жаңағы диванның үстінде тұрған киім-кешектерін пәттелеп сала бастайды. Алайда, оқиғаның барысын мұқият бақылап тұрған Назым күйеуінің бар еңбегін жоққа шығарып, оның қолындағы сумканы жұлып алады да, ішіндегі заттарды қайтадан диванның үстіне ақтарып тастайды.
Назым.Тиюші болма бұған! Бұл – Арманжанның тренировкаға апаратын сумкасы!..
Сайлау.Чемодан болса жоқ, ал сумканы тағы бермейсің. Сонда мен мына киім-кешектерімді қайда салуым керек?
Назым.Қайда салсаң онда сал! Қапқа сал, дорбаға сал! Арманжанның сумкасына тиісуші болма!..
Сайлау.Оу, жарқыным! Осы үйге менің де бір сумканың құнына татырлық еңбегім сіңген шығар?..
Назым.Ешқандай да еңбегің сіңген жоқ! Пә»терді де он жыл кезекте тұрып өзім алдым. Мебельді де, бәрін де! Ең ар жағы телефонға дейін өзім құрғыздым ғой. Өтірік деші!.. Ал сен жүрдің ана шуылдақ әртістеріңді ертіп, гуляйтты салып! Зөіңше режиссермін, ондаймын-мұндаймын деп көкіректенесің. Ал қолыңнан түк келмейді. Міндетсіп тұрғаның менің етігімнің бір сыңарына да жетпейтін қайыршының асындай айлығың ба?! Ол өзіңнің ішіп-жеуіңнен де ауспайды, білдің бе! Өмір бойы менің мойныма мііп алғансың, ал мен байғұс осының бәрін тірнектеп жинаумен келемін. Арамтамақ!..
Сайлау.Так-так!..
Назым. Не так-так!.. Жиырма жыл театрда жүргенде ең болмаса жөні түзі бір спектакль қойсаң екен-ау! Кілең бір халтура! Өңшең бір – ах-ох!.. Уһ!.. Жалған патетика, өмір шындығына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын өтірік сюжеттер!.. Жөнді-жөнсіз айқай-шу, тасыр-тұсыр!.. Кілең бір Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Айман-Шолпан!..
Қай ғасырда өмір сүріп жатырсыңдар, жаратқандарым-ау?! Тым болмаса айналаларыңа бір мойын бұрып қарасаңдаршы! Өмір танымастай өзгерді, өзгермеген сендер ғана! Қазір Қазақстанда – капитализм, жан алысып, жан беріскен бәсеке, бірін-бірі жеп қойғысы кеп жанталасып жүрген адамдар, в конце концов свободный рынок! Ал сендердің театрларың ше? Сендердің театрларыңда – сол баяғы сүйегі әлдеқашан қурап қалған феодализм мен социализм… Кісінің жүрегін айнытатын жылымшы романтика! Прагматикалық салт-сана, ХХ ғасырдың соңындағы қатал өмір шындығы қайда?! Ол атымен мүлде жоқ! Жоқ и все… Өйткені сендер шеттеріңнен кембағал бейталанттысыңдар, примитивсіңдер! Өткенді ғана малданып әбден жаман үйренгенсіңдер, ал өздеріңнің қолдарыңнан жаңа бірдеңе жасау мүлде келмейді. Соған қарамай еще кеуделерің аяққаптай!
Не аузыңды ашып аңқия қалдың?!
Сайлау. Айт, айта түс! Мен өзім білмей жүрсем, сен әжептәуір сыншы екенсің ғой. Сені біздің театроведтермен таныстырып қою керек екен өзі.
Назым.Керек еді маған сенің сыншыларың!.. Сендерді бар ғой… бәріңді ана қызметтеріңмен қуу керек! Әлгі кім еді… Әртістер, драмттургтер сыншылар, ғалым-палымдар – бәріңді-бәріңді!.. Өйткені қоғамға титтей пайдаларың жоқ арамтамақсыңдар өңшең! Қолдарыңнан жоғарыдағы бастықтарға жағымпазданғаннан басқа түк келмейді. Дәмететіндерің – атақ, аброй, ақша және бір кішкентай кресло!.. Сөйтіп жүріп сендерден өнер, ғылым қайдан шығады, а, айтшы кәне?!
Сайлау.Сонда, сеніңше, Қазақстандағы бүкіл театрларды, ғылыми мекемелерді, тағы не еді… Иә, жоғары оқу орындарын, лабораторияларды – бәрін түгел жабу керек пе?
Назым.Іһ… Жапса несі бар екен?! Егер мен үкімет басшысы болсам, дәл солай етер едім! Мысалы, тап мына сенің орныңда Англиядан, как ни как Шекспирдің Отаны ғой, – бір-екі режиссер, драматург, ал ана сенің шуылдақтарыңның орнына Голивудтан бірнеше әртіс алып келіп, бәріңді түріп айдап шығар едім! Ал олар болса, Құдайға шүкір, өнерді де, нарықтық бәсекені де сендерден әлдеқайда жақсы біледі.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: