Серік Асылбекұлы - Күзгі романс
- Название:Күзгі романс
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:2020
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Серік Асылбекұлы - Күзгі романс краткое содержание
Күзгі романс - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Сайлау.Үкімет басшысы болсаң, біздерді қоңыз тергізіп, қаңғыртып жіберетініңе шүбәм жоқ. Ал енді сонда ана жүздеген, мыңдаған ғылыми мекемелерді, онда істейтін қызметкерлерді қайтесің? Сен жалғыз театрда істейтіндерді ғана емес, жалпы, интеллигенция қауымын иттің етінен әрмен жек көресің ғой.
Назым. Оларды да түріп айдап шығу керек! Сендердің бәрің бір сорттансыңдар!.. Ал ғылыми мекемелерге, жоғары оқу орындарына келетін болсақ, олар жұмыстарын жалғастыра береді. Оларға біз ана Америка, Жапония, Англия, Франция,Сингапур, Қытай тағы да басқа алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің ғалымдарын шақырып әкеп, орналастырамыз. Дамытсын қазақтың ғылымын!.. Ақшаларын төлейміз дұрыстап, ақша болса, бәрі болады, білдің бе?!
Сайлау.Түсіікті, түсінікті… Бірақ олар сенің ана жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы жекеменшік дүкеніңнің ішіндегі заттар емес шығар.
Назым.Немене дүкен-дүкен!.. Біле білсең, сол дүкеннің арқасы шығар сенің осылайша талтаңдап жүргенің. Оны да мен аштым ғой талай чиновниктің есігін адақтап жүріп!.. Біреуін әкелеп, біреуін көкелеп. Қанша жүйкем, денсаулығым құрыды сол дүкенді ашқанша!.. Сен жүрдің шуылдақтарыңмен бірге анда-мұнда гуляйттап! Айтып отырмын ғой, сендердің бәріңді түріп айдап шығу керек деп! Сендер нағыз бүлдіргісіңдер!..
Сайлау.Сендерің кім сонда? Әлгі әртістер, ғалымдар, драматургтер, тағы кім еді, иә-иә, режиссерлер ме?..
Назым.Иә-иә, нақ солар!..
Сайлау.Ол енді қиындау болар. Оларды сен секілділердің талайы ғасырлар бойы қуғындап, бірақ ақыр аяғында түк шығара алмай, шаршап қойған. Айналаңа назар салшы, кімдердің ескерткіштері тұр біздің қаламыздың алаңдары мен скверлерінде, демалыс парктерінде?!. Бәрібір адамзатпен бірге мәңгі жасасып келе жатқан солар емес пе?
Назым.Өліп қалғаннан кейін қойылған көктастар кімге дәрі?! Маған бәрі тірімде керек, білдің бе?.. Ал, между прочем, ондай ескерткіштер бар ғой саған бұ дүниеде де, о дүниеде де қойылмайды. Іһ!.. Ызғыған режиссер мен әртістің бәріне бір-бір ескерткіштен қойсақ, сау-тамтығымыз қалмас! Дүниежүзілік банк сарапшыларының мәліметі бойынша, Қазақстан адам индексінің дамуы жөнінен жер шарындағы 191 мемлекеттің ішінде 83-орында тұр. Демек, біз Африкадағы, Оңтүстік Америкадағы кейбір дамушы елдердің қатарындамыз. Сондықтан ондай сән-салтанатты біздің мемлекетіміздің бюджеті көтермейді. Енді түсінікті шыған саған?!
Сайлау.Маған ешқашан ескерткіш қойылмайтынын мен сенсіз де жақсы білем. Мәселе мен туралы емес, жалпы, өнер, ғылым жайында емес пе. Сен қазіргі замандық бизнестің озық ойлы өкілісің ғой, қалайша осындай жай нәрселерді түсінбейсің? Таңым бар. Әлде…
Назым.Әлде-әлдеңді қойшы, осы кісінің жынын келтірмей! Әй, айтпақшы, осы саған ерегіскенде, сондай ескерткішті мына мен өзіме дәл күні ертең орнатайын ба?
Сайлау.Мына сен бе?!
Назым. Иә, мына мен, Назым Еркеболатқызы.
Сайлау. Так-так, құлағым сенде…
Назым. Сен кісінің сөзін бөле бермей, дұрыстап тыңда. Құдайға шүкір, жаңағы сен айта беретін жекеменшік дүкенінің арқасында мен де қолында билігі бар, влиятельный таныстардың жеткілікті екенін өзің жақсы білесі. Ертең саған ерегіскенде қалалық әкімшілікте істейтін солардың біреуіне барамын да, – как раз біздің дүкеннің алдында бұрын шашлычный болған бір шағын алаң бар, – тап сол жерді ойып тұрып сатып алам. Сонан соң әлгі сенің Ермек деген бір бұйрабас, ішкіш скульптор жолдасың бар еді ғой, соған заказ беремін. Бейшара қазір болса да жұмыссыз қаңғып жүр ғой, мен бар шаруаны жиып тастап осы іске кірісем. Ертеңнен бастап! Осы келмей ме менің қолымнан, айтшы, а?!
Сайлау. Келеді-келеді. Бірақ мен бір нәрсеге түсіне алмай тұрмын.
Назым.Неғып сен осы бүгін бәрін түсіне алмайтын бола қалғансың! Әшейінде ауыздыға сөз бермейтін ақылдың кені данышпан едің ғой.
Сайлау. Айтайын да енді…
Назым.Айт-айт, бүлдіргі! Бүгін бар білгеніңді, көргеніңді айтып қал. Бүгіннен кейін сені желкемнің шұқыры көрсін!
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.
Интервал:
Закладка: