Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар
- Название:Төңкеріс. Пиесалар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Литагент Ридеро
- Год:неизвестен
- ISBN:9785448378027
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар краткое содержание
Төңкеріс. Пиесалар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Ғабдуррахман . Бұл не деген батпан құйрық, ен далада жатқан құйрық! (қыздың майлы құйрығынан қамшымен тартып жібереді – қыз шыңғырып қалып жұлқынады, бірақ екі жағынан ұстап тұрған шейхтің екі көмекшісі жібермейді)
Бірінші қыз . А-ай! Неге ұрасыз?!
Ғабдуррахман . Ұрмағанда не істейін? Сипа деймісің?
Бірінші қыз . Жоқ, сипамай-ақ қойыңыз. Бірақ неге ұрасыз, мына қамшыңыз жаман тиді ғой. И-и…
Ғабдуррахман . Ендеше неге көтіңді ашып жүресің?
Бірінші қыз . Ашып жүрген жоқпын.
Ғабдуррахман . Әй! Ашпағанда не қалды? Арт жағың тырсиып анадайдан менмендеп айқайлап тұрған жоқ па! (халыққа қарап) Бұл баланың ата-анасы бар ма? Анасы кім екен өзі?
Топтан бір әйел шығып шейхтің жанына келіп тоқтайды.
Қыздың анасы . (көз жасын сүртіп) Мен… мен бұл байғұстың шешесі.
Ғабдуррахман . Қызыңызды қалай тәрбиелегенсіз? Қалай ғана мына түрімен көшеге жібергенсіз?
Қыздың анасы . Е-е… бұлар қазір бізді тыңдай ма? Мода солай болды дейді. Көйлек кисеңші десем, арт жағыңды жапсаңшы десем, «менің арт жағым әдемі, сексуальный, оны жауып қайтемін?» дейді. Немесе «барлығы өзімнің байлығым – ешкімнен ұрлап алған жоқпын» дейді.
Ғабдуррахман . О Аллаһ! Ақыр заманың жақын болар. Қыздарымызда мынадай былқылдаған батпан құйрықтан басқа байлық қалмаса, ақыр заманның келмесі не?! Ақыл, парасат, инабат, ұят, – бәрі әдірем қалды. Қазақтың қызына тән ажарлы келбет, сұлу дидар, бота көз, қалам қас, оймақ ерін, көрікті де сымбатты бейне – мұның бәрінің қажеті болмай қалды. Мақтан тұтатын бір-ақ байлық қалды – тек мынадай, майдан тырсылдап жарылайын деп тұрған көт! (тағы да қыздың арт жағынан қамшымен салып қалады; қыз тағы да шыңғырып бұлқынады)
Ғабдуррахман . (Қазиден) Хазіреті қази, мына қызға қандай жаза тағайындайсыз?
Қази . Жиырма дүре берілсін.
Ғабдуррахман . Дұрыс. (қызды ұстап тұрған көмекшілеріне) Кәнеки, апарыңдар, беріңдер тиісті дүресін. Айтқан ақыл құлақ арқылы қонбаса санасына – арт жағынан қонатын шығар.
Шейхтың көмекшілері қызды дүре соғатын бағанға апарып қолдарын кісендейді. Жендет қызды қамшымен ұра бастайды. Бірақ, ұрысы тым әлсіз.
Ғабдуррахман . (жендеттің жанына жетіп барып) Әй, мұның не? Дүрені осылай соға ма? Сен мұны қамшыңмен сипап тұрсың ғой.
Жендетті орнынан ығыстырып қызды қамшының астына алады Қыз айғайға басып алаңды басына көтерді, оған қарайтын шейх жоқ, дүренің санын жария санап тұр. Халық гу-гу, кейбіреуі күліп жатыр, кейбіреулері қызды кекетіп бірдеңе деп жатыр, кейбіреулері шейхпен бірге дүре санап тұр. Дүре соғылып болғасын жендеттер қызды босатады, ол арт жағын ұстап, ақсаңдап жәйіне кетеді. Ол жылап барады, топтың ішінен қызды кекетіп-мұқатып жатыр, қыз оларға бірдеңе деп жауап қатып барады.
Ғабдуррахман . (Қазидың жанына оралып келіп, екінші қызға) Кіндігің неге ашық, ә?! (қыздың кіндік тұсын көздеп қамшысын сермейді, қыз шыңғырып жіберіп, ішін екі қолымен басып, бұғып қалады, оны ұстап тұрған шейхтің көмекшілері оның бойын түзетіп тұрғызады)
Екінші қыз . Ағатай! Ұрмаңызшы! Кешіріңіз, мен енді кіндігімді ашпаймын. Кешіріңіз, ағатай, кешіріңіз, мен енді дұрыс киініп жүремін! (жылап жібереді)
Ғабдуррахман . Киінесің, әрине киінесің! Енді жалғыз сен емес, барлық қыз-келіншек адам сияқты киініп жүретін болады. (Қазиға) Мына қызға қандай жаза тағайындайсыз?
Қази . Бала тым жас екен. Сондықтан бірінші ретке кешірсек қайтеді?
Ғабдуррахман . Менен несін сұрайсыз – бұл жерде қази сіз емес пе! Шариғат заңы бойынша жаза беріңіз. Тағайындаған жазаңыз тым жеңіл болса, немесе орынсыз кешірім жасасаңыз Аллаһтың алдында жауап бересіз.
Қази . Иә, иә, әрине. Ал бұл балаға он дүре берілсін.
Ғабдуррахман . (көмекшілеріне) Апарыңдар бағанға, соғыңдар он дүре!
Халық шуласып кетеді. «Аясаңдаршы, қаршадай баланы қалай сабайсыңдар!» «Мүлдем сәби әлі, қалай ғана қолдарың көтеріледі?!» деп жатыр.
Ғабдуррахман . Тынышталыңдар! Бұл не шу? Он дүреден ешкім өлмейді. Қайта жақсы сабақ болады. Өзіне де, басқа қыз балаларға да. Жандарың ашыса бұрын қайда болдыңдар? Неге жалаңаш жүргізіп қойдыңдар балаларыңды? Осылардың барлығы сендердің алдарыңда жүрмеп пе еді! Жалаңаштанып, күнәға белуарынан батып жүргенде аямадыңдар, ал енді әділ жаза аларында аяп қалыпсыңдар. (көмекшілеріне) Неғып тұрсыңдар? Апарыңдар, байлаңдар бағанға.
Қызметшілер қызды бағанға кісендейді де, жендет қыздың жалынып-жалпайғанына, көз жасына қарамастан дүре соғады. Халық гу-гу. Сонсоң бұл қыз да босатылып жәйіне кетеді.
Қази . Енді кім бар?
Ғабдуррахман . Келесі қылмыскерді әкеліңдер.
Шейхтың көмекшілері бір жас жігітті алып келеді.
Қази . Бұл жігіттің қылмысы неде?
Ғабдуррахман . Бұл ұры. Қалта қағып тазартатын ұры, қолының жылбысқасы бар. Бір азаматтың күмәжнігін ұрлап жатқан жерінде ұсталыпты.
Қази . Куәгерлер бар ма?
Ғабдуррахман . Бар. Куәгерлер, жақындаңдар. (екі куәгер келеді)
Қази . Бұл куәгерлер сенімді ме?
Ғабдуррахман . Әлбетте! Бұл мұсылмандарды біздің хазіреті имам сенімді адамдар деп сипаттаған. Екеуі де бұрыннан намазхан екен.
Қази . Жақсы. (бірінші куәгерге) Мына жігіттің ұрлық жасағанын өз көзіңізбен көрдіңіз бе?
Ұрланған адам . (топтың ішінен шығып қазидің жанына келеді) Әрине! Бұл ұрының қолынан мен өзім ұстап алдым. Мен бұл жігітті қатал түрде жазалауыңызды сұраймын. (шейхке) Мен сізді жүз пайызға қолдаймын. Бұл ұрылар мен қылмыскерлер әбден құтырып алды. Осылай қатал жаза қолданып тыймаса болмайды.
Ғабдуррахман . Тыямыз, біз енді бүкіл қылмысты тыямыз. Ол жөнінде ешкім күмәнданбасын. Ал сіз орныңызға барыңыз, шариғат сотының жұмысына кедергі жасамаңыз.
Ұрланған адам . Жақсы, мен кеттім. (кетеді)
Қази . (бірінші куәгерге) Мына жігіттің ана кісінің күмәжнігін ұрлағаны жөнінде куәлік етесің бе?
Бірінші куәгер . Иә! Бұ жігіттің ана кісінің күмәжнігін қалтасынан алып шыққанын мен өз көзіммен көрдім.
Қази . Күмәжнігін ұрлады ма, әлде қалтасынан алып шықты ма?
Бірінші куәгер . (таңырқай қарайды) Сіз қызық екенсіз. Осы екі сөздің қандай айырмашылығы бар?
Қази . Айырмашылық бар. Егер бұл жігіт күмәжнікті ұрласа, әшһәду – «бұл жігіт жаңағы мұсылманның күмәжнігін ұрлады» деп куәлік ет. Ал егер ол күмәжнікті жәй қалтадан алып шықса, онда мәселе басқа.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: