Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар
- Название:Төңкеріс. Пиесалар
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Литагент Ридеро
- Год:неизвестен
- ISBN:9785448378027
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар краткое содержание
Төңкеріс. Пиесалар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Асқар . Біз? Сен нені айтып отырсың? Маған Ғабдуррахманмен жолығып бүлікті тоқтату керек.
Жамал . Сен оған енді ештеңе істей алмайсың. Сен әлі түсінбедің бе – ол сені алдап соқты. Менің ойымша, бізге кету керек. Бүгін кету керек – ертең кеш қаламыз.
Асқар . Кету керек? Қайда?
Жамал . Білмеймін. Ең әуелі, жолдарды жауып тастамай тұрғанда, қаладан шығып кету керек. Ал сосын табармыз қайда баруды… мәселен, біздің ауылға барайық. Бір-екі апта әкейдің үйінде бола тұрармыз, мүмкін, оған дейін бұл бүлік те басылар. Өкімет, президент жәй қарап отырмас.
Асқар . Жоқ, Жамал, болмайды. Дәл қазір мен ешқайда кете алмаймын. Қалай мен халықты, жамағатты тастап қашып кетпекпін? Мен олардың имамы емеспін бе! Және қашатындай бізге қауіп төніп тұрған жоқ. Дәл біздің отбасымызға қауіп төніп тұрған жоқ.
Жамал . Оны қайдан білесің?! Мына бүлікшілерден не хайыр күтуге болады? Ертең мені, не қызыңды пәренже кимедің деп дүреге жықса не істейсің?
Асқар . Енді киініңдер адам сияқты! Ешкім «пәренже ки» деп тұрған жоқ, хиджап, кимешек, ұзын етек көйлек, бастарыңа жаулық киіңдер! Неше жыл мен саған қақсап келемін – сенің мына киім кисіңмен менің көзімді шұқып бітті ғой ақсақалдар! Ана қыз да кисін хиджап, бұл киім мәселесі жөнінде мен Ғабдуррахманды жүз пайыз қолдаймын. Өйткені қазір мұсылмандарға біздің көшелермен жүруге болмайды – бүкіл қыз-келіншек жалаңаш жүр. Өздеріңді мұсылманмын деп санасаңдар, мұсылманға тән киім киіңдер, намазға жығылыңдар – Ғабдуррахманның бұл талаптары орынды. Бұл оның да талабы емес – бұл Алланың талаптары. Менің тек шейхпен келісе алмайтыным – басқа ұлттар мен басқа дін ұстанушыларға «қаладан кетесіңдер» дегені. Және біртұтас мемлекетімізді бөлшектеп автономия құрамын дегені – бұл өте қауіпті авантюра. Президент ешқашан оған келісім бермейді. Мұның бәрі үлкен қантөгіске апарып соғады.
Осы мезетте телефон шыр етеді. Асқар аппаратқа жетіп барып тұтқаны көтереді.
Асқар . Алло, бұл кім?
Ғабдуррахманның дауысы . Ассаламу ғалайкүм! Мен ғой, Ғабдуррахман. Асеке, сіз тезірек «Ақ үйге» жетіңіз, менің жұмыс орыным енді сонда, бұрынғы әкімнің кабинетінде. Шариғат сотын ұйымдастыру керек. Сол мәселе жөнінде ақылдасайық.
Асқар . Ғабдуррахман! Бұл не?! Бұл нағыз авантюра ғой! Және өте қауіпті авантюра. Біз бұлай келіспеген едік… (Жамал күйеуінің жанына келіп әңгімеге құлағын тосады)
Ғабдуррахман . Асеке, екеуміздің арамызда ешқандай келісім болған жоқ.
Асқар . Сіз мені алдап соқтыңыз! Сіз төңкерісті жүзеге асырып отырсыз, ал мен мүлдем бейхабар отырмын. Бұл қалай? Партияның минимум-жоспарында ешқандай төңкеріс жөнінде, ешқандай автономия жөнінде бірде-бір сөз жоқ еді ғой. Кеше ғана өткен жиналыста бұл сұрақ күн тәртібіне…
Ғабдуррахман . (сөзін бөліп жіберіп қатал үнмен) Имам! Сіз әлі біздің партиямыздың мүшесі емессіз. Менен жауап талап ететін сіздің ешқандай құқығыңыз жоқ. Төңкеріс – партияның ішкі ісі.
Асқар . Қателесесіз, шейх! Бұл сұмдық, бұл авантюра – біздің қаламыздың тұрғындарына, бүкіл республикамыздың халқына тікелей қатысы бар. Мен сізді дәл осындай авантюризмге баратын ақымақ деп санамап едім.
Ғабдуррахман . Бұл ақымақтық емес. Авантюризм де емес. Бұл…
Асқар . Енді не? Сіз сонда не – өкімет басшылары, президент сіздің мына заңсыз әрекеттеріңізге жайбырақат қарап отырады дейсіз бе? Сіздің жариялап отырған автономияңызға келісім береді деп ойлайсыз ба? Менде ешқандай ақпарат жоқ, сонда да – мүмкін дәл қазір біздің қалаға қарай әскери бөлімшелер аттанып жатқан болар. Қара да тұрыңыз – бүгін-ертең біздің қала қоршауға алынады. Содан кейін сіздің алдыңызға президенттің ультиматумы тарс етіп түспесе маған келіңіз.
Ғабдуррахман . (қарқылдап күледі) Тоқтай тұрыңыз, Асеке! Мені ақымақтар санатына қосуға асықпаңыз. Президент маған емес, мен өзім оның алдына ультиматумды тарс еткіземін!
Асқар ашуланып телефон тұтқасын тастай береді.
Асқар . (Жамалға бұрылып) Мен кеттім. Өзімен көзбе-көз сөйлесу керек…
Жамал . Асқар! Меніңше бұл есуаспен сөйлесудің өзі бекер. Естіген жоқсың ба – президентке ультиматум қоямын дейді.
Асқар . Иә, оның есі дұрыс емес. Сонда да оны бірдеңе қылып көндіру керек. Әйтпесе мұның бәрі үлкен қантөгіске айналып кетеді.
Жамал . Асқар, сен оны енді тоқтата алмайсың. Мүмкін, кеше ондай мүмкіндік болған да шығар. Ал бүгін тым кеш қалдың. Енді сен өзіміздің қамымызды ойла. Машинаңда бензин бар ма? Әлгі қыз қайда жүр? (соткасын алып қызына қоңырау шалады) Гүлнәр! Сен қайдасың? Ваняның жанында? Қай жердесің деймін! Қалада екеніңді біліп тұрмын ғой! Қалай алаңдамайын, қалай алаңдамайын?! Көрмейсің бе не болып жатқанын! Не? Саған қауіп төніп тұрған жоқ деймісің?! Әй! Әңгімені доғар! Үйге қайт! Кетеміз. Иә, сендер келгенше жолға алатын киім дайындап қоямын. Ал, тезірек қайт. Көшеде байқап жүр, абайла. (соткасын сөндіріп Асқарға қарайды) Не ғып тұрсың? Бар, Берікті мектептен алып кел, Гүлнәр қазір келеді.
Асқар . Жамал… Жамал, тыңдашы – мен қаладан ешқайда кетпеймін… мен кете алмаймын. Дәл қазір, біздің қалаға қауіп төніп тұрғанда, мен ешқайда кете алмаймын. Өзің ойлашы – қалайша мен, бас имам бола тұрып, бәрін тастап, бас сауғалап қашып кетпекпін? Жоқ, мен олай істей алмаймын. Сен де кетпейсің… ешкім ешқайда кетпейді. Мен қазір Берікті әкеліп тастаймын. Сонсоң қыз бен ұлға ие болып үйде отыра тұр. Меніңше, ұзақ отырмассыңдар. Бұл бүлік көпке созыла қоймас. (шығып кетеді)
Жамал . Әй, қайдам. Жүрегім бір жамандықты, бір сұмдықты сезіп тұрған сияқты. Кетпей, қалып қойғанымыз үшін әлі өкінеміз бе, Алла біледі. (соткасымен баласымен байланысқысы келеді, бірақ ол ісінен ештеңе шықпайды) Алло! Алло! Алло деймін! Тү-ү, мына байланысқа не болған, біресе бар, біресе жоқ.
Ол соткасын столға қоя салып сыпырғыш пен қалақ алып келіп әйнек сынықтарын сыпырып жинайды да балконның ішкі есігін жабады. Осы кезде Берік пен Мария кіріп келеді. Беріктің басы бинтпен таңулы.
Берік . (шешесінің жанына жүгіріп келеді, Жамал оны құшақтай алады) Мама! Біз не көрдік – білесің бе?
Жамал . (баласының таңулы басын екі қолымен ұстап зерттей қарайды) Сен не? Қатты жарақаттандың ба?
Берік . (шешесінің қолдарын басынан алып тастайды) Ә! Ештеңе емес! Танк гүрілдеп біздің мектептің жанына келгенде біз терезеден қарап тұрғанбыз, содан ол зеңбірегінен гүрс еткізіп атқанда әйнектер күл болып ұшты да кетті. Сонда бір шынының сынығы маңдайыма тиіп кетті.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: