Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Тут можно читать онлайн Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Драматургия, издательство Литагент Ридеро. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар краткое содержание

Төңкеріс. Пиесалар - описание и краткое содержание, автор Қайыркелдi Руспаев, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Төңкеріс. Пиесалар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қайыркелдi Руспаев
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Асқар . Әрине, егер кімде-кім ислам дінінің бес парызының бірін елемесе, оның иманы үлкен күмән тудырады. Алайда, намаз оқымайтын кісіні кәпір деген дұрыс емес. Ең бастысы – адамның жүрегінде иманы, Аллаға деген сенімі болуға тиіс. Міне, егер ондай сенім, иман болмаса – мейлі маңдайын жарып алсын күні-түні сәждеге қойып – ол адам ешқашан мұсылман бола алмайды.

Ғабдуррахман . Ал мен білетін хадис шарифке жүгінсек, пайғамбарымыз Мұхаммад, салаллаһу ғалайһи уассалам, «адам мен иманның арасында намаз тұр» деген. Яғни, иманға жету үшін адам әуелі намазды игеруі керек.

Асқар . Жөн-ақ! Бірақ сол хадисті сіз білесіз, мен білемін… ал қарапайым адам, қазіргі біздің замандасымыз біле ме? Білмегені үшін оны кіналауға бола ма? Ол бала кезінен советтік, атеисттік тәрбие алған, совет үкіметі тарағаннан кейін де тәрбие мен білім беру саласы атеисттік болмаса да зайырлы түрде жүргізіліп келеді. Сондықтан қарапайым азаматты намаз оқымадың деп кәпір қатарына жатқызған дұрыс емес. Ал басқа дін ұстанғандарды алсақ, мәселен, христиандарды, оларды да мен кәпір деп есептемеймін. Өйткені олар да біз сияқты Жаратқанға иман келтіріп отыр. Ал олар бес мезгіл намаз өтемейді, көбісі аптасына бір рет, жексенбі күні шіркеулеріне барып сыйынады. Сонда не? Оларды Жексембай дейік пе? (бөлмеде отырғандар күліп жібереді)

Ғабдуррахман . (қабағын түйіп күлгендерге қарайды – олар жым болады) Христиандарда жұмысым жоқ. Олар мұсылман емес, олар нағыз мүшріктер – бір Алланы үшеу дейді. Оларға айтатыным: «Біздің дінімізді қабылдаңдар, шариғат заңымен өмір сүріңдер, немесе біздің елімізден кетіңдер!» Бітті әңгіме!

Асқар . Ал сонда олар, не ислам дінін қабылдамай, не кетпей осында отыра берсе не істейсіз? Олар біздің республикамызды өздерінің отаны деп санайды, көбісінің ата-бабалары осында туып-өскен, қалай сіз оларды өз отанынан қуасыз?

Ғабдуррахман . Біз ешкімді қумаймыз. Біз тек шариғат заңын орнатамыз, сол заңды қолданамыз, ал сол заңды мойындамағандар, сол заңға қайшы әрекет істегендер қылмыскер деп танылып тиісті жазасын алады.

Асқар . Сонда оларға қандай жаза бермексіз?

Ғабдуррахман . Шариғат заңы қандай жаза беруді талап етсе, сондай жаза береміз. Мәселен, мен қазіргі мемлекетіміздегі заң-сымақты мойындамасам, соған қайшы келетін әрекет жасасам, соның тарауларына сәйкес жазаланамын. Бас бостандығымнан айырыламын ба, айып пұл төлеймін бе, әлде өлім жазасына кесілемін бе – оны сол тараулар біледі. Ал біз, билікті қолға алысымен, қылмыскерлерге шариғат заңының тараулары бойынша жаза тағайындаймыз. Зынданға тастау керек пе, дүре соғу керек пе, таспен атып өлтіру керек пе әлде атып тастау керек пе – соның бәрін шариғат заңы мен соты белгілеп тиісті жаза тағайындайды.

Асқар . Шариғат заңы көбінесе адамды бас бостандығынан айырмайды. Көбіне айып-пұл төлеумен, дүре соғумен шектеледі. Ұрылардың қолдарын шауып тастайды. Ауыр қылмыс жасағандарды өлім жазасына кеседі. Кісі өлтіргендерге, өлген адамның туыстарының қалауынша, немесе құнын төлетеді, немесе өзін өлтіреді. Бірақ, мен тағы да қайталаймын: шариғат заңына көшуді қоғам өзі таңдап алуы тиісті. Еріксіз, күшпен, зорлықпен қоғамды сол заңды қабылдауға мәжбүр етуге болмайды.

Ғабдуррахман . Неге? Мәселен, мен өз басым қазіргі заңдарды әділ деп санамаймын. Алайда, сол заң менің пікіріммен санаспайды. Мемлекет мені сол заңды ұстануыма мәжбүр етіп отыр, зорлықпен, күшпен мәжбүр етіп отыр. Жалғыз мені емес – міне осында отырған мұсылмандарды, тағы да біз сияқты мыңдаған адамдарды. Қай заң болмасын – ол күштің, зорлықтың белгісі. Қай заң болмасын қоғамның бір тобының басқа топтарына көрсетіп отырған үстемдігі. Ал шариғатты алсақ, ол адам заңы емес, ол Аллаһтың заңы. Аллаһтың үстемдігі, Аллаһтың күші, Аллаһтың нұсқауы. Солай емес пе?

Асқар . Жоқ! Алла тағала зорлыққа қарсы. Құран Кәрімнің бірінші аяты не дейді? «Бисмиллаһир-Рахман ир-Рахим!» – «Мейірімді, Рақымды Алланың атымен!» Бұл аят қасиетті Құранның басынан аяғына шейін бәлен рет қайталанады. Ал осы аятты қайталай отырып біз қалай ғана мейірімсіз, рақымсыз болмақпыз, а? (осы жерде Асқар Ғабдуррахманға тесірейіп қарайды – ол үндемейді) Мәселен, Аллаһ тағала кәпірлерге: «Сендер менің дінімді, заңымды ұстанасыңдар, ұстанғыларың келмесе де ұстанасыңдар, күшпен, зорлықпен ұстандырам» деген жоқ. Керісінше, Кафирун сүресінде Ол былай деген: «Айт: Әй кәпірлер! Сендердің табынғандарыңа табынбаймын. Сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылмайсыңдар. Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме». Өйткені Аллаһ мейірімді, рақымды, және де ол бүкіл адамдардың мұсылман болғанын қаламайды. Егер ол соны қалағанда бүкіл адамзат бір күнде, бір сәтте мұсылман болып шыға келуші еді. Мұхаммед пайғамбар да, саллаллаһу ғалайһи уассалам, өз отанында шариғат заңын орнатудың алдында ең әуелі отандастарының ислам дінін жүректерімен, сана-сезімдерімен қабылдауын қамтамасыз етті, және де сол уағыз ұзақ уақытқа созылды – жиырма үш жыл бойғы үгіт-насихат нәтижесінде ислам діні қабылданды. Мінеки, біз де солай істеуіміз керек. Әуелі шариғатты, ислам дінін, оның қағидаларын біздің отандастарымызға уағыздап, насихаттап, түсіндіріп, адамдарды тәрбиелеп, дінімізді жүректерімен, санасымен қабылдауын қамтамасыз етіп еңбектенсек, содан кейін сол адамдар шариғат заңын мемлекет заңы ретінде өздері де қабылдап алады. Мұның бәрі бір күндік жұмыс емес. Егер пайғамбарымыз, саллаллаһу ғалайһи уассалам, Алланың тікелей қолдауымен, ислам дінін уағыздауына жиырма үш жыл уақыт жұмсаса, ал бізге, біздің шектеулі қабілетімізбен, бізге қанша уақыт қажет? Сіздердің алдарыңызға қойған мақсаттарыңыз дұрыс, тек қана сол мақсатқа бір күнде жетеміз деп ойламаңыздар.

Ғабдуррахман . Бәрбір ешқашан, еш заңды бүкіл қоғам, бүкіл халық жаппай қабылдаған емес. Көпшілік қабылдаса неғайбіл. Көбінесе қоғамның бір тобы, және де шағын, кейде ең аз тобы, сол заңды қабылдайды да, қалған топтарды қабылдауға мәжбүр етеді. Кез келген жаңа заң күшпен, зорлықпен орнайды. Ал сол заңдардан шариғаттың не кемшілігі бар? Мәселен, пайғамбарымыз да, саллаллаһу ғалейһи уәссалам, кейбір кезеңдерде қолына қару алуға мәжбүр болған. Осыны білмеймін дей алмассыз.

Асқар . Білемін. Бірақ сіз бір нәрсені ескеріңіз – пайғамбарымыз Мұхаммед, саллалаһу ғалейһи уәссалам, қолына қаруды ешқашан өз еркімен алмаған. Тек қана Алланың тікелей нұсқауымен алған. Ал сізде сондай нұсқау бар ма? (жігіттер тағы да күліп жібереді)

Ғабдуррахман . (ашулана бастап жамағатқа көзін алайтып қарайды – күлкі пышақ кескендей тыйылады) Имам! Сіз не – мені келемеждеп отырсыз ба? Өзі біздің әңгімеміз айтысқа айналып кеткенге ұқсайды – сіз біздің жігіттерге шариғат заңы жөнінде дәріс беруге келісесіз бе, әлде басқа ұстаз іздеуге тура келе ме? Сіз соны айтыңыз.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қайыркелдi Руспаев читать все книги автора по порядку

Қайыркелдi Руспаев - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Төңкеріс. Пиесалар отзывы


Отзывы читателей о книге Төңкеріс. Пиесалар, автор: Қайыркелдi Руспаев. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x