LibKing » Книги » Поэзия, Драматургия » Драматургия » Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Тут можно читать онлайн Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Драматургия, издательство Литагент Ридеро. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте LibKing.Ru (ЛибКинг) или прочесть краткое содержание, предисловие (аннотацию), описание и ознакомиться с отзывами (комментариями) о произведении.
Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар
  • Название:
    Төңкеріс. Пиесалар
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    Литагент Ридеро
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    9785448378027
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Ваша оценка:

Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар краткое содержание

Төңкеріс. Пиесалар - описание и краткое содержание, автор Қайыркелдi Руспаев, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Төңкеріс. Пиесалар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қайыркелдi Руспаев
Тёмная тема

Шрифт:

Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Асқар . Ол қай партия айтып тұрғаныңыз?

Ғабдуррахман . «Әл-хизб» партиясы.

Асқар . Әл-хизб? Ондай партия бар ма еді?

Ғабдуррахман . Бар. Енді бар деп есептеуге болады. Бірақ бұны бізден басқа ешкім білмейді. Міне, көрдіңіз бе, біз сізге ең маңызды құпиямызды ашып отырмыз.

Асқар . Сонда не? Партияңыз құпия партия ма? Тіркеуден өтпеп пе еді?

Ғабдуррахман . (мырс етіп) Қандай тіркеуді айтып отырсыз?

Асқар . Қандай тіркеу болушы еді? Заң бойынша кез-келген ұйым әділет министрлігінде тіркеуден өтуге тиісті. Тіркелмеген партия заңсыз саналады.

Ғабдуррахман . Бізге ондай тіркеу қажет емес. Ал заңды-заңсыздығына келсек… біздің мемлекетімізде қазір бәрі заңсыз. Өйткені сіздің заң деп отырғаныңыз заң емес. Аллаһтың бір-ақ заңы бар – ол шариғат заңы. Біз сол заңға жүгінеміз, сол заңды құптаймыз, сол заңмен өмір сүреміз, және сол заңды мемлекет заңы ету үшін күресеміз.

Асқар . М-м… Бірақ біздің мемлекет – зайырлы мемлекет, ал шариғат заңын қабылдау үшін бүкіл мемлекет жүйесін өзгерту керек. Ата заңымызды өзгерту керек.

Ғабдуррахман . Міне, сол мемлекет жүйесі мен ата заңды өзгерту үшін біз осы партияны ұйымдастырдық.

Асқар . Сонда қалай оларды өзгертпексіздер?

Ғабдуррахман . Тәсілдер көп. Мәселен, мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде билікті қолға алып мемлекеттік жүйені де, заң жүйесін де өзгертуге болады.

Асқар . Төңкеріс?! Сіз мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырайын деп жүрсіз бе?

Ғабдуррахман . Иә, ол да мүмкін. Бірақ әзірше мұндай мақсат біздің күн тәртібімізде тұрған жоқ. Біз жаңа ғана құрылған ұйымбыз. Партия әлі жас, қатарымыз әлі аз. Ал мемлекет билеу үшін мыңдаған жақтастарымыз болуы керек. Ал сол жақтастарымыз шариғат заңын білуі тиіс. Осында отырған жігіттердің өзі сол заңды дұрыс білмейді. Ал менің барлығына қолым тимейді, мен ұйымдастыру жұмысынан шыға алмаймын. Сондықтан да біз сізді өзіміздің қатарымызға шақырып отырмыз, осы жігіттерге ұстаз болыңыз деп ұсыныс жасап отырмыз. Сіздің діни біліміңіз жоғары, сіз бәлен жыл Мәккә-Мәдинада дәріс алдыңыз, енді шариғатты сіз білмесеңіз кім білмек?

Асқар . Жігіттер, сіздер қауіпті жолға түсіпсіздер. Әрине, мен бізде ислами мемлекеттің құрылғанын қолдаймын. Бірақ шариғат заңын төңкеріс арқылы орнатуға қарсымын. Бұл жол үлкен қантөгіске апарып соғады. Мемлекеттік жүйені, заңды өзгерту бейбітшілік түрде жүзеге асқаны жөн. Және де сол заңға біртіндеп көшу керек, ең алдымен қоғам сол заңмен өмір сүруге дайындалып, дағдылану керек. Қазіргі біздің қоғам шариғат заңымен өмір сүруге дайын емес. Басқа ұлт өкілдерін айтпағанда да біздің халқымыз дайын емес. Және де халықты сол үшін айыптауға да болмайды. Шариғат заңынан аластатылғанына бір жарым, екі ғасырдай уақыт өтті. Ақиқатына жүгінсек, қазақ жерінде шариғат заңы толық түрде ешқашан қолданылған да емес. Және де біздің мемлекетімізде басқа ұлт өкілдері, басқа дін ұстанған миллиондаған адамдар бар. Оларға шариғат заңымен өмір сүр деген дұрыс бола ма?

Ғабдуррахман . Шариғат заңы орнағаннан кейін сол ұлт өкілдері, басқа дін мүшелері сол заңға бағынғысы келмесе өздерінің ата мекеніне, отанына қайтсын. Біз ешкімді еріксіз ұстамаймыз. Жалғыз олар емес – қазақтың ішінде мұсылман болғысы келмейтін кәпірлерді де ұстамаймыз. Бірақ қазір қай қазақтан сұрамасаң – мұсылманмын дейді. Ал сол мұсылман қалай өмір сүріп жатыр? Сіз өзіңіз білесіз – біздің қоғамымыз ислам дінінің қағидаларынан мүлдем алыс жерде жүр. Біздің халық айдалада адасып жүр. Әбден азып-тозып, жынойнаққа, күнәға белуарынан батып, не оңын, не солын білмейді. Қыз келіншектеріміз көшеде тыр жалаңаш жүр деуге болады, отандастарымыз әбден жабайы түрге айналудан аз ақ қалды. Енді осылай бір он жылдан кейін көшеде, жұрттың көзінше бір-біріне, мал құсап артылып жатса ғажап емес. Бұл масқараны тоқтату керек. Қалай? Мен, шариғат заңын қабылдап, қатал болса да әділ жазалардың күшімен тоқтатқаннан басқа жол көріп тұрған жоқпын.

Асқар . Иә, сіздің айтқаныңыз орынды болар. Алайда адам, қай ұлттың өкілі болмасын, қандай дін ұстануын өзі шешуі керек. Және де қандай заңмен өмір сүруді халық өзі шешуі тиіс. Сондықтан сіз партияңызды қазіргі заң бойынша тіркеп, халық арасында үгіт-насихат жүргізіп, ашық сайлау нәтижесінде билікке келгендеріңіз жөн. Ешқандай қарулы көтеріліссіз, қан төгіссіз, мәселен, партияңыздың мүшелерін мәжіліс депутаттығына сайлап, парламент көпшілігін құрып, заң өзгерту арқылы мемлекеттік жүйені өзгертуге болады. Ал қоғамның бұзылғанына келсек… қоғамды, адамдарды дұрыс жолға күшпен, зорлықпен түсіре алмайсыз, оларға тиісті тәрбие беру керек, Алланың жолын көрсету керек, содан кейін олар өздері де сол тура жолға басады.

Ғабдуррахман . Біздің қазіргі заң жүйесі екіжүзді. Егер де біз, сіз айтқандай, мәжіліске сайланып, парламент көпшілігін құрып ата заң ретінде шариғат заңын еңгіземіз десек, президент «бұл парламент заңсыз» деп жариялайды да таратып жібереді. Қазіргі заң оған сондай құқық беріп тұр. Мен ол жөнінде еш күмәнім жоқ. Және де сіздің нұсқап отырған жолыңыз – тым ұзақ жол. Мәселен, сіз осы қаланың мешітінің имамы болғаныңызға бес жыл болыпты. Сол мерзімде жамағатыңыз қанша пайызға өсті?

Асқар . Мен ондай арнайы есеп жүргізген жоқпын.

Ғабдуррахман . Сонда да… жәй, тек мөлшерлеп айтқанда, неше пайызға өсті сіздің жамағат? Және оның саны өсті ме?

Асқар . Өсуін өсті ғой… тек… мойындау керек – айтарлықтай көп өскен жоқ.

Ғабдуррахман . Мінеки! Менің естуімше, осы өткен бесжылдықта мұсылман қатарына он бес, көп болса, жиырма адам өтіпті. Ал сол адамдарды нағыз мұсылман деуге бола ма? Олардың көбі жәй тек Жұмабектер ғой.

Асқар . (таңырқап) Жұмабектер?! Қандай Жұмабектер?

Ғабдуррахман . (күліп жібереді, онымен бірге бөлмеде отырғандар да күледі) Жұмабек дегеніміз лақап атама, ол – тек қана жұма намазына қатысушы, күнделікті бес намазын өтемейтін мұсылман-сымақ.

Асқар . Мен сіздің бұлай мысқылдауыңызды қолдамаймын. Адам кейде дінге тікелей жолмен емес, күрделі де, ұзақ та жолдармен келеді. Мен үшін сол сіз айтқан «жұмабектердің» ықыласы, ниеті қымбат. Тек сол ниеттерін Алла тағала қабыл алса екен деп тілеймін. Ал сіздің соларға жоғарыдан төмен қарағаныңыз дұрыс емес, бұл көзқарас – тәкәппарлықтың белгісі. Ал Алла тағала Құран Кәрімде тәкәппарларды сүймейтінін айтқан.

Ғабдуррахман . (қабағын түйіп, дауысын зілдендіріп) Бұл тәкәппарлық емес, бұл тек жалаңаш фактты мойындау. Ал сіз айтыңызшы – Аллаһ тағала парыз еткен бес мезгіл намазды өтемегендерді сүйе ме? Ондай адамды мұсылман деуге бола ма?

Читать дальше
Тёмная тема

Шрифт:

Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қайыркелдi Руспаев читать все книги автора по порядку

Қайыркелдi Руспаев - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Төңкеріс. Пиесалар отзывы


Отзывы читателей о книге Төңкеріс. Пиесалар, автор: Қайыркелдi Руспаев. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
Большинство книг на сайте опубликовано легально на правах партнёрской программы ЛитРес. Если Ваша книга была опубликована с нарушениями авторских прав, пожалуйста, направьте Вашу жалобу на PGEgaHJlZj0ibWFpbHRvOmFidXNlQGxpYmtpbmcucnUiIHJlbD0ibm9mb2xsb3ciPmFidXNlQGxpYmtpbmcucnU8L2E+ или заполните форму обратной связи.
img img img img img