Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Тут можно читать онлайн Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Драматургия, издательство Литагент Ридеро. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар краткое содержание

Төңкеріс. Пиесалар - описание и краткое содержание, автор Қайыркелдi Руспаев, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Төңкеріс. Пиесалар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қайыркелдi Руспаев
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Иван . Жо-жоқ, мен ислам дініне еш қарсылығым жоқ. Алайда… біз христиан емеспіз бе… (қарындасына қарап қойып) біз православие дінінің өкіліміз ғой.

Гүлнәр . Сонда сен не – сондай діндар адаммын дейсің бе? Сен не – шіркеуге барып жүрмісің?

Иван . Жоқ… бірақ…

Гүлнәр . Ваня, сен ештеңені ойлама. Мен саған «ислам дінін қабылда» деген шарт қойып тұрған жоқпын. Өзің біл. Алайда, егер сен мұсылман дінін қабылдасаң бізде еш проблема болмас еді. Папама да ешқандай сөз келмеуші еді. Ал маған келсек… маған бәрібір, менің күйеуім мұсылман болсын мейлі, христиан болсын мейлі, православиені ұстанатын адам болсын мейлі. Тіпті атеист болса да! Мүмкін сен ислам дінін қабылдағасын ата-бабаңды сатып кетемін деп ойларсың. Ал меніңше оның бәрі түкке тұрмайтын нәрсе. Қарашы өзің – қазіргі жастар түрлі секталарға өтіп жатыр. Қайдағы жоқ куәгерлер мен кришнаиттер де болып жатыр. Ал бірақ, тату-тәтті өмір сүруде. Меніңше, ең бастысы – біз бір-бірімізді шын сүйсек, бір-бірімізді сыйлап өтсек болғаны. Солай емес пе?

Иван . Иә-ә… (сәл ойланып үндемей отырып қалады)

Гүлнәр . (оның басын сипап отырып) Жә, қайтесің, ойланбай-ақ қой. Мен өзі сенің басыңды тым қатырып жіберген сияқтымын.

Иван . Жоқ, Гүлнәр. Қатырған жоқсың. Өйткені бұл өте маңызды мәселе. Бізге қазір бүкіл мәселелердің басын ашып алған дұрыс болады. Ал маған келсек, мен, Гүлнәр… өзің білесің ғой – мен сен үшін бәріне дайынмын. Сен үшін, сенің махаббатың үшін, біздің болашағымыз үшін. Керек болса, ислам дінін де қабылдауға дайынбын. Ол үшін не істеу керек?

Лариса . (атып түрегеліп қол шапалақтап жібіреді) Алақай! Менің ағам мұсылман болады! Оны енді сүндетке отырғызады! (Гүлнәр шек-сілесі қата күледі) Сүндетке отырғызады!

Иван . Қап бәлем, мына қыздың ызасы ма! (орнынан атып түрегеліп қарындасына ұмтылады, бірақ қыз орындықты айнала қашып ұстатпайды)

Лариса . Иә, иә! Сені сүндетке отырғызады. Сосын сенде мы-ына-андай сақал болады! Мы-ына-андай сапсиған сақал!

Гүлнәр . (күлкісін зорға тыйып, қарындасын орындықты айнала қуып жүрген Иванды тоқтатады) Ваня! Лариса! Қойыңдар енді. Мәселе сүндетке отырғызуда емес. Мен папамнан сұрап білейін, ислам дінін қабылдау үшін не істеу керек екенін. Мүмкін сен өзің онымен сөйлесерсің?

Иван . (ентігін зорға басады) Иә! Иә! Дұрыс! Дұрыс, мен Асқан ағамен өзім сөйлесемін. (кетуге ыңғайланады) Ол қазір қайда? Мешітте ме?

Гүлнәр . Тоқта, отыр. Ол қазір қалада жоқ, жол жүріп кеткен. Ертең келеді. Сонда сөйлесесің. Тек оған: «Ислам дінін сіздің қызыңызға үйлену үшін қабылдаймын» деп жүрме. Онда бар шаруаны бүлдіресің.

Иван . Әрине, олай демеймін. Мені мүлдем ақымақ деймісің? Мен өз ықыласыммен мұсылман боламын. Өйткені мен Асқар ағаны сыйлаймын. Сондықтан оның дінін де сыйлауға тиістімін. Ал мамам… мамам қарсы болмайды. Ол бір сөзінде: «Егер мен православие дінінде тумасам, мұсылман болар едім», – деген. Және ол: «Осы екі дінде айтарлықтай айырмашылық жоқ», – дейді. Мамаммен Асқар аға екеуі әрдайым дін жөнінде әңгімелеседі, ал солардың сөз таластырып, бірінің дінін бірі жоққа шығарып жатқанын көргенім жоқ. Сондықтан менің мұсылман болатын шешіміме мамам қарсы келмес. Меніңше, ол мені түсінуге тиісті.

Гүлнәр . Иә, Мария тәте қарсылық білдірмесе жақсы болар еді. Ал енді кетейік, маған университетке бару керек.

Иван . Ал онда кеттік, мен сені жеткізіп тастайын. (екеуі кетеді)

Лариса . Ой, қандай қызық! Мен де ислам дінін қабылдасам қайтер екен? Маған өзі хиджап жараса ма? Киіп көру керек. Осы біздің қалада хиджап сата ма екен? Әлде паранжа киіп аламын ба… (паранжа киген әйелдің жүрісін келтіріп кете барады)

Бірінші көрініс

Спортзал. Ішінде қос-қостап бөлініп, шығыс жекпе-жек күрестерінің бір түрімен жаттығу жүргізіп жатқан жігіттер. Олардың үстінде біркелкі униформа. Барлығы шетінен қара қаба сақалдылар. Олардың арасында бір мосқал адам жүр, ол жаттықтырушы. Ол, кезекпен, бір жұптан екінші жұпқа жақындап келіп, жекпе-жекті тоқтатып ескерту жасайды. Сонан кейін күрес тағы да жалғастырылады. Жігіттер еміс-еміс айқайлап қояды, дауыстары спортзал ішінде жаңғырып тұр. Ғабдуррахман шейх келеді. Оның үстінде шапан, басында ақ сәлде, аяқтарында мәсі. Шейх кірісімен жаттықтырушы күресті тоқтатады да жігіттер Ғабдуррахманға жүздерін бұрып тұра қалады.

Ғабдуррахман . Ассаламү ғалайкүм, уа рахматуллаһи уа баракәтүһ!

Жігіттер . Уа ғалайкүм ассалам, уа рахматуллаһи уа баракәтүһ!

Ғабдуррахман . Мұсылмандар! Ұлы Халифат орнату үшін басталатын жиһадқа дайын болыңдар. Рухтарыңды да, денелеріңді де шынықтырып, пайғамбарымыздың зульфикар семсеріндей өткір болып шыңдалыңдар. Өйткені біз жақын арада исламның жасыл туын көтереміз. Иә, біздің қатарымыз әлі сирек, сарбаздар әлі аз, бірақ біз күннен күнге көбейіп келе жатырмыз. Біздің туымыздың астына жақын уақытта жүздеген, мыңдаған мұсылман қосылады. Ол күн алыс емес. Ол күн келеді, сонда біз бүкіл жамандық атаулыны, бүкіл күнәһарлар мен қылмыскерлерді, бүкіл кәпірлерді жер бетінен жойып жібереміз. Аллаһтың сарбаздары! Сол күнге дайын болыңдар! Лә иләһа иллаллаһ, Мұхаммад расулуллаһ!

Жігіттер . Лә иләһә иллалаһ, Мұхаммад расулуллаһ!

Ғабдуррахман . (оң қолының жұдырығын жоғары көтеріп отырып көтерінкі дауыспен) Аллаһү Акбар!

Жігіттер . Аллаһү Акбар!

Ғабдуррахман . Аллаһү Акбар!

Жігіттер . Аллаһү Акбар!

Ғабдуррахман . Аллаһү Акбар!

Жігіттер . Аллаһү Акбар!

Басқа бір есік ашылып бір жігіт Асқарды ертіп кіреді. Имамның үстінде тон, басында бөрік – осының бәрі күннің қыс екенін айқындап тұр.

Асқар . Ассаламү ғалайкүм, мұхтарам жамағат!

Жамағат . (бірауыздан) Уа ғалайкүм ассалам!

Ғабдуррахман . (имамды қарсы алып, сәлемдесіп екі қолын береді) Ассаламү ғалайкүм.

Асқар . (шейхтың қолын алып) Уа ғалайкүм ассалам. Менің есімім Асқар. Мен осы қаланың мешітінің имамымын. Мені осында шақырған сіз бе?

Ғабдуррахман . (Асқардың сыртқы киімін шешісіп есіктің жанындағы ілгішке іліп жатып) Иә, мен. Асеке, сізбен танысқаныма өте ризамын. Менің есімім Ғабдуррахман. Мен біздің ұйымымыздың шейхімін.

Асқар . Ұйымымыздың? Қандай ұйымды айтасыз? Мына жігіттердің киімі біртүрлі ғой. Сіздер өзі қай жақтан келіп едіңіздер?

Ғабдуррахман . Асеке, жоғарлатыңыз. Отырыңыз. Сосын саспай әңгімелесейік. (екеуі залдың бір жағындағы кілем төсеп тасталған жеріне жайғасады, жігіттер де жаттырықтырушының белгісімен қатар-қатар, мешітте отырғандай имам мен шейхтің қарсы алдына отырады) Бұл жігіттер жәй жігіттер емес. Бұл жігіттер – біздің партиямыздың негізі, орталығы, жұдырығы.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қайыркелдi Руспаев читать все книги автора по порядку

Қайыркелдi Руспаев - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Төңкеріс. Пиесалар отзывы


Отзывы читателей о книге Төңкеріс. Пиесалар, автор: Қайыркелдi Руспаев. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x