Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Тут можно читать онлайн Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Драматургия, издательство Литагент Ридеро. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар краткое содержание

Төңкеріс. Пиесалар - описание и краткое содержание, автор Қайыркелдi Руспаев, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Төңкеріс. Пиесалар - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қайыркелдi Руспаев
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Төңкеріс

Пиесалар

Қайыркелдi Руспаев

© Қайыркелдi Руспаев, 2017

ISBN 978-5-4483-7802-7

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Төңкеріс

ТРАГЕДИЯ

Кейіпкерлер:

Ғабдуррахман – шейх, «Әл-хизб» партиясының жетекшісі.

Асқар – мешіт имамы.

Жамал – Асқардың зайыбы.

Гүлнәр – Асқардың қызы, бойжеткен.

Берік – Асқардың ұлы.

Иван – Гүлнәрдың жігіті.

Мария – Иванның шешесі.

Лариса – Иванның қарындасы.

Халел – ҰҚК қызметкері.

Қази, оның хатшысы, сарбаздар, жендеттер, шейхтың көмекшілері және қылмыскерлер мен куәгерлер.

Қала тұрғындары, стадиондағы тұтқындар мен күзетшілер.

Пролог

Қалалық бау-бақша. Ағаштар қызыл-сары жапырақтарға бөленген, яғни күн күз. Бір орындықтың жанында, тыныштық таба алмай, Иван ерсілі-қарсылы жүріп жүр. Ол қайта-қайта ағаш арасындағы соқпаққа көз тастап қояды. Со жақтан Лариса келеді.

Иван . (қарындасына ұмтыла) Лариса, сенбісің? Гүлнәр қайда?

Лариса . (орындыққа отыра кетіп) Ол келмейді.

Иван . Неге? Сен оған менің хатымды бердің бе?

Лариса . Бердім, бердім!

Иван . Ал ол не деді?

Лариса . Ол келмеймін деді.

Иван . Неге?

Лариса . Неге, неге! Келмеймін деді, бітті.

Иван . Неге келмейді? Қандай себеппен?

Лариса . Қолым тимейді дейді.

Иван . Қолы тимейтіндей не істеп жатыр?

Лариса . Демалып жатыр.

Иван . Демалып?! О не деген сөз өзі?!

Лариса . Білмейсің бе? Демалып жатыр дегені – дем алып жатыр. Не түсінбейтіні бар?

Иван . (ашулана бастап) Әй, Лариса! Қылжақты қойсаңшы. Жөніңді айт – Гүлнәр қайда?

Лариса . Кім қылжақатап тұр? Келмеймін деді, қолым тимейді деді, дем аламын деді. Ал саған ол…

Иван . Не? Айтсаңшы енді! Не деді ол маған?

Гүлнәр . (ағаш тасасынан шыға келіп) Ол саған да демалсын деді.

Иван . Гүлнәр! (құшақтай алып сүйгісі келеді)

Гүлнәр . (жігіттің көкірегіне қолдарын тіреп сүйгізбейді) Сабыр, сабыр! (құшағынан сытылып шығып орындыққа отырады, Иван да оның жанына жайғасады) Ұмытпа, біз мұнда жалғыз емеспіз.

Иван . (Ларисаға) Лариса, бар, үйге кет!

Лариса . Кетпеймін.

Иван . Бар дедім ғой!

Лариса . (одан алыстап отырып, басын шайқайды) А-а! Бармаймын.

Иван . (орнынан тұра беріп) Әй! Мен саған не дедім!

Гүлнәр . Тиме, отыра берсін. Ол бізге бөгет болмайды.

Иван . (қарындасына біраз қарап тұрады, сосын оның қозғалмасына көзі жеткенсоң орнына отырады да Гүлнәрға бұрылады) Гүлнәр, меніңше…

Гүлнәр . Ваня, жанарларыңды сондай қайғылы қылмашы. Бұлай қарайтындай еш себеп жоқ.

Иван . Неге себеп жоқ! Меніңше… меніңше, біздің екеуміздің болашағымыз… қалай десем екен… меніңше, біздің болашағымыз өте бұлыңғыр.

Гүлнәр . Неге сен солай ойлайсың?

Иван . Сен Асқар ағамен сөйлестің бе?

Гүлнәр . Папаммен бе? Не жөнінде?

Иван . Екеуміз жөнінде.

Гүлнәр . (күліп жібереді, оған Лариса қосылады) Сен де қайдағыны айтады екенсің. Қалай мен әкеммен ондай сөз қозғамақпын?

Иван . Жарайды. Ал Жамал апаймен сөйлестің бе?

Гүлнәр . Мамам бәрін біледі.

Иван . Сонда ол кісі не дейді? Қарсы емес пе?

Гүлнәр . Қалай деп айтсам екен… сен білесің ғой, папам да, мамам да сені өте жақсы көреді. Алайда, бұл мәселе жәй мәселе емес.

Иван . Неге? Осыны сен өзің ойлап таптың ба?

Гүлнәр . Жоқ. Бұл мамамның сөзі. Ал мәселе неде? Мәселе папамның имам болғанында.

Иван . Түк түсінсем бұйырмасын! Имам болса не?..

Гүлнәр . Тү-ү! Түсінбейтін не бар! Өзің ойлашы – имамның қызы мұсылман емес адамға тұрмысқа шықса не болғаны?

Иван . Иә, не болғаны?! Гүлнәр, сен Асқар ағамен сөйлесуің керек еді. Мен білемін – ол қарсы болмайды. (пауза) Жоқ! Мен ол кісімен өзім сөйлесемін! Иә, мен өзім сөйлесемін. (орнынан тұрып, кетуге ыңғайланады)

Гүлнәр . (оның қолынан тартып орына отырғызады) Тоқтай тұр, Ваня. Иә, папам қарсылық білдірмес. Бірақ біз оның жағдайын да ойлаумыз керек.

Иван . Оның жағдайын?

Гүлнәр . Иә. Мешіттегі жамағат не дейді? Біз соны да ойлауымыз керек. Папам жанындағы ақсақалдарымен санаспай қоймайды ғой. Ал сол ақсақалдар екеуміздің қосылуымызға қалай қарайды? Мамамның айтуынша, папам мен сол ақсақалдардың арасында проблема пайда болыпты.

Иван . Неліктен? Екеуміз бір-бірімізді ұнатқанымыздан ба?

Гүлнәр . (тағы да күледі, оған тағы да Лариса қосылады) Жоқ, әрине! Олар әлі екеуміз жөнінде ештеңе білмейді. Ол проблеманы тудырған мамам. Ақсақалдар мамамның мұсылман әйелге тән киім кимейтінін айтып папамның бетіне басатын көрінеді. Ал мамам: «Мен мектепте пәренже киіп жүре алмаймын», дейді.

Иван . Иә-ә, мәселе осыншама қиындап кетеді деп ойламап едім. Және де Жамал апай дұрыс айтқан екен – қалай қазіргі заманның әйелі, мұғалима пәренже киіп жүрмекші? Бұл миға сыймайтын жәйт қой!

Гүлнәр . Жоқ, әзірше оған пәренже ки деп тұрған ешкім жоқ. Папам: «Ұзын етек көйлек, хиджап киіңдер» дейді. Ал мамам: «Мен ұзын етек пен хиджапқа қарсы емеспін. Бірақ оларды әйел өз қалауымен киуге тиісті. Еріксіз, дүре астына алып киіндірген дұрыс емес» дейді. Мен де солай ойлаймын. Ал папам… ол болса… мен өзі оны кейде аяймын да. Меніңше, ол өмір мен дінді сәйкестіре алмай жүрген сияқты. Дін өзінің қағидаларын ұстануды талап етеді, ал өмір… ол өзі басқа бағытпен кетіп бара жатқан жоқ па.

Иван . Жақсы, ол солай-ақ болсын. Алайда, егер сен ұзын етек көйлек пен хиджап кисең мен қарсы болмас едім. Ақсақалдардікі де дұрыс шығар – қазіргі қыздар мен келіншектер тым жалаңаш жүреді. Ал егер… егер де Асқар аға біздің қосылуымызға қарсы болса біз не істейміз?

Гүлнәр . Білмеймін… жоқ, ол мүлдем қарсы болмауға тиісті. Бірақ… (жігітіне қарап күлімсірейді) Ваня, сен осы… ислам дінін қабылдасаң қайтер еді, ә?

Иван . (таңырқаған кейіпте Гүлнәрға бүкіл денесімен бұрылады) Ислам дінін?! Мен?! Қабылдасам?!

Гүлнәр . Иә. Неге сен соншама таңырқайсың? Мешіт жамағатының арасында бір орыс мұсылман бар екен, онда тұрған не бар?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қайыркелдi Руспаев читать все книги автора по порядку

Қайыркелдi Руспаев - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Төңкеріс. Пиесалар отзывы


Отзывы читателей о книге Төңкеріс. Пиесалар, автор: Қайыркелдi Руспаев. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x