Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Тут можно читать онлайн Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: Историческая проза. Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.

Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - описание и краткое содержание, автор Қанат Жойқынбектегі, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Қанат Жойқынбектегі
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бұл сөз әр-әр болысқа өздерінің тәуірлерін сайлап үйренген билердің көңілдерінен шықпады. Алайда, олар ояз өкіліне қарсы не айтарларын білмей отырып қалды.

Бекәлі кеткелі пәлен жылдан бері болыс болып әбден үйреніп алған, Айтқожа-Қарпық болысын билейтін Қабайдың есі шығып кеткендей болды. Ол Ыбырайға пара берудің арқасында Бекәлі кеткелі болыстан шықпай келе жатқан. Көп жыл болыс болғандықтан ел арасында беделі бар еді. Даусы өктем, қаттырақ шықты.

– Сендер немене, болыс сайлауды ойынға айналдырып алғансыңдар ма?

Герасимов та оған тісін басып жүр еді, өзін адамға санамайтынын Герасимов білетін, ол тұрып айтты:

– Қабай, әлі тойған жоқсың ба, сенің дем алатын уақытың болды ғой.

– Менің жұмысыма кояр қандай кінәң бар, салық жинау жоспарын артығымен орындаймын…

Ол кезде жоғары жақ салық жинауға айрықша көніл бөлетін. Сондықтан әлгі сөзді Қабай әдейі айтып тұрған.

– Саған кояр ешқандай кінәміз жоқ. Мен саған болыстар іріленіп жатқанын айтып отырмын ғой.

– Ендеше сол болысты мен басқарамын.

– Ояз оған тұратын адамды белгілеп қойған. Ол мына алдарыңда отырған Шоң Телқозин.

Бір сәт үндемей отырып қалған болыстар біріне-бірі қарап алды да, жарыса сөйлеп кетті: «Бұл жақта ел басқаратын адам жоқ па, ояз өз адамын неге жібереді?» – деген сөздер жан-жақтан жауып кетті.

– Шоң Телқозин сендерге бөтен адам емес, осы Тоқаның баласы. Сендерден артық бір қасиеті бар. Ол орысша біледі. Жоғарыдан келген бастықтармен сөйлесе алады. Сауатты. Ақыл жағынан да көбіңнен алда тұр.

Мына «ақылы да сендердің көбіңнен алда тұр» деген сөз намысына тиді ме, біреу отырып айтқан:

– Біз өз көңілімізден шыққан адамды сайлаймыз. Қанша орысша біледі деп тықпалағанымен, мұндай адамның бізге керегі жоқ.

– Мен айтып отырмын ғой, губернатордың бұйрығы бойынша болыстар ірілендіріліп жатыр. Ал оған болыс кім болатын ояз шешеді. Ол жаңа болысты басқаруға Шоң Телқозинді қалап отыр.

Қабай ғана емес, көп болыстар өз қызметінен айырылғанын білді. Мынау олар күтпеген жаналық еді. Естері шығып кеткендей болды. Жиналғандар енді ашық реніш білдіре бастады. Әсіресе, болыстықтан айрылғалы отырғандары қатты-қатты сөздер айтқан. Қазақшаға судай және қазақ мінезін жақсы білетін Герасимов орнынан тұрып айқай салды:

– Сіздер немене, губернатор бұйрығына қарсысыздар ма?!

Мынау сөз оларды біраз басып тастағандай еді. Жиналғандар бір сәт үндемей қалды. Герасимов сөзін әрі қарай жалғады:

– Ояз бұл болысқа болыс етіп Шоң Телқозинді ұсынып отыр дедім ғой. Соған дауыс бересіңдер. Басқа басы артық сөздің қажеті жоқ!

– Сіздер де өз қалағандарыңызды болыстыққа ұсына берініздер, – деді Шоң. Бұл сөзді жиналғандардың көніл-күйіне қарай айтып отыр еді ол. Герасимов Шоңның мынасын жақтырмай қалды, ол сөзін әрі қарай жалғады.

– Естеріңде болсын, қазір ояз ешқандай сайлаусыз-ақ губернатормен ақылдасып болысты өзі тағайындайды. Сіздердің алдарыңа ояздың өзі қалаған адамды жіберіп, ақылдасып отырғанына рахмет айтыңыздар. Түсініңіздер!

Әлгі Шоң сөзі себеп болды ма, енді мына айтқан Герасимов сөзіне мән бермей билер бірінен соң бір тұрып, өздерінін тәуірлерін атай бастады. Бәрі айтып болған соң Герасимов қайыра орнынан көтеріліп:

– Естеріңізде болсын, біз бұрынғыдай көп болыс емес, бір-ақ болыс сайлағалы жатырмыз. Сол себепті, мына адамдардың санын азайтыңыздар. Тандаған бір-ақ адамдарыңды кіргізіңіздер – деді. Герасимов бұл сөзді амалсыздан әрі қулықпен айтып отыр еді. Герасимов егер Шоңнан басқа біреуді сайлап барса, Карбышевтің күн көрсетпейтінін білді. Сонда да Шоңның мына айтқанына ешқандай амалы қалмағандықтан, еріксіз көніп отыр еді.

Герасимовтың әлгі айтқан сөзі олардың тілектерінен шықпай отырған. Ояз жіберіп отырған адамға қарсы да шыға алмады, бір жағынан. Ақыры ақылдаса келіп, елдің мықтылары төре болғандықтан, жеңсе осы жеңеді деп Қабайды қалдырды. Өйткені, орыстардың қазақтан гөрі төрелерге жақсы қарайтынын білетін. Жоғары жақтың да төрелерге көзқарасы өзгере бастағанын бұлар әлі білмейтін. Оңаша ақылдаса келіп, дауысқа түсетін Шоң мен Қабайға тоқтаған. Қанша дегенмен Қабай – төре, оның сондықтан да бұл жерде билердің арасында беделі бар еді.

Герасимов тұрып тағы қайталап айтқан:

– Болыстыққа ояз Шоңды ұсынып отыр. Соны естен шығармаңдар. Дұрысқа көшіңіздер. Оны жасамасаңыздар, басқа тәртіп болады. Осыны есте сақтаңдар.

Герасимов аузынан мына сөзді естігенде жиналғандар корқып кетті.

– Ол қандай тәртіп? – деді бір би отырып.

– Омбыдан, Ақмоладан жіберілген өкілдер басқарады.

Дуан орнына ояз басқарғаннан кейін ел арасында болыстарды да орыстар басқаратын тәрізді өсек шығып жүрген еді. Ел арасында тарай бастаған сол сөз көптен бері билердің бастарына мықтап орнап қалғандай еді.

Құлымбет руының би Лау орнынан тұрып:

– Ежелден болыс сайлауын жергілікті жердегі билер сайлайтын. Бұл әуелден келе жатқан тәртіп, қазақтың хандарын да баяғыда солай сайлаған. Заман өзгерген соң, амал өзгереді екен. Орыс жіберіп отырғанымен Шоңнан қашпаңдар. Шоң да бізге бөтен емес қой, кешегі Жанкелді бидің ұрпағы. Соны естен шығармаңдар. Сол жағын да ескеріңдер.

Қабай тұрып айтқан:

– Сендер түсініңдер, орыс ойына келгенді жасап отыр. Бұл Нұра бойында отырғандардың бәрі қазақ. Өз тәртібімізбен өткізейік. Орысша тәрбиеленген Шоңның қазаққа жаны ашымайды. Оны естеріңнен шығармандар!

Шоң осы арада шыдай алмай кетті де:

– Қара қазақтың төрелерден тауып отырған жақсылығы жоқ. Пәлен жүз жыл төрелер басқарды. Қабеке, сіз не айтып тұрсыз осы? Төрелер басқарғанда да жетіскеніміз белгілі ғой. Ақыры орыстарға тәуелді болып қалдық. Мен өзім сұранып келгем жоқ. Сол орыстар жіберіп отыр.

Лау тұрып тағы да:

– Шоң дұрыс айтады. Пәлен жүз жыл төрелер басқарды. Жеткеніміз белгілі, ең ақыры өзбектен де қалып қойдық. Қисыққа кете бермей, дұрысқа көшіңдер. Шоң орыс емес қой, кешегі арамызда өскен бала. Орысша тәрбие алды. Бұл заманда оның пайдасынан басқа зияны жоқ.

Герасимов оны қостай кетіп:

– Ол басқа заман, бұл басқа уақыт. Енді орыстардың айтқанымен жүресіздер. Турасын айтқанда, жоғары жаққа кім ұнайды, соған дауыс бересіздер. Олай болмаса оязға барып шағым жасаңдар. Ал қазір менің айтқанымды жасайсыңдар!

Дауыс беру басталды. Санап келгенде екі дауыс Шоңға артық беріліпті.

Герасимов бұған қуанып, ризашылық айтқан:

– Сіздердің Телқозинды қолдағандарыңыз үшін рахмет!

– Жаңағы сөзіңе қарағанда бәрін бүлдіріп отырған сен, Лау мырзасың, – деді Қабай.

– Иә, мен Шоңды жақтап алдым.

«Алда Телқозының баласынан көрешекті көресіңдер. Бұл орыстарға берілген адам» – Осындай сөздермен сайлау алдында Қабай біраз адамды өзіне қаратып алған. Біраз адамдардың оған дауыс беруі содан болатын. Әйтпесе, Тоқадан шыққан Шоңға бәрі дерлік дауыс беретін еді. Әлгі сөзімен Қабай біраз билерді өз жағына шығарып алғанын Лау да біліп тұр еді. Соған орай айтқан:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Қанат Жойқынбектегі читать все книги автора по порядку

Қанат Жойқынбектегі - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап отзывы


Отзывы читателей о книге Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап, автор: Қанат Жойқынбектегі. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x