Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Название:Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:неизвестно
- Год:неизвестен
- ISBN:9785005549501
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап краткое содержание
Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
– Қабай, сен Қоңырқұлжа өлер алдында сайландың. Сенен көрген жақсылығымыз шамалы. Жыл сайын Ақмола базарына мыңдап мал апарып сатасың. Елден пара алдың. Іргеңде отырған менің өзімнен талай жылқы айдап алдың. Елді тонап бітірдің. Енді келіп мынадай сөз айтып тұрғаның не?
Қабайда да төрелерге тән кеуде бар еді. Ол да орнынан тұрып, Лауға біраз сөздер айтып тастады. Қабай жақтан тағы бір-екі адам сөйлей бастап еді. Герасимов өзінің мужиктігіне салып, орысшалап әлгілерді боқтап алды. Өңкей орысша білмейтін қазақтар оның сөзіне түсінген жоқ. Бірақ та ояз өкілінің қатты ашуланып қалғанын сезді де, бәрі де жым болды. Бұл келісімнің белгісі еді. Бұған қарсы ешкім дау айта алмады. Герасимовтың айтқаны болды. Болыс сайлауы осылай Шоңның пайдасына шешілді.
Телқозы орынап тұрып:
– Шоңның болыс болу кұрметіне азын-аулақ той жасамақ едік, сонда болыңдар бәрің, – деді. Оның сөзін естімегендей, Қабай бастаған бір топ адам кетіп қалды. Бұлар орнынан босаған болыстар еді. Қалғандары ымырт жабылғанша тойлап, олар да кетті.
Ертеңіне Герасимов жүретін боп жатқанда Телқозы оның жетегіне күміс ертоқымды бір жүйрік атын әкеп байлаған еді. Шоң мұны көріп қатты ашуланды:
– Мынауымыз мен пара беріп сайланғандай болдым ғой. Ертеңгі күні қазірдің өзінде жанжал шығарып отырған адамдарға не айтасың?! Мына қылығыңмен мені де, өзіңді де, Герасимовты да ұятқа қалдырып отырсың.
– Бұл мына орыстың енбегіне берген сыйлығым еді…
Герасимов Шоңның талай даулы мәселелерін шешіп, ештеңе алмайтынын, тіпті елдің кигізген шапанын да кимейтінін білетін. Алғысы кеп тұрған ол әлгі Шоң сөзінен кейін алмады. Оңашада Телқозыға айтқан:
– Сіз қалаға жиі келіп тұрасыз ғой. Бір келгенде алып келерсіз.
Телқозы оның бұл сөзді әлгі Шоңға ренішіне байланысты айтып тұрғанын түсінді. Ол оның бұл айтқанына келіскен еді.
Болыс сайлауын ойлағандай өткізіп Герасимов кеткен. Ол кеткен соң Шоң әкесіне айтқан:
– Әлгінде оған күміс ертоқымды атты неге ұсындың. Олай жасап орыстарды жаман үйретесің ғой…
– Бір жылқыда тұрған не бар. Береген қол алаған болады, – деді.
Шоң әкесінің сөзінде қандай мән жатқанын түсінді. «Ертең сен де аласыңды» айтып тұрғанын ұқты.
– Мен елден бір үзік жіп алмаймын.
– Оны жасамасаң болыс болып ұзақ істей алмайсың.
– Неге олай дейсіз?
– Алмасаң сенің дұшандарың көбейеді. Сенің алмағаныңды басқаша ойлайды…
Шоң әкесінің мына айтқанында қандай мағына жатқанын түсінді. Көп тұра алмайсың деген мән жатыр еді. Шоң «алмаймынмен» бір сөзбен ғана жауап берді. Шоң жүріп кетті. Орнынан тұрып, Телқозы дауыстады:
– Қайда бара жатырсың?
– Үлкен әкемнің басына барып құран оқып қайтамын.
– Мен де сенімен бірге барып оқиын.
– Қажеті жоқ, – деді Шоң.
Телқозы баласының әлгі ояз өкіліне ат мінгізбегеніне өкініп тұрып қалды. Бұл алғашқыда ғой, кейін үйренеді деген корытындыға келген.
Екі күн өткен соң Шоңдарға жақын Айтқожа, Барғана, Сатыпалдының сорпа бетіне шығатындарын шақырған Телқозы. Олардың бәрінің жетегінде бір-бір күміс ертоқымды аттар бар еді. Шоң олардың бәрін есік алдында тұрып қарсы алған. Аттарды көріп айтқан:
– Бұл аттарды не үшін әкелдіңіздер?
– Бауырым, мынадай қуанышта бір-бір ат мінгізу міндетіміз ғой, – деді Айтқожаның тәуірі, сексенді алқымдап отырған Бектас.
– Мен болыс болмай тұрғанда неге әкелмедіңдер?
– Қатарынан озып ел билеуге шыққанда осындай ат мінгізу ежелден келе жатқан халық дәстүрі.
– Сіздер дәстүр дейсіздер, ертең біреулеріңіз мұны пара дейді. Маған көп аттың керегі жоқ, осы аттарыңның ішінен Лау әкемнің атын алайын. Маған бір ат та жетеді. Қалғанын өздеріңіз алып қайтыңыздар!
– Шоң бауырым, алып келген сыйымызды алып қайтың не? – деді Бектас.
– Елдің азып, тозуы осыдан басталады. – Шоңның бұл сөзіне көпшілігі түсінбей калды.
Телқозы келгендердің бәрін дастарханға шақырды. Ел етке тойып, қымыз ішіп болған кезде Шоң тұрып айтты:
– Менің сіздерге бір сөзім бар.
Елең ете қалып, құлақ тосқан жиналғандар.
– Осы отырған үш рудың адамдары Нұра жағасына жиналып бірнеше ауыл болып отырсыздар. – Қай жер екенін де айтқан – Құлымбеттер отырған Нұра мен Құндыздының қиылысқан жерінде. – Енді бір топтарыңыз Аққошқарлар отырған жерге барып қоныстаныңыздар, – деді.
Шоңның бұлай деуінде бір сыр бар еді – қалың қазақ жиналып отырған жерге орыстардың бармайтынына оның көзі анық жеткен. Темештер даулы жерге қоныстанған соң Елизаветовка заемкасын салудан Карбышев бас тартқан. Нұра бойында сондай тұтасып отырған үлкен ауыл ету ойы болатын Шоңның. Солай жасаса өзен бойына бір орыс келіп қоныстанбайтынына көзі жеткендей болған. Мына сөзді содан кейін айтып тұр еді ол.
Шоңның мына айтқаны елдің көңіліне қонбайтындай сөз еді. Үш рудың тәуірлері қорқып кетті. Қыбыр-сыбыр көбейді. Шоң өздері еркін отырып сөйлессін деп сыртқа шығып кеткен. Біреу отырып айтты: «Мынау ана ояздың айтқанын жасап болыс болған ғой. Расында, Қабай айтқандай, шын орыс болып кеткен шығар».
Шоң қайта кіргенде бір би отырып:
– Өзіміз де бір ауыл болып отырмыз ғой, – деді.
– Екі-үш үйден отырған ауыл болмайды, отыз, елу үйден үлкен ауыл болып отыру керек. Елдігімізді сақтап қалу үшін солай болып отырған жөн. Сіздер әлі алда болатын жағдайды түсінбейсіздер. Орыс келіп жатыр. Нұра бойындағы жақсы жерлерді алып қояды. Анау Темештердің қасына қоныстанған, мына Жабағылардың іргесіне де келіп қоныстанғанын көрдіңіздер ғой. Бұл бастамасы ғана. Әлі сан үй орыс көшіп келеді. Нұра жағасына топталып отырсаңдар кіре алмайды. Елу үйден кем болып отырмаңыздар. Олай болмаса ертең жерден айырыласыздар, елдіктен кетесіздер.
Бір би отырып:
– Шоң шырағым, Жабағылар жанына сол орыстарды әкеп қоныстандырған өзің емес пе едің?
– Ағасы, менде ешқандай билік жоқ. Ояз апарып қоныстандыр деді. Мен айтқанын жасадым. Басқа менде билік жоқ. Сізді қойса да соны жасайсыз. Басқа амал жоқ. Ертеңгі күні осылай шашырап отыра берсеңіздер тағы да көшіп келеді. Сонда нулы-сулы Нұраның жағасынан айрыласыздар.
– Сен енді болыс болдың, ана жоғарыда отырған орыстарға айтпайсың ба?
– Олар менің тілімді алмайды. Ал сіздер сол Нұра жағасына барып отырып алсаңыздар, ештеңе жасай алмайды.
– Ендеше болыс болып неге келдің?
– Болыс болғаныммен ол менің қолымнан келетін шаруа емес. Орыстарды қоныстандыруды жоғары жақ жүрізеді. Бұл менің сіздерді сақтандырғаным. Жақсы жерлерден айрылып қалмаңыздар деймін.
Шоңның бұл сөзіне ешқайсы сенбеді. Әлгі сөздің бәрін орыстар Шоңға саясатпен айтқызып отыр деп ойлады. Осыдан кейін ел көп отырмады, орындарынан тұра бастады. Сайлауда Шоңға көңілдес болып дауыс бергендердің өзі Шоңның мына сөзінен кейін бір пәленің бетін көргендей болды. Шоңның соңғы сөзіне ешқандай жауап бермей жиналғандар ауыл-ауылдарына тарап кеткен. Баласының мына сөзі Телқозыға да ұнамады. Ел түгел тарап, онаша қалған соң ол сөз бастаған болатын:
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: