Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Тут можно читать онлайн Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: samizdat, издательство Литагент Selfpub.ru (искл). Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Шежірем сыр шертсе
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    Литагент Selfpub.ru (искл)
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    нет данных
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание

Шежірем сыр шертсе - описание и краткое содержание, автор Тажис Мынжасар, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Шежірем сыр шертсе - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Тажис Мынжасар
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Әлбетте бодандық емес, ойларында тек одақтасу ниеті бар мұндай келісім-шарт жасауға алдымен орыстармен шекаралас жатқан кіші жүз ханы Әбілқайырдың ұмтылғаны рас. Біржолата жойып жіберер зор қаупі бар жойқын жоңғар шапқыншылығымен күресте орыс патшасына арқа сүйемей болмайтындығын, әл-ауқаттарын да құдай қосқан көршісімен бейбіт сауда-саттық жүргізбей көтере алмайтындықтарын ол жақсы түсінген. Ханның бұл саясатын осыған дейін кімге бағынарларын білмей азып-тозып, бей-берекеті кеткен, артында қалың жұрты бар біраз би, батырлар да қолдап шыға келді.

Сөйтіп 1726жылы өздеріндегі Ресей елшісі Максюта Юнусовпен алдын-ала кездесіп, сөйлескен Әбілқайыр хан ұзамай-ақ Петерборға Қойбағар Көбеев бастаған елшілікті аттандырды. Ал 1730жылдың 8 қыркүйегінде Мәскеуге екінші елшілікті жіберді. Оған табыстаған хатында хан: «Мен қазір өзімнің бүкіл аймағыммен қоса Сіздің Императорлық Ұлы мәртебеңізге бағынсам деймін… Біз, Әбілқайыр хан, Орта және Кіші жүздің өзімізге қарайтын көп-көп… халықтарымен бірге Сіздің алдыңызда бас иіп… құзырыңыздан үміт етеміз» ,– деп жазды дейді қазақстандық тарих ғылымының докторы В.Басин өзінің «Әбілқайыр» деген зерттеу мақаласында («Білім және еңбек» жұрналы. № 5, 1982 ж.).Әрине автор мақаласын дайындау кезінде о баста бұрмаланып аударылған хатты басшылыққа алғанын білген жоқ.

Келіссөз нәтижесінде 1731 жылдың 19 ақпанындаимператрица Анна Ионовна Кіші жүз қазақтарын Ресей одағына алу жөніндегі Грамотаға қол қойды. Бұл Грамотаны ханға тапсырып, оның антын алу үшін 1731жылдың сәуірінде түркі тілдерін жетік білетін, Пётр патшаның кезінен жақсы белгілі, аса тәжірибелі, сауатты дипломат А.И.Тевкелев Петербордан Қазақ даласына аттанды.

Келіссөзді болдырғысы келмеген қарсы топтың қаскөй әрекеттерінен сақтанамыз деп елшілер хан кеңесіне ұмсынып үш ай бойы жол жүріп, неше бір азап, мехнеттер шегіп, азып-тозып Мойынтөбе алқабындағы (қазіргі Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы) Әбілқайыр ордасына ақыры жетеді. Сөйтіп 1731 жылдың 10 қазанында 27биі бас болып, Кіші жүз түгел және «Орта жүзден» Семеке ханға ілескен біраз би, батырлар ақ патшаға адалдыққа ант беріп, Ресей одақтастығына өтті. 1740жылы бұл «жүзден» Әбілмәмбет хан мен пен Абылай сұлтандар да осылай етті.

Әйтсе де қазақтың біраз би-сұлтандарынан бұл құйтырқы саясатқа қарсы шыққандары да болды. Олар Әбілқайырдың орыс патшасы Анна Ионовнаға өз атынан хат жазып, Ресейдің қоластына өту жөнінде астыртын келіссөз жүргізуін келіспей істелінген, жеке басының мүддесі үшін ел тәуелсіздігін аяққа басып, бәйгеге тіккен бодандық, сатқындық әрекеттерге бару деп түсінді. Жеке басының мүддесі дегенде Әбілқайырдың ақ патша мен оның әскеріне арқа сүйеп, үш жүзге өз үстемдігін жүргізер үлкен хан болғысы келетін ойын меңзегендері. Тоқсан тілектің түйінінен жаратылған сайыпқыран хан ол кезде мұндай мақсат, пейілден мүлде ада, таза болды деп айту да қиын еді. Етек алып кеткен осындай өзара түсінбеушілік пен жіктелу салдары ақыры қанды уақиғаларға әкеліп соқты.

1748жылы Орынбор губернаторы И.И.Неплюевпен келісім жүргізіп, қайтып келе жатқан сапарында сатқындық саясат жүргізіп жүрсің деген желеумен Қабырға өзенінің бойында өзіне бақас ескі дұшпандары Барақ сұлтан мен Сырлыбай, Баймұрат батырлардың қолынан жоңғарларға алғаш рет ойсырата соққы берген, үш жүз әскерін азаттық соғысына бастап шығушы кіші жүз ханы, дарабоз, дарынды бас қолбасшы Әбілқайыр хан қаза тапты.

Аз адаммен келе жатып тосқауылға ұрынып, сол ұрыста жарақаттанып ат жалын құша құлаған хан жүрегіне Барақ сұлтан өз қолымен қарыстай қара қанжарын қадап, мұратыма жеттім, елім, енді маған не істесең де көндім деп ашық далаға масаттана айқайлап шапқаны атақты жазушымыз Ілияс Есенберлиннің көпшілікке танымал әйгілі «Көшпенділер» атты трилогиясының «Жанталас» деп аталатын екінші кітабында шыншыл баяндалады (Алматы. 1973 ж. 167 б.).

Хан өлімін аяқсыз қалдырғысы келмей, кезінде Сейітқұл хажымен Самарқан маңындағы Нұратада қоныстанған 40 мың алшынды билеген Айтқұл бидің баласы Кедей биден туған Түрке батыр мен Қосқұлақ би Кенесары сұлтанның қарындасы Бопай ханшамен қосылып, Орынбор генерал-губернаторы И.Неплюевқа Әбілқайыр ханды өлтірген Барақ сұлтанға барынша қатал жаза қолдануды сұрап, өтініш хат жазғаны белгілі (Т.Дайрабаев, «Сырдың сырлы сыры». Арыс. Алматы. 2005 ж. «Шөменнің алтын сақасы» тарауы. 149 б.).

Осы жерде айта кететін жай мынау. Хан бір өзі шешім шығарып, ақ патшаға бір өзі хат жазбаған шығар дейміз. Қасында қаншама ру басы би, батырлары болды. Не істесе де солармен кеңесіп барып істеді ғой. Біздіңше хан сатқындық жасаса кейін артынан өзге ру, төрелер арасынан жоғарыдағыдай айтулы іздеуші, жоқтаушылар тобы шықпас еді деп те ойлаймыз. Барақ сұлтанның әрекеті айбыны асқақтап бара жатқан ханды көре алмаушылықтан туған жала екендігі көпе-көрнеу.

Бірқатар зерттеушілер азулы, ақылды, сайыпқыран Әбілхайыр хан Жайық казактарының басқыншылық әрекеттеріне үздіксіз, толассыз тойтарыс беріп, Орыс империясының сонау 1 Пётр патшаның кезінен-ақ шексіз, созылып жатқан қазақ жерін жаулап алуды мақсат еткен жымысқы, құйтырқы геосаясатын тамақтарына кесе-көлденең тұрып қалған сүйектей болдыртпай, жүзеге асыртпай келген хан, сондықтан амалы қалмаған ақ патша астыртын оған Барақ сұлтанды айдап салып, ақыры көзін жойып тынды деп жазып жүр. Сөздері қисынды деп санаймыз.

Жоғарыда бұрмаланып аударылған деп айтқандайын, осыған дейін барлық дерек көздерінде жұртшылыққа Әбілқайырдың ақ патшадан бодан сұрап жазған хаты деп ұсынылып келген құжаттың жалған екендігі жуырда анықталды. Қанша заман өтсе де Аллаһ-тағала ақыры шындықты жарыққа шығарды. Мұрағаттардың бірінен Әбілқайыр хан жазған хаттың түпнұсқасы табылды. Оның мазмұны біз білетін құжатпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін біз осы жайды зерделеушілердің бірі, түрік тарихын ертеден-ақ зерттеп, талай еңбек жазып келе жатқан, көпшілікке кең танымал, тарих ғылымдарының кандидаты, Мадрид және Қазақ-Американ университетінің профессоры, испан, португал тілдерінен қазақтың аса жетік маманы, өзіміз көптен білетін алшын Самат Өтениязовтың жуырда ғана, яғни өткен жылдың 11 желтоқсанында "Ана тілі" газетінің 49–50 нөмірлерінде жариялаған "Жаңа заманның шамшырағы – Қазақ мемлекеті"атты зерттеу еңбегінен үзінді ұсынамыз. Онда Әбілқайыр хан турасында былай деп жазылған: "Қазақ-орыс қатынасы тарихындағы трагедияның үлкені Ақтабан шұбұрынды оқиғасы болса, ұлт-азаттық соғыстардың жарқын тарихы Әбілхайыр хан бейнесі екенін мойындаймыз. Бұл жағдайды сонау 90-жылдар соңында академик М.Қозыбаев пен профессор Ж.Қасымбаев – Әбілхайыр хан тарихын қайта қарау керек деп мәселе көтерген еді. Қазақ хандарының еліміз тарихындағы орнын "Ұлт мүддесі үшін ғасырлар бойы күрес жүргізген Әз-Жәнібек хан, Керей хан, Қасым хан, Әз-Тәуке, Әбілхайыр хан сияқты тұлғалардың дәуір тарихында шоқтығы биік-ақ" (8) деп жазған еді М.Қозыбаев. Әбілхайыр Ресейге қарсы 48 жыл бойы соғысып, қалайша бодан болуға өтініш жазды екен деп күдіктенген Ж.Қасымбаев осы тарихи тұлғаның тарихын қайта қарау керектігін айтқан еді (9). Алайда 2000 жылы Әбілхайырдың тарихи хатының түпнұсқасы оқылғанда төбеден жай түскендей әсер етті. Біз осы уақытқа дейін оның орысша аудармасын пайдаланып келіппіз. Сол орысша аудармасы талай ұрпақты жаңылыстырып келген еді. Ақыры шындықтың түбіне қол жеткіздік.. Сол тарихи хатта "бодандық" туралы бір сөз жоқ екенін көріп тарихшылар қатты қуанды (10). Әттең, Әбілхайыр хан тарихын қайта қарайтын ғылыми конференция өткіземіз деп жүргенде М.Қозыбаев пен Ж.Қасымбаев қайтыс болып кетті де аяқсыз қалды…"

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Тажис Мынжасар читать все книги автора по порядку

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Шежірем сыр шертсе отзывы


Отзывы читателей о книге Шежірем сыр шертсе, автор: Тажис Мынжасар. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x