Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Тут можно читать онлайн Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: samizdat, издательство Литагент Selfpub.ru (искл). Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Шежірем сыр шертсе
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    Литагент Selfpub.ru (искл)
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    нет данных
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание

Шежірем сыр шертсе - описание и краткое содержание, автор Тажис Мынжасар, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Шежірем сыр шертсе - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Тажис Мынжасар
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Есенбұға хан қазақтарға жайлау үшін батыс Жетісудан Шу, Талас өзендерінің алқабы мен Қозыбасы аймақтарын бөліп берді. Тап осы жерде іргесі қаланып, еңсесі көтерілген елге тұңғыш рет «қазақтар» атауы қолданылғандығын біз 16 ғасырдағы тарихшы Уасифидеректемелерінен оқып-біліп отырмыз.

Әлбетте, моғолдарға қазақтармен төсекте басы, төскейде малы қосылған көрші болу ниетінің астарында Дешті Қыпшақ хандарымен жиі болып тұратын басқыншылық соғыстарда оларды қалқан ретінде ұстағысы келген саяси сыр жатқандығы да белгілі еді.

Бұл ниетті баянды етуге Жүніс сұлтан таққа таласқанда қос сұлтанның Есенбұғаны барынша қолдап, қолдарынан келгенше оған көмектескендігі, сөйтіп араларында сенім мен достық қарым-қатынастар қалыптасқандығы өз септігін тигізбей қоймады.

Сығанақ шайқасы мен қазақтардың Моғолстан жаққа тап осы 1456жылдары үдере көшкендіктері туралы 1983жылы жарық көрген Қазақ ССР тарихының «Көне заманнан бүгінге дейін» деп аталатын 2 томының 188 -бетінде де айтылады. Бұл цифрлар белгілі қытайлық тарихшы, ғалым Нығымет Мыңжанның 1987жылы Қытайдың Шыңжан қаласында «Қазақтың көне тарихы» деген атпен жарық көрген зерттеу еңбегінде де тілге тиек етіледі. Өзіміздің отандық жазушы, тарих зерттеушісі, көпшілікке танымал, атақты «Аласапыран» романдарының авторы Мұхтар Мағауин де 1993жылы «Жұлдыз» жұрналының № 12 санында жарық көрген «Қазақ тарихының әліппесі» деген зерттеу мақаласында, кейінірек баспадан басылып шыққан «Қазақ хандарының ғұмырнамасы» атты кітаптарында да осы датаға тоқталады.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Есенғазы да біз бұрынырақ айтып кеткен өзінің 2014 жылы 11 қарашада "Жас алаш" газетінің 89 нөмірінде жарық көрген "Өз ұлтыңның тарихын бұрмалау–өз әкеңді өзің ұрып өлтіргенмен бірдей" деген мақаласында осы пікірді ұстанады. Ол онда: "Орта ғасырлық атақты тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулатидың куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. Осы 1456 жыл, жаратылысынан еркіндік аңсаған, қазақ жұртын бастаған Керей мен Жәнібектің жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған ерекше оқиға–қазақ деген атауды иемденген халқымыздың тарихындағы маңызды құбылыс, жаңғырған қазақ этносынан тұратын мемлекеттің дүниеге келген мезгілі болды ,-дей келе,тарихшы, жазушы М.Мағауинге қатысты: "Кейінгі зерттеушілер 1456 жылды, тіпті бұдан соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, қазақ ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты.Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені есепке алынбайды. 1465–1470 жылдар–хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана"-деген Мағауиннің тұжырымы сол кездегі тарихи оқиғаларды зерттеген өзге де тарихшы-ғалымдардың пікірлерімен үндес" ,-деп баяндап кетеді.

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Қазақ хандығы» қоғамдық қорының төрағасы Жарылқасын Боранбай да өзінің «Қасиетіміз де, қастеріміз де–Қазақ хандығы» деген мақаласында ашық айту–ардың ісі деп осы пікірді ұстанады («Ана тілі» газеті. № 29. 2128.07.2011 ж.).

Сондықтан Қазақ хандығы құрылып, қазақ мемлекеттілігінің іргетасы қаланған жылдар деп бірауыздан осы жылдар алынып жүргендігін айту керек. Тарихтың тай қазанында қазақтың жаңадан ұлысты ұлт болып қалыптасуы тап осы кездері басталды. Бірақ, жоғарыда айтпақшы, өзге бірқатар ғалымдарымыз Мұхаммед Хайдар Дулатидіңатақты "Тарих-и Рашид-и" атты кітабында Керей ханның Шу бойына көшкен уақыты Хижра жыл санауымен 1465жыл деп көрсетілген деп қоймай жүр. Олар Мұхаммед Хайдар Дулатидің сол "Тарих-и Раши-диінің" тағы бір жерінде 1462жылы Моғолстан ханы Есенбұға дүниеден озғаннан кейін ішкі феодалдық алауыздықтарға байланысты олардың жұрты жиі-жиі қазақтар жағына өтіп кетіп отырғандығы, Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін оның да біраз ру-тайпалары Жәнібек ханға қосылып, қазақтардың саны 200мыңға жеткендігі туралы жазылған деректерді ескергісі де келмейді. Сөйтіп қазақ хандығының 550 жылдығын 2015жылы күзде атап өтеміз деп отыр. Бұған не дейсіз.

Осы ретте қазақ мемлекеттігінің қалыптасу мерзімін кейінге шегере бергеннен не ұтып, не өндіреріміз белгісіз. Бірақ осылай дей отыра жоғарыда келтірілген көп фактілерге қарамастан қазақ мемлекеттілігінің мерей тойын дауласа бермей, "көппен көрген ұлы той" деп биыл жақсылап, бірлесе өткізуге бармыз. Сөйтіп тарих ғылымдарының докторы Бүркіт Аяған бастаған бірқатар ғалымдар тобының мемлекет құру, оны қалыптастыру бір жылда бола қалатын іс емес деген пікіріне амал жоқ қосылмақпыз (Ғазиз Құрмашұлы. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. "Ана тілі" газеті. №46. 2014 ж.).

Біздер осы айтып отырған қуатты Қазақ хандығының тарихына құрметпен қарап, оның құрамында бастан өткерген қиын да қилы кезеңдерді, тар жол, тайғақ кешулерді ұмытпай еске алып, ұрпағымызға тәлім-тәрбие үшін әркез айтып отыруымыз керек деп ойлаймыз.

Ендеше осы хандық тарихына қысқаша болса да шолу жасап, оның ел басқарған тұтқалы да тұлғалы, қадір тұтар құрметті ұлдары жайлы тәппіштеп болмаса да, шама-шарқымыз жеткенше там-тұмдап болсын мағлұмат беріп кетуді жөн деп санаймыз.

Халық алдымен ақ киізге көтеріп, жасы үлкен деп Жәнібекке немере ағайын болып келетін Керейді хан сайлады. Абайға немере іні, халқымыздың ұлы ақыны, жазушыларының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған шежіреде Керейдің азан шақырып қойған аты Шаһкерей деп аталады. Ақын өз атының да Шаһкерім екенін осында жазады. Қазақ хандығының ұзын-сонар тарихы, міне осы Шаһкерей ханның кезінен басталады.

Бірақ бірер жыл болмай науқастанып, дүниеден қайтқан соң хандық тізгіні енді немере інісі Жәнібекке тиеді. Жәнібек оның лақап аты, ал шын есімі–Әбу Саид еді. Халқы құрметтеп оны кезінде Әз-Жәнібек деп те атаған. Бұл хандардың тегін тарқатар болсақ, арғы бабалары–Шыңғыс хан, одан–Жошы, одан–Тоқай-Темір, одан–Өз-Темір, одан–Қожа, одан–Бәдіғұл, одан–атақты Ұрыс (Орыс) хан. Оның 7 ұлының үлкені–Тоқтақия хан, ортаншысы–Құйыршық хан болса, Тоқтақиядан–Болат хан, одан–Керей хан, ал Құйыршық ханнан–Барақ хан, одан барып–Жәнібек хан дүниеге келді. Сөйтіп бұлар үшінші атадан табысатын туыстар еді. Қазақ хандығы халықаралық аренада тұңғыш рет ел, мемлекет болып тап осы хан жүргізген шебер дипломатияның арқасында ғана танылып, қалыптасты, күшейді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Тажис Мынжасар читать все книги автора по порядку

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Шежірем сыр шертсе отзывы


Отзывы читателей о книге Шежірем сыр шертсе, автор: Тажис Мынжасар. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x