Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Тут можно читать онлайн Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: samizdat, издательство Литагент Selfpub.ru (искл). Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Шежірем сыр шертсе
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    Литагент Selfpub.ru (искл)
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    нет данных
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание

Шежірем сыр шертсе - описание и краткое содержание, автор Тажис Мынжасар, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Шежірем сыр шертсе - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Тажис Мынжасар
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Тарихтың дәл осындай сын сағаттарында Қазақияның құрамынан оның біраз ру-тайпалары біртіндеп шығып, жаңа қоныс іздеп, көшіп отырған. Кезінде черкестерге де, қарашайларға да, балкарларға да, құмықтарға да, ноғайларға да осылай істеуге тура келген. Бірақ біз жақсы білетін бір жайт Қазақияның құрамына бірі қалмай кіріп, басқа түссе баспаққа дегендей, басқалар көшіп жатса да олар көшпеген, сол бағзы заманнан осы күнге дейін атын да, затын да сатпай, атауы аңызға айналған қоныс орнын да өзгертпей, біздерге мен қазақпын деп жеткен бірден бір тайпалар дені алшын мен қыпшақ, қаңлы тайпалары екендігі ендігі жерде ешбір күмән туғызбайды. Жоғарыда келтірілген фактілер мен бұл рулар Қазақстанның сол кездегі Қазақияға қараған батыс, оңтүстік-батыс аймақтарын күні бүгінге дейін мекендеп отырғандығы соның айқын айғағы.

Сонымен Қазақияның қасиетті қарашаңырағы бүгінгі қазақтардың ішінде алдымен соларға бұйырып, ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін оның атын, ділін, тілін сақтап, ошақтағы отын өшірмей жеткізу алдымен солардың еншісіне тиіпті, Қазақия құрамына алдымен кірген де, алдымен қазақ атанған да сол ру-тайпалар деуге әбден болатын сияқты.

Мана әңгімеміздің арасында арқаның арғындары да алшындармен бірге Алтайдан асып келген ру-тайпа екендігін тілге тиек еткенбіз. Өйткені Алтайдан бізге дейін созылған Ресей жерінде сақталып қалған жағрафиялық топонимдерден оларға да қатысты аргу , яргу тәріздес қоныс атаулары ұшыратылған еді. Бірақ олар алшындармен бірге Алтайдан асқанымен, батысқа қарай жылжып, Қазақияны құруға қатысты ма, әлде көш басын сол арқа жеріне тіреп, сонда табан тоқтатып қалып қойды ма ол жағын біз білмейміз. Бұл жөнінде бізде ақпар жоқ.

Бірақ арғындардың Алтайдан асып, арқа жеріне жетіп, тоқтағандары жөнінде жазба деректер де бар. Арқадағы арғындар жөнінде атағы төрткүл дүниеге мәлім әйгілі жиһангер, ғалым Марко Поло да, шығыстанушы, Орта Азия мен Қазақстан тарихын жете зерттеуші белгілі ғалым Н.А.Аристов те жеткізе жазды. Ал аты шығыс елдеріне мәшһүр ғалым В.В.Бартольд еңбектері мен Қазақ Совет энциклопедиясында бұл турасында: "Тарихи мәліметтерде А. аты бірнеше түрде кездеседі: Ғын, Ғұн, Ақ Ғұн, Қара Ғұн, Аруғ-Ғун, Тағ-Ғун. Мұндағы Ақ-Ғун, Аруғ-Ғұн–екеуі бір мәнді сөз. Мұндай аттар ежелгі тайпалар арасында жиі кездеседі… Әл-Бируни мен Ауфидің көрсетуі бойынша, Ғұн (Құн) одан бұрын Алтай тауының төңірегінде, Обь өзені бойында болған. Кайы (Оғыз) тайпасының Батысқа қарай жылжуына байланысты Ғұндар да қозғалып, "Сары" деген жерге келіп орналасады. И. Маркварттың зерттеуі бойынша, бұл уақиға 7 ғ-да болған. Ғалымдар "Сары" деген жерді Монғолиядан, Қашғариядан, Түркмениядан іздеп таба алмаған. Ғұндардың Ертіс бойындағы қыпшақтарды ығыстыруына қарағанда, олардың келіп тоқтаған жері Сары [Арқа] екені байқалады. Ауфидің жазуы бойынша, бұл геогр. атау сол кезде-ақ қолданылған (Бартольд В.В., Соч., т. 5, с. 395). Дешті Қыпшақта (Сарыарқада) жасаған А-дар Қыпшақ тайпасымен көршілес отырады. Қазақ шежіресі де солай дейді",-делінген (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1972 ж. 1 т. 450–451 б.б.).Бұлар басқа жағын болмаса да арғындардың Алтайдан асып келгендігін дәлелдейтін деректер.

Бүгінде Ресейдің құрамына кіретін Алтай өлкесінен берілетін кабелді телеарна хабарларын тамашалай қалсаңыз, оның халқының түр-түсі, киім-киісі, той тойлайтын әдет-дәстүрі, шаруашылық тірлігі, мереке күндеріне арнап тігетін киіз үйлері, айтатын ән ырғақтары мен сөйлеу мәшіні біздікіне өте ұқсастығымен қатты таңқалдырады. Сөз жоқ, бұл сонау әлімсақ заманда Алтай жерінде қалып қойған өзімізге туысқан тайпалар жұрнағы екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Ел арасында жиі айтылып жүрген «Алтайдың ар жағынан келген ару» деген Тынышбай Рақымның әні де кезінде сол жақтан келген туысқан ару қызға арналған әсем ән екендігі күмән туғызбайды. Бұл да біздердің, қазақтардың дені Алтайдан асып келген халық екендігімізді растайтын тағы бір дәлел.

Сонымен сөзімізді түйіндерде жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, көне Қазақияның қарашаңырағы кезінде одан бөлініп кеткен бүгінгі черкес, қарашай, құмық, балкар, кабарды, абазиндер емес, одан қалған тәбәрік– Қазақияның байырғы қазақ атын бүгінге дейін ұмыттырмай жеткізген, кейін ұлы жүз–Үйсін, орта жүз–Арғын, кіші жүз–Алшын деп үш тарау ел болып біріккен біздер, бүгінгі қазақтар дегіміз келеді.

Бөліп-жарып айтатын несі бар, қазақпыз деп отырған осы алшындар мен Жетісу, Сарыарқаны ес білген ежелгі кезден мекен еткен ұлы және орта жүз тайпалары қазақтығымыздан бұрын да бір кездері шекарасы Алтайдың арғы жағынан Каспий жағалауына дейін созылған, тілі де, ділі де, салт-дәстүрі де бір, атақты Фирдоуси «Шаһнамасында» жырлаған, әйгілі Апрасиаф (Алып тұлға) баһадүр билеген Ұлы Тұранмемлекетін құраушы, о бастан-ақ туысқан, түркі қандас, бір ұлыстың жұрттары болғандығы еш талас тудырмайды. Қазахия , біздіңше, осы Тұранмемлекеті ыдырағаннан кейін құрылған Түрік, Шығыс Түрік, Батыс Түрік, Түркеш қағанаты секілді көп бірлестіктердің бір сынығы.

Қазақтың біртуар, мұзбалақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың атақты «Түркістан» атты өлеңінің мына жалынды жолдары да байырғы қазақтардың Ұлы Тұраннанқалған қарашаңырақ екендігін айғақтайтын жыр тармақтары екендігінде дау жоқ:

Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,

Түріктен басқа от болып жан туып па?

Көп түрік енші алысып тарасқанда,

Қазақта қарашаңырақ қалған жоқ па?

«Түркістан». Шығармалары. "Жазушы" баспасы. Алматы. 1989 ж., 173 б.

Сонымен жоғарыда келтірілген деректер, оның ішінде Қазахия құрамына кірген көне ру-тайпалар атауының бүгінгі қазақ елі құрамындағы заманауи ру-тайпалар атымен сәйкес келетіндігі, солардың ру-тайпалық таңбалары мен бүгінгі біздердің ру таңбаларымыздың бір-біріне судың егіз тамшысындай ұқсастығы көне Қазақ ұлысы мен бүгінгі Қазақ мемлекетінің туысқандығын танытатын, ежелгі «Қазақия» өзге мемлекет емес, бір кездері өз бабаларымыз құрған ел, біз ұлт атауын содан алып қалғандығымызға айғақтайтын бұлтартпас дәлелдер.

Ендеше, «Қазақия» еліміздің сонау замандардағы бастау бұлағы болса оның тарих аренасынан алғаш көрінген уақытының да біздер үшін аса маңызды дата екендігі өз-өзінен түсінікті. Бұл Қазақстан кеше ғана құрылған мемлекет емес, мыңжылдық тарихы бар көне өркениетті ел екендігін растайтын дерек. Бірақ мұның байыбына барып, ойланып жатқан шенеунік, ғалымдарымызды көрмедік.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Тажис Мынжасар читать все книги автора по порядку

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Шежірем сыр шертсе отзывы


Отзывы читателей о книге Шежірем сыр шертсе, автор: Тажис Мынжасар. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x