Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Тут можно читать онлайн Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: samizdat, издательство Литагент Selfpub.ru (искл). Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Шежірем сыр шертсе
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    Литагент Selfpub.ru (искл)
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    нет данных
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание

Шежірем сыр шертсе - описание и краткое содержание, автор Тажис Мынжасар, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Шежірем сыр шертсе - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Тажис Мынжасар
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бұған М.Тынышпаевтың «История казахского народа» еңбегінің (1993 жыл. Қазақ университеті) «Материалы к истории киргиз-казахского народа» мақаласының «В. «Младшая Орда» тарауының «10. Алчыны» бөліміндегі топонимикалық мысалдар толық дәлел. Біздің ойымызша алшындардың ауу мезгіліТүркі қағанатының құлауымен тұс па тұс уақыт. Ал, әңгімені тереңдетсек «л-ға» тілі келмейтін Қытайдың «ашын» («аш-ин») деп жүрген жұрты да осы АлшындарАлтайды мекендеген жұрттарАлшындар болатын» (Ақтөбе. «Арсенал» баспа үйі. 1990 ж. «Рух» газеті. «Рушежіре»).Олай болса жоғарыда келтіріп отырған деректеріміз құрамында кіші жүз ру-тайпалары бар қазақтар тарихының IV ғасырға жататындығын тағы бір растап кетеді. Сондықтан черкештердің таулықтар емес, біздің он екі ата байұлына кіретін шеркештермен туыс, түбі түркі қандас бауырларымыз екендігін баса айтып кеткіміз келеді. Әйтпесе, олармен қоғамдық тіршілігі, салт-дәстүрі ортақ Қазақия қауымдастығында кезінде бірлесе өмір сүруіміз неғыйбыл емес пе еді.

Сөздің реті келіп тұрғасын айтқымыз келеді, атақты Бейбарсөзі мен Ибн Халдун жазған «Қыпшақтар шежіресінде» , мәселен, өзін қыпшақтың брж-оғлы руынан шыққанмын дейді. Араб зерттеушісі Аль-Айни де өз жазбаларында осыны құптайды. М. Тынышпаев жоғарыда аталған мақаласында зерттеуші Л.Будаговтың «берж»(«брж») сөзі тобыл татарларының тілінде қайыспас, берік деген мағынаны, ал «бурудж» сөзі «қорған » деген ұғымды береді дейтінін, ал қазақ тілінде «берш» деп дененің қатқылданған жерін айтатынымызды жазады. Ғалым зерттеуші Леп-Пуль-Стенлидің египеттік мәмлүк сұлтандарының екі әулеті болды, 1250–1390 жылдар аралығында «бах-ри»(«өзен»әулеті) және 1390–1517 жылдар аралығында «бурджи»(«қорған» әулеті) әулеттері билік жүргізді деген деректеріне сүйене отырып, «Выше мы видели, что подводная скала на р. Томи названа «буриш». Кстати заметим, буква «ш» в словах восточных тюрок обычно переходит в «дж» у западных тюрок (например, у осмнлисов). Из сопоставления указанных слов надо думать, что наименование династии «буруджи» произошло не от слова «башня», а от рода «бердж» или «берш». Это вполне потверждается вышеуказанным показанием султана, что он «происходит от «брж» или «берш», тюркского народа» , -дейді. Ұзын сөздің қысқасы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні–аты аңызға айналған әйгілі мәмлүктік Мысыр билеушісі Бейбарстың(1223–1277ж.ж.) да осы Алтайдан қоныс аударған аты алты алашқа мәшһүр болған атақты алшынның тілге тиек етіп отырған беріш руынан екендігін еске сала кету.

Шежіре зерттеушісі Жарылқап Бейсенбайұлы жоғарыда аталып кеткен өз шежіресінде араб жазушысы Аль-Айнидің деректеріне сүйене отырып, жасы 57-ге келген Бейбарсты улап өлтірген Қалауын сұлтанның да қыпшақтардың Берж руынан екендігін айтып кетеді. «Зерттеушілердің айтуынша Бейбарстың ата-тегі де сол Қазақия өңіріндегі Дербент маңынан, Үстірт, Еділ, Қаратеңіз аралығын жайлаған қыпшақтардан. Ол он жасқа келгенде елі шапқыншылыққа ұшырап, өзін моңғолдар итальян көпестеріне сатыпты, олар оны әрі қарай Мысырға жөнелткен. Сол жерде мәмлүктер жасағында тәрбиеленіп, өзінің әскери дарыны, қолбасшылық қабілеті арқасында мемлекет әміршісіне дейін өседі. Осы ретте Берж әулетінің билігінен кейін Египетті олармен туыс черкестерден (шеркештерден) шыққан мәмлүктер биледі) ,-дейді ол әрі қарай. Бұл Бейбарстың: «Мен қыпшақтың Брж-оғлы (берш-ұлы) руынанмын»,– деген жоғарыда айтылған дерегіне сай келеді. «Осы орайда алшындар, оның ішінде беріш атасы Қыпшақтың бір сынығы деген дәйектердің де түп-төркіні қылаң бергендей болады» ,– дейді шежіреші, жазушы. Егер Алтай айналасы мен Дешті Қыпшақ жерінің бір шеті кезінде Еділ, Жайық, Қара теңіз аралығын жайлаған бұрынғы Қазақияның құрамына қараған болса, алшынның беріші қыпшақ жұртының ортасына қалыңырақ, тереңірек еніп, қоныс аударғанда өздерін олардың бірі деп санап кетуі, біздіңше, таңқаларлық жайт емес, заңды құбылыс. Көп қашанда көптігін жасаған да, ал азшылық өзін олардың құрамында әрқашан солардың бірі деп санап отырған.

Қазақия мен оның құрамына кірген ру-тайпалар жөніндегі деректерді ауыз әдебиеті үлгілерінен де табуға болады. Мәселен, халқымыздың Қазтуған, Доспамбет, Шәлгезсынды айтулы жампоз ақын-жырауларының аузынан төгілген төмендегі жыр жолдары соның айқын айғағы дерлік.

«Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір,

Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір» ,– деген, сондай-ақ,

«Алаштан қазақ тараған,

Ноғайлыға қараған.

Жауға алдырмай ноғайлар

Бір-біріне жараған.

Ноғайдан қазақ бөлініп,

Үш жүз болып тараған»,–деген

өлең тармақтары қазақ пен ноғайлының кезінде бір одаққа бірігіп, бір қауымдастықта болғанын, бірақ түрлі себептермен бұл одақтың кейін ыдыраған кезін сипаттайды. Осы орайда, шежіре зерттеушісі Жарылқап Бейсенбайұлының кіші жүздің ішінде сақталып қалған «Ноғайлы-қазақ» («Ноғайты») руы сол Ноғайлы мен қазақ ұлыстары ажыраған шақта қазақтардың арасында қалып қойған ноғайлының бір атасы деген болжам, байламымен де келіспеске болмайды.

Сондай-ақ Әбілбек Нұрмағанбетовтің жоғарыда аталған мақаласында 1963жылы Мәскеуде шыққан «Ноғай-орыс сөздігіне» сүйене отырып берген, қазақ атты ру-тайпаның ноғайларда да бар екендігін растайтын мәліметтері олардың шындығында да Қазақияның құрамында болып, бір кездері қазақ деп аталғанын дәлелдей түскендей. Ал филология ғылымдарының докторы, профессор Рахманқұл Бердібаев өзінің зерттеу еңбегінде :«Қазақ пен ноғай ауыз әдебиетіндегі ортақ сарындас тарихи-генетикалық заңдылыққа жатады. Бұл екі халықтың фольклорындағы ұқсастық сол байлықты жаратушылар мен айтып таратушылардың әуел баста бір түбірден шыққан туыстығына байланысты» ,-деп бұл екі халықты тонның ішкі бауындай тіпті жақын туысқан қылып қояды («Қарайдар мен Қызылгүл». 7 б. Алматы. Жалын. 1989 ж. ) .

Сондай-ақ, оқысаңыз да болады, белгілі ақын, жазушымыз Байбота Серікбайұлының «Шежіре шерткен сыр» («Ана тілі» газеті. 1992 мешін жылы, 7 қаңтар)деген еңбегінде Қоңырат пен Ноғай , ал жоғарыда аталған ғалым Әбілбек Нұрмағанбетовтің сілтеме жасай отырып («Ног.-рус.сл.». М. 1963 ж. 491 б.)жариялаған аталмыш еңбегіндегі Ноғайлар мен Қаңлы жұрттарының арасындағы туыстық қатынастарды ашып берер мәліметтер–түптеп келгенде бәріміздің түбі бір туысқан тайпалар екендігімізді, бәріміздің тілге тиек етіп отырған көне Қазақияның құрамында кезінде бірге болғандығымызды, өткен тарихымыздың тікелей осы ұлыспен байланысты екендігін дәлелдейтін деректер.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Тажис Мынжасар читать все книги автора по порядку

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Шежірем сыр шертсе отзывы


Отзывы читателей о книге Шежірем сыр шертсе, автор: Тажис Мынжасар. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x