Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе
- Название:Шежірем сыр шертсе
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Литагент Selfpub.ru (искл)
- Год:неизвестен
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание
Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Оларға бәрібір сияқты. Тіпті кейбіреулері бұл мәселені шешуге келгенде кежегелері кейін тартып жүр. Тарих ғылымының докторы, профессор Зардыхан Қиянатұлының «Біз тарихтан қазақтың өз орнын іздеп жүрміз »деген «Жас алаш» газетінің 2005 жылғы 112 нөмірінде берген интервьюнде: «Қазақтың тегін сақтардан бастап қарастырған дұрыс дегенді қытайлық ғалымдар айтып келеді. Моңғолдар біздің халықты ХII ғасырда-ақ «Қайсақтар» деп атаған, қазір де солай ойлайды. Өзіміздің қазақ тарихшылары Қазақ мемлекеттілігін 1465 – 1466 жылдардан асыра алмай жүр, қайсыбірі тіптен асырғысы да келмейді» , -деп таусыла сөйлеуінің түп төркіні, міне, осында жатыр. Ғалымның мұнысын қазақ атауы мен тарихының өте әріден бастау алатындығын әлі күнге дейін мойындамай келе жатқан билік пен ресми ғылыми орындарға деген қынжылысы, өкініші, жанайқайы деп түсінуге де болады.
Сонымен қорыта айтар болсақ, М.Тынышпаев қазақ халқының тамырын тарих атасы деп тегін аталмаған сонау көне Геродот (б.з дейінгі 490–425 жылдар аралығында өмір сүрген, скифтер (сақтар) туралы алғаш рет көлемді, жүйелі еңбек жазған көне грек тарихшысы) пен Страбон (б.з дейінгі 64–б.э. 24 жылдар аралығында өмір сүрген көне грек географы, тарихшысы) заманына дейін жеткізсе, тюрколог-ғалымдар З.Қиянатұлы мен Т.И.Сұлтанов, С.Г.Кляшторный, тарих зерттеушісі А.Айзахметовтар, керек десеңіз, оларды Қазақия дәуірінен де әрі асырып, сонау біздің заманымызға дейінгі әлімсақ дәуірде өмір сүрген қайлар мен сақтар кезеңінен өрбіткісі келеді. Егер дәлелдері ғылыми тұрғыдан нанымды, ойға қонымды болып шығып жатса несі бар дегіміз келеді.
Қазақия жөнінде бұл келтірген деректеріміз толық емес екендігі анық. Шама-шарқымызша ғана жаздық. Біздіңше, мұнымен, жоғарыда айтпақшы, Қазақияның атын атап, түсін түстеп бере алар маман ғалымдар, оның ішінде ғылыми деректерге сүйене отырып, оның аяқ тіреп, шатыр тіккен, жамбасы тиген ата қонысы бүгінгі қазағымның кең байтақ, сайын сары даласының қай жерлерін кесіп өткендігін дұрыс нобайлап, сызып бере алатын тарихшы-картографтар да айналысқаны жөн ғой деп ойлаймыз. Әзірге жоғарыда келтірілген зерттеу деректеріне сүйене отырып, қазақтардың түп негізі мен атауы, жоғарыда айтып кеткендей, берісі IV–VII ғасырларда Ұлы қоныс аудару заманында Алтай баурайынан көшіп, Дешті Қыпшақтың батысын, Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығын мекендеген Қазақия тайпаларынан, ал арысы біздің заманымызға дейінгі кайлар мен сақтар , Апрасиаф пен Дарийлердің кезіндегі косоктардан тарайды деп айтуға толық негіз бар. Демек, әңгімемізді тамамдай келе, біздердің бүгінгіше қазақтар деп аталуымыз ең кемі осы кездерден басталады дегіміз келеді.
Өкінішке орай, үлкен зерттеуші, тамаша жазушылардың бірі, Қазақ Совет энциклопедиясы редакциясында оның қазақ тарихы бөлімін ұзақ жылдар жемісті басқарған, кезінде қызметтес ұстазым да болған марқұм Байұзақ Қожабековтің кейін жазған "Қазақия" (1999 ж.) кітабын, ауыл шалғай, уақыт тапшы демекші, дер кезінде қолға түсіріп, саралай алмадым.
Қазақ атауының шығу тегіне қысқаша болса да тоқталып кеткесін, ендігі жерде Сол Қазақияның жұрнағы–қазағымның басын қайта қосып, бүтіндеп, оны бүгінгі ұлт, мемлекет дәрежесіне жетерліктей етіп өзінің тарих атты тай қазанында сомдап шығарған әлеуметтік-саяси процесс барысы туралы айтпай кетпеске болмайды. Ол– қазақ хандығы жайлы әңгіме. Қазақ тарихы қазақ хандығынсыз сыңаржақ дүние іспеттес. Өйткені қалай қазақ болғанымызды білгеннен кейін, қалай қазақ мемлекетін, қалай оның алтын ұя бесігі– қазақ ұлтын құрғанымызды да білуіміз керек емес пе? Ендеше, әңгімеміздің ендігі алтын арқау, күміс қазығы қазақ хандығы мен ұлтының қалыптасу процесі жайлы болмақ.
3 бөлім
ҰЛТТЫҒЫМНЫҢ ҰЛЫ БЕСІГІ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫМ
Қазағым тарихын білмейтін тексіз, жеті атасын білмейтін жетесіз емес. Біз кімбіз, қайдан шықтық, қайда бара жатырмыз деген ежелден келе жатқан ескі сауалға әрқашан ежіктемей тура жауап бере алуымыз үшін өз шежіреміз туралы әңгімелемес бұрын алдымен қазағымның қасиетті қарашаңырағы, ұлттық мемлекеттілігіміздің тұңғыш белгісі – Қазақ хандығының құрылуы жайлы айтып кетуді жөн көрдік.
Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған көшпелі қазақ тайпаларына сайыпқыран Әбілхайыр хан басқарған «Көк ордадан» бөлініп шығуға 1456–1457жылдары ғана мүмкіндік туды. Бұл үшін олар Сығанақ қаласы төңірегіндегі «Көкқашан» деген жерде мұздай қаруланған хан ләшкерінің тас-түйін бекінген жоңғар қонтайшысы Үз Темір әскерінен оңбай, ойсырай жеңіліп, әлсіреп қалған тұсын ұтымды пайдаланып кетті.
Ешбір билеуші ешкімді ешқашан қан-төгіссіз өз еркімен босатып жібермесе керек. Сансыз көп жансыздары мен тыңшылары бар қанқұйлы, айлакер Әбілхайыр хан мен оның өзге жақтастары қос сұлтан мен олардың төңірегіне топтаса бастаған жұрт пиғылын білмей қалды деу әсте қиын. Олар білмеді емес, бұрыннан-ақ біліп келді. Бірақ іштен шыққан жау жаман демекші, қан мен тегі бойынша ұйымдасып үлгерген топтың күшін сезінгендіктен оларға ашықтан-ашық қарсы шығып, істі өз қолдарымен асқындырып, насырға шаптырып алғысы келмеді деп санаймыз. Кейін бұлар бөлініп, ауа көшкенде де «болар іс бәрібір болмай қоймады» дегендей соңдарынан әскер шығарып, қумағандықтары содан шығар деп ойлаймыз.
1456жылы Әбілхайыр ордасынан үдере көшкен қазақтарды Моғолстан ханы Есенбұға құшақ жая қарсы алды. Не дос, не жау екендігін білмейтін мекенге қазақтардың әй-шәй жоқ баса-көктеп бара қоймайтындығы, мұндайда жер иесінің ашық қабақ танытатын келісімі керек екендігі бесенеден белгілі. Өйтпейінше бұл – өзгенің жерін басып алу, тартып алу, соғыс деген сөзбен парапар түсінік. Демек, бұл – жоғарыда ғалымдарымыз біліп айтып кеткендей, Керей, Жәнібек сұлтандар мен Есенбұға хан арасында көшіп-қону мәселесіне қатысты ертеден-ақ елшілік жүріп, бұрыннан-ақ екі жақтық келісім-шарт жасалып, белгілі дайындық жұмыстары болғандығын, Қазақ хандығын құру тосын емес, ілгеріден ойластырылған іргелі іс-шара екендігін аңғартады.
Бұдан байқайтынымыз Қазақ хандығын құру бір күннің емес, талай ғасыр аңсалып, айтылып, талай би мен көсемдердің ақ арманына айналып келген іс екендігі. Бақтарына қарай ол жоғарыда аттары аталған қос сұлтанның уақытына дөп келіп, солардың еншісіне тиген баянды іс болды. Бұл дегеніңіз, тағы да қайталап айтамыз, қазақ атауымыздың қашып-пысып жүріп алған «қашақ» сөзінен емес, әріден келе жатқан әсілі қазақ деген түп ныспымыздан алынған атау екендігін тағы бір дәлелдеп кетер жай.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: