Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Тут можно читать онлайн Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: samizdat, издательство Литагент Selfpub.ru (искл). Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Шежірем сыр шертсе
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    Литагент Selfpub.ru (искл)
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    нет данных
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание

Шежірем сыр шертсе - описание и краткое содержание, автор Тажис Мынжасар, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Шежірем сыр шертсе - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Тажис Мынжасар
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

15 ғасырдың 70 жылдары Шығыс Дешті Қыпшағы үшін жүргізілген соғыстар салдарынан қазақтардың шекарасы бірде кеңіп, бірде тарылып отырған. Әйтсе де, қыпшақ, найман, қаңлы, керейіттер сияқты жаңа этникалық топтардың үзбей қосылып отыруына байланысты халқының саны молайып, нығая берді. Кейінгі жорықтарында этникалық жеріміз деп санайтын Сырдария бойындағы Отырар, Созақ, Сауран, Сығанақ, Түркістан қалаларын өздеріне қаратты. 80–90 жылдары қазақтың үшінші ханы Керейұлы Бұрындық ханның кезінде де бұл қалалар үшін соғыс толастамады. Қазақтардың Дешті Қыпшақ жеріне иелік етуі нығая түсті. Қазақ хандығы өз құрамындағы тайпалардың этникалық жерлерін 16 ғасырдың басында шамалы уақыт билік еткен Жәнібектің үлкен ұлы Әдіктен кейін таққа отырған қазақтың бесінші ханы Қасымның дарынды, көреген басшылығының арқасында түгелге дерлік қайтарып алды. Сөйтіп шекарасын батысындағы Жайықтан оңтүстік-батысында Сырдария жағалауларына дейін созып, солтүстігінде Ұлытау мен Балқаштан әрі асырып жіберді де, оңтүстік-шығысында Жетісудың Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендері алабын өзіне бағындырды.

Қазақ хандығының шекарасы барынша кеңейіп мейлінше күшейген халқы мамыражай - фото 2

Қазақ хандығының шекарасы барынша кеңейіп, мейлінше күшейген, халқы мамыражай өмір кешкен кезі қазақтың осы көреген, ақылды, шебер дипломат, дарынды да батыл әскери қолбасшы Қасым ханы билік еткен тұста болды. Деректер оның кезінде қазақтар саны 1 миллионнанасып жығылғанын айтады. Ол тек соғыстар жүргізумен ғана шектеліп қалмай, ел қамы үшін басқару, заң, сот жүйесін жетілдіру мақсатында түрлі реформалар енгізгені белгілі. Әйгілі «Қасым ханның қасқа жолы» дейтін өмірдің түрлі жақтарын қамтитын заңдар жиынтығы сол кезде шықты. Хандық өзін біртұтас мемлекет деп, халық өзін толыққанды ұлт деп тап осы кезден сезіне бастады.

Бірақ Қасым ханнан кейін Қазақ хандығында құлдырау кезеңі басталды. Сұлтандардың билікке таласқан алауыздығы салдарынан 1523жылы тақ мұрагері Мамаш хан мерт болды. Билік Қасымның немересі Таһир ханға ауысқанымен ол етек алып кеткен алауыздықты тоқтата алмады. Ноғай Ордасымен арақатынасын шиеленістіріп алып, ішкі билік жағдайын одан әрі асқындыра түсті. Осы кезде жеке басының қаталдығынан жәбір көрген көпшілік, жығылған үстіне жұдырық дегендей, оны тастап көше бастады. Нәтижесінде Таһир хан хандықтағы үстемдігінен айрылып, Жетісуды ғана иемденіп қалды. Онда да өз билігін сақтап қалу үшін жеріне көзалартуын тоқтатпаған өзбек Сұлтан Саидхан мен қырғыз манаптарымен үнемі соғысумен болды.

Қазақ хандығының жағдайы 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан (1538–1580) билік еткен кезеңде ғана оңала бастады. Оның ұтқыр дипломатия мен жігерлі қимылдарының нәтижесінде хандық саяси жағынан қайта өркендей бастады. Жайықтың сол жағалауындағы толып жатқан көшпелі ру-тайпаларды өзіне бағындырып, Жетісу мен Тянь-Шаньға көз тігуін тоқтатпаған моғолстан ханы Әбд ар-Рашидке, Жетісудың шығысынан қауіп төндірген ойрат қалмақтарына тойтарыс берді. Көршілес орыс мемлекетімен саяси және экономикалық байланысын жандандыра түсті. Орта Азия халықтарымен бейбіт экономикалық-сауда қатынастарын одан әрі күшейтті. Нәтижесінде халықтың хал-ақуалы, тұрмыс жағдайы едәуір жақсара түсіп, сұлтандардың ішкі алауыздық, қырқысы бәсеңсіді.

Бұл ұтымды саясаттың хандық үшін аса тиімділігін Ақназар ханнан кейін жақсы түсінген Тәуекел хан болды. 1583жылы қиын да болса, ел қорғанысы үшін аса қажеттігін түсініп, Бұхармен арадағы келісім-шартты бұзып, Сырдария бойындағы бұрынғы қазақ қалалары мен Ташкентті басып алып, өзіне қаратты. Ресеймен одақ құруға күшін салды. Осыған байланысты Мәскеудегі Ораз-Мұхаммедтің орнына аманатқа ұлы Хұсайынды қалдыруға дейін барды. Нәтижесінде орыстар әскери күшпен көмек көрсетіп отырды. Орта Азия мемлекеттеріне ықпал-әсерін күшейту мақсатында 1598жылы Самархан мен Бұхараға жасаған жорығында қатты жараланып қайтыс болғаннан кейін, таққа інісі Шығайұлы Есімхан (1598–1645) отырды.

Соғыс, шайқастарда үнемі ерлігімен айрықша көзге түсетін оны халқы құрметпен «Еңсегей бойлы ер Есім»атап кетті. Ол Бұхармен жасалған бейбіт келісім-шарттың нәтижесінде Сырдария қалалары мен Ташкентті біржолата Қазақ хандығына қаратып, оңтүстігіндегі маңызды сауда-қолөнер орталықтарын өзіне бағындырды. Осы көреген саясатының нәтижесінде экономикалық сауда-саттық қатынастары үшін аса маңызды Ташкент қаласы мен оның атырабы 200жыл бойы қазақ хандарының билігінде болды. Қазақ хандығына үнемі қауіп төндіруші ойрат қалмақтарын тойтарып отырды. Бейбіт қатар өмір сүру үшін қазақ-қырғыз ынтымағын нығайтуға барынша күш салды.

Ішкі саясатында Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етуді көздеді. Сондықтан ел басқаруында бір ханға бағынуды, соғыс істерінде болсын, бейбіт тұрмыс тіршіліктерінде болсын бір ханның шешіміне бой ұруды уағыздады. Осыған байланысты ішкі өмірде халыққа ықпал-әсері көп феодалдық, діни топтардың мүддесін көздеп, ескі салт-дәстүр, жөн-жоралғыларды: қанға қан алуды, кек алуды, құн төлеуді, барымта алуды, құл сатуды, жазаға дүре соғуды, көп әйел алуды, әмеңгерлікті, зекет, ұшыр жинауды, ескі діни сенімдерді ұстануды жан-жақты насихаттауды қолдап отырды. Осы үшін де қарапайым халық оның бұл реформаларын ел арасында «Есім ханның ескі жолы» деп атап кетті.

Әйтседе, адамның айтқаны емес, Аллаһтыңдегені болады демекші, Есім ханнан кейін феодалдық алауыздық бәрібір қайта бас көтеріп, ушықты. Ол Есім ханның ұлы Жәңгір ханның (1652 ж. қ. б). кезінде де толастамады. 1643–1644жылдары жоңғарлармен болған жан беріп, жан алысқан қырғын соыста қазақтарға 20 мың қолмен көмекке келіп, саны басым жауды талқандауда шешуші роль атқарған Самарқан билеушісі, әлімнің төртқара руынан шыққан, атақты Әйтекебидің атасы Жалаңтөсбаһадүрдің тарихта жазылып қалған теңдессіз ерлігі осы Жәңгір ханның кезінде болды.

Жәңгір хан 1652жылы жоңғар қонтайшысымен болған қарымта соғыста жеңіліп, қаза тапты. Етек жайған алтыбақан алауыздық салдарынан жүздерде топтасқан жекелеген қуатты қазақ сұлтандары іс жүзінде тәуелсіз болуды аңсады. Бұл ақыры «үш жүздің»әрқайсысы өз жүзіне өз сұлтандарынан хан сайлау дәстүріне әкеліп соқты да, үлкен ханның билік ету күші бірте-бірте әлсірей берді. Бара-бара ол ел басқару ісінде номиналды ханға айнала бастады. Алайда, әр жүздің бақталас хандары өзгелерге өзінің күшті, ықпалды екенін көрсетуге ұмтылумен болды. Осыдан барып олардың арасынан өзгелерге өктемдік жүргізгісі келетін қуатты хандар шыға бастады. Олар өз мақсаттарына жету үшін өз руларын ғана емес, өзге ру-тайпаларға да ықпал-әсерін күшейтіп, төңірегіне топтастыруға тырысты. Жаппай етек алған тап осындай шаралар біртұтас Қазақ хандығын алауыздық салдарынан біржолата ыдырап, жойылып кетуден сақтап қалды десек те болады. Бұл құрылғанына 200 жылдан асқан кезде Қазақ хандығы душар болған саяси ақуал еді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Тажис Мынжасар читать все книги автора по порядку

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Шежірем сыр шертсе отзывы


Отзывы читателей о книге Шежірем сыр шертсе, автор: Тажис Мынжасар. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x