Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе
- Название:Шежірем сыр шертсе
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Литагент Selfpub.ru (искл)
- Год:неизвестен
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание
Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Тарихшы, зерттеушілеріміз айтпақшы, Ноғайлының құрамында жоғарыда аты аталған ру, тайпалардан басқа алшын, қыпшақ, үйсін руларынан тарайтын тағы да басқа аталардың бар екендігін ескерер болсақ, төскейде малы, төсекте басы қосылған, жақын, көрші қоныстанған бұл екі жұрттың ( ноғайты мен қазақ рулары) тұрмыс-тіршіліктерінде қыз беріп, қыз алысып, құдандал, жекжат болып, қаншалықты туыстасып кірігіп, бірігіп кеткендіктерін көрер едік. Сондықтан да, біздің пайымдауымызша, бұлар бірі бөлініп көшкенде екіншісі олармен жақындығын білдіріп, бірге ірге ауыстырған жұрттар. Жоғарыдағы жыраулардың:
«Ей, байтағым, байтағым,
Бастырып сені алдырдым.
Ал, аман бол, менен соң,
Байтағымның ішінде
сан елім ноғайлым,
Сені тағы да алдырдым.
Он сан ноғай ішінде
Үш алпыс отау қазағым,
Сені тағы алдырдым», - деген
қасіретті жыр шумақтары да ақ патшаның отарлау саясаты мен басқыншылық әрекетінің нәтижесінде бір халық боп қалыптасудың аз-ақ алдында тұрған ноғайлы–қазақ ру-тайпалары одағының қайта күйреген кезеңі туралы баяндайды (Жарылқап Бейсенбайұлы. «Кіші жүз. Жанарыс» «Ана тілі» газеті. 1992 мешін жылы, 4 наурыз, 4 б.).
Жазушы Әнес Сарай 2010 жылы «Ана тілі» газетінің бірнеше нөмірінде жариялаған «Ноғайлы» атты көлемді зерттеу еңбегінде ноғай елі Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша Моғол ханы Тұғлық Темір кезінде Сырдария мен Шу, Ыстықкөл мен Жетісу жерінде болғандығын хабарлайды (Валиханов Ч. Собр. Сочинения. І том. Алма-Ата, 1961, 358–359 стр.). Бұл турасында тағы мынандай мәліметтер береді: «Муин ад-дин Натанзи олардың қонысын «Ұлытау, Сеңгірағаш, Қаратал, Жент, Баршын кент» деп, ноғайлының осы тарапта жасаған бір кезеңінен хабар береді (Трепавлов В.В. 56-б.).
Бұл орайда сан-саққа салған әңгіме жеткілікті. Ноғайлы шекарасы әр кезде әртүрлі болған: бірде кеңіп, бірде тарылып отырған. Олардың өзгермеген тиянақты аш өзек, алтын діңгегі–Жайық өзенінің ұзына бойы…
Ноғайлы жұртына алғашқы тиянақты ғылыми барлау жасаған М.Г.Сафаргалиев оның ұйытқы тобы деп 18 тайпаны атаған. Олар: алшын, ас, байғұр, борган, борлақ, гублаг, канглы, кенегес, керей, қыпшақ, қытай, қият, колгин, қоңырат, маңғыт, найман, тайджут,тангучин, түрікмен (Сафаргалиев, 1960, 230-б.)…
Р.Х.Керейтов Ноғайлының ұйытқы тобына бай, қаңлы, қатаған, керейт, қыпшақ, қоңырат, мажар, маңғыт, найман, сильджджгут, үйсін тайпаларын жатқызады (Керейтов Р.Х. Ногайская Орда и вопросы ее этнического состава //ИТАРНО,19–28 стр.). Ірге көтеріп, дәуірлеген XV ғасырда Ноғайлы 64 тайпадан құралып, ал XVI–XVII ғасырларда олар өздерін «140 таңбалы ноғай» атаған (Трепалов В.В., 440-б.). Түрік саяхатшысы Эвил Челеби де «140 рулы ноғай жұрты» деп көрсетеді.
Біртұтас Ноғайлыда ыдыраушылықтың алғашқы нышандары шаң бергенде-ақ Ұлы Ноғай, Кіші Ноғай, Едисан, Едишкөл, Тоғыз, Жембойлық, Буджак ұлыстары көрініс тапты…
Еуропа саяхатшылары Еуразия кеңістігіндегі жері кең, халқы көп бірден-бір құрылым Ноғайлы жұрты деп білді. Бірақ саны қанша екенін кесіп-пішіп атамайды. Бұл орайда Ноғайлы жырларында «теңіздей толқыған Ноғайлы», «теңіздің құмындай сансыз Ноғайлы», «он сан», «отыз сан», «қырық сан» тіркестері жиі кезігеді. Бірақ бұл меңзеулерден халық мөлшерін шамалағанмен, анықтау мүмкін емес. Ноғай зерттеушісі А.И.-М.Сикалиев Ноғайлының санын 2 миллионға жеткізеді. Ал А.А.Тортика, В.К.Михеев, Р.Н.Кортиевтер Еділ мен Есіл, Кама мен Сырдария аралығында 1 млн. 700 мың халық тұрды, ал Ноғайлының атақонысы Еділ, Жем, төменгі Сырдарияда 750 мың деп көрсетіп, Ноғайлының санын осы мөлшермен шектейді…
Ноғайлы жеке шаңырақ көтерерде Дешті-Қыпшақта болып, Едіге туралы құнды деректер қалдырған Клавихо Едігенің ләшкері 200 мың деп көрсеткен. Ал «Қазан жылнамасы» Едігенің ұлдарының әрқайсысында 10 мың жасақ барын атаған. Ендеше, Ибн Арабшахтың Едігенің 20 ұлы туралы мәліметі шындық десек, Ноғайлы ләшкерінің саны 400 мыңнан кем болмаған. Ал ләшкерді жалпы халықтың төрттен бірі деп есептесек, Ноғайлы өтеніндегі халық саны 1 млн. 600 мың болып шығады» (Әнес Сарай. Ноғайлы. Ана тілі газеті. №47. 11-б. 2010 ж.).Бұл келтірген деректеріміз білсем деушілерге Қазақия құрамында болған «Ноғайлы» елі жөнінде құнды мәлімет беретін ақпар көздері.
Ал Әзірбайжан Республикасында бүгінге дейін Қазақ ауданымен қаласыныңболуы (Әбілбек Нұрмағанбетов. «Қазақ ру, тайпалары атауының төркіні». «Ана тілі» газеті. 13.05. 1993 ж. 5 бет)біріншіден, олардың да баяғыда Қазақияның құрамында болғандығын, екіншіден, кезінде бірлі-жарымды қазақ руларының оларға ілесіп бірге көшкендігін, сөйтіп олардың қазірге дейін осы аталмыш мекендерде байырғы аттарын сақтап тұрып жатқандықтарын аңғартса керек.
Кезінде бәріміз май шам жарығымен жастанып жатып оқыған айтулы «Қобыланды батыр» жырының бір нұсқасында кездесетін:
«Қайта жинап ел қылып,
Қалың Қазақ қонысын",– деген
өлең жолдары да қазақ қауымдастығының ертеден келе жатқандығын, бірақ тарихтың тар жол, тайғақ кешу кезеңдерінде Керей мен Жәнібек заманына дейін де осылайша бір емес, бірнеше рет ыдырап, қайта біріккен ұлыс болғандығын көрсетеді. Ал осы жырдың:
" Қырық мың үйлі қияттан
Қырық мың әскер қол алып,
Ақ қара бас ту алып,
Қызылбасқа жол алып,
Көшірем деп Қазанды
Бұл да күшті мол алып,
Қарамандай батырдың
Қабағына қар қатты,
Кірпігіне мұз қатты.
Қазанның естіп хабарын
Ұйқы көрмей түн қатты.
Ноғайлыны алды,– деп,
Сүйекке таңба салды,-деп,"
(Ақсауыт. Батырлар жыры. "Жазушы" баспасы. Алматы. І т. 29 б.).
өлеңдетер келесі шумақтары қияттың ұлы Қараманның қарақыпшақ Қобыландымен үзеңгі тіресіп, үмбеттеріне жатпайтын ортақ жау–қызылбасқа қарсы бірге аттанулары да бұл екі жұрттың ноғайлы жұртымен бір кездері жан ашырлық жақын, бір Қазақ ұлысында болғандығын көрсетеді. Ал келесі:
" Шәһзатты қазірет,
Жарылқаушы құдірет,
Қызылбас басқа,
біз–үмбет",-
( Бұл да сонда. І т. 51 б.).
деген жыр жолдары қызылбастардың (парсылықтар) бұлар сияқты Қазақ ұлысына кіретін түбі бір түркі тайпасы емес, ділі мен діні бөлек бөтен жұрт екендігін тағы бір аңғартады. Халқымыздың ұмытылмас ақиық, саңлақ ақыны Жұбан Молдағалиев өзінің көпке танымал, кезінде елұранымызға да арқау болған, тау суындай сарқыраған рухты өлең жолдарымен «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп қатулана жырлағанда қазақ халқының тап осылайша бірде бірігіп, бірде ыдырап, басынан сансыз көп қысылтаяң, қиын шақтарды өткізген тарихи жағдайын меңзесе керек.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: