Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе
- Название:Шежірем сыр шертсе
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Литагент Selfpub.ru (искл)
- Год:неизвестен
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание
Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
Осындай жұрттың санатына жататындардың бірі– К өлеген руы. Қолөнері, егіншілік, мал шаруашлығымен қатар айналысатын олар ертеректе Сығанақ өңірін жайлапты. Қазір Түркістан, Шымкент, Жаңақорған, Арыс маңын қоныстанған көрінеді. Олар сонымен қатар көршілес өзбек, қарақалпақ халықтарының құрамында да кездеседі екен.
Ендігі бір ірі, ел арасына кең тараған, аты құлақта жүрген рулы жұртқа Сунақтайпасын жатқызуға болады. Олар наймандардан өрбитін, жоғарыда атап кеткен Дүрмән-Барлас руының бір тармағы көрінеді. XV ғасырдың бас кезінде олардың Әбілғазы имам бастаған бір бөлігі Сығанақ қаласына келіп, табан тірейді. Онда ол өз қаражатына мешіт-медреселер салғызып, ел арасына ислам дінін насихаттап, емшілікпен де айналысыпты. Жергілікті сарт (соғды) халқы оны өз тілдерінде Сунақ (қарапайым жан) әулие деп атап кетеді де, оған еріп келген жұртты да кейін оның осы лақап атымен байланыстырып сунақтар дейді.
Бірақ бір айта кететін жайт біз Сайдаққожа Жүсіпұлының осы еңбегінде (Жүзге кірмейтін қазақ рулары."Ана тілі" газеті. 15.04 2005 ж. 5 б.) Орта жүздің құрамында бар қыпшақ, қоңырат, тарақты руларынан кезінде оқшауланып, бөлініп қалған олардың осы аттас сынықтарын жүздерге қосылмайтын рулар деп ерекшелеп атауына әрине қосыла алмаймыз. Қисыны жоқ сияқты. Қазақ елінің қай түкпірінде жүрсе де, қай жерін мекендесе де оларды о баста өздері бастау алатын басты рулардан бөлектеп, жүздерге кірмейтін топтарға жатқызатындай не бар десеңізші. Олар бәрібір сол баяғы бір қыпшақ, бір қоңырат, бір тарақты емес пе деп бұл турасындағы әңгімемізді тамамдағымыз келеді.
ЖЕҢГЕ, КЕЛІНДЕР МЕН КҮЙЕУ БАЛАЛАР ХАҚЫНДА
Бұл аталған қос жүз бен жүзге кірмейтін рулар тобы ішінде, жоғарыда атап кеткендей, құда-жекжаттарымыз, нағашыларымыз, шешелеріміз бен үлкенді-кішілі жеңешелеріміз, келіндеріміз бен күйеу балаларымыз, араласып жүрген етене жақын жора-жолдастарымыз көп болғасын артықтық етпес деп жазып отырмыз. Мәселен, әулетіміздің 5 келіні: Фатима, Еренкүл, Күлия жеңешелеріміз бен біздің үйдегі Сәуле мен Жарқынбек бауырымыздың шаңырағындағы Айгүл келіндеріңіз сиқымның аққойлы, қарақойлыларынан. Шешеміз Мейрамкүл мен Алтынбек бауырымыздың үйіндегі Зара жеңешеміз бен Алмас, Мұрат бауырларымыздың отбасындағы Гүлнәр, Ақгүл келіндер жаңабайдың қыздары. Жаңыл, Күлсара жеңешелеріміз шапыраштыдан, Айтмахан ағамыздың жары Райгүл жеңгеміз дулаттың шуылдағынан. Асан бауырымыздың үйіндегі Роза жеңешеміз бен Елмира қарындасымыздың күйеуі Әзімхан көне қаңлы руынан. Ал Баис пен Ермек бауырларымыздың келіншектері Гүлнәр (Шамшахан), Аида ойықтың қызылқұртынан, Өтеміс пен Қалдыбек бауырларымыздың келіншектері Сая мен Нұрпия тарақтыдан. Жоламан ініміздің үйіндегі Шынар келін жаныстан, күйеу баласы Нұржан ұлы жүздің шанышқылы руынан, ал жаңа түскен келіндері Асылай бектемістен. Ал Арслан ініміздің келіншегі Шолпан мен Асылбек ініміздің алғашқы әйелі Сәуле арғыннан, кейінгі алған Жанаты найманнан. Болат пен Руслан бауырларымыздың келіншектері Ақмарал мен Меруерт ысты мен жалайырдан. Сапарбек ағамыздың кенже ұлы Нұржанның келіншегі Анар орта жүздегі уақтың сіргелі аталығынан.
Ал Болат пен Мұрат бауырларымыздың тамырында Айымкүл жеңешемізден ауысқан, жанбайлардың арасында лақап ныспымен «Нақөз» деп аталып кеткен әйгілі араб жұртының да қаны бар. Халқымыз шежіресінде «Нақөз» жұртының атауын кезінде «Нөкіс» деп тілін сындыра дыбыстап, жаныс руының жанбай атасының құрамына енгізген. Жанбайлардың қатарына қосқан себебі бөлек хикая. Дегенмен қысқаша қайырар болсақ, жанбай сұлуы Ақбілекке үйленген араб патшазадасы қайтыс болған соң, оның ұлы Жиенбет нағашыларының қолында қалып, өсіп-өнеді. Көбейгеннен кейін жанбайлар оларды өз ішінен жеке рулы ел етіп, бөліп шығарады. Әңгімеміздің негізгі арқау, желісінен шығып кетпеу үшін Нақөз жөніндегі аңыз, хикаямызды оқимын дегендерге шежіреміздің соңындағы қосымша тарауда беріп отырмыз.
Бәрін тізіп айта бермесек те, Шүкір баурымыздың құдай қосқан қосағы Алтын мен Роза қарындасымыздың үйіндегі белгілі журналист, жазушы Мақұлбек ошақтының түлектері екендігін атап кету керек тәрізді. Ал өзімнің бел құда-құдағиым Есдәулет пен Айгүл, келінім Жанерке және Астанада тұрып жатқан Сәуле қарындасымыздың жан жары, елге танымал, белгілі кардиолог-хирург Ермаханбет, Марат ініміздің келіншегі Назира мен қарындасы Инараның құдай қосқан қосағы Нұрлан күні кешелері күрестен "Қазақстан барысы" атағын жеңіп алған Айбек Нұғмаровтай айтулы палуан шыққан көне найман руының ұл-қыздары екендігі белгілі. Есдәулет құда Терістаңбалы, Сарыжомарт, Төлегетай деп аталатын үлкен үш рудан тұратын найман елінің соңғысынан бастау алатын әйгілі қаракерей Қабанбай батырдың інісі Байжігіттен өрбісе, Айгүл құдағи осы Төлегетай ішіндегі Қаракерей інісі Мұрын ұрпағынан тарайды. Баис бауырымыздың күйеу баласы Берік белгілі сәмбет руынан, Шәдек ағам әулетіндегі қарашаңырақ иесі Бек ініміздің үйіндегі Айгүл келін ұлы жүздің қапалынан. Ал Шүкір бауырымыздың ұлдары: Алмаздың келіншегі Айткүл жүзге кірмейтін төлеңгіттен, кішісі Азаматтың келіншегі Динара орта жүздің керейінен.
8 бөлім
КІШІ ЖҮЗ БЕН ӘЛІМҰЛЫ ХАҚЫНДА
Әлқисса, әулетіміз де, өзіміз де ру-тайпаларының бірінен тарайтын болғандықтан, ендігі әңгімеміздің арқауы кіші жүз жөнінде болмақ. Соған кеңірек тоқталайық.
Жоғарыда «Кіші жүздің» алшындардан тұратын 3 топ: Әлімұлы, Байұлы, Жетірудан тұратындығын айтып кеттік. Байұлы:Адай, Алтын, Жаппас, Алаша, Байбақты, Беріш, Есентемір, Қызылқұрт, Шеркеш, Ысық, Таз, Масқар деп аталатын он екі атадан тұрады. Оларды Он екі ата Байұлы деп атайтындығы да содан (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1975 ж. Кіші жүз. 6 т. 192– 193 б.б.).Осы ретте ондағы қос ата Алтын, Жаппасты ел арасында қосып Алшын–Жаппас деп атайтындар бар. Өз алдына жеке Алшын деген ру жоқ. Бұл жөнінде алдымызда әлі әңгіме етеміз. Сөзіміздің бас жағында айтып кеткенбіз, шежірешілер де, тарихшылар да бүкіл кіші жүзді алшын деп атайды. Олардың аузында жиі айтылатын "Ұлы жүз – үйсін, Орта жүз – арғын, Кіші жүз – алшын" деген қанатты, қағидалы сөздер де содан қалған (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1974 ж. Жүз. 4 т. 520–521 б.б.).
Он екі ата Байұлының Байбақтысынан өрбитін Әлтекенің Қалматайынан з ауытымыздың іргетасы мен кесегі енді қалана бастаған сонау 1976жылдан бері 40 жылдай, демек бір азамат ат жалын тартып мінердей уақыт үзбей жұмыс істеп, оның Конструкторлық-жобалау бөлімін табысты басқарып келе жатқан біз білетін Қыдырғали Аманғалиұлы Темірғалиев тарайды. Еселі еңбегі үшін бірнеше рет облысымыз бен компанияның мақтау грамоталарымен, ал 2014 жылы үкіметіміздің «Еңбек ардагері» деген құрметті медалімен марапатталған ол зейнет жасына жеткеніне қарамастан әлі күнге дейін арамызда жұмыс істеп келеді. Таңаткүл екеуі 2 қыз, 1 ұл өсіріп, ата деп мойнына асылар 8 немере тәрбиелеп отырған жандар. Ал онымен бірге істейтін, ендігі ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып үлгерген Серік Тоқашұлы Ақұпов Он екі ата Байұлының адайынан тарайтын еңбегімен елеулі іскер түлек.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: