Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе

Тут можно читать онлайн Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе - бесплатно ознакомительный отрывок. Жанр: samizdat, издательство Литагент Selfpub.ru (искл). Здесь Вы можете читать ознакомительный отрывок из книги онлайн без регистрации и SMS на сайте лучшей интернет библиотеки ЛибКинг или прочесть краткое содержание (суть), предисловие и аннотацию. Так же сможете купить и скачать торрент в электронном формате fb2, найти и слушать аудиокнигу на русском языке или узнать сколько частей в серии и всего страниц в публикации. Читателям доступно смотреть обложку, картинки, описание и отзывы (комментарии) о произведении.
  • Название:
    Шежірем сыр шертсе
  • Автор:
  • Жанр:
  • Издательство:
    Литагент Selfpub.ru (искл)
  • Год:
    неизвестен
  • ISBN:
    нет данных
  • Рейтинг:
    4/5. Голосов: 11
  • Избранное:
    Добавить в избранное
  • Отзывы:
  • Ваша оценка:
    • 80
    • 1
    • 2
    • 3
    • 4
    • 5

Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание

Шежірем сыр шертсе - описание и краткое содержание, автор Тажис Мынжасар, читайте бесплатно онлайн на сайте электронной библиотеки LibKing.Ru
Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке "мәңгілік ел" деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді. Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында "Жүздер қашан, қайдан шыққан?" деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді. Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған "Шу хақан" тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады. СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок

Шежірем сыр шертсе - читать книгу онлайн бесплатно (ознакомительный отрывок), автор Тажис Мынжасар
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Алты ата Әлім

дегеніміз азан шақырып қойған аттары төмендегідей аталар

1.Ұланақ

2.Қарамашақ

3.Жаманақ

4.Айнық

5.Тегінболат

6.Тайқожа

Әлімұлы

дегеніміз бірлестікке лақап аттарымен кірген төмендегі ру-тайпалар:

1.Қаракесек

2.Төртқара

3.Қарасақал

4.Шекті

5.Кете

6.Шөмекей

Бірақ осы жерде басын ашып айта кететін бір жайт бар. Алты ата Әлім құрамы сандық жағынан өзгермегендігімен ондағы аталар аттарын кейбір шежірешілер кейде әртүрлі етіп беріп жүр. Мәселен сыр ақыны Әлиакбар Жұматайұлы «Шежіре өлеңінде» бесінші етіп Шіңгір аталығын, ал Хамит Маданов «Кіші жүз шежіресінде» алтыншы етіп Кенжебай ( Құлтелі) аталығы ауызға алады. Сөйтіп одан Мамат, Түйте тарайды деп көрсетеді (Кіші жүз шежіресі. АтамұраҚазақстан. Алматы. 1994 ж. Алты ата Әлім. 119 б.).Айтпағымыз, бұл қателік емес. Олардың бұлай жазуының өзіндік себебі бар. Бұл–Айнықтың тым ерте қайтыс болуы мен Тайқожаның ақкете болып, кетелер құрамына өтіп кетуіне орай Алты ата Әлім аталары өз санын кемітіп алғысы келмей, кеткендердің орнын өзіндегі өзге өскен буындармен толықтырып отырғандығынан демекпіз. Мәселен, Шіңгір Тегінболаттың ұлы. Ал Кенжебай болса, өзге біреу емес, Құлтелі деген лақап атпен берілген Тайқожаның ұлы дегіміз келеді. Өйткені Хамит Маданов Тайқожаның Қараш ұлынан тарайтын Мамат, Түйте ұрпақтарын осы Кенжебайдан ( Құлтеліден) таратуы тегін емес. Біздіңше, Кенжебайдың өзі де лақап ат. Ол Тайқожаның Тұрсынбайдан кейінгі ұлы Қарашқа кенжелігіне орай осылай еркелетіп қойылған есім, Х.Маданов соны біліп, жазып отыр деп шамалаймыз. Кенжебай (Құлтелі) есімі тек бір соның шежіресінде айтылуы осы ойымызды қуаттай түседі. (Кіші жүз шежіресі. Атамұра. Қазақстан. Алматы. 1994 ж. Алты ата Әлім. 160 б.).Сонымен Кенжебай (Құлтелі) өзге, бөлек аталық емес, ол Қараш аталығы, соның лақап аты дегіміз келеді. М.Неталиевтің: «Тайқожаны бір автор Құлтелі деп атапты» ,– деген сөздері де бұл екі аталықтың арасында біз тұспалдағандай өте тығыз байланыстың бар екендігін аңғартады («Атамекен». 08.03.2002 ж. 5 б. «3. Алты аталы Әлім», 4-бағана). Оның бір автор деп отырғаны осы Х.Маданов болмаса екен деп ойлаймыз. Мұның бәрі, әрине, тереңірек зерттеуді талап ететін ұстам, деректер.

Осы ретте, қайран шежірешілер жазған кезде Алты ата Әлімнің өз сандарын кемітіп алмау үшін саптарына Айнықтың орнына Тегінболаттың ұлы Шіңгірді, ал Тайқожаның орнына оның ұлы Қарашты кіргізгендерін жұмбақтамай, неге бірден басын ашып, кесіп, ескертіп айтпайды екен деп толғанасыз. Сондықтан біз Алты ата Әлім кестесінің жоғарыда келтірген алғашқы ұстамын да, оның өмір ағымына сай өзгеріп кеткен кейінгі балама ұстамын да қатеге санамай, басшылыққа алу керектігін ескерткіміз келеді.

« Әлімұлы» туралы әңгімемізді әрі қарай осы ру-тайпалар бірлестігіне аты берілген Әлімбаба мен оның ата-тегі кімдер деген сауалмен жалғастырғымыз келеді. Бұған жауапты ақын, сыншы, аудармашы, шежіре зерттеуші Мақсұт Неталиевтің 2002жылдың 8 наурызында «Атамекен» газетінің 5-бетінде жарияланған «Кіші жүздің шежіресі» атты мақаласынан табамыз. Онда: «Кіші жүздің Әлім атасы жайлы айтылып та, жазылып та жүрген аңыз-әңгімелер, болжамдар аз емес. Олардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да, түп төркіні бірдейге жуық болып басталады да, талдана, тармақтала келе бір-бірінен алшақтап, әр қияға тартып кетеді…Дұрысы былай: АлшыннанҚыдуар. Бұдан екі бала: Қайырбай (лақап аты Қаракесек) және Қыдырбай (лақап аты Байұлы). Көптеген шежірелерде Қайырбайдың жарлы болғандығынан ел оны Қаракесек деп атап кеткен дейтін сөз бар. Сол жарлы Қайырбай-Қаракесектің Тоқсұлу атты бәйбішесінен Байсары туады. Тоқсұлу қайтыс болған соң қайын атасы оған екінші қызын ( Қағазды , авт.) қосқан көрінеді. ОданӘлім, Шөмен туады…» ,-дейді.

Реті келіп тұрғасын айта кеткіміз келеді. Біз мұндағы Қаракесек жарлы болған деген ұстаммен онша келіскіміз келмейді. Біздіңше, егер Қаракесек жарлы болса қайын атасы оған екінші қызын қоспас еді деп ойлаймыз. Сосын Қыдуардың екінші ұлы Қыдырбай әкесі бақуатты адам болмаса лақап атпен Байұлы деп аталмас еді. Ал егер әкесі бай, інісі бай, ал өзі қарашаңырақ иесі бола тұра Қайырбай неге жарлы болмақ дегіміз келеді. Сөзіміз қисынды емес пе. Мәселен біз еш жерден Қыдырбай қарашаңырақ иесі дейтін деректі кездестірген емеспіз, ал Қайырбай жөнінде мұндай деректер бар. Мысалы, алшын Серік өзінің аталмыш еңбегінде бұл жөнінде былай дейді: «Қазір халық санасынан бірте-бірте байқаусыз өшіп бара жатқан бір шындықКіші жүз руларының ішінде Қаракесек руының билік айтуға ерекше құқы болғандығы. …Бір қызығы, қазіргі ұрпақ бұл ерекшелікті қазіргі ділдік тұрғыдан қабылдаса, бұрынғы ұрпақ бұған заңды түрдегі көзқараспен қараған. …Қаракесек руының ұрпағына билік айтқызу дәстүрі мойындалған, ешбір талқылауға жатпайтын жайттай қабылданған. …Әйтпесе өздерінің көптігіне, жауынгерлігіне қарамай, Байлы («Байұлы» емес) рулары «Әлімаға баласы» деп Қаракесекті құрметтеуі несі? Осыған қарағанда, көшпенділер о бастан «жол ұстау» (заңға бойұсыну) билігіне тәнті болған. Әйтпесе өмірде қаншама аға-іні өтпей жатыр?!».

Бұдан шығатыны, егер Қайырбай жарлы емес, қарашаңырақ иесі болса онда оған таңылған Қаракесек ныспысының сыры неде жатыр деген сауал туары анық. Біздіңше бұл атау кедейлік түсінігімен негізделмеуі керек. Мұны біз біреулердің кезінде үстірт ойлап, жаза салған ұшқары байламынан туған ұғым деп санаймыз. Бұған жауапты біз өмір, тұрмысымыздың басқа бір құбылыс, жайттарынан іздестіріп көруіміз керек тәрізді. Мәселен, лингвист ретінде мен Қаракесек атауын қысқартылып алынып, ауыспалы мағынада берілген сөз деп санаймын. Тілімізде осыған ұқсас кесек дүние, кесек денелі, кесекті образ, кесек бітімді, кесекті толғау секілді ежелден қолданылып келе жатқан толып жатқан метафоралық, теңеу сөз тіркестері бар. Кесек сөзі кедей сөзінің баламасы екен деп, жоғарыда келтірген ұғымдарды, өзіңіз ойлап қараңыз, енді кедей дүние, кедей денелі, кедей образ, тағысын тағы солай деп қабылдай алмаймыз ғой. Бұл білімсіздік, ағаттық болар еді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать


Тажис Мынжасар читать все книги автора по порядку

Тажис Мынжасар - все книги автора в одном месте читать по порядку полные версии на сайте онлайн библиотеки LibKing.




Шежірем сыр шертсе отзывы


Отзывы читателей о книге Шежірем сыр шертсе, автор: Тажис Мынжасар. Читайте комментарии и мнения людей о произведении.


Понравилась книга? Поделитесь впечатлениями - оставьте Ваш отзыв или расскажите друзьям

Напишите свой комментарий
x