Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе
- Название:Шежірем сыр шертсе
- Автор:
- Жанр:
- Издательство:Литагент Selfpub.ru (искл)
- Год:неизвестен
- ISBN:нет данных
- Рейтинг:
- Избранное:Добавить в избранное
-
Отзывы:
-
Ваша оценка:
Тажис Мынжасар - Шежірем сыр шертсе краткое содержание
Шежірем сыр шертсе - читать онлайн бесплатно ознакомительный отрывок
Интервал:
Закладка:
«Қазақ»атауының шығу тегінен бейхабарлығымыз әсте де біздің білмейтін білімсіздігімізден емес. Қазақтың білімпаз, білгір, намысқой халық екендігі баршаға аян. Бұл жөнінде бізге ешкім пәлен деп кінә таға алмаса керек. Кезінде бабаларымыз қазақтартуралы білді де, көл-көсір шежіре етіп жазып та қалдырып кетті. Сол деректердің негізінде бұл тақырыпқа кейін қалам тартқан ғалым, зерттеушілеріміз де жоқ емес, бар. Бірақ, бірақ демекші, мәселе сол материалдар жөнінде күні бүгінге дейін ресми ақпарат беттерінде мардымды ештеңе жарыта жазылмай келе жатқандығында.
Кезінде басқаша қимылдауымызға космополиттік ұлт саясатын ұстанған Кеңестік қызыл империя қолбайлау болып, кесірін тигізгені белгілі. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Ол дініміз бен ділімізді ғана емес, тіліміз бен тегімізді де ұмытуға итермелегені рас. Себебі бұратана, аз жұрт өз ұлтынан гөрі космополиттік кеңес ұлтының күйін көбірек күйттеуге мүдделі еді. Өйткені ғалым, мамандарымыз күнде жүретін табан жолы мен күнде жейтін үзім нанын таппай қалмауы үшін өз ұлтының тарихын зерттеуден гөрі кеңес өкіметінің тарихын жазуға ұмтылды. Сондықтан Қазақкім, оның қайдан шығып, қалай өрбитіндігі осы кезге дейін тарихымызда ғылыми тұрғыдан анықталып, арнайы рәсімделіп, бекітілмеген ақтаңғақ.Соның салдарынан болар, басым көпшілігіміз қазірге дейін қазақсөзінің қайдан алынып, қалай шыққандығынан бейхабармыз.
Бірақ бүгін өз қолымыз өз аузымызға жетіп отырған тәуелсіз мемлекетпіз. Онымызға да аттай 20 жылдан асып бара жатыр. Тау көтерген Толағайдай толып жатқан әлемге танымал ғалым, мамандарымыз да бар. Құдайға шүкір, жоғарыда айтып кеткендей, бұл туралы зерттеушілеріміз инемен құдық қазғандай еңбектеніп, бал арасындай тірнектеп жинап, қалдырып кеткен мәліметтер мен деректер де жоқ емес, сықырлаған көне сөрелерде шаң басып жатса да бар. Жақсылап іздесек ондай деректер табылары анық. Сондықтан тегіміздің тарихын түптұқианынан бүгініне дейін асықпай ақтарып, жазып шығуға енді шамамыз жетпейді емес, жетеді. Бұл туралы қазір білмесек, енді қашан білмекпіз, ендігі үндемегенімізге не жорық дейміз?
Әлбетте, тарихымызды әріден, тереңінен зерттеп білер кезіміз жеткенімен мұны біз бір әулеттің шежіресімен айтып та, жазып та бітіре алмайтындығымыз айқын. Қазақтығымызғақатысты мәліметтерді отандық дерек көздерінен ғана емес, Қазақ хандығықұрылмастан бұрынғы көне араб, қытай тіліндегі тарихи құжаттардан да іздестіріп, қарай отырып, табылған материалдардың басын құрап, іріктеп, аударып, жинақтап, ғылыми тұрғыдан жан-жақты негіздеп, тереңдетіп жазып шығу бір емес, бірнеше ғылыми институттар мен басалқалы ғалымдар және үлкен ғылыми кеңестер бас қосқан мемлекеттік комиссия жұмысымен шешілуі тиіс шара екендігі анық. Ал біздің қолымыздан келері – бар тапқан-таянған мағлұматтарымызға сүйене отырып, көпшілікке, мінберге мінген билік пен ресми ғылыми орындарға тек ой салып, түрткі болу.
Тексіз болғысы келмей кезінде осы тақырыпқа қалам сүйкеуге ұмтылғандардың бірі өзіміздің көпшілікке танымал үлкен ақын, жазушымыз, лингвист-зерттеушіміз Олжас Сүлейменов. Бірақ «Аз и Я»сияқты терең мазмұнды, жаһан елдері мен түркі әлемін дүр сілкіндірген тарихи-лингвистикалық сараптама, зерттеу еңбегімен әйгілі болған дарынды ақын, жазушымыздың «қазақ»сөзіне байланысты асығыс, үстірт айтылған пікірлері мен байламдары таңқалдырады.
Ол «Қазақ»атауын халқымыздың көне жыр-дастандарында, тұрмыс-тіршілігінде, ауыз-екі сөз саптауында жиі айтылып жүрген «қоңыр қазым», «қаз дауыстым», «қаңқылдаған алты қазым» сияқты эпитет, метафора, теңеулермен байланыстыра қарайды. Сөйте келе, бұл сөздердің тілімізде жиі қолданылуы тегін емес, «қазақ»сөзінің этимологиясы осындағы «қаз» сөзінің астарында жатыр дегенге бірақ апарады.
Осы ойын әрлі-берлі екшей келе, «Қазақ»атауы «қаз ақ» яғни «ақ қаз» деген сөз тіркесінен шығуы әбден мүмкін деп кесіп салады. Әрине бұған келісе алмаймыз. Себебі тілімізде осы «қаз» сөзінен кем-кетік жері жоқ «қарғам», «құлыным», «ботам», «арыстаным» дейтін өзге сөз тіркестері де толып жатыр емес пе. Оларды қайтеміз? Мәселен, алғашқысын алайық. Оны «қарғам келе жатыр», «қарға адым жерде жатыр», «қарға тамыр қазақпыз» деп түрліше түрлендіріп, ойнатып қолданып жүрген жоқпыз ба?
Халқымыз қадір тұтқан атақты ақын, биінің бірін де осы сөзбен қастерлеп, қарға бойлы Қазтуғанымдеп атап кеткен жоқ па? Тілімізде "қаз"түбіріне негізделген бұдан басқа Қазбек, Қазкен деген есімдер, сондай-ақ Қаршыға, Бүркіт, Құралай сияқты тағы басқа қаншама адам аттары бар. Сұңқарым, арыстаным, қарлығашым атаулары да осы сияқты тілімізде өте жиі қолданылып жүрген сөз тіркестері. Оларды қаз сөзімен салыстыра қарасақ, одан артық болмаса, олқы түсіп жатқан тұстарын көрмейміз. Ендеше, халқымыздың ныспысын кезінде қаз сөзі секілді осы сөздердің бірімен де атай салуымыз мүмкін еді ғой деген түрткіл ой бастан шықпайды.
Өзіңіз ойлап көріңізші, елімізді «қазақстан» емес, «арыстанстан», «сұңқарстан» деп атасақ қалай болар еді, ақылға сияр, көңілге қонар ма еді? Әлбетте, жоқ. Бұдан шығар қорытынды біреу-ақ. Кезінде тылсым табиғатпен біте қайнап, тілдесе, сырласа өскен көшпелі халқымыз ардақтылары мен құрметтілерін, сүйіктілері мен сыйлыларын күнде көріп жүрген сырттан жануар, құстар атымен асқақтатып, бейнелеп атаған. Бірақ ұлыс пен ұлт болып тарихи тұрғыдан топтасар шақта, олар өз атауын құс-жануар аты емес, өзгелер сияқты оны құраушы белді де беделді ру-тайпалар немесе солар бірлескен ортақ ұлыс атауынан алары анық. Ұлт болып қалыптасар кезде қай елдің болмасын осы жолдан өтерін ғылым мен тарих бізге дәлелдеп беріп келеді.
Ал ендігі бір зерттеушілеріміз бұл терминді 15 ғасырдыңекінші жартысында, дәлірек айтар болсақ, 1456 жылыӘбілхайыр хан билеген көшпелі өзбектердің «Көк ордасынан» өз алдына хандық құру үшін бір түнде үдере көшіп, бөлініп кеткен Кереймен Жәнібексұлтандар бастаған ру-тайпалар атауының ел аузында «қашақтар» деп аталып кетуімен байланыстырғысы келеді. Бұл да аса қисынға келмейтін тұжырым. Себебі жеке хандық құрып, іргелі ел болуды аңсаған жұрт өз мемлекетін біреулердің аузынан кездейсоқ шыққан алып-қашпа, жел сөзбен орайластыра «қашақ» деп атай салуы ешбір сын көтермейтін жайт.
Осы ретте, қазақ тарихын алғаш болып зерделеген зерттеушілердің бірі, орыстың аты алты алашқа мәшһүр этнограф-ғалымы Семёнов-Тяньшанскийдің (А.А.Семенов): «Бір жолғы көштен (actus) бір халық, оның ат-атауын тудыруға болмайды »,– деген аталы пікіріне қосылмасқа болмайды.
Читать дальшеИнтервал:
Закладка: